Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 258/НҚ бұйрығына сәйкес Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы Семей қаласы бойынша «Ақылды» қаланы дамыту жөніндегі Жол картасын қалыптастырды және 2024 жылғы 13 тамызда Абай облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы № 43/НҚ бұйрықпен бекітті.