Меню
Страницы
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Аппарат акима
Контакты
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

ШҚО-да Айбек Нұғымаровпен адалдық сағаты өтті

ШҚО-да Айбек Нұғымаровпен адалдық сағаты өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бастамасымен 2 дүркін Қазақстан Барысы, 3 дүркін Әлем Барысы, 4 дүркін Азия және Әлем чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаровпен кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Еліміздің мақтан тұтар спортшыларының бірі, қайсар балуан Айбек Серікболұлы 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шығыстың шымыр балуанының ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері көп.

Онлайн-дәріс барысында жастар спортшының адами құндылықтар, парасаттылық, әділдік туралы ойларымен танысты.

Спортшы «Парасаттылық дегеніміз – адалдық, ниеттің дұрыстығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет», – деп түсінетіндігін атап өтті.

Бала Айбек дәрігер болуды армандаған. Есейе келе қазақ күресіне келіп, талмай еңбектеніп биік белестерді бағындарған. Сондай-ақ, спортшы жетістіктерге жетуіне жаттықтырушысы көп ықпал еткендігін айта келе «Жаттықтырушым – екінші әкем сияқты» деп ұстазына деген зор құрметін білдірді.

Айбек Нұғымаров қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыхановты өзіне үлгі тұтатындығын айтты.

Атақты балуан Менің арманым – еліміздің Тәуелсіздігі мәңгі болсын. Сондықтан баршаңызды осы жолда адал еңбек етуге шақырамын», – деп «Адалдық сағатын» тәмамдады.

Аталған бейне-сабақ ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің  Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:

https://youtu.be/VzXqI46SaKI 

Дата публикации
09 сентября 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Как забронировать посещение в ЦОН через Telegram-bot?
Как забронировать посещение в ЦОН через Telegram-bot?
ЦОНы ВКО возобновят свою работу с завтрашнего дня   
ЦОНы ВКО возобновят свою работу с завтрашнего дня  
Протокольное решение Штаба оперативного реагирования на чрезвычайное положение  по Восточно-Казахстанской области № 1/183  от 13 апреля 2020 г.
Протокольное решение Штаба оперативного реагирования на чрезвычайное положение по Восточно-Казахстанской области № 1/183 от 13 апреля 2020 г.
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК