Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының, мекендеу ортасының жай-күйі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, өнімді мемлекеттік тіркеуді, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, гигиеналық оқытуды, санитариялық-эпидемиологиялық аудитті, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекеллер дәрежесін бағалауды қамтитын қызметі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және оларды жоюға, сондай-ақ халық денсаулығын және мекендеу ортасын қорғау және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мақсатында олардың сақталуын бақылау мен қадағалауға бағытталған қызметі.

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    Санитариялық  ережелердің бұзылуын, оның ішінде жәндіктер мен кеміргіштердің бар екенін анықтаған жағдайда, бұл туралы дереу жолсерікке немесе бортсерікке хабарлаңыз және бұзушылықты дереу жоюды талап етіңіз. Өз бетінше әрекет етуге тырыспаңыз. Кәсіби мамандарға сенім артыңыз – олар мұндай жағдайларға жаттыққан. Бұл мәселені жедел шешуге және сіздің жайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көптеген кемшіліктер дер кезінде жойылады, себебі қоғамдық көлік құралдары үлкен жолаушылар ағыны салдарынан жиі ластанады. Сіз барлық нәрсенің санитариялық  ережелерге сәйкес болуын талап етуге құқылысыз.

    Егер бұзушылық жойылмаса немесе оқиға туралы уәкілетті органдарға хабарлау қажет деп санасаңыз, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне өтініш жіберіңіз.

    Если нарушение не было устранено или Вы считаете необходимым сообщить об инциденте в уполномоченные органы, напрпавьте обращение в Департамент санитарно-эпидемиологического контроля на транспорте.