Абай облысы Бесқарағай ауданының Беген ауылының тарихынан.
Шоғы батырдың әскерлерi арасында Беген – деген батыр болған, ол «Жалғыз терек» көлi маңында жыланның шағуынан қайтыс болған. Беген ауылы сол батырдың атымен аталған. Беген ауылы Павлодар облысымен және Ресейдiң Алтай өлкесiмен шекаралас орналасқан. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысқан. Революция алдында ғана тұрғындар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Жер учаскелерi құнарлы болды да, ауыл тұрғындары жақсы өнiм алды. Сол уақытта Беген болысын: Беген, Самай, Қарабас, Қарақамыс, Шарықтас және басқалар ендi.
Бегеннiң батыс жағында төрт қашықтықтай жердi белдеулi қарағай алқабы алып жатыр. Қысқы уақыттарда тұрғындар ағаштар дайындап, көктем шығысымен оларды Семиярға тасыған. Патша үкiметi жыл сайын билерге ағаштар дайындау жоспарын жiберiп отырған. 1906 жылы жер өлшеушi Афанасьевский Беген маңындағы жерлердi өлшеудi жүргiздi. 1928 жылы Сейфуллин мен Бесқарағай ауданын құрды, оның орталығы Беген ауылы болды. Iрiктендiру басталды да «Чапаев» және «Теңдiк» ұжымшарлары құрылды.
1956 жылы екi ұжымшар бiрiгiп «Чапаев» атындағы бiр ұжымшар болды. 1961 жылы наурыз айында «Беген» кеңшары қайта ұйымдастырылып, 1990 жылға дейiн кеңшар болды, одан кейiн ҰАҚ –ы, (Ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсiпорны) 1995 жылы «Беген» ЖШС, ал 1998 жылы банкроттыққа байланысты тарады да шаруа қожалықтары құрыла бастады.
Беген ауыл округi Абай облысының Бесқарағай ауданында орналасқан. Ауылдың белдеулi қарағай алқабы арқылы Омск – Майқапшағай Мемлекеттiк автомобиль жолдары өтедi. Беген ауылдық округi Қарабас, Ерназар, Бaсколь ауылдық округтерiмен, сондай-ақ Павлодар облысы, Ресейдiң Алтай өлкесiмен шекаралас орналасқан.