«Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 15/12-VІІІ «Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі

«Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 15/12-VІІІ «Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі
Қысқаша мазмұны:
Статус: Жария талқылауда
Жоба нұсқасы:   Нұсқасы 2    (  Нұсқасы 1  )
НҚА түрі: Шешім
Құру күні: 28/10/2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 17/11/2025
Онлайн талқылау басталу уақыты:
Онлайн талқылау аяқталу уақыты:

Қосымша құжаттар:

 

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Абай аудандық  мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 15/12-VІІІ «Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Абай аудандық мәслихаты
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Абай аудандық мәслихаты шешті
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

1.         Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 12 сәуірдегі    № 15/12-VІІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 266-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Абай ауданында  тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Ережесін бекіту туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Ережесі бекітілсін».

көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».

            2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері жоқ
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар жоқ
 Пiкiр қалдыру

Ашық НҚА | НҚА