Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов «Зооветинститут», «103-103А», «№3 аудандық қазандық», «5-ші интернат» қазандықтарына барып, жылыту маусымына дайындық пен ыстық су беру жұмыстарының барысын тексерді.
«Зооветинститут» қазандығын 14,1 Гкал/сағ қосымша бу қазандығын орнатумен қайта құру жоспарлануда. Жобалаушы – «Семипалатинскгражданпроект» өндірістік кооперативі. Құрылыс монтаж жұмыстарының құны - 1887,1 млн.теңгені құрайды. Сараптаманы алу мерзімі 2022 жылдың 31 мамыры.
КЕ-10/14 ст.№1 қазандықтың БЦ-2-5х (4+2) батареялық циклонын ағымдағы жөндеуге қалалық бюджеттен 8 480,367 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары 01.06.2022 жылы басталып, қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, қазандықта өз күштерімен 5 600,51 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде (қазандықтардың экрандық және конвективті құбырларын тексеру және тазалау, жел тартқышының торын ішінара ауыстыру, қазандықтардың бекіткіш арматурасын ауыстыру, кірпіштерді ішінара ауыстыру, тығыздама толтырғыштарын ауыстыру, ПМЗ мойынтіректерін ауыстыру, сорғы тобын тексеру). Жөндеу жұмыстары 18.04.2022 жыл басталды. Аяқталу мерзімі 15.08.2022 жыл.
Инвестициялық бағдарлама бойынша 45 139,75 мың теңге сомасына торын ауыстыра отырып, №1 ст.КЕ-10/14 қазандығын ағымдағы жөндеу жоспарланған.
Сондай-ақ, жалпы қуаттылығы 60 Гкал/сағ болатын 2 қазандықты орнатумен «103» қазандығын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 01.07.2021 жылы № 145 «AmirZhoba» ЖШС-мен шарт жасалды. Жоба шеңберінде жалпы қуаты 60 Гкал/сағ қазандықтарды орнатумен «103» қазандығын қайта жаңарту жоспарлануда. Сараптаманы алу мерзімі 2022 жылдың қыркүйек айы. ТЭН әзірлеуге конкурс өткізу үшін материалдар дайындалып, ұйымдастырушыға жіберілді.
Қалалық бюджеттен ПП1-53-72-2 ст.№1,3 бу-су жылытқыштарын ағымдағы жөндеуге 13 922,217 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Жұмыстардың басталу мерзімі 01.06.2022 жыл, ал аяқталу мерзімі 01.09.2022 жылы деп күтілуде.
Өз күштерімен 21 833,195 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізіледі (қазандардың ысырмалары мен вентильдерін жөндеу және тексеру, газ жолдарын, түтін сорғыларын тексеру және жөндеу, мойынтіректерді ауыстыру және лақтырғыштарды теңгеру, ДН-15 түтін сорғысы ұлуларын жөндеу, желілік сорғылар мен жылытқыштарды тексеру және жөндеу). Жөндеу жұмыстары 18.04.2022 жылы басталды. Аяқталу мерзімі 15.08.2022 жыл.
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК РК-3 турбогенератор орнатумен 130 Гкал/сағатқа кеңейту» ТЭН әзірленуде. Мердігер ұйым - Нұр-Сұлтан қаласы «Жол көлік кешенінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» ЖШС. Шартты орындау мерзімі – 2022 жылдың желтоқсан айы.
«ШҚО Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» МКК РК-3 қайта жаңарту» жоба құрылысының 3-кезегі түзетілуде.
Мердігер ұйым – «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС болып табылады.
Жоба бойынша келесі жұмыс түрлері қарастырылған:
- химиялық су тазалау бөлімшесін қайта құру;
- РУ 6 кВ электр орнын, трансформаторлық қосалқы станциясын қайта құру;
- қазандық бөлімшесін қайта құру;
- қоректендіру сорғылары үй-жайларын қайта жаңарту;
- өндірістік кәріз тазарту құрылыстарын салу;
- тазартылған ағын су резервуарын салу, V=60м3.
Қалалық бюджеттен ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 55 305,898 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді. Оның ішінде:
- №4 ст.КЕ-25/14 қазандығы – 14 567,612 мың теңге.
- Электр қозғалтқышы 400 кВт 1480 айн/мин 1д1250 – 125б маркалы желілік сорғыны орнату – 40 738,286 мың теңге. Жұмыстардың басталу мерзімі 01.06.2022 жылы деп күтілуде. Аяқталу мерзімі 01.09.2022 жыл.
Сонымен қатар, өз күштерімен 15 004,501 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары орындалады (қазандықтардың тиек арматурасын тексеру және жөндеу, электр қозғалтқыштарын тексеру және жөндеу, барлық сорғыларды тексеру, жылытқыштарды жөндеу). Жұмыстар 21.04.2022 жылы басталса, 15.08.2022 жылы аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, «5 интернат» қазандығын жөндеу жоспарлануда. Қалалық бюджеттен ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 6 646,596 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді. Оның ішінде:
- 2 дана ВДГ– 10 ұсатқышты ауыстыру – 5 013,936 мың теңге;
- К80-65-160 маркалы сорғыны ауыстыру – 930,660 мың теңге;
- 2 дана К65-50 – 160 маркалы сорғыларды ауыстыру-702,0 мың теңге. Жұмыстар 01.06. 2022 жылы басталып, 01.09.2022 жылы аяқталады. Сондай-ақ, өз күштерімен 4 196,752 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары орындалады (ауа жылытқыштарды, үрлеу вентильдерін тексеру, отын беру конвейерін жөндеу, желілік сорғыларды тексеру, деаэратордың тиек арматурасын тексеру). Жұмыстар 03.05.2022 жылы басталса, 15.08.2022 жылы аяқталады деп күтілуде.