Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз, конкурс!

Назар аударыңыз, конкурс!

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жарма ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Жалақы мөлшері еңбек өтіліне байланысты 144 803 теңгеден 175 570 теңгеге дейін.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық ғылымдар, құқық, педагогика, жаратылыстану немесе техникалық ғылымдар және технологиялар;
- Тиісті салада кемінде 1 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

- Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту бағытындағы қызметті қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастыру;
- Жастарға құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру;
- Жастардың жұмыспен қамтылуына, кәсіптік бағдарлануына, волонтерлік пен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;
- Консультативтік-кеңесші органдарға қатысу, жастар бастамаларын іске асыру үшін диалог алаңдарын ұйымдастыру;
- Жастар жобалары мен бастамаларын сүйемелдеу және қолдау, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Жастар саясатына байланысты талдамалық жұмыс, әлеуметтік зерттеулер жүргізуге қатысу;
- Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ұсынымдар мен жобаларды әзірлеу;
- Бос уақытты тиімді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- Қызметкерлерге қажетті жағдай жасау және олардың жұмыс сапасын бағалау;
- Ұйым қызметінің материалдық, қаржылық және кадрлық ресурстарын тиімді пайдалану;
- Есептерді әзірлеу мен талдау, бухгалтермен бірге орталықтың кірістері мен шығыстарын болжау;
- Қызмет тұтынушыларымен және басқа мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүргізу;
- Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қаржы қаражатының тиімді жұмсалуына толық жауапкершілік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының:

- Конституциясын;
- Еңбек кодексін;
- «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын;
- «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын;
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
- Ұйымның бейінін, жастар саясаты саласындағы негізгі бағыттар мен үрдістерді;
- Қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, салық заңнамасын;
- Еңбек және ұжымдық шарттарды жасау тәртібін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын;
- Және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. Қоса берілген құжаттардың тізімі көрсетілген өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);
4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері (біліктілік талаптарына сәйкес);
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша, Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 тіркелген).

Қатысушы сондай-ақ қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы:
- Біліктілігін арттыру курстары;
- Ғылыми дәрежелері мен атақтары;
- Ғылыми жарияланымдары;
- Бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныс хаттар және т.б.

Құжаттар аудандық «Қалба тынысы» газетінде хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:
Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105-үй, №16 кабинет, «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Дата публикации
04 июня 2025
Дата обновления
04 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы