Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мал шаруашылығы

Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 45% -ы - мал шаруашылығы. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту шеңберінде мал шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды субсидиялауға шамамен 30% немесе 35,9 млрд. теңге бөлінді.

Өндірістің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы нарықтың әлеуетін салыстыру және талдау негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі  ұзақмерзімді келешегі болып ет мал шаруашылығы табылып отыр.

Қабылданған модель Қазақстанның нақты ерекшеліктері мен көшпелі отарлы мал шаруашылығы дәстүрлерін негізге алған:

  • 180 млн. га жайылым (соның 58 млн. гектары қолданыста);
  • ауыл халқының 3,8  млн. адамы еңбекке қабілетті (соның 1,3 млн адамы ауылшаруашылығында жұмыспен қамтылған);
  • жылына 2 млн тоннадан астам жалпы импортты құрайтын негізгі дамушы нарыққа жақындық;

Жаңа тәсілдеме ет өндірудің бірыңғай технологиялық конвейерінде шағын фермерлердің көп көлемде қатысуын қарастырады. Отбасылық фермерлер мал өсірумен және бордақылау үшін жас тайыншалар алумен, өнеркәсіптік бордақылау алаңдары – қарқынды бордақылаумен, ет комбинаттары – өнеркәсіптік мал союмен, дендеп қайта өңдеумен және дайын өнімді өткізумен айналысатын болады.

Документы
НҚА жобасы
21 августа 2026
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мал шаруашылығы департаменті
««Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Статистика
21 августа 2026
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мал шаруашылығы департаменті
Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері (2026 жылғы қаңтар - шілде)
НҚА жобасы
17 июля 2026
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті
«Ірі қара мал етін Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің кейбір мәселелері туралы»
Новости
Полезные материалы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаровтың сөйлейтін сөзі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.С. САПАРОВТЫҢ «Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларын дамыту қорытындылары және 2020 жылға арналған, оның ішінде Мемлекет басшысы 2020 жылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалар ескерілген жоспарлар туралы» баяндамасы
Мал шаруашылығы
Медиагалерея
10
Астанада мал шаруашылығы және ветеринария саласының үздік өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті
9
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
События
28 июля
2021 жылдың 29 мен 30 шілдесі күндері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев Қызылорда облысына екі күндік іссапарымен барады
14 февраля
Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамытуға арналған форум өтеді
Реализуемые проекты
«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ – AДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»
Перейти
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Мал өсірумен айналысатын шаруаларға қандай субсидия түрлері қарастырылған?

Мал шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады:

  1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары). Аталған субсидиялау бағдарламасы туралы толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018404 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады.
  2. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шекен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары). Аталған бағдарлама аясында инвесторлардың жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсаған шығындарын 25%-ын өтеу көзделіп отыр. Бұл субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидиялар алу бойынша ақпарат  https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемеде берілген,

Бұдан басқа, мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қаржыдық ұйымдарымен ІҚМ, ҰҚМ, ауыл шаруашылығы техникасын/құрал-жабдықтар сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, айналым қаражатын толықтыруға және т.б. бағытталған фермерлерді несиелеу бағдарламалары «Сыбаға», «Ырыс», «Іскер», «Агротехника», «Қарапайым заттар экономикасы» жүзеге асырылады. Толық ақпрат «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ сайтында www.agrocredit.kz; және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сайтында www.fagri.kz қол жетімді.

Субсидияны кімдер ала алады және субсидияны алудың талаптары қандай?

Субсидия отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге беріледі.

Бұл ретте,субсидиялар тауар өндірушілерге Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында көрсетілген субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қойылатын барлық талаптар мен өлшемшарттарға сай келген кезде төленеді.

Субсидия алуға қойылатын талаптар мен өлшемшарттармен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады немесе Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (САЖ) (https://subsidy.plem.kz/) субсидиялауға қатысты барлық ақпарат ашық қол жетімділікте орналасқан.

Субсидия алуға өтінімді қалай береді және қандай құжаттар керек?

Қазіргі уақытта өтінім беруден бастап нәтижесін алғанға дейін толық автоматтандыру енгізілді, сондай-ақ тауар өндіруші өзінің АТЖ-дағы автоматтандырылған жұмыс орны арқылы (АЖО) берген өтінімінің мәртебесін қадағалауға мүмкіндігі бар.

Осылайша, өтінім беру "электрондық үкімет" веб-порталының САЖ-бен (https://subsidy.plem.kz/) өзара іс-қимылы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017320 сілтемесіне өту арқылы танысуға болады.

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Telegram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері