Семейге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді

Семейге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов өңірге халықпен кездесу үшін келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбековамен кездесті. Қала басшысы депутаттарды қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, ағымдағы жылды жоспарланып отырған жұмыстар туралы баяндады.
Депутаттардың жастармен кездесуі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» және «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінде өтті. Сондай-ақ, Абай атындағы театрда Жанат Омарбекова театр ұжымымен және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.
Депутаттар Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық өзгерістер және алдағы референдумның маңыздылығы туралы атап өтті.
Ел Президенті ұсынған конституциялық өзгерістер республикалық референдумға шығарылады, яғни оларды қабылдау тікелей жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Референдум сияқты демократиялық институтты қолдану, негізгі заңға түзетулер елдің болашағына айтарлықтай әсер етеді. Конституциялық реформа жалпыұлттық сипатқа ие. Ол жаңа мемлекеттік модельді құрады.
Өзара іс-қимылдың жаңа моделіне көшу Парламенттің қарқынды жұмысын, заң жобаларын жедел қарауды талап етеді. Мәжілісті қалыптастырудың аралас модельін енгізу, Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту-осы және басқа да конституциялық өзгерістер Парламенттің рөлін едәуір күшейтіп, мәртебесін арттырады.
Ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктеріне қатысты болады. Конституциялық соттың оған азаматтардың, Бас прокурордың және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жүгіну мүмкіндігімен құрылуы олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді.
Депутаттардың халықпен кездесуінде басқа да мәселелер айтылды.
Мысалы, мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін еріктілердің жетіспеушілігі мәселесі қозғалды. Бақытжан Байахметов өзінің орынбасарына осы мәселені шешуді, волонтерлік қызмет жұмысын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, қатысушылар Галето көшесінде демалуға арналған орын жоқ екенін айтып, жақын жерде саябақ салуды ұсынды. Қала басшысы бұл мәселе қарастырылатындығын мәлімдеді.
Парламент Мәжілісінің депутаттары алдағы референдумның маңыздылығы туралы және оған қатысу – жаңа Қазақстанды құру бағытталған шара екенін ат атап өтті.
Одан кейін «AMANAT» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутаттар азаматтарды жеке қабылдады.
Қала тұрғындарымен кездесуден кейін депутаттар Қарағайлы шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының құрылыс жұмысымен танысты. Бұл орталықтың ашылуы келесі жылға жоспарланған.