2025 жылғы 2 мамырдан бастап 2025 жылғы 17 маусымға дейін «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АҚПАРАТ
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы 27 наурызда бекітілген Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (СЖТІТ) ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес және 2025 жылға № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» үлгілік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың
2-мамырынан бастап 17-маусым бойы «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ қызметіне СЖТІТ жүргізілетін болады.
СЖТІТ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы
19- қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ әзірлеу және жүргізу барысында келесі үрдістер жүзеге асырылады:
01.07.2025 ж. дейін;
«Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша келесі телефондар бойынша хабарласыңыз: 55-75-74, 55-74-11 («Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» комплаенс офицері).