Елордада қандай IT-жобалар жүзеге асып жатыр

Елордада қандай IT-жобалар жүзеге асып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында іске асып жатқан IT-жобалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Осыдан бір жыл бұрын ІТ-кеңестің жұмысын бастадық. Ол цифрлық технологияларды одан әрі дамытып, енгізуге бағытталған. ІТ-кеңестегі әрбір кездесу жай ғана кездесу емес, бұл қала мен тұрғындарға қажет нақты жобаларды кәсіби тұрғыда талқылап, енгізу.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «цифрландыру – барлық реформалардың базалық элементі».

Мысалы, пандемия кезінде пациенттерді медициналық мекемелерге біркелкі таратуға мүмкіндік беретін қосымшалар жасалды, телемедицина енгізілді және т.б.

Сонымен қатар, ІТ-кеңесте таныстырылған бірқатар жоба басқа да салаларға енгізілді. Мысалы, 20-дан астам мектепте химия, биология, физика сияқты пәндерді көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік беретін Roqed Science бағдарламасы енгізілді. Бұл оқушыларға материалдарды түсіндіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бірқатар мектепте Smart Recirculation Control жобасы іске қосылды. Инновациялық технология ауаны тазартуға және зарарсыздандыруға, сол арқылы үй-жайды ионизациялауға, ауаның түтінденуіне мониторинг жүргізуге, тәулік бойы бейнебақылау мен визуалды бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дене температурасын өлшейтін, масканың бар-жоғын бірден білетін жүйе іске қосылды.

Қаланы ауқымды цифрландыруды жүргізетініміз туралы айтқан болатынмын. Мысалы, инженерлік желілерді цифрландыру олардың нақты жағдайын көруге, жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатты арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және т.б. мүмкіндік береді. Қаланы цифрландыру жұмысы қазір аяқталуға жақын.

Сонымен қатар, ұсынылған жобалардың арасында экология, қауіпсіздік, әлеуметтік салалардағы жобалар да бар. Мысалы, жасыл желектерді түгендеу, люктердің мониторингі, заңсыз қоқыстардың алдын алу және анықтауды бақылау және т.б. үшін жүйелер әзірленді. Іріктелген жобалар толықтай іске асырылады», - деп жазды елорда әкімі.