АСТАНАДА ЦИФРЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ IT-КОМПАНИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АСТАНАДА ЦИФРЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ IT-КОМПАНИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Астана қаласында цифрлық денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін IT-компаниялар өкілдерімен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Cerebra AI компаниясының қызметкерлері және саладағы басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде спикерлер ретінде қалалық коалиция мүшелері Ербол Сихимбаев пен Қуаныш Алтынбеков сөз сөйледі. Олар қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің одан әрі дамуы үшін маңызын атап өтті.

Кездесу барысында ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығына, азаматтардың қоғамдық маңызы бар шешімдерді талқылауға қатысуының рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, конституциялық реформаның өзекті бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетіні, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс бере алатыны атап өтілді.