Елорданың жасыл белдеуі аумағында қандай өртке қарсы іс-шаралар өткізіледі

Елорданың жасыл белдеуі аумағында қандай өртке қарсы іс-шаралар өткізіледі

Өрт қаупі артқан маусымда Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және орман және дала өрттерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жыл сайын елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Астана Орманы" ЖШС-мен бірлесіп тиісті алдын алу іс-шараларын жүргізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын елорданың жасыл белдеуінің аумағында шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.

Сондай-ақ, өрт жолақтарын механикаландырылған өңдеу (жырту, диск) жүзеге асырылады. Маусым бойы олар үш рет өңделеді. Өртке қарсы қорғаныс жолағы астананың жасыл белдеуі алқаағаштарының айналасында төменгі өрт жағдайында жер беті бойынша оттың таралуына тосқауыл жасайды. Бұл жұмыстарға мамыр айының ортасына дейін 260 гектар жер жыртатын 6 МТЗ-82 тракторы тартылған.
Сонымен қатар, жасыл белдеу аумағында 1,5 мың текше метр тәуліктік су қоры бар су құю станциясы жұмыс істейді, тұрақты негізде өрт сөндіру автокөліктерінің тәулік бойы кезекшілігі жүргізіледі.