Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық қорытындысы

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1) ұсынылған құжаттардың толық еместігін және (немесе) қолданылу мерзімі өткендігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті болған уәкілетті мемлекеттік органның келісім беру туралы сұранысқа берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерістің теріс қорытындысы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе оның жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) Көрсетілетін қызмет алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуымен байланысты арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
7) дәлелді ескертпелердің жойылмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:1275

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 30 жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 15 жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 15 жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 7 жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы