БП
Меню
Страницы
Құжаттар
Прокуратура туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Прокуратура органдары
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
«Негізгі міндет - азаптауларды жою»
01 сентября 2023

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық қағидаттарды нақты ұстанады.

Ел осы саладағы бірқатар халықаралық-құқықтық актілерді ратификациялады, оның ішінде 1998 жылы БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға қосылды.

Халықаралық нормалардың негізгі ережелерін ұлттық заңнамаға дәйекті түрде енгізе отырып, азаптауға конституциялық тыйым салынды (Конституцияның 17-бабы), ал 2002 жылы оларды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. 

Азаптауға қарсы тұру проблемасына ел басшылығы үлкен көңіл бөледі.

Өткен жылдың басында Мемлекет басшысы «бұл жағымсыз құбылысты түбегейлі жою» міндетін қойды.

Прокуратура органдары азаптауға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі тәсілдерді енгізуге жауапты болып айқындалды.

Осы міндеттерді іске асыру үшін Бас прокуратура заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды,  оның ішінде жобалық басқару әдістерін қолдана отырып, қабылдады. 

Атап айтқанда, азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірінші кезектегі шаралар жоспары бекітілді.

Өңірлерде қылмыстық қудалау органдарының қызметтік үй-жайларын, уақытша ұстау және тергеу изоляторларын  кенеттен тексерумен айналысатын арнайы жедел топтар құрылды.

Ыстамбұл хаттамасының негізінде азаптау туралы істерді тергеп-тексеру әдістемесі әзірленді.

Құқық қорғау органдары басшыларының азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен бұйрығы бекітілді.

Онда азаматтарды қылмыстық қудалау органдарына жеткізу үшін нақты негіздер қарастырылған, сондай-ақ процестік мәртебесі жоқ адамдармен әңгімелесуге, сауалнамаға, келіссөздерге тыйым салынған.

Осы жылдың наурыз айында заңнамаға қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас ұғымы енгізілді, осы қылмыстардың субъектілерінің ауқымы кеңейтілді.

Азаптауға байланысты қылмыстар үшін 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күшейтілді.

Рақымшылық, ескіру мерзімі, өкіну және тараптардың татуласуы негізінде азаптау үшін қылмыстық жауаптылықтан босату алынып тасталды.

Мұндай әрекеттерді жасаған адамдарға шартты түрде соттауды қолдануға тыйым салынды.

Цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде.

Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 79 пенитенциарлық мекеменің 52-сінде «көрінбейтін аймақтарды» болдырмайтын жаппай бейнебақылау жүйесі енгізілді.

Бүгінгі күні прокурорлар нақты уақыт режимінде өз кабинеттерінен шықпай-ақ бейнекамераларды көре алады.

Сотталғандармен жолданымдарын беру үшін терминалдар орнату жалғасуда.

Аталған шаралар оң нәтиже беруде және сотталғандардың азаптауға шағымдарының саны жыл басынан бері 6 есеге (74-тен 12-ге дейін), ал істерді тіркеу 62% (651-ден 247-ге дейін) төмендеді.

Жалпы бұл жұмыс азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жүргізілуде.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласында атап өтілген және басқа да көптеген шараларды іске асыру қоғамның біздің қызметімізге деген сенімін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Ұлттық статистика бюросы жүргізетін социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, жыл сайын халықтың құқық қорғау органдарына, оның ішінде прокуратураға деген сенім деңгейі тұрақты өсуде.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратураның

Стратегиялық даму

департаментінің бастығы                                   

Ә. Нұрбеков

Прокуратура органдарына іріктеу тәртібі туралы
02 февраля 2023

2020 жылдан бастап құқық қорғау қызметіне кадрларды іріктеу және даярлау тәртібі өзгерді.

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту құқық қорғау қызметіне тұрудың жаңашылдығы болып табылады. Бұл прокуратура органдарына алғаш рет қызметке орналасатын адамдарға қатысты. Үміткерлер кәсіптік даярлықты Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өтеді (бұдан әрі –Академия).

Кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі мен оны өту шарттары үш органның бірлескен бұйрығымен бекітілген: бұл Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Экономикалық тергеу қызметі.

Бұйрықпен іріктеу критерийлері біріздендірілді:

- жоғары білімнің бар болуы;

- моральдық-психологиялық, медициналық талаптарға сәйкестілігі;

- беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің жоқтығы.

Кәсіптік даярлауға іріктеу 6 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Хабарландыруды прокуратура органдарының интернет-ресурстарында жариялау. Хабарландыруда үміткерге қойылатын негізгі талаптар, қызмет өткеруге байланысты шектеулер, құжаттарды қабылдау мерзімі және тағы басқа ақпарат көрсетіледі.

Екінші кезең. Құжаттарды қабылдау - облыстық прокуратуралар, астана және Республикалық маңызы бар қалалар прокуратуралары, Бас көлік прокуратурасы жүргізеді.

Құжаттарды тапсырғанға дейін үміткер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өтуі керек.

Үшінші кезең. Үміткерлермен әңгімелесу. Үміткерлермен әңгімелесу облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда жүргізіледі.

Алдын ала ішкі қауіпсіздікпен үміткерге қатысты зерделеуді өткізіледі, оның нәтижелері әңгімелесуде ескеріледі.

Әңгімелесуден сәтті өткен үміткерлер әскери-дәрігерлік комиссия  және полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберіледі.

Қорытынды кезең Академиядағы емтихан болып табылады.

Емтихан 3 сұраққа ауызша жауап түрінде қабылданады. Бұл ретте Комиссия мүшелері қосымша сұрақтар қою мүмкін.

Кәсіптік даярлыққа қабылдау туралы түпкілікті шешімді ведомствоаралық қабылдау комиссиясы қабылдайды, ол сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуді ескереді.

Оқуға түскеннен кейін үміткер мен Академия арасында келісімшарт жасалады.

Келісімшартта тараптардың өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленіп, одан әрі қызмет өткеру шарттары мен мерзімдері және т.б. көзделеді.

Кәсіптік даярлықтан өтудің барлық мерзіміне үміткерлер ай сайынғы шәкіртақымен, сондай-ақ Академияда оқу кезеңінде тегін тамақпен және тұрумен қамтамасыз етілетін болады.

Жатақханада тұру міндетті.

Кәсіптік даярлық тікелей 3 кезеңнен тұрады:

- Академияда оқу;

- тағылымдамадан өту;

- қорытынды емтихан.

Прокуратура органдарына үміткерлер үшін кәсіптік даярлық мерзімі бір жылды құрайды (6 ай оқу және 6 ай тағылымдама).

Оқу кезеңінде үміткер «арнайы пәндерді» тереңдетіп оқиды. Бұл бакалавриат бағдарламасында қарастырылмаған пәндер.

Мысалы, қылмыстарды тергеу тәртібі, прокурорлық тексерулер жүргізу, ресми құжаттар жасау, ақпараттық жүйелерді пайдалану және т.б.

Тағылымдама аудандық прокуратураларда өткізіледі. Тағылымдамадан кейін Академияда үміткер тестілеу мен ахуалдық міндеттерді шешуді қамтитын қорытынды емтихан тапсырады.

Үміткерге оқуды сәтті аяқтау міндетті жұмысқа орналасуға кепілдігі болып табылады.

Белгілі бір аймаққа лауазымға тағайындау туралы шешім қорытынды бағалар негізінде қабылданады, яғни кімнің рейтингі жоғары болса, олар қалауы бойынша аймақты таңдайды.

Тағайындау бірінші сыныптық шенді бір мезгілде бере отырып, сынақ мерзімсіз жүзеге асырылады. Кәсіптік даярлық кезеңі құқық қорғау қызметінің еңбек өтіліне есептеледі.

Бүгінгі таңда 358 тыңдаушы аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларға тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ағымдағы жылдың 23 ақпанына дейін кезекті іріктеу, құжаттарды қабылдау жүргізілуде.

Прокуратура органдарында жұмысқа орналасуға ниеттілерді іріктеуге қатысуға шақырамыз.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

Кадрларды дамыту департаментінің

Басқарма бастығы

аға әділет кеңесшісі

Сакен Төлеуов

 

 

Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру тәртібі бойынша жаңа өзгерістер туралы
14 ноября 2022

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің Заң және Заман журналына берген сұхбаты

Сапалы  кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру құқық қорғау органдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты, 2022 жылғы 11 шілдеде «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға қызмет өткеру тәртібін жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Соңғы өзгерістер мен жаңалықтар туралы толығырақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментінің бастығы, аға әділет кеңесшісі Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевпен әңгімелестік.

«ЗжЗ»: Құрметті Мұрат Әжінұрұлы, журнал оқырмандарына «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға түзетулер енгізуге не себеп болғанын айтып беріңізші? Бұл қаншалықты маңызды және қажет болды?

М.Ә.: Құқық қорғау органдарын реформалаудың барлық кезеңдерінде кадр саясаты өзекті болып табылады.

Осыған байланысты Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қызмет өткеру тәртібін қайта қарау бойынша кешенді жұмыс жүргізді.

Түзетулер енгізілгенге дейін «Құқық қорғау қызметі туралы» біздің салалық заңда (бұдан әрі-Заң) қызмет өткерудің негізгі ережелерін реттеу жөніндегі ведомстволық актілерді құқық қорғау органдары басшыларының қабылдау құқығы көзделген.

Яғни, қызметке конкурстық, конкурстан тыс қабылдау, кезектен тыс атақтар беру, қызметкерлерді көтермелеу, оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу және т.б. тәртібін әрбір орган өз қалауы бойынша айқындады.

Әрбір құқық қорғау органы бірдей кадрлық процестердің барлығын ведомстволық мүдделерін ескере отырып, өз бетінше реттеді.

Осылайша, Заңда көзделген құқық қорғау органдарында қызметті ұйымдастыруға деген көзқарастың біртұтастығы қағидаты жойылды.

Енгізілген түзетулер қызмет өткеру тәртібін бірізділікке келтіруге бағытталған.

Енді құқық қорғау қызметін өткерудің барлық негізгі ережелері Заңмен реттелетін болады.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейту бойынша түзетулердің қабылдануы – тағы бір өте маңызды өзгеріс.

 «ЗжЗ»: Мурат Ажинурович, каким образом новые изменения решат вопросы, связанные с подбором кадров, и предотвратят риски поступления на службу непрофессионалов?

М.А.: Как было отмечено, качественный подбор кандидатов является одной из приоритетных задач эффективной работы правоохранительных органов.

Остановлюсь на ключевых моментах. 

Сократили конкурсные процедуры.

Следует отметить, что по конкурсу поступают только на должности старшего начальствующего состава.

Это, как правило, должности областного и центрального звена.

В основном, принимаются кандидаты, имеющие опыт работы по специфическим направлениям и знания по определенным специальностям.

Ранее Закон обязывал их проходить стажировку и специальную проверку.

Полагаем, нет необходимости их стажировать. Они и без стажировки имеют нужный опыт и практику.

В этой связи, предложено стажировку из этапов конкурса исключить.

Спецпроверку вывели из этапов конкурса, поскольку ее проведение занимает порядка трех месяцев.

До получения результатов спецпроверки кандидат будет работать по трудовому договору.

Тем самым оптимизировали конкурсные процедуры для оперативного заполнения вакансий.

Во внеконкурсном порядке на службу могут быть приняты бывшие оперативные сотрудники, следователи, прокуроры, судьи в отставке, депутаты и политические госслужащие.

Здесь главное изменение – передача права приема на службу только первому руководителю. Данное право было у руководителей областного звена.

Еще один существенный момент. Ранее на службу вне конкурса могли быть приняты даже те, кто отслужил срочную службу, бывшие сотрудники с месячным стажем работы в органах.

Новыми изменениями ужесточили требования для категорий «бывших сотрудников».

Теперь бывшие сотрудники вне конкурса будут приниматься только при наличии трехлетнего стажа правоохранительной, специальной государственной либо воинской службы.

Из внеконкурсного отбора исключили лиц, отслуживших «срочную службу». Они будут поступать на общих основаниях.

Данные меры направлены на исключение приема на службу малоподготовленных людей.

Ввели порядок перевода действующих сотрудников специальных государственных органов и военнослужащих без дополнительных требований.

Ранее они должны были пройти все процедуры приема на службу. Это спецпроверка, военно-врачебная комиссия, полиграфологическое исследование, тестирование на знание законодательства, оценка личных качеств.

Теперь, действующие сотрудники специальных государственных органов и военнослужащие могут перевестись на правоохранительную службу без каких-либо барьеров.

«ЗжЗ»: Жеке құрамды нығайту бойынша қандай шаралар көзделген, құқық қорғау органдарында қызмет өткеріп жатқан қызметкерлерге қатысты өзгерістер болды ма?

М.Ә.: Жаңа түзетулермен жеке құрамның сапасын нығайтуға әсер ететін бірқатар шаралар көзделген.

Қызметті бағалау институты қайта қаралды.

Қызметі теріс бағаланған қызметкерлер енді аттестаттаудан өтеді, оның қорытындысы бойынша олардың атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе шешілетін болады.

Бұрын жұмысы теріс бағаланған қызметкер үшін ешқандай құқықтық салдар анықталмаған болатын.

Бұл норма қызметкерлердің жұмысқа деген атүсті көзқарасын жояды және оларды кәсіби деңгейін көтеруге итермелейді деп ойлаймыз.

Түзетулермен әрбір құқық қорғау органында тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды жүргізу көзделген.

Бұл шара қызметкерлерде патриоттық сананы, конституциялық қағидаттарға, елдің ұлттық мүдделеріне адалдықты, өз міндеттерін орындауға психологиялық даярлықты және т.б. қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ түзетулер құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамын күшейтуге бағытталған.

Қызметкерлердің кәсібилігі оларды оқыту мен біліктілігін арттырудан да байланысты екені белгілі.

Бұдан басқа, қазір қызметке қабылдау ведомстволық жоғары оқу орындары арқылы жүргізіледі, бұл оқыту сапасын арттыруды талап етеді.

Бұл үшін үлкен жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер, атақты профессорлар қажет.

Сонымен қатар заңда көзделген жасына, денсаулығына байланысты шектеулер мұндай адамдарды қызметке қабылдауға кедергі болды, өйткені оқытушылардың барлық штаттық лауазымдары жедел құрамға жатады.

Осыған байланысты ғылыми және профессорлық-оқытушылық құрам лауазымдарына жедел құрамның жалақысын белгілей отырып, адамдарды еңбек шарты бойынша қабылдауға бірінші басшының құқығын көздедік.

Басқа да түзетулер бар, мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін бірыңғай Әдеп кодексін қабылдау. Ол құжатта қызметкерлерге қызмет өткерудің неғұрлым жоғары талаптары көзделеді.

«ЗжЗ»: Мурат Ажинурович, в Закон также включены поправки по укреплению социального обеспечения сотрудников правоохранительных органов. Расскажите о них, пожалуйста.

М.А.: Да, усиление социальной защищенности сотрудников является одной из задач, поставленных Главой государства перед правоохранительными органами.

Особенно тех, кто погиб или получил увечья при исполнении. Семьи и дети таких сотрудников не должны оставаться без опеки государства.

Для этого семьям погибших сотрудников при исполнении будут выплачиваться ежемесячные денежные выплаты.

Такие выплаты будет получать сотрудник, который в связи с полученным увечьем не сможет продолжить службу в органах.

Получить компенсацию теперь смогут также члены семьи умершего сотрудника вследствие заболевания.

Ранее по Закону единовременная компенсация выплачивалась только в случае смерти сотрудника вследствие травмы.

Еще одна важная норма – государственные гранты для детей сотрудников, погибших или  ставших инвалидами.

Дети таких сотрудников смогут бесплатно получать высшее образование в вузах страны.

Предусмотрены нормы по возмещению ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника при исполнении им своих обязанностей.

Также новыми изменениями устанавливается запрет на выселение членов семьи погибших (умерших) сотрудников из  занимаемого ими жилья.

Восстанавливается право на пенсию по выслуге лет отдельной категории бывших сотрудников органов внутренних дел.

Это основные моменты, с которыми я бы хотел поделиться с читателями журнала.

Вместе с тем, работа по совершенствованию Закона в сторону улучшения условий прохождения службы в правоохранительных органах продолжается.

«ЗжЗ»: Мурат Ажинурович, спасибо большое за интервью, полагаем, что принятые нововведения повысят эффективность деятельности правоохранительных органов и будут способствовать качественному выполнению возложенных на сотрудников задач.  

 

 

Редакция журнала «Заң және заман»

Бас көлік прокуратурасы: Көлік комитетінің лауазымды тұлғалары қылмыстық топ құрған
01 августа 2022

Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін cала. Сапалы заманауи магистральдарсыз сауда мен бизнестің, экономиканың дамуы мүмкін емес. Алайда көлік қозғалысы жанданған сайын заң бұзатындар, қылмысқа баратындар, тіпті, шетелден контрабандалық тауар тасымалдайтындар тыйылмай тұр. Бас көлік прокуратурасы болса, жыл сайын көптеген заңсыздықтардың жолын кесіп, мемлекеттік бюджетке пайда әкеліп отыр. Мысалы, Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, кедендік құжаттарды қолдан жасау арқылы есепке қойылған 346 автокөлік анықталған. Мемлекетке келтірілген шығын 1,8 млрд теңгені құраған. Көлік бағытында тағы да қандай заңсыздықтар жиі кездеседі? Бас көлік прокуратурасы бұл мақсатта қандай нәтижелерге қол жеткізді? Осы сұрақтарға жауап алу үшін ҚР Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары Жасұлан Бекмырзаұлы Еламановпен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Жасұлан Бекмырзаұлы, Бас көлік прокуратурасының негізгі міндеті не?

 Бас көлік прокуратурасының негізгі міндеті – орталық және жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органдарының, меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлікте (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, оның ішінде метрополитенде, сондай-ақ магистральдық құбыржол) заңнаманың дәл және біркелкі қолданылуын қадағалау, қылмыстарды болдырмау, анықтау.

– Айтыңызшы, еліміз егемендік алғалы бері Бас көлік прокуратурасы Қазақстанның дамуына қандай үлес қосты?

 Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылында Бас көлік прокуратурасының елдегі заңсыздықтардың алдын алуға, заң бұзу фактілерін анықтап, зерттеуге қосқан үлесі зор. Мәселен, Бас көлік прокуратурасы соңғы екі жылдың өзінде 1374 жұмысшыға 123 млн теңгеге жалақы қарыздарын төлеткізді. Мемлекет пайдасына 2,5 млрд теңге өндіртті. Бюджеттің 17,7 млрд теңгесінің тиімсіз жұмсалуын тоқтатты.

Бизнес субъектілері де назардан тыс қалмай, 7 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. 88 заңсыз тексерулердің алдын алу және 28 хабарламаны кері қайтару, 4 құқықтық актінің күшін жою, 500 млн теңгеге негізсіз салынған теміржол қызметі төлемінен босату, 12 қылмыстық іс бойынша бизнес субъектілерін қылмыстық процеске негізсіз тартудың жолын кесу сияқты нәтижелерге қол жеткізді.

- Қазақстанда автожол салу процесіне байланысты заң қаншалықты жиі бұзылады?

- Орынды сұрақ. Бұл қазір өте өзекті мәселе. Бұған қатысты әлеуметтік желіде және қоғам белсенділері арасында жиі мәселе көтеріледі. Біз өз тарапымыздан мұндай проблемаларға дер кезінде назар аударамыз, тиісті шаралар қолданамыз. Ашығын айтсақ, автокөлік жолын салу бойынша заңсыздықтар жетерлік. Мәселен, Бас көлік прокуратурасының наразылық білдіруімен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 8 маусымдағы «Жаппай қауіп» терминін айқындау туралы» заңсыз бұйрығының күші жойылды. Бұл бұйрық Мемлекет басшысының шағын бизнесті тексеруге мораториін айналып өтіп, автомобиль, теміржол және су көліктері саласындағы кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуға мүмкіндік берген.

Нәтижесінде автожол құрылысының заңдылығы тексеріліп, жалпы сомасы 4,3 млрд теңгеге залал келтіру фактілері бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды. Мердігерлер мен сенімсіз салық төлеушілер арасында 100 млрд теңге көлемінде қаржылық операциялар анықталды. Олардың кейбіреулері бойынша қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру дерегі расталды. Мемлекеттік кірістер органдары жалпы айналымы 50 млрд теңгені құрайтын 53 компанияның тіркелуін заңсыз деп таныды.

Қазіргі кезде біздің тексеру жұмыстарымыздың қорытындысы бойынша 500 миллиард теңгеден астам сомада контрабанданың 15 фактісі тергеліп жатыр. Прокурорлардың қадағалауымен, бірқатар күрделі қылмыстық істер аяқталды. Олардың ішінде «КТЖ Экспресс» АҚ-на байланысты 2 млрд теңгені жымқыру қылмысы бойынша 1,3 млрд теңге өтелді. 346 автокөлікке жалған құжат жасалып, есепке қойылғаны анықталды. Мұнда мемлекетке 1,8 млрд теңге шығын келген. Кейбір тұлғалардың өз өкілеттіктерін теріс мақсатта пайдаланғаны да әшкере болды. Бұл тұрғыдан тергеу процесі басталды. Одан бөлек, уақытша сақтау қоймаларында ұзақ уақыт бойы тағдыры шешілмей келген құны 1 млрд теңгенің тауары анықталды. Бүгінде 700 млн теңге құрайтын тауар мемлекет пайдасына тәркіленіп, қалғаны бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Бір ескерерлік жайт, бұл қылмысқа Көлік комитетінің лауазымды тұлғалары басшылық еткен. Лауазымды тұлғалардан құрылған қылмыстық топ әшкереленді. Яғни, Көлік комитетінің лауазымды тұлғалары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарының аумағында көліктің техникалық байқаудан өткені туралы жалған құжат жасаған.

2017 жылдан бастап олар 260 мыңнан астам жалған диагностикалық карта жасаған. Олар осы мақсатын іске асыру үшін шамамен 30 жалған компания құрған.

– Көлік арқылы жасалатын заңсыздықтарды анықтауда цифрлық технологиялар қаншалықты тиімді?

– Цифрлық технологиялардың тиімділігі дәл қазіргі кезде жоғары десек болады. Мемлекет басшысының қылмыстық процесті цифрландыруды жалғастыру қажеттігі туралы тапсырмасы аясында қылмыстық істердің электронды форматта жүргізу үлесі артып келеді. Әсіресе, үш буынды тергеу моделі жүйелі түрде жолға қойылды.

Жаңа форматтағы тергеуді одан әрі жетілдіру мақсатында «дала жағдайында тергеу әрекеттерін жүргізу» экспериментін іске қосуға бастамашылық жасадық. Оның қолданылуы сынақтан сәтті өтіп, республиканың бүкіл аумағында іске асыруға дайын екенін көрсетті. Жүйелі проблемаларды шешуге бағытталған қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде 10-нан астам ұсыныстар Бас прокуратурада қолдау тапты.

– Бас көлік прокуратурасына көбінесе заңсыздыққа ұшыраған кәсіпкерлер жиі жүгінетін шығар?

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап прокуратураның қадағалауы бизнес проблемаларын тиімді шешуге қайта бағытталған. Өйткені уақытылы көмек – бизнестің шығынға және банкротқа ұшырамауына мүмкіндік береді. Осы мақсатта 24/7 режимінде көлік прокуратурасы органдарының 25 мамандандырылған мобильді тобы жұмыс істейді.

Тәжірибелі қызметкерлер барлық аймақтағы кәсіпкерлердің әрбір шағымын жіті зерделейді. Нәтижесінде бізге арызбен жүгінетін кәсіпкерлер көбейді. Бизнес иелері тарапынан өтініштер 65%-ға өсті. Кешенді жұмыспен 16 мыңнан астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды. Бұған 30 млн теңге көлемінде айыппұлдан босату, 3 мың кәсіпкерге өтемақы тарифін енгізу, 88 заңсыз тексерудің алдын алу, 4 құқықтық актінің күшін жою кіреді.

 Шекарадан көлік арқылы көбінесе қандай тауарлар заңсыз  тасымалданады?

 Көбіне киім-кешек, косметика, тұрмыстық заттар. Бүгінде мұндай біршама заңсыздықты анықтадық. Қытай шекарасы арқылы келген декларацияланбаған тауарларды анықтап, осы бағыт бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Мысалы, Кедендегі тексеріс арқасында теміржол вагонымен жеткізілетін декларацияланбаған құны 106 млн теңгені құрайтын тауар анықталды. Әлгі тауардың көбі әйелдер мен ер адамдардың сырт киімі және жиһаздар. Осы декларацияланбаған тауарды дер кезінде анықтаудың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 32 млн пайда түсті. Осы факт бойынша ҚК-тің 234-бабы 2-бөлігі 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда тергеу басталды.

– Көлік арқылы жасалатын қылмыстардың арасында қандай қылмыс түрі көп?

 Көлікте жасалатын қылмыс деңгейі 8,1% (963-ден 1041-ге) көбейді, оның ішінде қылмыс 12%-ға (527-ден 590-ға) және теріс-қылық 3,4%-ға (436-дан 451-ге) өскен. Аса ауыр санаттағы қылмыстар (19-дан 19) және орташа санаттағы қылмыстар (331-ден 331) бірқалыпты тіркелген. Онша ауыр емес қылмыстар 8,6% (107-ден 176-ға) азайды. Мысалы, ұрлық –19,1% (293-ден 349-ға), алаяқтық – 43,5% (23-ден 33- ге), тонау –100 (2-ден 4-ке).

Қаңтар оқиғаларына қатысты полиция органдары 162 сотқа дейінгі тергеуді бастады (немесе жалпы тіркеудің 18%).  Жаппай тәртіпсіздік пен тонауға қатысқан 52 күдікті тұлға ұсталды. Соның ішінде сотқа 12 (кәсіпкерлердің мүлкін ұрлау фактілері 43 эпизоды бар іс) қылмыстық іс жолданып, оларға айыптау үкімдері заңды күшіне енген. Сонымен қатар, көлік аумағының ерекшелігіне байланысты көп қылмыстар пойызда жасалады. Атап айтар болсақ, пойызда ұсақ-түйек заттарды ұрлау көп тіркеледі. Оған қоса, көлікте есірткі заттарына байланысты қылмыстар жиі кездеседі.

 

– Сұхбатыңызға рақмет!

 

Сұхбаттасқан: Шапағат СЕРДӘЛІ

Активтерді қайтару жөніндегі комиссия
18 июля 2022
Адам саудасының құрбандары басынан өткенді айтуға қорқады
20 июня 2022

Адамзат өркениетке қол жеткізгенімен, әлі күнге дейін адам саудасы қызып тұр. Адамды мәжбүрлеп ұстау, аяусыз еңбегін пайдалану, шекара асырып, алдап соғу кейбіреулер үшін бизнеске айналған. Ал адам саудасымен айналысатындар бұл әрекеті үшін ауыр жазаға тартылатынын біле тұра осындай қадамға барады. Бүгінде бұл мәселе әлемдік деңгейге көтерілді. Қазақстанда да адам саудасына қатысты жыл сайын қылмыстық істер анықталады. Осы орайда Үкімет Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл ретте жұмыстар қалай атқарылып жатыр? Құрбан болатындар кімдер? Осы сұрақтарға Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі  Сапарбек  Нұрпейісов жауап берді.

 Адам саудасымен айналысқандарды қандай жаза күтіп тұр? Бұл туралы ҚР-ның заңы не дейді?

– Адам саудасы аса ауыр қылмыстарға жатады және 4 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Қазақстанның Қылмыстық кодексі адам саудасына байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың 8 құрамын белгілейді. Мемлекет басшысы адам саудасына қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған. Нәтижесінде, 2019 жылғы 30 желтоқсанда Парламент Мәжілісі осы бағыттардағы заңнамаларға маңызды түзетулерді қабылдаған.

– Қазақстанда адам саудасына әсер ететін қандай факторлар бар?

– Елімізде құлдықтың қазіргі заманғы белгілерінің болуы түсінікті. Оның объективті себептері бар. Негізінен бұл жағдайға ТМД елдері арасындағы шекаралардың ашықтығы әсер етеді. Қазақстанның жеткізуші ретінде рөлі ауқымды емес. Бірақ тұтынушы және транзиттік дәліз ретінде көп жағдайда ұйымдасқан қылмыстық жағдайлар анықталып жатады.

– Еліміз заманауи құлдықпен күресу мақсатында арнайы жоспар бекіткен. Осы қабылданған шаралардың нәтижесін атап өтсеңіз?

– Әлемдік қоғамдастықпен бірлесе отырып, Қазақстан қазіргі әлемдегі құл саудасының жаңа әдіс-тәсілдеріне қарсы тұру үшін қажетті барлық шараларды қабылдады. Соның нәтижесінде, елімізде соңғы бес жылда мұндай қылмыстардың статистикасы 43%-ға төмендеген. Алайда бұл қатып қалған көрсеткіш емес. Бұл тіркелгені ғана. Себебі ресми ақпарат шынымен де адам саудасына қанша адамның душар болғанын көрсетпейді. Өйткені адам саудасы өте жасырын. Бұлай болуына құлдыққа тап болғандардың басындағы жағдайды айтқысы келмеуі себеп. Құрбандар, әсіресе жыныстық қанаушылықта, психологиялық және физикалық қысымда болғандар ұзақ талқылауларға қатысқысы келмейді және басынан өткенді жария етуден қорқады.

 – Адам саудасымен күресуде прокуратура органдарының рөлі қандай?

– Бұл жағдайды шешуде прокуратураның үйлестіруші және қадағалаушы орган ретіндегі рөлі зор. Қазір Бас прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, 2000 жылғы 15 қарашадағы БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу және жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманы ескере отырып, заңнамаға түзетулер мен толықтырулар енгізу жоспары пысықталу үстінде. Қазақстан  Жоғарғы сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №7 «Адам саудасы үшін жауапкершілікті белгілейтін заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысына өзгерістер енгізілмек.

Осы мақсатта Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлері арасынан топ құрылды. Олар прокуратура органдары қызметінің осы саладағы негізгі бағыттарын іске асыруды көздейді. Жұмыс тобы адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру жөніндегі нұсқаулықты, авиация саласындағы адам саудасына қарсы күресте бірыңғай іс-қимылды жетілдіру, сотқа дейінгі және сот практикасын зерделеу, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін әзірлейді. Мысалы, адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық құқықтық актілерді қолдану туралы әдістемелік ұсынымдар дайындалды.

Биыл қаңтарда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Мәжбүрлі қайыршылық: Орталық Азия елдерінде адам саудасының бір түрі ретінде» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Нәтижесінде, мемлекеттік органдарға қайыршылыққа мәжбүрлеп тартуды жою мәселелеріне қатысты ұсыныстар берілді.

– Адам саудасымен күресте цифрлық технологияның көмегі қаншалықты тиімді?

– Бас прокуратураның бастамасымен «Кибер қадағалау» ақпараттық жүйесі әзірленді. Оны барлық мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар пайдаланады. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап интернет желісінде адам саудасының белгілері байқалған сайттарды бұғаттау мүмкіндігі бар. Бұрын заңсыз сайттарды бұғаттау процесіне 2,5 айға жуық уақыт кететін. Қазір бұл жұмысты бір-ақ күнде бітіруге болады. Бұл жүйе күмәнді сайттарды, әсіресе адам саудасына байланысты интернет ресурстарын дер кезінде анықтауға және оны бұғаттауға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы 6 сайт бұғатталған.

2015 жылдан бері биылға дейін 601 азаматтың адам саудасының құрбаны болғаны анықталды.

2015 жылдан бастап Катар, Индонезия, Бахрейн, БАӘ, Түркия және Оңтүстік Кореяға адамдарды алдап жіберудің 8 арнасы жойылды.

2018 жылы Қазақстанның 7 азаматшасын Оңтүстік Кореяға сексуалдық құлдыққа әкетуді ұйымдастырған қылмыстық топтың 3 қатысушысы ұсталды. Олардың біреуі – Оңтүстік Корея, ал екеуі – Қазақстан азаматы. Былтыр Бахрейнде Қазақстан азаматтарын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген трансұлттық арнаның жолы кесілді. Нәтижесінде, трансұлттық қылмыстық топтың 25 қатысушысы ұсталды. Адам саудасына қарсы операция сәтті өтіп, Бахрейндегі жыныстық құлдықтан 38 әйел босатылды.

Қазақстаннан адам саудасы құрбандарын «экспорттау» мәселесі әрқашан өзекті. Былтыр 26 193 тұлға шетелге тұрақты тұруға рұқсат алған, 2 617 738 азамат түрлі негіздер бойынша (емделу, жұмыс, оқу, қажылық және т.б.) кеткен. Ал адамдардың барлығы бірдей шетелде адам саудасының қаншалықты қауіпті екенін ескермейді. Олар қылмыскерлердің жымысқы әрекетін іске асыру үшін қандай айла-шарғыларды қолданатынын білмейді.

– Әдетте, адам саудасының құрбаны болатын кімдер?

– Көбінесе, туристік, модельдік, неке агенттіктері, жұмыспен қамту агенттіктері, бишілер мен ойын-сауық салаларында жұмыс істейтіндер немесе осы бағыттарда шетелде жұмыс істеуді армандайтын азаматтар адам саудасының құрбаны болады. Ал адам саудасымен айналысатындар әлгі қызметкерлерге атағы жер жарып тұрған компаниялардың шетелдік агенттіктермен және фирмалармен тығыз байланысты жұмыс ұсынады. Сөйтіп, көп жағдайда тәжірибесіз клиенттер мен шетелде қомақты еңбекақыға жұмыс істегісі келетін адамдардың сенімін әдейі теріс пайдаланады. Жоғары жалақы, жақсы жұмыс туралы айтып қызықтырады, сол арқылы алдап-арбайды. Жоқ жұмыс орындары туралы жалған ақпаратандырып, адамдардың сеніміне кіреді.

– Заманауи құлдықтың алдын алу үшін Бас прокуратура қандай бастама көтерді?

– Бұл бағытта алдын алу шаралары маңызды екенін ескеру керек. Нақты және мақсатты ақпаратты тарату арқылы қауымдастықтар сырттан келетін қауіпке қарсы тұруға дайын болады. Осы мәселелер 2021 жылғы 24 желтоқсанда Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінде талқыланды. Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша бүгінде  Ішкі және Сыртқы істер министрліктері қазақстандық азаматтардың, ең алдымен адам саудасы үшін ықтимал қауіпті елдердегі әйелдер мен балалардың әл-ауқатын тексеру алгоритмін әзірлеуге кірісті. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру және шетелде оқыту жөніндегі агенттіктер, модельдік және неке агенттіктері арасында кәсіптік жұмысты күшейту мәселелері қарастырылып жатыр.

Бүгінде пилоттық жоба аясында Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан өңірлерінде прокурорлар жұмыс топтарына жұмылдырылған. Осы топтардың жұмысында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы еңбек инспекторларының рөлін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

– Сапарбек Айтуұлы, бұл тұрғыдан суррогатты ана мәселесін естен шығаруға болмайды. Жалпы, тек ересектер ғана емес, жаңа туған сәбилер де адам саудасының құрбаны болады. Бұл тұрғыдан не айтасыз?

– Дұрыс айтасыз. Көпшілік, адам саудасы дегенде, ересек адамдардың құлдыққа жегілуі, сексуалдық құлдық туралы бірінші ойлайды. Алайда заңсыз түрде біреуге туған баласын сататындар бар. Қазір суррогатты аналарға байланысты коммерциялық репродуктивті қанауға ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы прокуратура органдары балаларды саудалауға қатысты мәселелерді мұқият зерттеді. Заңсыз бала асырап алу жағдайлары анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтары да бар. Заңсыз асырап алуға «Неке және отбасы» кодексінің 192 және 192-1-баптарында көзделген баланың тууы туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу мүмкіндігі де (әке болуды анықтау туралы ата-аналардың бірлескен өтініші бойынша) ықпал етеді.

2015 жылдан бастап республика соттарында осы санаттағы 784 азаматтық іс қаралып, олардың кейбіреулері бойынша ғана әкелігі расталған.

Нәтижесінде, прокуратура органдары тарапынан – 59, оның ішінде ел Үкіметіне қадағалау актісі енгізілді, 75 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, «кәмелетке толмағандар саудасына» қатысты 18 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Адам саудасы құрбандарының құқығы қалай қорғалады?

– Жалпы, қылмыстық практикада қолданылатын тергеуді ашу және жүргізу әдістемесі қылмыстардың осы санатына сәйкес келмейді. Қылмыс құрбандарының психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Әдетте, оларда жеке тұлға мен психикалық қабылдаудың сипаты сәл өзгеше. Оларға ерекше көзқарас қажет. Айғақ беруге келіскен адам саудасының құрбандарына арнайы қорғау шаралары қамтамасыз етілуі тиіс. Қылмыстық процесс шеңберінде адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде прокурорлар негізгі рөл атқарады.

Прокурорларға адам саудасына қарсы іс-қимылдың барлық, яғни құрбандарды анықтау, тергеу, қорғау, оңалту салаларындағы уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру міндеті жүктелген. Қажет болған жағдайда нақты тексеру іс-шараларын жүргізу, адам саудасының алдын алу бойынша уәкілетті органдар қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде бағдарламалық құжаттардың орындалуын зерделеуде прокурорлардың рөлі зор.

Прокурорлардың күш-жігері құзыретті мемлекеттік органдардың одан әрі жұмысын жетілдіруге қосымша серпін береді.

– Адам саудасымен күресу жөніндегі заңнама жаңара ма?

– АҚШ мемлекеттік департаментінің 2020 жылғы адам саудасы мәселесін бағалауы бойынша Қазақстан «бақылаудағы елдер» қатарынан шығарылып, екінші санатқа көшірілді. Бұл – Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету жағдайы жақсарды деген сөз.

Осы көрсеткішті одан әрі арттыру мақсатында Қазақстанға заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды. Бас прокуратураның бастамасымен «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке заңды әзірлеу және қабылдау процесі қайта басталды. Мұндай заңды қабылдаудың адам саудасымен күресуде тиімділігі жоғары.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Шапағат СЕРДӘЛІ

 

Мемлекет атынан қылмыстық қудалау
«Үш буынды модель – қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілі»
24 мая 2022

Үш буынды модельге көшпес бұрын, атқарылып жатқан жұмыстардың ең басы, неден бастау алғанынан әңгімемізді өрбіткім келіп отыр.

Соңғы жылдары қылмыстық процесс саласындағы ұлттық заңнамалардың елеулі өзгерістерге ұшырағаның атап өтуіміз қажет.

Өздеріңізге белгілі, Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін, сол заманнан бері қалып қойған, қылмыстық процестің ескі жүйесі кешегі 2015 жылға дейін қолданыста болған еді. 2015 жылдан бастап күшіне енген жаңа қылмыстық процестік заңнамасы түбегейлі өзгерді.

Бұрын, 2015 жылға дейін тергеу алды тексеру деген өз алдына бір институт болған.

Яғни, қылмыс туралы арыз, шағым немесе хабарламалар түскеннен кейін, қылмыстық іс қозғалғанға дейін 2-ай бойы тергеу алды тексеру шаралары жүргізілетін.

Бұл дегеніміз, 2 ай ішінде барлық мүдделі адамдар тергеу органдарына бірнеше рет шақырылатын, олардан көрсетімдер алынатын, сараптамалар мен аудиторлық немесе салық органдарымен тексерулер жүргізілетін, шектеулер қойылатын т.б. түрлі әрекеттер жасалатын.

Егер қылмыс белгілері байқалса, қылмыстық іс қозғалып, 2 ай бойы тергеу жүргізіліп, қайтадан жоғарыда атап өткен әрекеттер қайталап жасалатын.

Нәтижесінде, адам, бірнеше ай бойы әуре сарсаңға түсіп, қылмыстық процесс орбитасына тартылып, жүйкесі тозып, оның конституциялық құқықтарының бұзылуының және сыбайлыс жемқорлықтың орын алуының бірден бір себебі болатын.

Бұл ретте, жаңа 2014 жылы қабылданған Қылмыстық-процестік Кодексте біз бұлардың барлығынан арылдық. Кеңес дәуірінен қалыптасқан тергеу алды тексеру институты жойылды.

Қабылданған Кодекс қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында елеулі әсерін тигізіп, жаңаша серпін алғаны сөзсіз.     

Бұдан кейінгі жылдары, қылмыстық процесті барынша оңтайландыру, жеделдету және процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау бағыттарында процестік заңнаманы жетілдіру мақсаттарында бірнеше рет өзгерістер енгізілген болатын.

Соңғы, концептуалды өзгерістер ретінде, осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы қылмыстық процесті жүргізудің жаңа моделін құру туралы тапсырма берген еді. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек. Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын», – деп атап өтті.

Бүгінде елімізде бұл модельді қалыптастыру жұмысы қарқынмен жүргізілуде. Аталған модель, бірінші кезекте, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға және олардың қылмыстық процеске негізсіз тартылуын болдырмауға бағытталған.

Мұндай тәртіп дамыған елдердің тәжірибесіне негізделген болуы қажеттігін дөп басып айтқан болатын.

Бұл, өзгерістердің мәні неде?

Жаңағы үш буынның бірінші буыны – тергеу органдары, екіншісі – прокуратура, ал үшіншісі – сот. Жаңа модель олардың өкілеттіктерін нақты ажыратып берді. Тергеу органы қылмысты ашады, дәлелдемелер жинайды. Прокуратура атқарылған жұмысқа баға береді, қылмыстық істі сотқа жолдау немесе қайта тергеуге жолдау мәселесін қарайды. Ал сот сол дәлелдемелерге баға бере отырып, үкім шығарады.

Үш буынды модельді енгізудің алғашқы кезеңі 2020 жылдың соңында күшіне енген болатын.

Өзгерістерге дейін тергеуші қылмыстық іс қозғап, барлық шешімдерді өзі қабылдайтын. Ал, прокурор, тек, олардың заңдылығын тексеретін. Қазір қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімінен кейін ғана заңды күшіне енеді. Бұл шешімдер қатарында адамды күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, қылмыстық құқық бұзушылықты саралау, тергеп-тексеру мерзімдерін үзу және қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды тоқтату бар.

Яғни жаңа модельге сәйкес, прокурор қылмыстық процестегі қадағалауды ең бастапқы сатысынан бастап жүргізуде. Аталған шешімдер қабылданардан бұрын прокурордың сүзгісінен өтіп, негізсіз деп танылғандары келісілмей, тергеушіге кері қайтарылады.

Мысалы, адамды қылмыстық іс бойынша күдікті деп тану үшін тергеуші алдымен тиісті материалдар мен қаулы жобасын прокурорға ұсынады. Бұл уақытта адам әлі күдікті емес және қылмыстық процесс орбитасына тартылмаған болып есептеледі. Тек, прокурор қаулыға келісім бергеннен кейін ғана адам күдікті мәртебесін алады. Ал, прокурор тиісті дәлелдер жеткіліксіз деп санаса, күдікті ретінде тану туралы қаулыны бекітуден бас тартады.

Жаңа модель жағдайында атқарған жұмыстардың жетістіктеріне оңды бағасын беріп, мысал келтіруге болады.

Осы жылдың 1-тоқсаныңда қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректері 31%-ке (65-тен 45-ке) төмендегені байқалады.

Жалпы, өткен жылы прокурорлар 400 мыңнан астам шешімнің заңдылығын тексерді. Сөйтіп, 366 мыңымен келісіп, бекітті. Қалған 53 мыңы бекітілмей, кері қайтарылды.

Бұдан басқа, прокурорлар күдікті деп тануға келіспегеннен кейін, 47 адамға қатысты қылмыстық іс ақтау негізінде мүлдем тоқтатылды. Қарапайым тілмен айтқанда, орган бұл адамдарды күдікті деп танығысы келгенімен, прокурорлар шешімдерді мұқият қарап, олардың іске қатысы жоқ екенін анықтады.

Яғни, біз прокуратураның ең басты міндетін орындап, осы азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз еттік және оларды заңсыз қылмыстық қудалаудың, іске негізсіз тартылуының алдын алдық.

Сондай-ақ, өткен жылдан бері прокурорлар 2 мыңға жуық істі өздері тоқтатты, өйткені бұл істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу негізсіз болған. Осының бәрі прокурордың тергеу барысындағы қадағалаушы рөлінің артқандығын дәлелдейді.

Тағы бір айта кететін маңызды көрсеткіш – прокурор органның тоқтату шешімдерін бекітуден бас тартқаннан кейін, осы жылдың өзінде 90 қылмыстық іс сотқа жолданып, кінәлі адамдарға қатысты соттың айыптау үкімдері шыққан. Яғни, осы арада, біз нақты кінәлі адамдардың қылмыстық жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз еттік, жазадан бұлтартпас қағидасын іске асырдық.

Осылайша, істердегі барлық негізсіз шешімдер мен олқылықтар дер кезінде анықталып, уақытылы жойылды. Мұны біз прокурорлық сүзгі, яғни «фильтр» деп атаймыз. Мұндай «фильтр» үш буынды модельді енгізудің негізгі мақсаттарында қарастырылған.

Екінші кезеңде де прокурордың жауапкершілігі біршама артады. Өйткені, енді аса ауыр қылмыстық істер бойынша тергеу аяқталған кезде тергеуші іс бойынша, тек, есеп әзірлейді. Ал, айыптау актісін прокурордың өзі жасайды.

Бұған дейін, айыптау актісін тергеуші өзі дайындап, дайын актіні істің материалдарымен бірге прокурорға ұсынатын. Прокурор оларды бекітіп, нәтижесі бойынша істі сотқа жолдайтын немесе бұзушылықтар анықтаған жағдайда тергеушіге қайтаратын.

Енді прокурор қылмыстық іс материалдарын және тергеушінің есебін зерделеп, жиналған дәлелдерге баға бере отырып, айыптау актісін жасау немесе істі қайтару туралы шешім қабылдайды.

Бұл жаңашылдық, жоғарыда айтып өткендей, қылмыстық істердің санаттары бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі. Биылдан бастап прокурорлар тек аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасауды, келесі жылдан бастап – сыбайлас жемқорлық істері бойынша, ал, 2024 жылдан бастап барлық санаттағы істер бойынша акті жасау құзыреті прокурорға өтеді.

Бұл өкілеттер біздің қолға билік қана емес, жауапкершілік те жүктеді. Егер, сот кезінде істе олқылық анықталса, жауапкершілік шешімдерді бекіткен, айыптау актісін жазған прокурордың мойнына артылады. Сондықтан, ең бірінші кезекте біз бұл өкілеттіктерді қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін пайдаланатын боламыз.

Енді, осылардан біз не түйеміз? Қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Тергеу сатысында прокурордың рөлі күшейді. Нәтижесінде, жаңашылдық енгізілгелі соттар қылмыстық істерді қайта тергеуге сирек қайтара бастады. Яғни, прокурордың қатысуымен, бекітуімен іс тергеуінің сапасы артты.

Сонымен қатар, әрбір қылмыстық іс тіркелген сәттен бастап прокурорлық қадағалаудың күшеюінің арқасында соттардың да, прокурорлардың да оларды қайта тергеуге кері қайтаруы азайды. Ал, бұл, өз кезегінде, уақыт үнемдейді, тергеу созбалаңға салынбайды және қылмыстық процеске тартылған адамдардың құқықтарын барынша қорғауды қамтамасыз етеді.

Жалпы қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес тергеу органдарына, прокуратура және сотқа қойылатын негізгі міндеттер – заң талаптарын қатаң сақтай отырып, қылмыс жасаған адамды тиісті жауапқа тарту, тергеп-тексеруді жылдам әрі толық жүргізу, жәбірленушілерге келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ету.

Қылмыстық процестің үш буынды моделі осы жоғарыда айтылған қағидаттарды барынша сақтауға және іске асыруға мүмкіндік беруде.

Бұл ретте, кез келген өзгеріс заман талабына бейімделе отырып енгізілетіні белгілі. Жаңа модельде цифрлық технологияның, электронды форматта тергеп-тексерудің орның ерекше атап өту қажет. 

Цифрландыру – үш буынды модельдің ажырамас бөлігі деп атауымызға да болады.

Сұхбаттың басында әр іс бойынша негізгі процестік шешімдер прокурормен келісіліп, бекітіледі деп айтқан болатынбыз. Қазір бұл үрдіс толығымен электронды форматта жасалады. Яғни, тергеушіге қаулыны қағазға басып шығарып, оны прокурорға келісуге әкелудің қажеті жоқ. Бұл жұмыстардың барлығы арнайы ақпараттық жүйеде жүргізіледі. Іс қағаз жүзінде ме, әлде электрондық форматта тергеліп жатыр ма – маңызды емес. Бастысы – шешімдерді прокурормен келісу процедурасы толықтай онлайнға көшірілді.

Бұл формат қандай пайдасын тигізді десек? Жасыратыны жоқ, бұрын тәжірибеде процестік құжаттарды өзгерту, бұрмалау, дәлелдемелерді алмастыру, оларды қасақана жою, істі әдейі жоғалтып алу сияқты фактілер кездесетін.

Ал, цифрлық форматқа көшкелі бұл заңға қайшы әрекеттерді жасау мүмкін емес. Электронды құжаттарға ешкім өзгеріс енгізе алмайды, себебі ондай мүмкіндік жоқ. Барлық істер, шешімдер, құжаттар базаға енгізілгеннен кейін сол қалпы сол жерде сақталады. Оған ешкім кіріп, бір де бір әріпті өзгерте алмайды. Осы маңызды.

Енді электронды іс жүргізудің артықшылықтары туралы айта кетейін. 2018 жылы Республика аумағында небәрі 20 мыңнан астам іс электронды түрде тіркелген болатын. Бұл барлық тіркелген істердің 5% ғана құраған. Ал, былтыр, яғни, 2021 жылдың қорытындысы бойынша барлық қылмыстық істердің 80%-ын, яғни, 174 мыңнан астам істі электронды форматта тергедік. Енді салыстырып көрейік: 80% – былтыр, ал, осыдан үш жыл бұрын – 5%. Сондай-ақ, биыл алғашқы 3 айда бұл көрсеткіш 90%-ға жетті.

Бұл – жалғыз артықшылық емес. Бүгінде прокурорлар қылмыстық істерді қашықтан тексере алады. Яғни, ол кабинетінен шықпай-ақ, компьютерінің алдында отырып, тергеу әрекеттерінің қаншалықты сапалы жүргізіліп жатқанын тексеріп, талдау жүргізе алады. Бұл үшін тергеу органдарынан істің өзін сұратып, бума-бума құжаттардың арасында отырып, жұмыс істеудің қажеті жоқ. Ол дәуір қазір өтуде. Органдарға тексеріспен барудың да қажеті шамалы.

Бас прокуратурада отырып, біз шалғайдағы Маңғыстау өңіріндегі бір ауданның өңдірісінде қанша, қандай істер өндірісте бар екенін, олардың сапасы, қалай тергеліп жатқаның бәрін біз зерделеп, бағасын бере аламыз. 

Осыған орай, Біз, Мемлекет басшысының цифирландыру мәселесіне, қылмыстық процестің жаңа моделіне көшу жөніндегі тапсырмалары кезең-кезеңімен орындалуда деп толық айтуымызға болады.  

 

 

Бас прокуратураның

Қылмыстық қудалау

қызметінің бастығы

Серік Шалабаев

Бизнесті қорғаудағы қабылдаңған шаралар туралы
27 ноября 2021

Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеді (ӘҚБтК-тің 204-бабының 1-бөлігі).

Олар көбінесе жауатылыққа заңсыз тартылғаны анықталды.

Бұл бап бойынша жауапкершілік сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана пайда болуы керек.

Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары).

Алайда, көптеген өңірлерде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды.

Мысалы, Жезқазған қаласында (Қарағанды облысы) сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның шаралары бойынша 38 іс тоқтатылды, қалада сауда орындары анықталды.

Осыған ұқсас еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды (бұрын мұндай орындар болмаған), жауаптылыққа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.

Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік істер тоқтатылды, әкімдіктердің шешімдерімен еліміздің барлық өңірлерінде 4126 сауда орыны анықталды (жұмыс жалғасуда).

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы сұрақты бақылауға алды.

 

Бас Прокурордың орынбасары

Б. Дембаев

Азаматтарды қабылдау орталықтарының байланыс номерлері
02 ноября 2021

ҚР Азаматтарды қабылдау орталықтары

 

Облыстық АҚО

Телефон номері

1.

ҚР Бас прокуратурасының АҚО

Мекен-жай:  Астана қаласы Мәнгілік ел данғылы 14

+7 (7172) 30-19-12

30-16-78

71-22-00

2.

Астана қаласының  прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: ул.Қабанбай батыр көшесі 31

+7 (7172) 71-24-49

71-21-45

3.

Ақмола облысы прокуратурасының АҚО

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Біржан салт көшесі 36

+7 (7162) 25-74-91

4

Ақтөбе облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Ақтөбе қаласы  Өтеген Сейітов көшесі 6

+7 (7132) 90 14 18

 

5

Алматы облысы прокуратурасының АҚО

Мекен-жай: Қонаев қаласы Жамбыл данғылы 13

+7 (72772)23455

 

6

Атырау облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Атырау қаласы Әлия Молдағұлова көщесі 245

+7 (7122) 27-08-06

7.

 Алматы қаласы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Желтоқсан көшесі 189

+7 (727) 224 01 68

8.

ШҚО прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Өскемен қаласы Пермитин көшесі 21

+7 (7232) 24-32-99

9.

Жамбыл облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Тараз қаласы  М.Х. Дулати көшесі 23

+7 (7262) 45 80 45

 

10.

БҚО прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Орал қаласы Ж. Молдағалиев көшесі 23

+7 (7112) 50-79-07

11.

Қарағанды облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Карағанды қаласы Строителей көшесі 28 А

+7 (7212) 35 35 33

12.

Қостанай облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Қостанай  қаласы Алтынсарина көшесі  118 А

 

+7 (7142) 54-55-23

54-94-94

 

13.

Қызылорда облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Қызылорда қаласы  Н. Нұрмақов көшесі 1

+7 (7242) 27-77-47

 

14.

 Манғыстау облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай : Ақтау қаласы ш/а 15  ғимарат 56/1

+7 (7292) 42 34 31

60-51-90

60-51-97

15.

Павлодар облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Павлодар қаласы Лермонтов көшесі  3

 

+7 (7182) 31 51 08

16.

СҚО прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Петропавлов қаласы Н.Назарбаев көшесі  85

+7 (7152) 46-86-07

 

17.

Шымкент қаласы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай: Шымкент қаласы Тәуке хан данғылы 97

+7 (7252) 54 82 34

18.

Жетісу облысы прокуратурасының  АҚО

Мекен-жай:Талдықорған  қаласы  Төлебаева көшесі 51

 

+7 (7282) 24-17-91

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет атынан Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықты сақтауды жоғарғы қадағалау
Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқтарын қорғау туралы
31 августа 2021

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында прокуратураның қадағалауын азаматтар мен бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлауды тапсырды.

Осыған байланысты азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы қадағалауды күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

Ел Президенті «Прокуратура туралы» Заңға түзетулерге қол қойды, ол 2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар тарапынан араласу фактілері бойынша өтініштерін прокурорларға қарау құзыретін беру оның негізгі жаңашылдықтарына жатады.

Бұрын мұндай өтініштер уәкілетті органдарға жіберілетін.

Енді прокурорлар бизнес субъектілерінің шағымдарына жедел әрекет етіп, олар бойынша тексерулер жүргізеді, қажетті ақпаратты өздері белгілеген мерзімде сұратып және түсініктеме алу үшін адамдарды шақыра алады.

Заңсыз қолданылған шектеу және тыйым салу сипатындағы шараларды дереу жоюға прокурордың өкілеттігі болады.

Мысалы, шоттарды негізсіз бұғаттау, мүлікті пайдалануға тыйым салу, қызметін, жұмысын уақытша тоқтата тұру және өзге де шектеулер.

Мемлекеттік органдардың бұл шаралары азаматтар мен бизнес үшін өте сезімтал. Олар кез келген кәсіпорынды толығымен тоқтатып, оның жұмыскерлерін табыстарынан айыруы мүмкін.

Егер прокурор осындай фактілерді анықтаса, олардың күшін жою туралы қаулы шығарады. Ол орындау үшін міндетті.

Мемлекеттік орган осындай қадағалау актісіне шағым жасаған жағдайда, азаматтар мен кәсіпкерлер сот дауына тартылмайды. Тек прокурор мен орган ғана сотта өз ұстанымдарын дәлелдейтін және негіздейтін болады.

Сонымен бірге дауланған прокурордың қаулысы өз күшін тоқтатпайды.

Бір мезгілде қаулыны орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі (ӘҚБтК-нің 664-1-бабы – 30 АЕК-ге дейін айыппұл салуға әкеп соғады).

Азаматтар мен бизнес үшін қосымша кепілдік ретінде прокурордың ұсынуында көрсетілген заңдылықты бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдау және орындау міндеттілігін енгізу болып табылады.

Жалпы, қабылданған жаңашылдықтар прокуратураның құқық қорғаушылық әлеуетін айтарлықтай күшейтеді. Олар лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттеріне жедел ден қойып ғана қоймай, азаматтар мен бизнес үшін жағымсыз салдарлар туындағанға дейін олардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының орынбасары                                          Б. Дембаев

Социальные сети
facebook
youtube
telegram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы