Селекциялық жетістіктерді қорғау

Селекциялық жетістіктерді қорғау

Селекциялық жетістікке құқық Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңына сәйкес патентпен расталады. Патент жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.

Селекциялық жетістікке патент беретін құқықтық қорғау көлемі сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілер жиынтығымен айқындалады.

Селекциялық жетістікке патент алдын ала сараптама және патент қабілеттілігіне сараптама нәтижелері бойынша беріледі. Алдын ала сараптаманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны сараптама ұйымы жүргізеді.

Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді, селекциялық жетістіктердің патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызмет түрі ретінде сараптауды және сынауды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады, ол өндірісте пайдалануға ұсынылатын тиісті селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдерін жүргізеді.

Патент патентиеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердің авторлығын куәландырады.

Өсімдіктер сорттарына патенттің қолданылу мерзімі сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап - 25 жылды, Жануарлар тұқымдарына - 30 жылды, жүзім, сәндік ағаш, жеміс және орман дақылдары сорттарына, оның ішінде олардың телітінділеріне-35 жылды құрайды. Патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша ұзартудың әрбір жылы үшін жүргізілген төлемді ескере отырып, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі