НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналға

НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналға
0

 

НЫСАН

1.             1

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Абай аудандық  мәслихатының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 27/2-VІІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы » шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

2.      

Әзірлеуші мемлекеттік орган

«Абай облысы Абай аудандық жұмыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

3.      

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы                 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес

 

4.      

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Аталған шешімнің жобасы әлеуметтік көмек көрсетуге, оның мөлшерлерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға бағытталған.

 

5.      

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттарымен мерзімдері

Мақсаты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру.

Мерзімі - алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

6.      

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді