Победа кеңшары 1957 жылы бұрынғы I Интернационал, Социализм, Талапты, Энгельс, Партконференция ұжымшарларының негізінде құрылған. Кеңшардың алғашқы директоры Қ.Шалатаев болды. Одан кейінге кезеңдерде Қ.Патсаев, Т.Жүнісов, Асан Пилалов, Петр Андреевич Фишер, О.Нұржанов және басқа да азаматтар кеңшарды басқарды. Ынтымақ ауылдық округі бұрынғы Победа кеңшарының негізінде құрылған. Округтің жалпы жер көлемі 7820 га, оның ішінде егістік жер көлемі 6753,36 га, елді мекендердің үй іргелік жерлердің, көшелердің, жолдардың, су жүйелерінің т.б.алып жатқан жері 1361 га. Елді мекендер саны-8, аулалар саны-2283.
Жалпы тұрғындар -14016 адамды құрайды: ерлер-6853,әйелдер-7163.
Ұлттық құрамы: қазақтар-13678, тәжік-224, өзбек-55, орыстар-33, татар-6, кәрістер-8, украиндер-5, қырғыз-4.
Ынтымақ аулдық округі әкімі аппаратының құзыретіне келесі іс-шаралар кіреді: жер және табиғи ресурстарды пайдалану, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қорғау және басқалары. Елді мекендер басқару органдары жергілікті биліктің құрамына кіреді.