Облыста барлығы 331 елді мекен бар, оның 68,2% - ы, яғни 226 елді мекен интернетке сымды және мобильді қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. 63 елді мекенде тек ұялы байланыс және мобильді интернет бар.
2023 жылғы 26 мамырда Абай облысының әкімдігі Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, облыстағы елді мекендерді сапалы кең жолақты интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі «Жол картасын» бекітті, осыған орай байланыс операторлары мен жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері көрсетілген.
Аталған жол картасы аясында ағымдағы жылы қалалар мен аудандардың әкімдіктері, сондай-ақ жеке қаражат есебінен 23 АДҚ салу жоспарланған. Оның ішінде 11 АДҚ салынып болды.
Сондай-ақ, жол картасы бойынша Абай облысының 171 ауылдық елді мекендерін кең жолақты интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету 2024-2027 жылдарға жоспарланған.
Абай облысы бойынша "Қолжетімді интернет" Ұлттық жобасы бойынша Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 40 – антенна-діңгек құрылысын (бұдан әрі – АДҚ) салу жоспарлануда.
2024 жылы 25 АДҚ құрылысы жоспарланған, оның ішінде Аягөз ауданы – 15 АДҚ, Ақсуат ауданы – 5 АДҚ, Үржар ауданы– 5 АДҚ.
2025 жылы 15 АДҚ құрылысы жоспарланған, оның ішінде Бесқарағай ауданы – 3 АДҚ, Жарма ауданы – 6 АДҚ, Көкпекті ауданы – 5 АДҚ және Семей қаласында – 1 АДҚ.