Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Шығыс Қазақстан облысында үш тілді енгізу туралы ақпарат
20 марта 2020

Білім басқармасы мен жұмыс тобының мүшелері үш тілді дамыту және білім берудің барлық деңгейлерінде көптілді білім беруге көшу бойынша жағдайларды жетілдіру мақсатында 2019-2021 жылдарға арналған «Көптілді білім беруді дамыту» бойынша Кешенді жоспарды әзірлеп, бекітті. Осы жоспарды іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд.теңге бөлінді.

«Көптілді білім беруді дамыту»  кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында 2019 жылы облыстық бюджеттен 203 870,0 мың теңге бөлінді. 2018-2019 жылы ШҚО қалалары мен аудандарының жалпыеуропалық тілдік коммуникативтік құзыреттілік стандартына сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша бірыңғай лексикалық, грамматикалық және тақырыптық минимумның әзірленген тест тапсырмаларының негізінде 5-7 сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігі негізігнде сөйлеу қызметінің 2 түрі бойынша кіріс және шығыс диагностикасы жүргізілді.

Облыста оқушылардың сөйлеу қызметінің екі дағдысы негізінде кіріс диагностикасының қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 40,6%, аралық тестілеу өткізу қорытындысы 50,7%, шығыс бақылауының қорытындысы бойынша диагностиканың орташа деңгейі - 52,7%-ға жетті. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен оқушылардың білім көрсеткіші диагностиканың мониторнгісі бойынша білім сапасы - 19,62%-ға, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен білім сапасы - 20,23%-ға және ағылшын тілі пәнінен білім сапасы  15,65%-ға өсіу байқалды.

Облыста тілдік пәндер мұғалімдерін саралап материалдық көтермелеу жүзеге асырылады. Халықаралық емтиханның және оқушылардың білім сапасы диагностикасының нәтижелері бойынша 2019 жылы 2 мұғалім мадақталып,  670 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.  Олар, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған курстардың нәтижелері және ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша халықаралық емтихандарға дайындық бойынша үздік жаттықтырушылар: "С. Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ - нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.З.Асылханова - 500 мың теңге және Үржар ауданының "Абылайхан атындағы балабақша мектебі" КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.М. Советова - 170 мың теңге иеленді.

Білім басқармасы облыстың қалалары мен аудандарында француз тілі оқытушыларына талдау жүргізіп, облыс мектептерінде 2019-2020 оқу жылында 21 мұғалім жұмыс істейтінін көрсетті. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап француз тілін оқытумен 644 оқушы қамтылды. Оның ішінде 26 оқушы инвариантты және 619 оқушы вариативті бөлім есебінен (факультативтер мен үйірмелер) оқиды.

2019-2020 оқу жылында 1 сынып үшін француз тілі оқулықтарын сынақтан өткізу мақсатында ШҚО білім басқармасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №495 бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ-не пилоттық мектеп мәртебесі берілсе, 1 сынып үшін неміс тілі оқулықтарын сынақтан өткізу мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 12 орта мектебі" КММ-не пилоттық мектеп мәртебесі берілді.

ЖҒЦ (физика және информатика) пәндерінің ағылшын тіліндегі оқулықтарын апробациялау мақсатында 2019-2020 оқу жылында ШҚО білім басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №508-1 бұйрығымен "Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ-не пилоттық мектеп мәртебесі берілді; ЖҒЦ (химия және биология) пәндерінің ағылшын тіліндегі оқулықтарын апробациялау мақсатында 10-11 сыныптар үшін Семей қаласы әкімдігінің "№ 37 Гимназия" КММ-не пилоттық мектеп мәртебесі берілді.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 977 тіл пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан өтті:

 – ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша - 450 мұғалім (400 – ағылшын және 50 - кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары);

-  француз тілі пәні мұғалімдер саны - 27;

- 200 орыс және қазақ тілі пәні мұғалімдері төмен деңгейді көрсеткен және жаңадан келген мұғалімдер саны - 200;

- TKT CLIL сертификатына ЖҒЦ пәндері (физика, информатика, химия, биология) ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер саны - 300.

Конкурстық негізде "Astana School of Business and Technology" ЖШС және "Capital Education Services"ЖШС мұғалімдері үшін курстарды оқыту қызметтерін берушілер ретінде анықталды. Курс сабақтарын DELTA, СELTA сертификаттары бар және "Pass B" деңгейімен жоғары білікті тренерлер жүргізді.

Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 142 290,0 мың теңге бөлінді.

2019-2020 оқу жылынан бастап 4 пәнді ағылшын тілінде оқытуға көшу кестесіне сәйкес 52 пилоттық мектепте 97 мұғалім ЖҒЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізуде және 272 мектепте 573 мұғалім вариативтік бөлім есебінен ағылшын тілінде оқыту элементтерін ішінара жүргізеді.

2019-2020 оқу жылында тілдік коммуникативтік құзыреттіліктер негізінде сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша 7-сынып оқушыларына кіріс және шығыс диагностикасын өткізу жоспарлануда.

2020 жылы 650 педагогты, 2021 жылы 1500 педагогты оқыту жоспарлануда.

ОРТА БІЛІМ БЕРУ Орта білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен ауысу және осы процесті әдіснамалық сүйемелдеу
20 марта 2020

Облыста жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына көшу 2016 жылы басталды. 2016-2017 оқу жылында барлық жалпы білім беретін мектептердің бірінші сынып оқушылары жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына көшті. 2017-2018 оқу жылында жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына 2, 5, 7 сыныптар, ал 2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8 өтті. 2019-2020 оқу жылында 4, 9, 10 сыныптары көшті. 2020-2021 оқу жылында 11 сынып жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына көшеді.

Жаңартылған мазмұндағы білім беру мазмұны бойынша ҚР БжҒМ апробация туралы бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында екі пилоттық мектеп - Көкпекті ауданы «Абай атындағы мектеп-бақша-кешені» КММ және Өскемен қаласы «№39 орта мектеп» КММ белгіленді.

Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы аясында 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша облыстың 15 мыңнан астам оқытушысы біліктілік арттыру курстарынан өтті.

2018 жылы жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы аясында 3, 6, 8 сынып оқушыларының 5379 мұғалімі республикалық бюджет есебінен курстардан өтіп, пәндер бойынша сабақ беруде.

2019 жылы аталған бағдарлама бойынша 5895 мұғалім республикалық бюджет есебінен курстардан өтті.

2020 жылы жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептердегі 11 сынып оқушыларының 4526 мұғалімі республикалық бюджет есебінен курста оқыту жоспарлануда.

2019-2020 оқу жылында орта білімнің жаңартылған мазмұны бойынша әдістемелік сүйемелдеу мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

  • Білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында 2019 жылғы 27 тамызда білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында 2019 жылғы 27 тамызда Өскемен және Семей қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «9, 10 сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында мұғалімдердің секциялық отырысы өтті. Секция жұмысына облыс мектептерінің 1397 педагогы қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектептері, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері 9-10 сынып бағдарламаларының мазмұны, критериалды бағалау жүйесін қолдану, оқушылардың жетістіктерін жиынтық бағалау құрастыру бойынша 77 шебер - сынып өткізді. Қатысушылар ағылшын тілінде (CLIL) өткізілетін пәндер бойынша зияткерлік мектеп мұғалімдерінің шеберлік сыныптарына барып, өз дағдыларын жақсартты.

Шара аясында мұғалімдерге қолдау көрсету үшін әдістемелік өнімдер көрмесі, «жүктеу аймағы» және оқу-әдістемелік құралдар сату ұйымдастырылды.

  • Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы 2019 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдерін шақырумен Облыстың білім беру ұйымдарының басшыларына арналған облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру.

Семинарға аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметқаримқызы Жұмаділова кіріспе сөз сөйледі, ол 2018-2019 оқу жылының қорытындысын шығарды және облыстың білім беру жүйесінде жаңа оқу жылында міндеттерді белгіледі.

Ы. Алтынсарин ҰБА өкілдері. Адамова Манар Елекенқызы - орта білім беру орталығының директоры, Жұмағұлова Зауре Абдықенқызы - орта білім беру орталығы директорының орынбасары, Тортаева Балжан Қалданқызы және Қайыпбаева Айгүл Тоқтарбайқызы – ББО-ның аға ғылыми қызметкерлері қысқартылған оқу жүктемесімен және пәндерді тереңдете оқытумен жаңартылған мазмұндық бағдарламалардың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары үшін жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарларының инварианттық және вариативтік компоненттеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы таныстырылым жасады.

Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, Ұлттық білім академия өкілдерінен толық жауаптар алды.

Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептердің басшылары типтік оқу жоспарларына түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізді.

Семинардың бейнематериалдары ШҚО ББ білім беру порталында орналастырылды.

  • Күзгі каникул кезіндегі жоспарына сәйкес 2019 жылдың 28 - 31 қазан аралығында Өскемен және Семей қалалары мектептерінің базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Автономиялық білім беру мекемесімен бірлескен «Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау: бағалау құралдарын дайындау және қолдану, бағалау үрдісін ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында 2 күндік облыстық оқыту семинары өтті.

Семинар критериалды бағалау жүйесін ұйымдастырудағы мұғалімдердің қызметін қолдау үшін ұйымдастырылды.

Семинарға жалпы білім беретін мектептердің 1200 мұғалімі және 120 мектеп координаторы қатысты. Семинар барысында оқыту тілі бойынша 13 пәндік алаң жұмыс істеді.

Семинар барысында Педагогикалық өлшеулер орталығы, Өскемен және Семей қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектеп оқытушылары негізінде бағалау критерийлерін әзірлеу мен қолдану құралдарын бағалау тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар шеңберінде пән мұғалімдері оқушылардың алдына қойылған қысқа мерзімді жоспардағы тапсырмаларды формативті бағалау нәтижелерін талдап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, бөлімдер бойынша (ББЖ) және тоқсан бойынша (ТБЖ) жиынтық бағалау бойынша қорытынды тапсырмалардың үлгілерін құрады.

  • 2019 жылғы 30 қазан күні Өскемен қаласы «№30 орта мектеп» КММ негізінде Шығыс Қазақстан облысы «Шығыс» өңірлік орталығы «Математика мен физиканы оқыту үдерісіндегі заманауи технологиялар» атты облыстық семинар өткізді.

 

Мақсаты - оқу іс-әрекетінде заманауи оқыту технологиялары мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, мектепте математика, физика пәндерін оқытуды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Математика және физика пәндері бойынша семинарға облыстың және облыстық білім беру ұйымдарының 120 мұғалімі қатысты.

Оқушылары Республикалық, халықаралық жоба конкурстарының жүлдегерлері атанған мұғалімдер: «Өскемен қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» математика пәнінің мұғалімі Смирнова Т.Ю., Өскемен қаласындағы «Өрлеу» БАҰО АҚ ХҚКО филиалының тренері Саблукова Т.А.:

- математика және физика сабақтарында қолданылатын технологиялардың презентациялық жұмысын көрсетті;

- әртүрлі негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру бойынша шеберлік сабақтарын өткізді;

- заманауи технология элементтерін қолдана отырып, жаңартылған оқу жоспары бойынша сабақ жоспарлау және өткізуде мұғалімдерге көмек көрсетті.

Мұғалімдер практикада қолдану үшін көптеген білім алып, ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. Семинар спикерлеріне ризашылықтарын білдіріп, әрі қарай ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруды ұсынды.

  • 2019 жылғы 31 қазан - 1 қараша аралығында Өскемен қаласындағы «№ 39 орта мектеп» КММ базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «11-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің педагогикалық қауымдастығымен танысу және талқылау» атты өңірлік семинар өтті.

Семинардың мақсаты - 11-сыныптың жаңартылған мазмұнына арналған оқулықтармен және оқу материалдарымен таныстыру және талқылау.

Семинар барысында 12 баспаның 50-ден астам авторлары мен редакторлары 11 сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің таныстырылымын ұсынды. Талқылауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 500-ге жуық мұғалімдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ өкілдері қатысты.

Қатысушылар пәндік бағыттар бойынша оқулықтардың жобаларын талқылады және авторлар мен баспаларға оқулықтар мен оқу материалдарының мазмұны бойынша әрі қарай дамыту жұмыстарын жүргізуде ескеру үшін ұсыныстар берді.

  • 2019 жылдың 2 қарашасы күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының күзгі каникул кезіндегі жоспары негізінде Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Педагогикалық шеберлік орталығы мен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының бірлескен жоспары аясында «Жетекші мектеп - жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» атты І өңірлік форум өтті.

Форумның мақсаты – жетекші мектептердің жұмысын дамыту және жандандыру.

Форумның эксперттік алаңында ШПО филиалының директоры Г.Т.Зейнолдина, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары Д.Д. Алимханова, НЗМ директоры Ж.О.Ерниязова және Өскемен қ. №27 орта мектеп директоры Г.К.Дюзбенбекова сөз сөйледі. Алтай өңірінің педагогикалық саласының қызметкерлері К.Л.Зайцев пен мобильді педагог Антонова С.Ю. онлайн скайп арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның «Market Place» бөлімінде жетекші мектептердің тәжірибесін постермен таныстырса, «Инновациялық тәжірибе салонында жетекші мектептер» бөлімінде инновациялық құрылымында жетекші мектеп командаларының жұмыс тәжірибесі таныстырылды. ПШО филиалының тренерлері «Google құжаттарымен жұмыс» тақырыбында жетекші мектептердің үйлестірушілеріне арналған шеберлік сыныптар ұйымдастырды.

  • Қысқы каникул кезіндегі жоспарға сәйкес 2019 жылдың 30 желтоқсан – 2020 жылдың 4, 6, 8 қаңтар аралығында Өскемен және Семей қалалары мектептерінің базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Автономиялық білім беру мекемесімен бірлескен «Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау: бағалау құралдарын дайындау және қолдану, бағалау үрдісін ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында 4 күндік облыстық оқыту семинары өтті.

Семинар критериалды бағалау жүйесін ұйымдастырудағы мұғалімдердің қызметін қолдау үшін ұйымдастырылды.

Семинарға жалпы білім беретін мектептердің 680 мұғалімі және 80 мектеп координаторы қатысты. Семинар барысында оқыту тілі бойынша 13 пәндік алаң жұмыс істеді.

  • 2020 жылдың 6 қаңтарында Өскемен қаласында «№10 мектеп-гимназиясы» КММ базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің жетілдіруі және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті бойынша ҰБТ-ға дайындық тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында бірыңғай әдістемелік күні өткізілді.

Іс-шараға Өскемен қаласы, Глубокое және Ұлан аудандарының 40 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.

Бірыңғай әдістемелік күні барысында «№10 мектеп-гимназия» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Л.А.Фоминых «От целей к СОР. От СОР к СОЧ», Ю. В. Акентьева «Реализация целей слушания/говорения при организации суммативного оценивания по предмету «Русский язык». Приёмы эффективного слушания» және «№18 орта мектеп» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі О. В. Рыльская «Система работы учителя по повышению качества подготовки к итоговой аттестации и ЕНТ» тақырыбында іс тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының орыс тілі мен әдебиеті бойынша әдіскері А. А. Мырзаханова орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін білім және ғылым министрлігінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 26.11.2019 жылдың №509 бұйрығымен таныстырды.

Бірыңғай әдістемелік күніне қатысушылар оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және орыс тілі мен әдебиеті бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдерін қолдануға практикалық және әдістемелік көмек алды.

  • 2020 жылдың 6 қаңтарында Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің жетілдіруі және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәні бойынша оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында бірыңғай әдістемелік күні өткізілді.

Іс-шараға Ұлан ауданының 41 тарих пәні мұғалімдері қатысты. Бірыңғай әдістемелік күні барысында облыс орталығындағы ҰБТ тапсыруда түлектері жоғары нәтижеге жетіп жүрген мектеп мұғалімдері әріптестерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «№38 ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын орта мектеп» КММ-ң тарих пәні мұғалімі Миханцева Елена Николаевна-«Қортынды аттестаттау мен ҰБТ-ге сапалы дайындаудағы мұғалімнің жүйелі жұмысы» туралы сөйледі. «№3 Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицей» КММ тарих пәні мұғалімдері Камбасова Молдир Муратбеккызы, Мухамадиянова Айнур Мухамадияқызы – «Тарих пәнінен жиынтық бағалауды ұйымдастырудағы қазіргі заманғы тәсілдер» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне дайындап әкелген презентациясы арқылы тарих пәнінен БЖБ, ТЖБ құрастыру жолдары мен ережелерімен таныстыра отырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «І. Айттықов атындағы орта мектеп – балабақша кешені» КММ, тарих пәні мұғалімі Д.А Кудайбергенов «ҰБТ-ге сапалы дайындаудағы мұғалімнің жұмысындағы іс-тәжірибесі жайлы слайдпен таныстырылым жасады. Қатысушылылар жұптық жұмыстың тиімді жақтарына көздері жеткендіктерін, болашақта өз тәжірибелерінде пайдаланатындықтарын білдірді.

Іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының тарих пәні бойынша әдіскері Б.К.Абраимова тарих пәні мұғалімдерін білім және ғылым министрлігінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 26.11.2019 жылдың №509 бұйрығымен таныстырды.

  • 2020 жылдың 8 қаңтарында Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы аясында «Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде дене тәрбиесі және спорт бойынша заманауи педагогикалық технологиялар» атты облыстық семинар-практикумын өткізді.

Семинардың мақсаты – дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында қолданылатын заманауи педагогикалық технологияларды жинақтау және тарату.

Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептердің қазақ және орыс тілінде оқытатын дене тәрбиесі пәнінің 86 мұғалімі қатысты.

 Семинардың теориялық бөлімінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене тәрбиесі мұғалімдері А.Х. Нетбаев, Қ.С. Ахметов, Б.Д. Даутбеков өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа бағдарлама бойынша көкейтесті сұрақтарға жауап берді.

 Практикалық бөлімінде орта білім беру мазмұнын жаңарту және оқыту әдістерін дамыту қажеттілігі тұжырымдамасын қалыптастыру бағдарламасы аясында «Дене тәрбиесі» пәндері бойынша «Оқытудың белсенді әдіс тәсілдері» тақырыбында А.Х.Нетбаев, Э.М.Бекбосынов, К.Орман. практикалық сабақтар өткізді.

Семинардың соңында қатысушы мұғалімдермен волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Семинарды қорытындылау барысында қатысушыларға алдағы уақытта жұмыс атқару үшін ұсыныстар берілді.

  • Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 23-24 қаңтар күндері Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектеп» КММ базасында 2019-2020 оқу жылындағы 9 сынып білім алушыларының қорытынды аттестауды ұйымдастыру және өткізу туралы облыстық түсіндірме оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: 2019-2020 оқу жылындағы 9 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудегі емтихан жұмыстарының материалдары туралы түсіндіру.

Семинарға ШҚО білім басқармасының мамандары, «Шығыс» ӨО әдіскерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, пән әдіскерлері, жалпы орта білім беретін мектептердің директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері және 9 сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Алғы сөзбен ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта білім бөлімінің басшысы А.М.Доржанова, «Шығыс» өңірлік орталығының директоры М.И.Асанова сөйледі.

Семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №509 бұйрығының негізгі ережелері түсіндірілді.

2019-2020 оқу жылындағы 9 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудегі емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу туралы «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері А.Т.Кенжебаева түсіндірді. 9 сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері міндетті әр пән және таңдау пәні бойынша емтихан жұмыстарының материалдарының ерекшеліктерімен таныстырды.

Семинар аясында 9 сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Семинар қорытындысында аталған мәселе негізінде қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Семинардың материалдары облыстағы барлық білім беру ұйымдарына жолданды.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылы 19 ақпанда Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәнін оқытуда қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерісін дұрыс ұйымдастыру мәселелері» атты семинар-тренингін өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты - критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Семинарға Ұлан ауданының жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәнінің 25 мұғалімі қатысты. Семинар-тренинг барысында Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің педагог-шебер санатты мұғалімі, жаңартылған білім мазмұны бойынша тренер, тарих ғылымдарының кандидаты Чекетаева Роза Сарқытбекқызы сабақ жоспарында пән бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету; жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалануды дамыту; сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалау және саралау тәсілдерін енгізу жолдарын ұсыну, бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасау туралы түсініктерін тереңдету бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізіп мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті.

Қатысушылармен «Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасаудың алгоритімі» тренингін өткізді.

Топтық жұмыс арқылы қатысушылар:

- Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалау және саралау тәсілдерін енгізу жолдары;

- Қалыптастырушы бағалаудың эмоциялық, аффекттік, психомоторлық, әлеуметтік, танымдық аспектілерін тиімді қолдану тақырыбында постер жасап қорғады.

  • Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Ұлан білім бөлімімен бірлесе отырып 2020 жылғы 25 ақпанында Таврия орта мектебінің базасында 9, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауына дайындық бойынша облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – 9 және 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау кезінде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға Ұлан ауданының жалпы білім беру ұйымдарының мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, математика, физика, география, химия, биология пәндерінің мұғалімдері, барлығы 130 педагог қатысты.

Семинардың практикалық бөлімі педагогикалық шеберхана түрінде ұйымдастырылды, оның шеңберінде 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау және 11-сынып оқушыларына ҰБТ тапсыру үшін математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша тапсырмаларды әзірлеу және оқу үдерісінде іс-әрекет әдістерін қолдану бойынша мұғалімдердің жұмыстары ұсынылды.

Шара барысында Өскемен қаласы әкімдігінің З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Акимбаева Р.М., №15 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Ракишева Г.Б., Байтурсынов атындағы №20 орта мектебінің химия мұғалімі Муханова А.С., №6 орта мектебінің биология мұғалімі Жумагулова А. Б., №35 орта мектебінің география мұғалімі Сабырбаев Н. А. және Ұлан ауданының ЖМБ циклінің мұғалімдері «Алгебра және талдаудың басы», «Физика», «Химия», «Биология» және «География» пәндері бойынша қорытынды аттестаттаудың жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың барлық қатысушылары мысалдар мен міндеттерді шешу, теңдеулер мен процестерді, графиктер мен диаграммаларды құру, заңдылықтарды анықтау секілді практикалық бағыттарда белсенді қатысты.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
12 марта 2020

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы,   Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 605-кабинет, анықтама үшін телефон   8 (7232) 70-23-61, эл.пошта G.Kalimova@akimvko.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 10 MB, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс жариялайды:

 

1.Қорғаншылық, қамқоршылық және интернат ұйымдары бөлімінің бас маманы санаты Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден 146177 теңгеге дейін.

 Функционалдық қызметтері:

Мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды (БДМБ, АДБ және қызметтің өзге бағыттары бойынша), басқарманың жоспарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша қол жеткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

Өзінің құзыреттілігі шегінде өңірлік бағдарламалар әзірлеуге, ақпаратты, анықтама материалдарын дайындауға қатысу;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен,  квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

Өз құзыреті шегінде бала асырап алу (қыз асырап алу), қамқорлық, қорғаншылық, патронаттық тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру бөлімдерінің және ұйымдарының жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі балаларды жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру. Осы мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдар және білім беру мекемелерімен өзара әрекет жасау;

Басқарманың мәліметтер банкінде өңірлік есепте тұрған асырап алуға жататын балалардың сауалнамалық мағлұматтарын салыстыруды өткізу;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін уақтылы әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;

Өз құзыреті шегінде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат, мәліметтерге мониторинг жасау, жинау және уақтылы ұсынуды жүзеге асыру;

Өз құзыреті шегінде «Шығыс  Қазақстан облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернаты»  КММ, «Девиантты        мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» КММ қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге алғысы келетін азаматтар туралы мәліметтердің Республикалық базасын қалыптастыру және қолдану бойынша жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз ету;

Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша анықтамалар, баяндамалар, басшылық үшін сөз сөйлеу мәтінін, мақалалар даярлауды жүзеге асыру;

Балаларды тәрбиелеу және олардың құқығын қорғау мәселелері бойынша ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарын нормативтік-құқықтық құжаттамалармен қамтамасыз ету;

Ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының педагог кадрларын аттестаттауға қатысу;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есептерді, ақпараттарды, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру;

Бөлімнің жұмыс жоспарына қосу үшін ұсыныстар әзірлеу және оларды уақтылы орындау;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Бөлім құзыреттілігіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Білім» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы, электрондық пошта арқылы: G.Kalimova@akimvko.gov.kz, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

3) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

4) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған  күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі к., 59/1,                            605 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Жалпы конкурс Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі  төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8(7232)70-23-61, e-mail: G.Kalimova@akimvko.gov.kz

Қосымша

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
12 марта 2020

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Өскемен қаласы,   Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 605-кабинет, анықтама үшін телефон   8 (7232) 70-23-61, эл.пошта G.Kalimova@akimvko.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 10 MB, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс жариялайды:

 

1. Әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгер санаты Д-О-4) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116623 теңгеден 146177 теңгеге дейін.

  Функционалдық қызметтері:

Білім басқармасының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

Шарт, қаржы тәртібін нығайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

Білім басқармасының қызметкерлерін және білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытынды дайындау;

Басқарма бөлімдері орындауға тиіс Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қаулысының орындалуы бойынша уақтылы шаралар қабылдау және орындалуы  туралы ақпараттың ұсынылуын ұйымдастыру;

Қолданыстағы заңнаманың бұзылуымен шығарылған құқықтық актілерді өзгерту немесе жою бойынша шаралар қабылдау және құқықтық мониторинг жүргізу;

Білім басқармасы қызметінің құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде сотта, сондай-ақ өзге ұйымдарда білім басқармасының мүдделеріне өкілдік ету;

Басқармаға ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды құру, тарату, қайта ұйымдастыру және қайта атау бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, білім басқармасындағы құқықтық жалпыға міндетті оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Басқарма құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Басқарма атынан түсіндірмелер дайындау;

Білім басқармасына келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің жүйелі есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыру;

Білім басқармасының нормалық-шығармашылық қызметін талдау, талдау нәтижелері бойынша оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу;

Тиісті соттық қарауларға әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен болатын даулар бойынша талап ету жұмыстарының, сот тәжірибесінің жағдайына талдау жүргізу және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу;

Барлық сот инстанцияларында Басқарма пайдасына шешілмеген сот актілеріне шағыну бойынша уақтылы шаралар қабылдау (заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда), сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпте прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылықтар келтіру туралы қолдаухатпен жүгіну;

Білім басқармасының қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету;

Басқарма туралы Ережені әзірлеу және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету;

Заңгерлік кеңес беруді және Басқарма басшысы бұйрықтарының жобаларына, ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының жарғыларына заңгерлік сараптама жүргізу;

Нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есепті, мәліметтерді, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары: «Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі) бөлімінің мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы, электрондық пошта арқылы: G.Kalimova@akimvko.gov.kz, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

3) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

4) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

  Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-де оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған  күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

  Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі к., 59/1,                            605 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Жалпы конкурс Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі  төрағасының 2017 жылғы                   21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8(7232)70-23-61, e-mail: G.Kalimova@akimvko.gov.kz

Қосымша

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу
02 марта 2020

Шығыс Қазақстан облысында оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен көңіл бөлініп, дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2022-2023 оқу жылында зияткерлік олимпиадалардың, конкурстар мен ғылыми жарыстардың қатысушылары облыстың 129 630 оқушысы болды, олардың 63 516-ы жүлдегер атанды.

Шығыс Қазақстан облысының дарынды балалар командасы халықаралық және республикалық деңгейдегі зияткерлік жарыстарда соңғы үш жылда   453 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 6 бас жүлде,  86 алтын, 142 күміс, 219 қола. Оның ішінде: халықаралық жарыстарда 41 медаль; 412 медаль - республикалық деңгейдегі іс-шараларда.

Өңірдегі оқушылар саны - әр түрлі олимпиадалар, конкурстар мен жарыстарға қатысушылар мен жүлдегерлер

 

2022-2023 оқу жылындағы республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы  медальдар саны

Оқу жылы

Республикалық жарыстар

Барлығы

Алтын

Күміс

Қола

2022-2023

16

38

46

100

 

2022-2023 оқу жылындағы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы медальдар саны

Оқу жылы

Международные состязания

Барлығы

Алтын

Күміс

Қола

2022-2023

1

3

4

8

                     

                     Қазақстан Республикасының олимпиадалық резерв мүшелері

Химиядан Қазақстан Республикасының олимпиадалық резервінің мүшесі Мамырбеков Бекболат - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің түлегі, химиядан оқушылардың республикалық олимпиадасының жеңімпазы, химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасының бірнеше дүркін жүлдегері, математика, физика, химия және информатикадан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының күміс жүлдегері. Бекболат ең беделді халықаралық ғылыми олимпиадалардың   бірі - Цюрих қаласында (Швейцария) химия бойынша халықаралық олимпиадасының (IСhО-2023) қола жүлдегері.

Математикадан Қазақстан Республикасының олимпиадалық резервінің мүшесі Маратұлы Алинұр - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы, жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері, математика, физика, химия және информатикадан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының күміс жүлдегері. Әлинұр – Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік құрамасының құрамында Тирана қаласында (Албания) математикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасына (JBMO) қатысып, қола медаль иегері атанды.

Балаларға қосымша білім беру
Шығыс Қазақстан облысының балаларға қосымша білім беру жүйесі
28 февраля 2020

Қазіргі жағдайда мектептегі білім беру аясында әрдайым жүзеге асырыла бермейтін салалардағы балалардың танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты білім беру қызметі барған сайын кеңейе түсуде.

Қосымша білім - бұл ерекше білім беру жүйесі.

Республикада алғаш рет балаларға негізгі (базалық) және қосымша білім беру тең құқықты, бірін-бірі толықтыратын компоненттер ретінде қаралады және әрбір баланың толыққанды жеке және жеке дамуы үшін қажетті бірыңғай білім беру кеңістігін құрады.

Осы мақсатта облыс аумағында мектептен тыс білім беру ұйымдарының желісі жұмыс істейді. Балаларға қосымша білім беру бағдарламасы білім беру ұйымдарында да, мектептен тыс ұйымдарда да іске асырылады.

Бүгінгі күні облыстың қосымша білім беру ұйымдарының желісі 71 бірлікті құрайды, оның ішінде 44 білім беру жүйесінде 27 бірлік - мәдениет және спорт жүйесінде.          

2023-2024 оқу жылының басында қосымша білім берумен 88 301 бала қамтылды, бұл 90,6% -ды құрайды. Жалпы білім беретін мектептерде 39 785 оқушыны (40,6%) қамтитын 2974 үйірме мен қызығушылық секциялары жұмыс істейді. Қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелер саны - 717, онда 48 516 оқушы (50,0%) айналысады.


Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында 1 011 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар 655 (65,8%), орта педагогикалық білімі бар - 162 (16%), жоғары бейіндік білімі бар - 143 (14,1%), орта бейіндік білімі бар - 41 (4,1%).

Қосымша білім берудің маңызды көрсеткіштерінің бірі балалардың бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тартылуы болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептердің спорт секцияларына тартылған балалардың жалпы  қамтылуы 2022-2023 жылдың басында 59 477 баланы    құрады – 60,4%.  Осы мақсатта білім беру ұйымдарында 2 178 спорт секциясы жұмыс істейді.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта облыста 1 835 оқушыны қамтитын 97 «Жас Сарбаз» мамандандырылған сыныптары ашылды, олар үшін әртүрлі бағыттағы секциялар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, облыста 7 558 курсантты қамтитын 266 әскери-патриоттық спорт клубтары мен әскери-патриоттық бірлестіктер жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында 3 520 оқушыны қамтитын балалар-жасөспірімдер клубтарының 1 бірлестігі жұмыс істейді.

Білім басқармасы облыстық және республикалық деңгейдегі маңызды имидждік іс-шараларды өткізеді. Қосымша білім беру бойынша барлық іс-шаралар білім алушылар тұлғасының рухани мәдениетін, тұрақты өмірлік ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шараларға тек жалпы білім беретін мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар облыстың ЖОО және колледж студенттері де белсенді қатысады.

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша ШҚО-да қосымша білім беруде барлығы 5930 оқушыны қамтитын 82 облыстық іс-шара өткізілді, сондай-ақ 525 оқушы 47 Республикалық конкурстар мен жарыстарға қатысып, оның ішінде облыстық іс - шараларда – 3 050 оқушы, республикалық жарыстарда  барлығы  - 263 оқушы жүлдегер болды (91 оқушы - 1орын, 79 - 2 орын, 93 - 3 орын).

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын ұйымдастыру елдің мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым міндеті болып қала береді.

2023 жылы Шығыс Қазақстан облысында жазғы демалыспен және сауықтырумен 1-10 сынып оқушылары 92 494 (99,9%) қамтылды.

Ағымдағы жылы жазғы лагерьлер желісі 418 бірлікті құрайды, оның ішінде:

- 19 қала сыртындағы, оның ішінде 12 мемлекеттік, 7 жекеменшік;

- 195 мектеп жанындағы лагерь;

- 204 бейінді алаң қосымша білім беру ұйымдарында аула клубтарында.

Жазғы демалыс кезінде қосымша білім беру ұйымдарында жалпы саны 35 722 баланы қамтитын пікірталас алаңдары, шығармашылық студиялар, спорт секциялары жұмыс істеді.

Жас натуралистер станцияларының базасында далалық экологиялық мектептер оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жұмыс істеді, 750 жас зерттеуші экологиялық мониторингке қатысты.

Ауладағы жасөспірімдер үйірмелерінде облыс мектептерінің 3500 оқушысы үшін коворкинг орталықтары мен әртүрлі ортақ қызығушылықтар бойынша студиялар жұмыс істеді.

32 802 оқушы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен киелі жерлерге экспедициялар мен туристік маршруттарға (оның ішінде онлайн) қатысты.

Облыстың әрбір мектептен тыс ұйымдары мен балалар сауықтыру лагерлерінің қызметі тұрақты түрде әртүрлі интернет-платформаларда, әлеуметтік желілерде (Telegram, WhatsApp, Skype, Instagram және т.б.)  қалалар мен аудандардың сайтында қамтылып отырады.

Бүкіл жаз мезгілінде «Жаз қызығы – көңілді демалыс» атты балалардың демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын қамту мақсатында PR-науқаны жүргізілуде.

Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына ерекше көңіл бөлінуде, осы санаттағы 156 бала Алматыдағы «Бөбек» және Щучинск, Қонаев, тағы басқа қалалардағы «Балдәурен» ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтарында жыл бойы тегін демалды. Желтоқсанға дейін тағы да 277 бала жолдама алады.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 100% жазғы демалыспен қамтылды, оның ішінде балалар үйінің 360 тәрбиеленушісі.

Республикалық «Жаздық жолдама» жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының шығыстары есебінен ауылдан келген 5-8 сынып оқушылары – оқу озаттары, олимпиада, байқау және байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 400 бала «Дарын» лагерінде демалды.

2023 жылы балалардың жазғы демалысының жаңа бағыты тілдік ортаға ену арқылы практикалық қазақ тілін тереңдете оқытуға бағытталған «Қонақжай отбасы» жобасы болды. Бағдарлама бойынша 12-14 жас аралығындағы оқушылар Катонқарағай ауданы Өрел, Катон-Қарағай, Берел ауылдарында 20 күн тұрды. Жобада туған өлкенің салт-дәстүрі, мәдениеті мен мұрасын зерттеу қарастырылған.

Сонымен қатар, мектеп жанындағы лагерьлерде Кембридж жүйесі бойынша жалпы 7800 оқушы қамтылған мәдени орындарға бару арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылды.

Жазғы уақытта балалардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыруға 425 тәрбиеші, 440 кеңесші, 680 қосымша білім беру педагогы және 250 медицина қызметкері, сондай-ақ облыстағы колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогикалық ұжымдары жұмылдырылған.

Білім беру ұйымдарындағы спорт секциялары санаттарға қарамастан, барлық балалар үшін тегін негізде өткізілді. Мемлекеттік спорт объектілеріндегі Барлық сабақтар жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына, ЖОО мен колледж студенттеріне, спорт мектептерінің тәрбиеленушілеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін берілді.

Жазғы кезеңде балалар көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық - биологиялық және спорттық бағыттағы түрлі конкурстар мен жарыстарға қатысуды жалғастырды.

Демалыс бағдарламасына кіретін барлық іс-шаралар балалардың шығармашылық және зияткерлік іске асырылуына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өмірлік қиын жағдайда балалар мен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.

Осылайша, үйлесімді жұмыс пен жүйелі тәсілдің нәтижесі бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру сапасын арттыру және балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру болып табылады. https://shygysdaryn.kz/

Кәсіптік білім беру
28 февраля 2020

ШҚО ТжКББ жүйесінде 2024 жылы 38 колледж, оның ішінде 23 мемлекеттік, 15 жеке меншік колледж жұмыс істейді. Онда 19 мыңнан астам студент, оның 16747 - і мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Кәсіптік даярлау 73 мамандық бойынша жүргізіледі. ШҚО ТжКББ жүйесінде 1657 инженер-педагог қызметкер жұмыс істейді.

«Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасын іске асыру үшін облыста жыл сайын колледждерге түсуге мемлекеттік тапсырыс ұлғаюда.

Облыстың 27 колледжінде 5030 студент дуальды жүйе бойынша даярлануда. Онда ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, тамақ, тау-кен өндіру, қызмет көрсету, байланыс және ақпараттық технологиялар, энергетика салаларына 44 мамандық бойынша колледждердің 448 әлеуметтік серіктес кәсіпорындарын тарта отырып, мамандар даярлау жүргізіледі.

Тәрбие және профилактикалық жұмыс
О нравственно-духовном воспитании учащихся школ области
28 февраля 2020

Работа по формированию целостного духовно-нравственного воспитания детей на постоянной основе ведется в тесном сотрудничестве с общественными организациями области.

Основными направлениями совместной работы с неправительственными организациями является социальная адаптация детей, повышение их творческой активности, развитие волонтерского движения, экологическое и патриотическое воспитание, укрепление семейных ценностей и нравственных основ личности.

В рамках реализации программной статьи Н.А. Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» учреждениями образования в рамках подпрограммы «Тәрбие және білім» реализуются 3 уникальных проекта, 18 подпроектов и 65 мероприятий по 3 Базовым направлениям – Өлкетану, Саналы Азамат, Отаным-тағдырым, направленных на формирование культа знания, патриотическое воспитание, сохранение и пропаганду духовных и культурных ценностей, поддержку творческого потенциала молодежи.

В рамках реализации проектов проводятся массовые мероприятия с вовлечением как общеобразовательных, так и организаций дополнительного образования (семинаров, флешмобов, круглых столов).

С целью привлечения внимания учащихся к проблеме сохранения природы родного края, воспитания любви к природе 3 октября 2019 года проведен «Республиканский Экочас» с участием представительных местных исполнительных органов и общественности.

В учебных заведениях области открыты воспитательно-образовательные центры «Мәңгілік Ел». Работа которой ориентирована на выполнение задач патриотического воспитания, на формирование духовно-нравственных качеств, гражданской ответственности учащихся, развитие национального самосознания и толерантности, укрепление светских ценностей и формирование осознанного неприятия молодежью идеологии терроризма и экстремизма, умение общаться в условиях полиэтнического Казахстана.

В целях обучения детей и взрослых конструктивному общению 1 февраля 2019 года управлением образования заключен Меморандум о взаимном сотрудничестве с Региональной палатой медиаторов.

Также, ОО «Медиация и право «Альтернатива» и ОО «Фонд информационной поддержки общества» на основе государственного социального заказа принимают участие в проектах «Школьная медиация» и «Наши дети-наше будущее», которые направлены на сокращение общего количества конфликтных ситуаций среди подростков, улучшение психоэмоционального поведения детей и укрепление семейных ценностей.

С начала реализации проектом «Школьная медиация» охвачено более 5430 учащихся, 9401 родителей и 1530 педагогов. Проведены тренинги и семинары по применению медиации при разрешении административных, уголовно-правовых, семейно-правовых конфликтов.

Итоги реализации проекта «Служба школьной медиации» подведены 22 ноября 2019 года на Международной научно-практической конференции «Школьная медиация в современном образовательном пространстве: теория, практика, перспективы развития». В работе конференции приняли участие профессиональные медиаторы Российской Федерации, Белоруссии, Италии, педагоги, психологи, учащиеся школ и студенты.

За 12 месяцев 2019 года в результате проводимых работ наблюдается снижение количества правонарушений среди несовершеннолетних на 18,7% (с 203 до 165).

Проект «Наши дети - наше будущее» направлен на обучение родителей распознаванию первых признаков тревожного состояния детей и оказанию первичной помощи. В рамках реализации проекта с 15 по 18 октября 2019 года нашу область посетила специалист из Израиля Гила Петрова с программой по ведению родительских групп в организациях образования. Всего обучением охвачены 200 педагогов-психологов. Работа по реализации данных проектов будет продолжена в 2020 году.

Конфликты в семьях зачастую являются основной причиной психологических травм детей. В вопросах поддержки семьи, пропаганде здорового образа жизни учреждения образования сотрудничают с ОО «Феникс», ОФ «Центр семьи» г.Семей, психологическая служба г. Усть-Каменогорск и района Алтай, чья работа направлена на оказание психологической и социальной помощи семьям, оказавшимся в трудных ситуациях. За 2019 год в данных центрах оказана помощь 5573 семьям и 499 детям.

Активными помощниками школ и колледжей в воспитании юных граждан стали Советы отцов и матерей. Впервые в республике открыта школа отцов «Әкелер мектебі» в г.Усть-Каменогорск. За 10 месяцев совместно школой отцов проведено 38 мероприятий в которых участвовали 3650 школьников и студентов.

В развитии патриотического воспитания школьников и студентов принимают участие ОО «Шарм и ДО», филиал ОО «Организация ветеранов РК», ОФ им А.Иванова. Совместно с которыми проводятся акции «Свеча Памяти», «Бессмертный полк», «Забота о ветеране» и многие другие.

Всего по области совместно с 30 неправительственными организациями проведено 96 мероприятий, с участием 125000 учащихся и студентов.

11 октября 2019 года в г.Усть-Каменогорск Министерством образования и науки РК проведен Республиканский совет по защите прав детей в ходе которого был обобщен опыт работы Восточно-Казахстанской области в сфере охраны семьи и детства.

Работа Республиканского совета была продолжена 12 октября 2019 года, проведен круглый стол с участием 30 неправительственных организаций. По итогам круглого стола даны рекомендации по повышению роли НПО в общественной жизни, их взаимодействия с местными исполнительными органами и в своей работе применять опыт работы ВКО.

ШҚО ББ "Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп- интернат" КММ
20 февраля 2020

Азық-түлік сатып алу

№1 лот - құс еті,
№ 2 лот - Балық,
№ 3 лот - кондитерлік өнімдер,
№ 4 лот - нан.

Конкурстың басталуы 20.02.2020
Конкурстың аяқталуы 10.03.2020

Конкурстық құжаттар

ШҚО ББ "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы" КММ
18 февраля 2020

Азық-түлік сатып алу

Конкурстың басталуы 19.02.2020
Конкурстың аяқталуы 09.03.2020

Конкурстық құжаттар

Социальные сети
Instagram
facebook
ВКонтакте
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы