«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы»

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы»

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы»

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, конкурсы номинацияларының бірі қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен берілетін «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы болып табылатынын хабарлаймыз.

Табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламалары бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін келесі мекенжайы бойынша жүзеге асырылады: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 13, «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламалары бойынша өтінімдерді қабылдауға қатысты сұрақтар бойынша +7 7172 55 75 80 телефоны арқылы С.Қ. Сағынтаевқа хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері