Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.С. САПАРОВТЫҢ «Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларын дамыту қорытындылары және 2020 жылға арналған, оның ішінде Мемлекет басшысы 2020 жылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалар ескерілген жоспарлар туралы» баяндамасы

Құрметті Сапархан Кесікбайұлы!

Құрметті алқа мүшелері мен қатысушылары!

 

1-Слайд. Кіріспе

Өткен жылы атқарылған жұмыс туралы және алдағы жоспарлар туралы қысқаша баяндап беруге рұқсат етіңіздер.

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2-Слайд.

Еліміздің жекелеген облыстары үшін өткен жыл қысылтаяң болды. Атап айтқанда, 2019 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша 17,4 млн. тонна астық бастырылды, бұл 2018 жылғы деңгейден 2,9 млн. тоннаға немесе 14,3% төмен.

Шілде-тамыз айларында қалыптасқан аптап ыстық ұзақ жаңбырлармен ауысып, нәтижесінде жиналған өнім көлеміне де, сапасына да әсер етті.

Жалпы негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының көпшілігі бойынша өндіріс көлемі мен өнімділіктің орташа өсуін атап өтуге болады.

Ақтөбе және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, барлық облыстар жемшөп дақылдары бойынша меморандумның индикативтік көрсеткіштеріне қол жеткізбегенін жеке атап өткім келеді.

Облыс әкімдіктеріне жемшөп дақылдарының алқаптарын кеңейту үшін жеткіліксіз қарқынмен жағдайды түзету бойынша шаралар қабылдау қажет.

3-слайд.

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн. га жерге орналастыру жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден 240 мың га артық.

Майлы, жемшөп, көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың алқабы ұлғайтылатын болады.

Өткен жылы қарақұмық алқабы 2018 жылмен салыстырғанда 29,4 мыңға қысқарғанын айта кету керек. Алқаптардың күрт қысқаруы Шығыс Қазақстан (11,7 мың га), Павлодар (9,2 мың га), Қостанай (7,0 мың га) облыстарында байқалды. Бұл қарақұмық жармасының құнына әсер етіп, барлық өңірлерде оның қымбаттауына әкеп соқтырды.

Осыған орай, аталған жарма дақылының алқабын оның әлеуметтік маңыздылығына байланысты ұлғайту қажет деп санаймыз.

4-слайд.

Бізде тыңайтқыштарды қолдану мәселесі өзекті. Республика бойынша тыңайтқыштар енгізу көлемі төмен деңгейде қалып отыр - қажеттіліктің 14-18%-ы ғана.

2019 жылы 401,7 тонна тыңайтқыш сатып алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға төмен.

Енгізу қарқынының төмендеуінің негізгі себебі агрохимиялық картограммалардың, әсіресе оңтүстік өңірлерде болмауы болды.

Сондықтан, келесі жылдан бастап субсидия алу үшін агрохимиялық картограмма болуы қажеттігін ұмытпаған жөн, оған тек бір жыл қалды. Топыраққа агрохимиялық талдау жүргізу жұмыстарын жандандыру қажет. АШТӨ зертханалардың жоқтығына шағымданған болатын. Жаңа агрохимиялық зертханалардың құрылысы жоспарлануда, ал Қостанай мен Петропавл қалаларында заманауи автоматтандырылған жабдықтармен жабдықталған зертханалар іске қосылды.

Облыс әкімдіктері осы бағытта белсенді ақпараттық жұмыс жүргізулері қажет.

Сонымен қатар, арамшөптермен ғана емес, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес те өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Дер кезінде таралу ошақтарын анықтау және химиялық өңдеулер жүргізу өнім мен оның сапасының едәуір төмендеуінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жыл сайын оларға қарсы күреске орасан зор бюджет қаражаты бөлінеді, ал оның тиімділігі шамалы. Мәселен, укекіренің (горчак) таралу алқабы азаймай келеді, ол ауыл шаруашылығы өндірісіне айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл жергілікті жерлерде қажетті шаралар қабылданбайтынын және олардың орындалуын бақылау тиісті деңгейде жүзеге асырылмайтынын білдіреді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні дәнді дақылдар егісінде тат және септориоз кең таралған. Жаппай жұқтыру жылдарында 40% егіннің жоғалуы және тіпті өсімдіктердің толық жойылуы мүмкін. Шаруалардың көпшілігінің қиын қаржылық жағдайына байланысты күрес толық көлемде жүзеге асырылмайды, нәтижесінде ауруды жұқтыру алқабы жоғары деңгейде қалып отыр.

Осыған орай, өздеріңіз білетіндей, биылдан бастап пестицидтердің барлық түрлері субсидияланатын болады. Бұл ретте, гербицидтерді қоспағанда, пестицидтерді субсидиялау зияндылықтың экономикалық шегін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

ЗЭШ-ден жоғары зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің және карантиндік объектілердің ауданы, таралу орны туралы ақпаратты АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы ұсынатын болады.

Бұл шара аграрийлерге өсімдік аурулары мен зиянкестерімен күресу үшін қажетті фунгицидтер мен инсектицидтерді таңдауға, сондай-ақ оңтайлы мерзімде өңдеу жолымен олардың жаппай таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

5-слайд.

Елбасының тапсырмасына сәйкес АӨК-дегі еңбек өнімділігін 5 жыл аралығында кемінде 2,5 есе ұлғайту қажет. Өнімділікті бірінші кезекте аграрийлерді техникалық қайта жарақтандыру арқылы арттыру қажет.

2019 жылы ең төменгі технологиялық деңгей 6% болғанда, жаңартудың орташа деңгейі 4%-ға (2018 жылы 3,5%) жетті.

Қарағанды (4,6%), Ақмола (4,5%), Жамбыл (4,4%), Шығыс Қазақстан және Ақтөбе (4,3%) облыстарының техниканы жаңарту деңгейінің қарқыны жақсы екенін атап өту қажет.

Алматы және Түркістан облыстарында техниканы жаңартудың төмен қарқыны байқалады (2,8% және 1,8%).

Өнімділігі жоғары егіс кешендерін АШТӨ сатып алуы 2018 жылмен салыстырғанда (72 бірлік) 2019 жылы шамамен екі есеге (143 бірлік) ұлғайғанын атап өту қажет.

Ағымдағы жылы 4 мыңнан астам егіс кешенінің болуы республиканың дәнді дақылдар алқабының 70%-ын олармен себуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, республика бойынша есептен шығаруға жататын ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жоғары деңгейі байқалады, бұл машина-трактор паркін жаңарту қарқынын төмендетеді.

Аталған бағытта Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары жұмыстарын көрсетті, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында есептен шығару қарқыны төмен.

Тозуы 80% құрайтын ескі техниканы есептен шығармай, жаңарту деңгейін көтере алмаймыз, өйткені сатып алынатын техника жалпы парктің ішінде көрінбейді.

6-слайд.

Ағымдағы жылы Энергетика министрлігімен келісім бойынша егіс жұмыстарын жүргізуге ақпан-маусым айларында шамамен 387 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Ауа райының күрделі жағдайларын ескере отырып, облыстардың өтінімдері бойынша қосымша 10 мың тонна бөлінді, бұл барлық өңірлердің дизель отынына қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік берді.

Бұл мәселеде республиканың аграрийлеріне қолдау көрсеткен Энергетика министрлігінің басшылығы атап өткім келеді.

Қазір График Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика министрлігімен келісілді және жұмыс істеу үшін өңірлерге жіберілді.

Ағымдағы жылы АШТӨ үшін дизель отынының бағасы 177 теңге/литр (ЖҚС-да 195 теңге/литр) құрайды, бұл нарықтық бағадан 10% - ға арзан.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

7-слайд. 

Мемлекеттік бағдарлама аясында мал шаруашылығын дамытудың салалық инвестициялық бағдарламалары іске асырылуда.

Етті мал шаруашылығының негізгі бағыты шаруа қожалықтарын құруға бағытталған. 2019 жылы 82,1 мың бас ірі қара мал және 374,4 мың бас аналық қой сатып алу үшін қаржыландырылды. Нәтижесінде ірі қарамен айналысатын 840 жаңа шаруашылық құрылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 38%-ға артық.

2019 жылдың қорытындысы бойынша қой шаруашылығында 1057 жаңа шаруашылық құрылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.

8-слайд.

Импортты алмастыру мақсатында сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2019 жылы 7,4 мың басы бар 30 отбасылық ферма (соның ішінде 8 өнеркәсіптік ферма) қаржыландырылды және іске қосылды.

Салалық бағдарламаның көрсеткіштеріне 2020 жылы қол жеткізу үшін 25 өнеркәсіптік ТСФ (тауарлық сүтті ферма) және жалпы қуаты кемінде 15 мың бас сауын табынымен 30 отбасылық ТСФ  (тауарлық сүтті ферма)  құру қажет.

Осыған байланысты барлық өңірлерді осы бағдарламаны жүзеге асыруда мұқият назар аударуды және ықпал етуді сұраймын.

9-10 слайд. 

Құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында біз одан әрі импортты алмастыру үшін құс етін өндіру көлемін арттыру бойынша шаралар қабылдаймыз.

2019 жылдың қорытындысы бойынша құс еті импортының үлесі 45,3% құрады (2018 жылы – 49%). Импорт үлесінің төмендеуі, ең алдымен, Ақмола облысында 25 мың тонна құс етін өндіру жөніндегі жобаның бірінші кезеңінің іске қосылуымен («Макин құс фабрикасы» ЖШС) және Жамбыл облысында («Әулие Ата Феникс» ЖШС) жылына 8000 тоннаға дейін құс етін өндіретін қолданыстағы құс фабрикасын кеңейту жөніндегі жобаны іске асырумен байланысты.

11-слайд. 

Шошқа шаруашылығы саласында, 2019 жылы жалпы қуаты 19,9 мың тонна болатын 4 жоба іске асырылды. 2020 жылы қуаттылығы 5,5 мың тонна шошқа етін құрайтын «Бавария продукт «АӨК» ЖШС шошқа кешенінің құрылысы жоспарлануда.

Суармалы егіншілік

12-слайд.

Қазіргі уақытта су шаруашылығы инфрақұрылымы жүргізілген суармалы жерлердің көлемі 1,5 млн. га құрайды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2017-2019 жылдар кезеңінде 146 мың га суармалы жерлер қалпына келтірілді. Бұл ретте 2017-2018 жылдары қалпына келтірілген 80 мың га суармалы жердің 37,7 мың гектары ғана (Ақтөбе – 1,4 мың га, Алматы – 11,3 мың га, Жамбыл – 20,4 мың га, Қарағанды – 0,63 мың га, Солтүстік Қазақстан-1,6 мың га, Шығыс Қазақстан – 2,32 мың га) мақсаты бойынша пайдаланылады.

Пайдаланылмау себебі суару жүйелерінің, жаңбырлатқыш техниканың болмауы, қаржылық проблемалар және т. б. болып табылады. Бұл ретте қолда бар мемлекеттік қолдау шаралары шаруаларды ресурсүнемдеу технологияларын қолдануға ынталандырады.

Осыған орай облыс әкімдіктері қалпына келтірілген су шаруашылығы инфрақұрылымдарында жерді мақсатты пайдалану бойынша шаралар қолдануы қажет.

Ағымдағы жылы 2019 жылы орындалмаған көлемді ескере отырып 182 мың га суармалы жер алқабын қалпына келтіру жоспарлануда (оның ішінде 124 мың га жоспар бойынша және 58 мың га 2019 жылы орындалмаған көлем).

Өзінің Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы 2030 жылға суармалы жерлер көлемін кезеңмен 3 млн гектарға дейін ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу туралы міндет белгіледі.

Қазіргі таңда облыс әкімдіктері 1 млн га шамасындағы жерлерді алдын-ала айқындады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жекешелік әріптестіктің қатысуымен ирригациялық жүйелерді салу және жаңа суармалы жерлерді дамыту жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды, суару тәсілдерін және өсірілетін дақылдар құрылымын айқындау жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте Министрлік сонымен қатар енгізілген суармалы жерлерді тиімді пайдалану жұмыстарын жүргізуде.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

13-слайд.

Мемлекет өндіріс көлемін ұлғайту, өндірілетін өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыру, ауыл шаруашылық қайта өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын жүктеу және оларды отандық шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қолдау көрсетеді.

2019 жылы ақшалай 1,6 трлн теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне 99,7% құрады.

Былтыр 2018 жылмен салыстырғанда өсімдік майын, кондитерлік ұн өнімдерін, макарон өнімдерін өндіру көлемі артқаны байқалады.

Сонымен қатар, ұн, жеміс-көкөніс консервілері мен шырындарын, жарма және қантты кондитерлік бұйымдарды, қантты өндіру көлемі төмендеді.

Облыстар әкімдіктері өзімізде қайта өңделетін өнім өндіру көлемін арттыру шараларын қабылдаулары қажет.

Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

14-слайд. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша ет және сүт өңдеу саласында өндіріс өсімі тиісінше 108,1% және 101,4% құрады. Ет-сүт өнімдерінің өндірісі 563,5 млрд. теңгеге жетті (2018 жылы – 505,3 млрд.теңге).

Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың 60%-дан астамы мал шаруашылығы секторына тартылмағанын атап өту қажет.

Тек 5 облыс бойынша жалпы ауданы 3,9 млн.га болатын 270-тен астам шаруашылықта мал басы жоқ және халықтың жыл бойы жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты мал шаруашылығын өсірумен айналысу үшін несиелеу және субсидиялау құралдары арқылы мұндай шаруашылықтарды әртараптандыру қажет.

Жалпы, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, суармалы егіншілік салалары бойынша өңірлер әкімдіктеріне:

- мал шаруашылығы секторына ірі астық өсіретін шаруашылықтарды және мал шаруашылығымен айналыспайтын жайылымдар мен егістік иелерін тарту жолымен ауыл шаруашылығын әртараптандыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау;

- өңірлерде ет бағытындағы МТС және құс фабрикаларын құру бойынша жұмысты жеделдету және толық көмек көрсету;- меморандумдармен белгіленген егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жоспарларды сақтау;

- тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізу;

- тозған техниканы есептен шығара отырып, бір уақытта жаңарту деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізу;

- фермерлерді ЖЖМ-ның кепілді көлемімен қамтамасыз ету бойынша операторларды анықтау жұмыстарын жүргізу;

- суармалы жерлерді өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануды қамтамасыз ету және суарудың ресурс үнемдеуші технологияларына көшуді ынталандыру.

Дата публикации
21 февраля 2020
Дата обновления
21 февраля 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы