«Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы»

|
НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған НЫСАН |
|||
|
1. 1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 18/3-VIІІ «Абай ауданында ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» |
|
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Абай облысы Абай аудандық жұмыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18- бабы 5 - тармағына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес |
|
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» 2024 жылғы 22 тамыздағы № 18/3-VIІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 317-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1- қосымшасының 5 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.». 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттарымен мерзімдері |
Мақсаты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру. Мерзімі - алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі |
|
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
|