Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

2023 жылғы 26 мамырда Абай облысының әкімдігі Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, облыстағы елді мекендерді сапалы кең жолақты интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі «Жол картасын» бекітті, осыған орай байланыс операторлары мен жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері көрсетілген.

Аталған жол картасы аясында, кең жолақты интернет желісіне  және ұялы байланыспен қамтамасыз ету мақсатында, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, сондай-ақ жеке қаражат есебінен  антенна-діңгек құрылымын салу жоспарланған.