Меню
Страницы
Консулдық мәселелер
Байланыс ақпарат
Екіжақты ынтымақтастық
Елшілік туралы
Все материалы
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Неке қию (ерлі-зайыпты болу)
31 мая 2021

Неке жасына жеткен адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;

4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы анықтамалар (АХАЖ АЖ да өтініш берушілер туралы мәліметтер болған кезде талап етілмейді);

5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);

6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.

Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:

1) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып қажетті құжаттарды қоса береді;

2) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);

3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);

4) кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • ҚР шет елдегі мекемеге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн өткен соң;
  • некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде Консул неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді күнтізбелік он бес күннен асырмай ұзартады;
  • ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.
  • Сомасы – 35 АҚШ доллары

-  

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
31 мая 2021

Консул келесі нотариаттық іс-әрекеттерді орындайды:

 

  1. Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру:

1) Өтініш;

2) Құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

3) Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;

4) Консулдық алым – 30 АҚШ доллар ( реквизиттер).

 

  1. Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әр бiр құжат үшiн)

1) Өтініш;

2) Құжаттың түпнұсқасы;

3) Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;

4) Консулдық алым – 30 АҚШ доллар ( реквизиттер).

 

  1. Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру:

1) Өтініш;

2) Құжаттың түпнұсқасы;

3) Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;

4) Консулдық алым – 40 АҚШ доллар ( реквизиттер).

 

Аударылған құжатты d.baibekov@mfa.kz жіберуіңізді, шағым тақырыбы және тақырыпта Сіздің аты-жөніңізді көрсетуіңізді сұраймыз.

 

  1. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру (сенімхат):

1) Өтініш;

2) Өтініш берушінің төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;

3) Консулдық алым – 50 АҚШ доллар ( реквизиттер).

Сенімхаттың мәтіні d.baibekov@mfa.kz электрондық мекенжайға жіберуіңізді, шағым тақырыбы және тақырыпта Сіздің аты-жөніңізді көрсетуіңізді сұраймыз.

 

* сенімхат тек қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.

ҚР азаматтарына арналған консулдық бөлімнің қызметтері
28 мая 2021

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Әр түрлі консулдық қызмет түрлерін алу процедурасымен толық танысу үшін төмендегі пайдалы материалдарға сілтемелер бойынша өтіңіз.

 

 

 

Консулдық есепке тіркеу

Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу 

ҚР азаматтығы сұрақтарын қарастыру

 

 

 

Неке қию (ерлі-зайпты болу)

Құжаттарды талап ету

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

 

 

 

Заңдастыру мен Апостиль

Жол жүру құжаттары (паспорт пен қайтып оралуға арналған куәлік)

Туу туралы куәлік

 

 

 

Инфографика: Қазақстанның 2020 жылғы сыртқы саясатының нәтижелері
26 мая 2021
Инфографика: Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің қызметі
30 марта 2021
Шет елдерден Наурыз мейрамына орай жолданған құттықтаулар
22 марта 2021

Гейдар Әлиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамының президенті Эльдар Гюнайдын

Түркі халықтарының ең жарқын, шын мәнінде халықтық мерекелерінің бірі - ол күн мен түннің теңесуі, ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуы. Исламға дейінгі ежелгі тарихқа ие болған бұл мереке отқа табынуымен, егіншілікпен байланысты болды. Ұзақ қыстан кейін жер оянып, көшеттер өсіп, көктемнің жаршысы, жаңа өмірдің бастауы болды.

Әзербайжан мен Қазақстанда 21-22 наурыз датасына алдын ала дайындалатын, ата-бабаларының қабірлеріне барып, жаңа піскен бидай дәндерін, тәттілерді (Әзербайжанда - шербет пахлава және шекер бура) алып келіп, тіпті әскери жорықтар да осы күнде тоқтатылып, наразылықтар ұмытылып, ізгілік, махаббат пен бейбітшілік орын алатын.

Тәуелсіздік кезеңінде Наурыз мерекесі халықтың барлық топтарын тартатын, бұқаралық мерекелік іс-шаралармен сүйемелденетін мемлекеттік мерекеге айналды.

Бұл құттықтаулар теңізінде Гейдар Алиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамының шынайы тілектері де бар. Бауырлас Әзербайжан мен Қазақстанның барлық тұрғындарына бейбітшілік, бақыт, денсаулық және бақ-береке тілейміз.

*****

ТүркПА Бас хатшысы 

Алтынбек Мамаюсупов

Наурыз мерекесінің көпғасырлық тарихы Қазақстан мен түркітілдес елдердің мәдени-тарихи мұраларында өшпес із қалдырды. Біздің халықтарымыз үшін ерекше маңызға ие Наурыз көктемнің басталуын ғана емес, ата-бабаларымыз сақтаған құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Осы сәттің символдық мәні мынада: Наурыз мейрамын мерекелеу осы 2021 жылы Қазақстанда мерейтойлық болып табылады: 1991 жылғы 15 наурыздан бастап Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елде ресми түрде мерекені атап өту басталды, ал сол жылы елдің мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Осылайша, Наурыз қазақ мемлекеттілігін жандандырудың ажырамас бөлігіне айналды, ал Елбасының өзі бұл мереке қазақстандық қоғам бірлігінің символына айналғанын және осы бірліктің кепілі елдегі ұлттық және конфессияаралық келісім болып табылатынын бірнеше рет атап өтті.

Оның жалғасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көрсетілген Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеу туралы жаңа бастамасы болды. Осы мақалада Мемлекет басшысы мерекенің мазмұнын байытуды ұсынды, оның негізгі мақсатттары - бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасы институтын насихаттау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау болып табылады. Осылайша, Қазақстан басшылығының арқасында Наурыз мүлдем басқа, көп қырлы құндылық мағынасына ие болды.

 

Бұл тұрғыда, Қазақстан үкіметі қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Бұл ел басшылығының дана да шебер саясатының нәтижесі болып табыла отырып, бауырлас Қазақстанның өңірлік те, әлемдік те ауқымда қарышты дамуы мен халықаралық беделінің ажырамас факторына айналды. Қазақстан әуел бастан ынтымақтастықтың күн тәртібін өз бетінше қалыптастыра отырып, әлемдік аренадағы маңызды ойыншылардың біріне айналды. Нәтижесінде, Еуразиялық өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған қазіргі заманғы процестерді Қазақстансыз елестету мүмкін емес.

Сонымен қатар, түркі институционалдық ынтымақтастығын қалыптастырудың негізгі бастамашысы ретінде Түркітілдес мемлекеттер арасындағы интеграциялық процестерді ілгерілетудегі Қазақстанның рөлін асыра бағалау қиын. Нұрсұлтан Әбішұлының түркі мемлекеттерінің парламенттік ұйымын құру туралы идеясы аз уақыттан кейін іске асырылғаны кездейсоқ емес. Осыған орай, Қазақстан Парламенті ТүркПА аясында парламентаралық байланыстарды тереңдетуде және осы бағытта алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда маңызды орын алады.

Сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстанның Тұңғыш Президентінің түркі өркениетінің бесігі саналатын Түркістанды дамыту бойынша жүргізіп жатқан белсенді жұмысын атап өту қажет. Географиялық орналасуымен қатар, Түркістанға ғылыми-ағарту орталығының рухани рөлі де беріледі. Бүгінгі таңда Түркістанның аймақтың туристік және рухани орталығына айналуы байқалады.

Жоғарыда аталған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Президент Тоқаев мемлекеттік тәуелсіздіктің 30 жылдық жолын талдай келе, төртінші онжылдықтың негізгі мақсаты мықты мемлекет пен бәсекеге қабілетті ұлт құру болатынын атап өтті. Мұндай мақсаттарға қол жеткізу 21 ғасырда халықтар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын сақтап, сонымен бірге оларды қазіргі әлеуметтік-қоғамдық дамудың шындығына бейімдей алатын кезде қоғамның рухани жаңғыруы арқылы өтеді деп айтуға болады.

Дәл осы кезде Наурыз өткеннің жаңғырығы мен қоғамның болашақ жетістіктерінің сұлбасын үйлестіре бастағаннан Қазақстан Республикасы осындай тамаша синтездің көрнекі үлгісі болып табылады. Қазақтар арасында мерекенің басқа да атауы бар - Ұлыстың ұлы күні, бүкіл халық үшін ұлы күн. Осы ұлы мерекеде табиғаттың оянуымен жан-жақты дамудың жаңа перспективалары ашылуда. 

Наурыз бауырлас қазақ халқына денсаулық, амандық, бейбітшілік пен гүлдену әкелсін!

*****

Әзербайжандағы Қазақстанның Сауда үйінің Бас директоры Руфат Рзаев

Құрметті қазақстандықтар, қымбатты бауырлар мен апалы-сіңлілер!

Қазақстанның Әзербайжандағы сауда үйі атынан баршаңызды ортақ мерекеміз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – бауырлас екі республиканы біріктіретін, көктем мен жаңарудың тамаша мерекесі, біздің бай рухани мұрамыз бен дәстүріміздің символы. Көктемгі көңіл-күй, зор денсаулық, амандық, бақыт және өркендеу, біздің ең шынайы тілектерімізді қабыл алыңыз!

Ойға салған барлық мақсаттар орындалып, сіздердің отбасыларыңызда махаббат, түсіністік және қолдау көрсету орнатылсын. Жер көктемде қалай гүлдесе, солай сіздердің отбасыларыңызда игілік гүлденіп көбейе берсін!

Біздің сауда үйіміз екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастық пен инвестициялық байланыстарды нығайту, соның ішінде біздің елдерде консорциумдар мен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы сауда айналымын арттыру үшін құрылған.

Біздің жәрдемімізбен жоғары технологиялардың телекоммуникациялық қызметтері саласындағы Әзербайжан және Қазақстан компаниялары арасындағы консорциум туралы шартқа қол қойылғанын қуана хабарлаймыз, сондай-ақ, біз металлургия, пайдалы қазбалардың жекелеген элементтері саласындағы жобалармен және азық-түлік саласының өнімдерін ірі супермаркеттер желілеріне жеткізумен қатар жұмыс істейміз. 

Біз Қазақстанның іскер топтарын Әзербайжанмен белсенді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа шақырамыз!

Құрметпен және ізгі тілектермен!

 *****

Чех Республикасының парламенті депутаттар палатасы төрағасының бірінші орынбасары,

Чех және Моравия коммунистік партиясының төрағасы

Войтех Филип

Құрметті қазақстандықтар! Құрметті достар!

Сізді халықаралық Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз!

Мен үшін Қазақстан туған болып табылады, ал сол керемет елдің тұрғындары менің жүрегіме өте қымбат. Маған Қазақстан өте ұнайды, ол елде ең басты байлық - оның халқы, қазақтар - мейірімді, қонақжай және жомарт халық.

Көктемгі теңелетін Наурыз мейрамы Қазақстанмен және оның халқымен жарқын, жаңа, ерекше үйлесім ретінде тамаша үйлеседі. Осы жарқын мерекелерде сіздерге зор денсаулық, бақыт пен табыс, қазақстандықтар, одан әрі өркендей берулеріңізді тілеймін!

*****

Польша Сеймінің депутаты

Томаш Ленц

Құрметті Қазақстан азаматтары,

Ү.ж. 21 наурыз күні Польша Сеймі және жеке өз атымнан көктемнің алғашқы күні - Наурыз мерекесіне орай өзімнің ізгі тілектерімді білдіргім келеді!

Наурыз мерекесі табиғаттың жаңаруы мен жаңа циклдің басталуын білдіретін мейрам. Бұл мейірімділіктің, махаббаттың, бақыттың және үлкен достықтың символын білдіретін, діни мерекеге жатпайтын көптеген ұлттар мен түрлі діндердің өкілдері арасында атап өтілетін мейрам.

Мереке барысында адамдар арадағы ренішін кешіріп, өзара амандық, барлық игіліктердің мол болуын тілеген. Бұл сонымен бірге көктемнің келуіне жаңа оптимизммен дайындалу үшін өткен жылдың оқиғалары туралы ойланатын уақыт.

Наурыз мейрамы Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – халықтың бірлігі, елді мекендеген түрлі этникалық топтар арасындағы келісімді бейнелейді. Бұл мереке қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, бұған ұлтаралық деңгейде өзара құрмет пен азаматтардың өзара адалдығын ықпал етуде бағытталған.

Өз құттықтауымды айта отыра, Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында пандемиядан туындаған күрделі жағдайларға қарамастан көктемді тұрақты мемлекет ретінде қарсы алатынын атап өткім келеді.

Пандемияның теріс экономикалық әсеріне қарамастан, Сіздің еліңіз аймақтың экономикалық көшбасшысы болып қала беретініне сенімдіміз.

Қазақстанның келешекте одан ары дамуына, аса көрнекті жетістіктеріне және серпінді ілгерілеуіне шынайы тілектерімді қабыл алыңыздар. Жасасын еркін Қазақстан! Поляк-қазақстандық берік достық көркейе берсін! 

 *****

КОМСТЭК Бас үйлестірушісі,

Профессор Икбал Чаудри

 

Бауырлас Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен және алдағы көктем мерекелерімен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе.

Мен Наурыз мерекесі қазақстандық күнтізбенің маңызды оқиғасы болып табылатынына сенімдімін, сонымен қатар осы мереке тек елде ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі бойынша ерекше құлшыныспен және ынтамен атап өтілетіне күмәнім жоқ.

Пәкістанның көптеген аймақтарында Наурыз мейрамы Сіздің еліңіздегідей көлемде тойланады, оның атауы бірдей, Пәкістанның кейбір аудандарында оны Көктемгі фестиваль немесе Басант деп атайды, бұл біздің ортақ мәдениетіміз бен мұрамыздың белгісі.

Наурыз - үміт пен қуанышты білдіретін көктем мерекесі, бұл мереке жаңару, қайта туылу пікірін, сондай-ақ жаңадан бастау мүмкіндігіне бағытталған. Мерекенің жан-жақтылығын атап өту ретінде, ол                    ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді, ал БҰҰ 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп жариялады.

Мен бауырлас Қазақстан халқына жеке өзімнің және КОМСТЕК атынан осы айтулы күнмен құттықтау жолдаймын және мерекені бүкіл елмен бөлісуге қуаныштымын.

Сіздің мемлекетіңізге табысты, жемісті және бақытты жыл тілеймін. Қазақстанның табысқа және үлкен ілгерілікке қол жеткізу жолындағы тағы бір маңызды кезеңі оң болады деп сенемін.

~~~~~

Шет елдерден Алғыс айту күніне орай жолданған құттықтаулар
01 марта 2021

Мехрибан Қасымова

Әзербайжанның «СВС» арнасының тілшісі

Барлығы үшін бар алғысымды айтамын

22 бақытты жылды маған Қазақстан сыйлады. Мен – түрлі халықтар мен ұлттардың өкілдері өзара бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін елде туып өстім.

Ең алдымен, Қазақстан туралы сұраған соң айтып отырмын. Менің отбасым қуғын-сүргін нәтижесінде емес, Кеңес Одағы кезінде Қазақстанға көшіп келген. Балалық шақ, жастық шақ туралы естеліктер және қалыптасу кезеңдері – бәрі мен үшін қымбат әрі мейірім мен шуақты күндердей есте қалды. Менде жат елде жүрмін деген сезім ешқашан болған емес.  Қазақстанға бейбіт күндер үшін ризамын!

Менің алғашқы және осы күнге дейін ең жақын достарым – қазақтар, орыстар, немістер, украиндар. Біздің көршілеріміз бен туыстарымыз да әр түрлі ұлттар мен ұлыстардан. Бір-біріне қонаққа бару, мұсылман және христиан мерекелерін бірге атап өту біз үшін өте маңызды күндер еді. Біз қазіргі қашықтыққа қарамастан, әлі сөйлесіп тұрамыз. Қазақстанға менің өмірімдегі шынайы және нағыз адамдар үшін ризамын!

Ерекшелік белгісі бар аттестат, орта мектепті үздік тәмәмдау, қызыл дипломы бар жоғары оқу орны және, ең бастысы, кәсіби қызметтегі алғашқы қадамдарым осы елде жасалды. Қазақстанға маған берген білімі мен журналистикадағы тәжірибесі үшін ризамын!

«Алғыс айту күні» - бұл Қазақстанның еңбек сіңірген мерекесі. Ел мақтауға тұрарлық, өйткені бүгінде, алдыңғы онжылдықтар сияқты, мейірімділікті, төзімділікті, толеранттылықты және мультимәдениеттілік дәстүрлерін сақтау оңай емес. Әлемде түрлі қақтығыстар, оның ішінде этносаралық кикілжіңдер орын алған кезеңде мемлекет ішінде достықты сақтау өте қиын... Жоқ, бұл халықтар достығы емес, адамдардың достығы туралы. Қазақстанда біртұтас халық бар. Көптеген адамдар депортацияның салдарынан сонда болған, бірақ өзімді ешқашан бөтен сезінбедім!

Осы елге барған, осы өмірге аздап еніп, оның салт-дәстүрлерімен танысқан кез-келген адам, ең алдымен, бостандық рухы туралы айтады!

Туған өлке,

Шетсіз-шексіз кеңдіктер,

Мәңгі менің жадымда.

Өшпес ізді қалдырар,

Кең даланың еркіндік рухы,

Мен туған жерде жаңғырар.

Мен есейдім, өз-өзіме сөз бердім,

Туған жерді ұмытпаспын мәңгілік

Бұл жолдарды мен Қазақстаннан көшер алдында жаздым. Маған байланысты емес себептер бойынша солай болды. Жылдар өткен соң, мен өзімнің әрбір сөзімді растаймын және мен Қазақстаннан екенімді мақтанышпен айтамын. Бұл менің Отаным. Мен онда өткізген 22 бақытты жылым үшін ризамын.

*****

Василий Петков

Болгария Республикасы СІМ Елшісі

110 жыл бұрын украиналық болгарлар Қазақстаннан екінші үйлерін тапты

Қазақстан Республикасындағы тамаша мереке – Алғыс айту күніне байланысты, Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде (2015-2019) мен осы тамаша мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан халқы мен ел басшылығына шынайы және шын жүректен шыққан құттықтауымды білдіргім келеді.

Қазақстан Республикасы көпұлтты және толерантты ел, онда бейбітшілік пен келісімде 120-дан астам этнос, оның ішінде 110 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Украина мен Бессарабиядан қабылдаған этникалық болгарлар тұрады.

Бұл этникалық болгарлар біздің екі халықтың арасындағы достықтың алтын көпірі. Бүгінде Қазақстан Республикасында болгар тілі мен мәдениетін оқытуды қолдайтын болгар мәдени-ағарту орталықтары жұмыс істейді және олар белсенді дамуда. Бұл біздің екі халықтың арасындағы мәдениет пен ағарту саласындағы неғұрлым белсенді ынтымақтастығына қосқан үлес.

Ғасырлық мәдениет пен тарихи және рухани байланыстар жалғастыратын елдеріңізге бейбітшілік пен береке тілеймін!

*****

Зина Полянская

Бүкіл израильдік Қазақстаннан

келгендер қауымдастығының төрағасы

Қазақстан халқының Алғыс айту күні! Мереке құтты болсын достар және жерлестер!

1 наурыз күні елімізде мейрам ретінде атап өтілгеніне алты жыл болды. Қазақстан күнтізбесінде жаңа мереке құру туралы ұсынысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылғы 1 наурызда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХХІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде айтты. Бұл күн шын мәнінде мейірімділіктің, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесіне айналды!

1941-45 жылдары көптеген еврейлер Қазақстанға эвакуацияланды, олардың көпшілігі Республика мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарды, олардың ішінде Е.Брусиловский – қазақ музыкалық өнерінің негізін қалаушылардың бірі.

Сондай - ақ олардың арасында танымал кинорежиссер, оператор, суретшілер болды, мысалы, Қазақфильмнің бас суретшісі Зальцман, Алматы орыс драма театрының бас режиссерлері – Я.Штейн, А.Локшин. Әр жылдары Қазақстанға бүтіндей бір халықтар қоныс аударды. Соғыс кезінде, соғыстан кейін көмекке аса мұқтаж болған оларды қазақ отбасылары өз үйлеріне қабылдады, қамқорлық көрсетті, қонақжайлылық танытты, қолда барымен бөлісті. Менің әжем мен анам соғыс кезінде Қазақстанға Одессадан эвакуацияланып келді, соғыстан кейін қайтып оралмады, өйткені олардың үйі бомбаланған еді. Уақыт өтті, мен Қазақстанда туып өстім, әрине менің көршілерім, құрбыларым мен достарым барлық ұлттардан болды, бірақ кім қай ұлттан екен деп ешкімді, ешқашан бөлмеді! Барлығы бірге өмір сүрді! Менің Отаным – Қазақстан, ол жерде менің мектептен, техникумнан, университеттен келе жатқан достарым мен құрбыларым бар, армиямен байланысты менің сүйікті жұмысым да сонда.

Достарым Израильге келгенде, маған қоңырау шалып, хат алмасады. Мен болсам үйде отырып, Алматыда болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болғым келеді! Сондықтан 2001 жылы Израильге келгеннен кейін бірден жерлестерімізді тауып, біз Қазақстаннан көшіп келгендер қауымдастығын аштық! Биыл бізге 20 жыл! 1 наурыз – ҚХА – ның құрылған күні, барлық этностардың бір-біріне және осы адамдарды туған-туысқандары ретінде қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні. Мереке республикада тұратын ұлттар мен ұлыстардың достығын, татулығын, бірлігін білдіреді. Қазақстан өзінің көпұлтты халқымен танымал. Мұнда 130 этностың өкілі тұрады.

Үлкен қазақ отбасына өзбек, орыс, украи,  неміс, кәріс, ұйғыр, қырғыз, еврей, армян, грузин және басқалар кірді. Олардың барлығы қазақстандықтар деп аталатын бір тату халық. Мереке ең мейірімді және жарқын күндердің бірі. Бұл тамаша күні, өз жақындарымыз бен достарымызға өз алғысымызды жолдай аламыз. Біз, Қазақстанның тумалары да осы мерекеге қосыламыз және осындай тамаша жерде өмір сүрген жылдарымыз үшін Қазақстанға ризамыз! Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және бүкіл Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтаймыз және республикаға одан әрі өркендеп, қазақстандық жерлестерімізге достық пен бауырластықтың игі дәстүрлерінің нығаюына тілектеспіз!

Сүйікті Қазақстан!

Қуатты ел!

Мен осында туып өстім,

Өмірімнің бір бөлігін өткіздім.

Балалық шақты ойлаған күндерім,

Әрқашан оралсам елім!

*****

Олжас Жанайдаров

драматург, сценарист, И.Немирович-Данченко атындағы мектеп-студиясының драматургия пәнінің оқытушысы. «Золотая Маска» театр сыйлығының «Драматургтің үздік жұмысы» номинациясының иегері

Ресейден – махаббатпен 

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі – осыған байланысты мен Ресейде бес жылдан бері тұрып келе жатқан азамат ретінде тарихи Отаныма алғыс айтқым келеді. Алматыда туып өстім, туыстарым Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрып жатыр, тіпті Мәскеуде болсам да, елде болып жатқан оқиғаларды қарап отырамын. Отанмен байланыс бала кезден үзілген емес.

Қазақстанға жаз айларында аз күндерге баратынмын. Маусым айында Қостанайдағы туыстарыма барып, саяжай, қымыз бен сүт қатқан шайдың дәмін татып, дастархан басындағы қазақша сөздерді тыңдап қайтатынмын.

Тағы да Қазақстан Республикасына қатысты айтар болсам, Мәскеудегі әке-шешемнің пәтерінде Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменовтің (айтпақшы, мені атақты қазақ ақынының құрметіне атаған) кітаптары том-том болып тұратын. Жатын бөлменің бұрышында домбыра сүйеліп тұрды. Мұның бәрін бір кездері әкем мен анам Ресейге тасып, мұқият сақтады. Кітаптар оқылды, ал домбыра үйрену сабақтары мектеп жылдарында өтті.

Бірақ туған мәдениеттің басты жолсерігі және қамқоршысы әрқашан ұлттық тағамдар болды. Демалыс күндері біздің үлкен отбасымыз үстелге отырып,  манты дайындайтын. Пештегі қазанда пеште бауырсақ, тоңазытқышта сүр қазы сақталатын. Бір жылдары туған күніме мәскеулік сыныптастарымды шақырып, оларға қазы-қарта тартқаным есімде, мен үшін бұл әлемдегі ең дәмді тамақтардың бірі. Түрлі асқа деген сүйіспеншілік ерте балалық шақта қалыптасатынын білдім - сол кезде қазақ тағамдарына деген махаббатым ерекше екенін түсіндім.

Бала кезімде мені және ағаларымды Ресейдегі Қазақстан Елшілігі жанындағы жексенбілік мектепке алып баратын. Тағдырдың жазуымен бөтен елде қалған біздің және басқа да жас отандастарымыздың үстелдерінде жасыл шұғасы бар кең кабинеттерде тіл, музыка, халықтық нақышта сурет салуды үйретті.

Қазақстан бұрынғысындай менің жүрегімде – енді бұл байланыс менің кәсіби қызметіммен нығайып келеді. Менің пьесаларым көбінесе Ресейдегі қазақтардың өмірі туралы баяндайды немесе Қазақстанның тарихи өткенін зерттейді. Бұл шығармалар Отанымызда қойылады - мысалы ондағы ең танымал пьесалардың бірі - 1930 жылдардағы ашаршылықтың қайғылы оқиғаларына арналған «Жұт». Аталмыш шығарма Алматы, Нұр-Сұлтан,  Ақтау,  Петропавл, Орал,  Өскемен театрларында қойылды. Менің театр саласындағы қызметім маған Қазақстанға қайта-қайта келіп, жобалар жасауыма, дос болуыма, жаңа адамдармен танысуыма және тарихи Отанымда өнердің дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауыма мүмкіндік береді.

Мен Қазақстанға және оның тұрғындарына бар салада даму, амандықпен табыс тілеймін! Менің тарихи Отанымда әрбір азамат өзін–өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие, ал мемлекетімізді – әлемдік аренада жоғары мәртебеге және салмаққа ие болатын тамаша болашақ күтеді деп сенемін. Алға, Қазақстан!

*****

Юлия Ковалевская

Украинаның V және VI шақырылымдарының халық депутаты

Менің өмірімнің 10 жылы қонақжай қазақ жерімен байланысты

Алғыс айту күні – бұл Қазақстан жерінде әр жылдары өмір сүрген және өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың бірлігінің символы. Қиын жылдары қазақ халқы ХХ ғасырдың драмалық оқиғаларының салдарынан осында келген миллиондаған адамдарға пана болды. Дәл сол кезде өзара сыйластық пен достық негіздері, Қазақстандағы этносаралық қатынастарды сипаттайтын ортақ тіл табысу қалыптасты.

Жаһандық ауқымдағы қазіргідей күрделі кезеңде Қазақстанның ұлттық негізде түрлі қарсылықтарға жол бермеуі, түрлі тілде сөйлеп, әртүрлі дінді ұстанатын және өз дәстүрлері бар адамдарды бір шаңырақтың астында өзара келісімді сақтай отырып, бейбіт қоғамды қалыптастыруы өзекті әрі тиімді тәжірибе болып тұр.

10 жылдан астам өмірімнің қонақжай қазақ жерінде өткеніне мен өте қуанамын. Мен мұнда өстім, оқыдым. Сіздердің елдеріңізде менің көптеген жақын достарым қалды. Мен Қазақстан бүкіл әлемге үлгі етіп отырған ымыраға келу мен толеранттылықтың сарабдал саясаты адамзат алдында тұрған жаңа сын-қатерлер мен қауіптерді еңсеру жолындағы бағыт-бағдары болып табылатынына сенімдімін.

*****

Роджер Холланд

Британ-Қазақстан қоғамы төрағасының орынбасары

«Мен Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Алматыда тұрған 22 жыл бойы мен түрлі этникалық топтар мен ұлттар тарапынан өзіме деген шынай достық пен жылы қонақжайлылық көрдім.

1996 жылы Алматыда «Қазақстандық баяу барыстар» (Kazakhstan Slow Leopards) атты регби командасын құрдым. Оған Қазақстан, Англия, Уэльс, Франция, Жаңа Зеландия, Шотландия, Ирландия, Канада, Австралия және АҚШ ойыншылары кірді.

Біз Қазақстанның ерлер де, әйелдер де ұлттық құрама командаларымен ойнап, көптеген тамаша мәдени-аралық әсерлермен бөлістік.

Спорт әрқашан тарайды, өседі және жаһандық серіктестікті нығайтады.»

~  ~  ~  ~  ~

Мұхтар Тілеуберді: Пандемияға қарамастан Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады
07 января 2021

COVID-19 пандемиясы қазақстандықтардың күнделікті өміріне үлкен әсер етті. Жаһандық құбылыс ретінде оның халықаралық қатынастар саласына ықпалын тигізбеуі мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің барша әлем үшін күрделі болған 2020 жылдағы дипломаттардың жұмысы туралы сұхбаты бүгін «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі сұхбаттың қазақ тіліндегі нұсқасын оқырман назарына ұсынады.

– Мұхтар Бескенұлы, 2020 жыл Қазақстан мен барша әлемнің жаңа тарихында мейлінше ерекше болғаны рас. Сыртқы істер министрлігі қазіргі жағдайда қалай жұмыс істеді және Ковид-19 пандемиясымен, оның әлеуметтік және экономикалық салдарымен күреске қандай үлес қосты?

– Сізбен келісемін. 2020 жыл барлық мемлекет үшін қиын жыл болды. Пандемия тудырған дағдарыс адам өмірінің бар саласына әсер етіп, медицинаның қазіргі даму деңгейіне қарамастан мемлекеттердің бір-біріне қаншалықты тәуелді екенін және адамзаттың әлсіздігін көрсетті.

Коронавирус Сыртқы істер министрлігінің жұмысына да өзгерістер енгізді: шет елдерде қалып қойған азаматтарымызға карантиндер жағдайында көмек көрсетуге, дағдарыс жағдайында сыртқы саясатты жүзеге асыру тетіктерін бейімдеуге және халықаралық іс-шараларды онлайн режимде өткізуге басым назар аударылды.

Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріміздің мүмкіндігін пайдалана отырып біз ел үшін маңызды мәселеде үйлестіруші рөлді қамтамасыз етуге бар күшімізді салдық. Сыртқы істер министрлігі жанындағы шетелдегі Қазақстан азаматтарына көмек көрсету жөніндегі жедел штаб және біздің шетелдегі өкілдіктер 33 мыңнан астам азаматымыздың елге оралуына және оларды қайтару бойынша 385 рейс ұйымдастыруға, денсаулық сақтау министрлігімен бірге елге денсаулығына байланысты Қазақстанның 28 азаматын елге қайтаруға айтарлықтай көмек көрсетті.

СІМ сондай-ақ шетел азаматтарының біздің ел аумағында заңды болуын немесе олардың отанына оралуларына да ат салысты. 2020 жылы азаматтардың нақты қажеттілігіне бағытталған қолданбалы, бағыт-бағдарлы дипломатия алдыңғы қатарға шықты, бұл әлбетте «естуші мемлекет» саясатының заңды жалғасы болды.

– Өткен жылы әлем елдері арасында жарияланған достық қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған сынақтан өтті. Пандемия мұндай жағдайды жалғыз еңсеріп өтудің мүмкін еместігін көрсетті. Кім бізге көмек қолын созды және біз кімдерге көмектестік?

– Пандемия жаңа жағдай тудырғаны рас. Есте болса, ең басында мемлекеттер біраз есеңгіреп, өз аумағында індеттің таралуын болдырмау үшін қандай амал-шарғы қолданарларын білмей дағдарып қалды.

Әлбетте, шекараларды жауып, қатаң карантин режимін енгізу көп мемлекеттің қалыпты шешімі болса да, вирустың ел аумағына енуіне бұл тосқауыл бола алмады. Содан кейін ғана бәрі туындаған проблемаларды шешудің жалғыз жолы күш біріктіріп, өзара көмек көрсету екенін түсінді.

Пандемия жағдайында мемлекеттер арасындағы ынтымақ, әріптестік және өзара көмек туралы тезистің нақты мағынасы ашылып, мазмұны толықты.

Көптеген елдер қиын жағдайға тап болды, сол сәтте көрсетілген гуманитарлық көмек олар үшін үлкен демеу болып, алғашқы «соққыдан» аман-есен шығуға, тыныс алып, бұл зұлым күшке қарсы күресуге қажетті қор жинауға ықпал етті.

Осы үрдістен Қазақстан да шет қалмады. Қиын сәтте СІМ-нің басым бағыттарының бірі дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын қоса алғанда шетелдік гуманитарлық көмекті бағыттау және тарту болды.

Біздің мемлекет алғашқылардың бірі болып Уханьға медициналық- гуманитарлық көмек жіберді. Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Мажарстан және Италияға азық-түлік пен медициналық көмек көрсетті.

Біз өз кезегінде пандемиямен күресу үшін Еуропадан, Солтүстік Америкадан, Азиядан, Аустралиядан, Таяу Шығыстан және ТМД елдерінен гуманитарлық көмек қабылдадық. Ковид-19-бен күресте қазақстандық дәрігерлерге нақты көмек көрсеткен Ресей мен Қытайдан дәрігерлер тобының келгенін атап өткім келеді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен барлық шетелдік серіктестерімізге пандемияға қарсы жалпы күресте қазақстандықтарға көрсеткен маңызды халықаралық ынымақтастық үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

– Әлемдік локдаун жалпы халықаралық қызметке, оның ішінде Қазақстанның сыртқы саясатына әсер етті ме? Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жаңа сыртқы саяси Тұжырымдамасын жүзеге асырудың келешегі қандай?

– Әлемдік локдаун мен карантин шаралары дипломаттардың жұмысына белгілі бір қиындықтар әкелді. Бірқатар халықаралық іс-шаралар эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдырылды, бірақ олардың көбі цифрлық форматқа көшті. «Цифрлық байланыс» белсенді дамып, біздің еліміздің мүддесін ілгерілету бойынша жұмыстардың жалғасуына жол ашты.

Десе де Қазақстанның сыртқы саясаты өзгеріссіз қалды: біз халықаралық аренада ұлттық мүддемізді берік алға жылжытып, қорғауға басым назар аудара отырып, сындарлы, теңдестірілген және көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуді жалғастырамыз.

Шындығында, 2020 жыл біз үшін өте маңызды болды, өйткені Президент Қ. Тоқаев Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған жаңа сыртқы саяси Тұжырымдамасын бекітті. Алғаш рет сыртқы саяси жоспарлау көкжиегі үнемі өзгеріп отыратын сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, 10 жылға дейін ұлғайды.

Құжат ашық сипатқа ие және аймақтық әрі халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесін одан әрі интеграциялау арқылы әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің тұрақты позициясы мен оң кейіпін қалыптастыруға бағытталған.

Оны жүзеге асыру аясында мемлекеттік тәуелсіздіктің сыртқы саяси негіздерін нығайту, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, достық және тең қатынастарды дамыту, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жағдайлар мен алғышарттар құру, сондай-ақ азаматтарымыздың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету көзделуде.

Тұтастай алғанда Тұжырымдаманы іске асыру елге, отандық бизнеске және әрбір азаматқа нақты пайда әкеледі.

– 2020 жылы бүкіл әлем бойынша қозғалыс шектеліп, көптеген іс-шаралар тоқтатылып не кейінге қалдырылды. Халықаралық қоғамдастыққа жаңа жағдайға бейімделуге тура келді. Тіпті БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 жылдық мерейтойлық сессиясы виртуалды форматта өтті. Мұндай онлайн-платформалардың тиімділігін қалай бағалайсыз?

– Пандемия кезінде халықаралық қатынастар «күту режиміне» ауысып, дәстүрлі дипломатия күн тәртібін шектеді деу қате түсінік. Дағдарыс халықаралық қатынастардағы «тар кеңістіктерді» анықтап, күн тәртібіне ең өзекті проблемаларды қойды.

Дипломатиялық қызмет, жоғарыда айтқанымдай, жаңа сандық форматты қабылдай отырып жалғасты. Менің ойымша, онлайн кездесулер мейлінше тиімді жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Десе де, олар келіссөздердің қалыпты форматын алмастырады дей алмаймыз, жақын арада оған қайта ораламыз деген үміттеміз. Осыған қарамастан, Қазақстан өзінің мүдделерін халықаралық платформаларда тиімді ілгерілетуді жалғастырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 сессиясының жұмысына қатысу барысында көтерген бастамалары халықаралық қоғамдастықта жағымды бағаға ие болды.

Аталған бастамаларды қысқаша атап өтсем: халықаралық денсаулық сақтау-санитарлық ережелерді қайта қарау, БҰҰ мен Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігінің қолдауымен ауруларды бақылау және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі аймақтық Орталықтар желісін құру.

Желтоқсандағы климаттық амбициялар Саммитінде Мемлекет басшысы біздің еліміздің экономиканы 2060 жылға дейін декарбонизациялау жөніндегі жаңа маңызды міндетін атап өтті.

2020 жылдың қыркүйегінде біздің ел Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өлім жазасын алып тастауға бағытталған екінші Факультативтік хаттамасына қосылды. Мемлекет басшысының оны ратификациялау туралы Заңға қол қоюы Қазақстанның жалпыадамзаттық құндылықтар мен демократиялық нормаларды ұстанатынын растады.

Мен әсіресе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау үшін күрестегі беделі мен рөлін атап өткім келеді. Оған Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының «Ядролық сынақтардан азам әлем үшін чемпион» мәртебесін беруі осының дәлелі.

Жыл соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы халықты сауықтыру, қоршаған ортаны қалпына келтіру және Семей аймағының экономикалық дамуы мақсатында халықаралық ынтымақтастық және қызметті үйлестіру туралы Қазақстанның бастамасымен қарар қабылдады. Құжат халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның ядролық сынақтардың адамдардың өміріне және денсаулығына, әсіресе балалар мен өзге де осал топтардың өміріне ұзақ әсер ететіне алаңдағанын мойындағанына айқын дәлел.

Елбасының тағы бір сыртқы саяси бастамасын жүзеге асыру аясында Қазақстан 2020-2022 жылдары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалық етуді қабылдады. Қазір алдымызда осы диалог алаңын толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру міндеті тұр.

– Бізге жақын халықтар яғни көршілеріміз туралы айтқанда елдеріміз арасындағы толық өзара түсіністік туралы да сөз қозғаймыз. Биылғы жыл еуразиялық кеңістік үшін қиынға соққаны белгілі, айналамыздағы аймақтарда елеулі толқыныстарды көрдік. Соңғы бір жыл ішінде біздің Орталық Азия, ТМД елдерімен және түркітілдес әлеммен ынтымақтастығымыз қалай дамыды?

– Орталық Азия – Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық маңызды бағыт. Бүгінгі күні елдеріміз арасында түрлі деңгейлерде қарқынды саяси диалог құрылып, тұрақты экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар орнықты.

Пандемияға байланысты, елдеріміз арасында өз Отанына оралған азаматтарға транзиттік дәліздер беру, сондай-ақ жүк тасымалдаушыларға кедергісіз транзит беру бойынша жедел өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

2020 жылы Ресей Федерациясы, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ, Жапония, Үндістан және Корея Республикасы сияқты серіктестерімізбен «Орталық Азия +» көпжақты форматтары арқылы саяси және дипломатиялық өзара іс-қимылдың жоғары динамикасы сақталды.

Бұл тетіктер аймақтық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін қарауға, жалпы басымдықтар негізінде бірлескен жұмыс үшін басты тәсілдерді дайындауға және ынтымақтастықты тереңдету туралы пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстан ортақ тарих, туыстас тілдер және мәдениеттер біріктіретін түркітілдес елдермен қатынастарды дамытуға үлкен мән береді.

Өткен жыл әлемнің барлық елі үшін сынақ болды және осы жағдайда түркітілдес елдер коронавирус пандемиясына қарсы күресте күш біріктіруге дайын екендіктерін көрсетіп, 2020 жылы сәуірде Ковид-19-ға қарсы Түркі кеңесінің кезектен тыс саммитін өткізді.

Мемлекет басшылары пандемиямен күресу, денсаулық сақтау және басқа салалардағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық дағдарысқа қарамастан, аймақтық интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл қарқынды дамыды. ЕАЭО-дағы ең маңызды оқиға «2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын» қабылдау болды, ТМД аясында мүше мемлекеттер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі құжаты – Достастықты одан әрі дамыту Тұжырымдамасының жаңартылған нұсқасы қабылданды.

Десе де өткен жылы көршілеріміздің және ТМД бойынша серіктестеріміздің басынан өткен оқиғалары алаңдатпай қоймайды. Бұл әлем турбуленттік дәуірге аяқ басқанын тағы да растайды. Қазақстан достарымыз аталған жадайлардан шығудың лайықты шешімін табатынан сенеді және бұл мәселелерді шешуге барынша көмек қолын созуға дайын.

– Қазақстанның сыртқы саясатында Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО елдері сияқты ықпалды әрі ірі мемлекеттер маңызды рөл атқарады. Аталған елдермен қазіргі өзара байланысты қалай сипаттайсыз?

– Бүгінде көпвекторлықты кеңейтіп, достық қарым-қатынасты нығайтуға негізделген Қазақстанның сыртқы саясаты біздің салиқалы және сенімді серіктес екенімізді айқындайды.

Қазақстан мен Ресейді дәстүрлі түрде ортақ көпғасырлық тарих пен достық әрі тату көршіліктің берік негіздері байланыстырады, бұл өз кезегінде екіжақты қатынастардың кең ауқымында жемісті өзара іс-қимылдың сенімді негізі. Өзара түсіністік пен құрметтің қол жеткен деңгейі Қазақстан – Ресей ынтымақтастығын дәйекті нығайту үшін берік түп-тамыр болды. Біз жай ғана көрші емеспіз, біз стратегиялық серіктес және одақтаспыз.

2020 жылы 24 маусымда Президент Қ.Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай Қызыл алаңда өткен Жеңіс Парадына қатысты. Жыл ішінде екі ел президенттері 7 рет телефон арқылы сөйлесті.

Ковид-19 вирусының таралуымен күрес бойынша іс-қимылдарды үйлестіру аясында айтарлықтай жұмыс істелді. 22 желтоқсанда Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасының өндірісі басталды, ал 2021 жылдың басында ерікті вакцинацияны жаппай іске қосу жоспарланып отыр.

Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі - Қытаймен ынтымақтастықты тереңдету. 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Президентінің Қытайға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары кезінде ҚР мен ҚХР бірлескен мәлімдемеге қол қойды, онда екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту туралы келісім бекітілді.

Бұл құжат саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың перспективалық бағыттарын айқындайды. Жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» және қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасының түйісуі аясында қарқынды ынтымақтастыққа негіз салынды.

Қыркүйек айында Мемлекеттік кеңестің мүшесі, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван Идің Қазақстанға жұмыс сапары өтіп, сапар аясында біз Ковид-19 пандемиясы жағдайында екіжақты қатынастарды арттыру жайын талқыладық.

Кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткен Қазақстан мен АҚШ-тың қатынасы қарқынды дамып келеді. Екі мемлекет өзара сауда мен инвестициядан бастап мәдениет пен білімге дейінгі түрлі салаларда сенім мен ынтымақтастық негізінде іс-қимыл жасап келеді.

Мемлекеттік хатшы М. Помпеоның 2020 жылдың ақпан айында біздің елге жасаған ресми сапары нәтижесінде саяси диалогты жалғастыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. АҚШ экономикамыз үшін жетекші инвесторлардың бірі болып қала береді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға аталған елден 50 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды.

Қазақстан Еуропалық одақпен өзара әрекеттесуді толығымен қолдайды және оны еліміздің әрі тұтастай алғанда аймақтың дамуына ықпал ететін маңызды құрал деп санайды.

Біз үшін еуропалық бағыттағы маңызды оқиға – Мемлекет басшысының ақпан айында Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысуы және 1 наурызда ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі болды, бұл халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, инфрақұрылымның, инновацияның, мәдениет, спорт, туризмнің дамуы сынды мәселелерді есепке алғанда 29 өзара әрекеттесу салаларын қамтиды.

Қазақстанның халықаралық беделінің тағы бір маңызды танылуы – отандық дипломат Қ. Әбдірахмановтың ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері бойынша Жоғары комиссары болып тағайындалуы болды.

– Әлемдік экономика қиын кезеңдерді бастан кешіруде, көп салада құлдырау байқалады. Коронавирусқа дейінгі кезеңде көптеген елдер шетелдік инвестициялар үшін белсенді күресті. Қазір шетелден инвестиция тарту бойынша жағдайымыз қалай болып жатыр?

– Соңғы бес жылда Қазақстан жыл сайын орта есеппен 20 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тартты. Қазір біз бүкіл әлем бойынша инвестициялық белсенділіктің айтарлықтай төмендеуін байқап отырмыз. Әлемдегі 5 000 ірі компанияларда күтілетін пайда орташа есеппен 40% төмендейді, бұл өз кезегінде қайта инвестицияланған кірістер көлемін азайтады. Сонда да атап өту керек, 2020 жылғы «мінсіз дауылға» дейін ТШИ ағындарының әлем бойынша таралуында соңғы жылдары белгілі тоқырау болғаны да рас.

Сауда және даму жөніндегі БҰҰ конференциясының (ЮНКТАД) болжамдары бойынша 2020-2021 жж. жаһандық ТШИ ағындары үшін дәл сондай құлдырау күтілуде. Ұқсас үрдіс Қазақстанды да айналып өтпейді. Белгілі бір себептерге байланысты экономикамызға ТШИ ағынының төмендеуі байқалды. Сондай-ақ, 2020 жылдың үшінші тоқсанының соңында олардың жалпы ағыны 32,2%-ға төмендеп, 12,6 млрд долларды құрады, бір жыл бұрын ол 18,6 млрд долларға тең болды.

Біз құлдырау, ең алдымен, экономиканың кен игеруші секторда тіркелгенін көреміз, бірақ өңдеу өнеркәсібі біршама «табандылық» танытты. Ал аграрлық-өнеркәсіптік кешенде ТШИ тартудың тіпті айтарлықтай өсімі байқалады, бұл әлемде азық-түлік қауіпсіздігі факторының маңызы артуымен байланысты болуы мүмкін.

Дүниежүзі бойынша жүргізілген карантин шаралары, өндірісті тоқтату және елдердің жабылуына қарамастан, Қазақстан Үкіметі жаңа ТШИ тарту бойынша уақтылы шаралар қабылдады. Біз бұған дейін басталып қойған жобалардың «қатып қалуына» жол бермеу мәселесін шешіп алдық. Нәтижесінде, 2020 жылы жалпы құны 1,3 млрд доллар құрайтын 25 ірі инвестициялық жоба іске қосылып, 3800-ден астам жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде Алматыда оңтүстіккореялық Hyundai компаниясының көліктерін шығару, Қарағанды облысында немістің Linde Group компаниясының техникалық газын өндіру және Алматы облысында БАӘ-нің Ancil Fund компаниясының құрама жемдерін шығару сияқты маңызды жобалар бар.

Пандемияның негізгі салдарын жойғаннан кейін біз биылғы жылы Қазақстан экономикасына ТШИ ағынын қалыпқа келтіреміз деп үміттінеміз.

– Бірнеше күннен кейін елде Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау өтеді. СІМ-нің сайлау процесін ұйымдастырудағы рөлі қандай?

– Өздеріңіз білетіндей, Сыртқы істер министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі – шетелдегі азаматтарымыздың мүдделері мен құқықтарын қорғау. 54 елде олардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау үшін 66 сайлау учаскелері ашылады. Біз сайлау процесін жоғары демократиялық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жүзеге асырамыз.

Қазақстан бақылау процесіне үлкен мән береді. Сайлауды бақылауға ДИАҚБ мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан, ТМД Атқару комитетінен, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан, Ислам ынтымақтастық ұйымынан, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясынан халықаралық бақылаушылар және бірқатар елдерден ОСК өкілдері қатысады деп күтілуде.

– СІМ-нің 2021 жылға арналған негізгі жұмыс жоспарлары туралы айтып берсеңіз.

– Сыртқы істер министрлігінің жаңа жылдағы басты міндеті - ұлттық экономикаға дағдарыстан шығуға көмек көрсету. Экономикалық және гуманитарлықтан басқа, бұқаралық, цифрлық және медициналық дипломатияны нығайту маңызды.

Қабылданған шешімдердің жылдамдығы, тиімділігі және оларды іске асыру үшін ресурстарды жеткілікті пайдалану маңызды. Пандемия тудырған әлемдік дағдарыс біз үшін ауыр сынақ болды. Бұған қарамастан, біз алдымызға әлдеқайда өршіл мақсаттар мен міндеттер қоямыз.

– Сұрақтарымызға жауап бергеніңізге алғыс айтамыз!

 

Мақаланың аудармасы KazInform Халықаралық ақапарат агенттігінің сайттында орналастырылған

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына шетелдік саясаткерлер мен халықаралық сарапшылардың берген ой-пікірлері
26 сентября 2020

Габриелла БАТТАИНИ-ДРАГОНИ

Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары

Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Габриелла Баттаини-Драгони Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында белгіленген бастамаларды, ішкі саяси және әлеуметтік реформаларды құптады.

Жоғары лауазымды еуропалық саясаткер «халық үніне құлақ асатын, әділ мемлекет» қалыптастырудағы, атап айтқанда елдегі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі жалғастыруға деген ортақ көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

Г.Баттаини-Драгони Қазақстанның қабылдаған бағыты жалпы Еуропа Кеңесінің рухына сәйкес келетінін, әсіресе сот төрелігі органдары мен прокуратураны реформалау саласындағы жұмыстары біздің елмен табысты ынтымақтасудың нағыз көрінісі болып табылатындығын жеткізді.

Еуропа Кеңесінің сарапшылары – Бағдарламалар директоратының басшысы Верена Тэйлор мен Сыртқы байланыстар жөніндегі директораттың жетекшісі Золтан Таубнер Қазақстанның жүргізіп жатқан реформалары, елдің негізгі халықаралық-құқықтық нормалары мен стандарттарына бейілділігін көрсететінін атап өтті. Бірқатар бағдарламалар мен жобалар бойынша Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты одан әрі дамуына үміт білдірді. Қазақстанның өлім жазасын толық жоюды көздейтін азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасына қосылу ниетін құптады.

Қасым-Жомарт Тоқаевпен Женевада халықаралық күн тәртібінің кең ауқымды жемісті жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Еуропа Кеңесінің басшылығы Қазақстан Президентіне одан әрі табыс тілеп, Ұйыммен ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді.

*  *  *

Каалле ЛААНЕТ

Рийгикогу (Парламент) Эстония Республикасының Депутаты

Эстонияның бұрынғы Ішкі істер министрі 2005-2007 жж.

Биылғы жылы Қазақстан Президентінің Үндеуін барлығы күткендей болды, өйткені ол пандемиядан туындаған жаһандық экономикалық дағдарысқа қалай әрекетету керектігі туралы сұраққа жауап берді.

Жолдау бірқатар түбегейлі өзгерістерді ұсынады. Біріншіден, мемлекеттік басқару жүйесін қайта құруға және мемлекеттік аппараты қайта форматтауға деген ұмтылыспен жұртшылықты өзіне назар аудартты және бұл ұмтылыс бюрократиялық қысымның төмендеуіне әкеледі. Мұндай шешімдер әрдайым оң нәтиже береді, өйткені олар дағдарыс кезінде шешім қабылдауға қажетті икемділік береді. Бұл стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі арнайы ұйым құруға қатысты, мемлекеттік аппарат әр қашан осындай сараптамалық формацияларды қажет етеді.

Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жоспарлар ерекше қызығушылық тудырады. Әрине, құқық қорғау органдарының кез-келген дамуы олардың қызметінің сапасын жақсарту арқылы азаматтардың мүдделерін қорғау тұрғысынан жүргізілуі қажет. Бұдан басқа, Қазақстан басшылығы жариялаған осы саланы ЭЫДҰ-ның жоғары стандарттарына жақындатуға деген ұмтылыс эволюциялық шешім болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа, киберқылмысқа, балалардың құқықтарына қысым жасауға қарсы күрес тиімді құқық қорғау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстанның Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылу жөніндегі жоспарларын толығымен құптауға болады.

Бизнеске қатысты мемлекеттің бақылау функцияларын одан әрі ырықтандыруды атап өткен жөн. Президент инвесторларды шамадан тыс тексеру жүйесінен қорғау үшін жағдай жасауды тапсырды. Бұл Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсартуға деген ұмтылысын білдіреді.

*  *  *

Азхар АЗИЗАН ХАРУН

Малайзия Парламенті Өкілдер палатысының Төрағасы

Мен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы үшін кең экономикалық және әкімшілік саясатты тұжырымдап жариялағанымен құттықтағым келеді.

Саясат, аталғандай, Қазақстан халқына үлкен пайда әкелетініне және алдағы жылдары елдің дамуының катализаторы болатынына сенімдімін.

*  *  *

Чико РОДРИГЕС

Бразилия ұлттық конгресінің сенаторы, Президенттің Сенаттағы өкілі, «Бразилия – Қазақстан» парламенттік достық тобының басшысы

Менің ойымша, Президент елдің алдында тұрған бүгінгі және ұзақ мерзімді перспективадағы ең өзекті проблемалар мен міндеттерді қозғады. Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықтар ашу, өнімділікті арттыру, экономиканың технологиялық үлесін арттыру, адами капиталды дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция салу және экономиканы көгалдандыруды қамтамасыз ететін жаңа экономикалық курсы ерекше қызығушылық тудырады.

Біздің елдер арасында көптеген ұқсастықтар бар. Атап айтқанда, бізді шағын және орта бизнесті дамыту шаралары біріктіреді. Бразилияда, сондай-ақ Қазақстанда да шағын кәсіпорындарды қолдауға көп көңіл бөлінеді, олар елдегі жұмыс орындарының жартысынан көбін құра отырып, ЖІӨ-не шамамен 25% үлесін қосады.

Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік аппаратты реформалауға назар аударылды, бұл бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Президент түбегейлі реформаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік аппараттың қызметін қайта қарау, мемлекеттік қызмет жүйесін қайта жүктеу және мемлекеттік қызметкерлердің санын азайту қажет екенін атап айтты. Бұл әсіресе Бразилия үшін өте қызықты, өйткені қазіргі кезде федералдық үкімет пен парламент мемлекеттік аппараттың икемділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін, мемлекеттік аппараттың қысқаруын және бюджеттің қысқаруын қарастыратын, әкімшілік реформалар туралы заң жобасын қарастыруда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың керемет Жолдауы біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз жаңа тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді.

*  *  *

Басскаран НАИР   

Сингапур ұлттық университетінің жанындағы Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінің адъюнкт-доценті, Сингапур инвесторларымен байланыс жөніндегі кәсіби ассоциациясының басқарма мүшесі (IRPAS), International Friendship Enterprise төрағасы және директоры

Нобель сыйлығының лауреаты, экономист Пол Ромер «дағдарыс – бұл ысырапшылдық үшін өте қорқынышты нәрсе» деп атап өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының маңыздылығы оның пандемия уақытын ысырап етпейтіндігінде. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметті қайта іске қосуға, бәсекелестікті қорғау және дамыту, стратегиялық жоспарлау және реформалар, Ұлттық Банк құрылымындағы ақша-несие саясаты жөніндегі Комитет және реформалар жөніндегі Жоғары Президенттік Кеңес сияқты жаңа ведомстволар арқылы саясатты тиімді жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық реформалар туралы жариялады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты қазіргі табысты құрылымдар нығайтылатын болады.

Көптеген мемлекеттік қызметкерлер қашықтан жұмыс істей алатындықтан, ол мемлекеттік қызметшілердің санын азайтуға және қалған жұмысшылардың жалақысын көбейтуге шешім қабылдады. Ең бастысы, ол кәсіпкерлік қызметке араласу мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылданатындығын ескертіп, кәсіпкерлік таптың дамуын талап етті. Күшті сөздер.

Президенттің сөйлеген сөзі жаһандық пандемияға қарамастан, ол орындаушылық құзыреттілікке ерекше назар аудара отырып, елді бірнеше бағытта болашаққа дайындайды.

*  *  *

Юаким ДАЛЬ

Қазақстан Республикасының Гетеборгтағы Құрметті консулы (Швеция)

Мен бұрын басқа да халыққа арналған Жолдаулармен таныстым. Бірақ бұл бір қатар нақты мақсаттардың мазмұнымен ерекшеленеді. Бұл жаңа идеялардың, даму стратегиясының және сонымен бірге оларды бірлесіп іске асырудың қарапайым тәсілінің үлгісі. Формат бойынша Жолдау маған нақты басшының сөзін еске салды. Ұлтқа алға ұмтылуға және оны дәл қазір жасауға шақыру. Бұл тек шақыру ғана емес, бұл елдің бизнес-жоспары. Әсерлі. Дәл мен күткен нәрсе. Мұндай тәсіл нәтиже беріп, кеңіскерлік ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.

«Ұзақ уақытқа созылған мұнай суперциклі аяқталған сияқты. Әлемдік нарықтың мүлдем жаңа конъюнктурасына дайын болу керек». Іс-әрекетке нақты, ашық шақыру. Үкімет жақын болашақ туралы айқын түсінік деңгейіне жеткенде, дамудың жаңа кезеңін іске асыру үшін бүкіл Қазақстанның зияткерлік әлеуетін тарту туралы қажетті белгі жіберіледі. Бұл Қазақстан үшін маңызды белгі. Мұндай тәсіл қазіргі заманғы онлайн коммуникацияларды ескере отырып, Қазақстанда жұмыс күшінің жаңа буынын олардың жаһандық ойлау қабілетімен жаңа дамытуға қатысуға ықпал ететін болады.

*  *  *

Улиссис РИДЕЛЬ

«Планетарлық Одақ» коммерциялық емес ұйымының президенті, Бразилия ұлттық конгресінің экс-сенаторы

Қазіргі уақытта әлемнің жекелеген елдері оңшыл және солшылға бөлініп, өзімшілдік мүдделерге, соғыстарға шоғырланып жатқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің «халық мүддесіне» қызмет етудің гуманистік бағдарламасын батыл ұсынды. Оның көзқарасын жоғарыға өрлеу, халықтардың тұтастай рухани бірігуі деп сипаттауға болады. Үндеуде азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының жоғарғы басымдығына ерекше назар аударылған. Бұл, бүкіл әлемге үлгі болатын ұстаным.

Үкіметтің «тыңдаушы мемлекет» құруға қатысты ұстанымы және қазақстандық қоғамның мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстары – үлкен даналық, олар азаматтарға мемлекеттік істерге араласа алатындығын сезінуге мүмкіндік береді. Ортақ мақсат қажету үшін барлық халықтардың бірігуі, билік пен азаматтық қоғамның өзара әрекеті; этика, құндылықтарды құрметтеу, ізгілік – гүлденген және бақытты елдің негізі.

*  *  *

Шахул Хамид Бин МОХДА ИСМАИЛ

Малайзиялық «Reach Energy» компаниясының Бас атқарушы директоры

Мемлекет басшысының бизнесті және мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру бойынша негізгі бағдарламаларды жүзеге асыруға және оны Қазақстанда жүзеге асыруға ұмтылатындығы өте қуантады.

Қазақстанның экономикалық дамуында салық заңнамасы, мемлекеттік басқару, шешім қабылдау процесі, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, мемлекеттік қызмет жүйесі жетілдірілуінен басқа көптеген маңызды бағыттарға дейін айқын және келісілген реформалар жүріп жатыр, бұл елдің әл-ауқатына айтарлықтай оң әсер етеді деп санаймын.

Жаңа шындықта жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі өте маңызды болып табылады. Жеке кәсіпорындар – ел экономикасының негізі. Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлікті дұрыс дамытуға бағытталған қадамы қазіргі әлемнің байланысқан уақытында өте маңызды. Президенттің жолдауы «мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек. Шенеуніктер оларға заңсыз қысым көрсеткен жағдайда, кәсіпкерлер прокуратуралармен байланыста болудан тартынбауы керек».

*  *  *

Ахмад МАГАД

Сингапур Өңдірушілер федерациясының Вице-президенті

Жылдам экономикалық табысқа жетудің кілттерінің бірі - адам капиталына инвестициялау. Мен, бірінші бөлімде «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне» арналған жоспарлауын жүзеге асырудың және бағалаудың барлық кезеңдерінде жеке сектор мен тұтастай қоғамды тұтас әріптестер ретінде тарта отырып, барлық адами ресурстарды жұмылдыруға табанды түрде шақыру қамтылғанын үлкен қанағаттанушылықпен атап өтемін.

Пандемиямен байланысты жағдай көптеген ұйымдардың қашықтан жұмыс істеуіне себеп болғанына қарамастан, цифрлық технологияларды көптеген аспектілерде енгізуді жеделдету оң нәтижесіне әкелген. Бұл ерекше назар аударуды және тез бейімделуді қажет ететін сала. Күнделікті өмірде цифрландыруға көшуде қоғамның барлық саласын көтермелеу қажет. Мұндағы мақсат-технологияға негізделген цифрлық экономикаға тезірек көшу.

Президент Жолдауында айтылғандай, ШОБ кәсіпорындары пандемия кезінде ерекше қиын кезеңдерді бастан өткеруде және шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың көпшілігі, бәлкім, соқтығыс мәселелерімен келіп түскен ақша қаражатын, бұл үкіметтің араласуын талап етеді. Қарастырылуы тиіс модельдердің бірі сингапурлық модель болып табылады, онда үкімет банктерге кепілдіктер беріп және олар ШОБ-қа несие берген кезде несие беру тәуекелдерін банктермен бірлесіп бөледі. Бұл ШОБ-ті, жұмыс орындарын сақтауға және сонымен бірге экономикалық айналымға ықпал етуге мүмкіндік береді.

*  *  *

Макса САЙ

Малайзиялық «Азия-Тынық мұхиты бойынша Kingsley Strategic Institute» стратегиялық институтының атқарушы директоры

Халыққа арналған жаңа Жолдауында Қазақстан Президенті мемлекетке деген сенімді арттыру және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру саясатын жалғастыруда. Осы тұрғыда Президент Қ.Тоқаевтың COVID-19 пандемиясы мен әлемдік экономиканың рецессиясынан туындаған экономикалық дағдарысты еңсеру үшін қабылдаған шешуші шаралардың, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ басқа да өнеркәсіптерді қолдау бойынша қадамдарының уақтылығын атап өту қажет.

Президент Жолдауы – Қазақстанның жалпы дамуының кешенді стратегиясы болатынына және ол ұлттың одан әрі гүлденуіне алып келетініне сенімім мол.

~  ~  ~

Екіжақты қарым-қатынастар
Қазақстан туралы
22 сентября 2020

Қазақстан Республикасы Президентінің

2020 жылғы 6 наурыздағы

№ 280  Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

 

1-тарау. Ағымдағы жағдайды талдау

 

Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі күрделі өзгеріске ұшырауда, оның басты белгілері:

сенім дағдарысы және қақтығыстылықтың артуы, оның ішінде қауіпсіздік пен диалог бойынша көпжақты институттар функционалдығының төмендеуі, алдын алу дипломатиясы және дауларды реттеу тетіктері тиімділігінің төмендігі салдарынан болуы;

халықаралық құқықтың негіз қалаушы қағидаттардың бұзылуы, әлемдік деңгейде екі негізгі үрдістің – жаһандану мен ұлтшылдықтың бетпе-бет келуі, бұл шағын және орта мемлекеттерге елеулі қауіп төндіреді;

қауіпсіздікке төнетін терроризм, экстремизм, жаппай қарулану, оның ішінде зымырандық, ядролық және ғарыштық қару, климаттың өзгеруі және т.б. сияқты дәстүрлі сын-тегеуріндер мен қатерлердің өршуі;

геосаясат пен геоэкономикаға әсер етуші, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуымен, гибридтік және киберсоғыстар құбылысымен байланысты жаңа факторлардың пайда болуы;

жаһанданудың және халықаралық сауда жүйесінің заманауи үлгісінің эрозиясы, елдер мен өңірлер арасындағы экономикалық және технологиялық дамудағы алшақтықтың ұлғаюы, жаһандық қаржы жүйесінің осалдығы, сауда және валюталық соғыстардың күшеюі, санкциялық текетірес болып табылады. 

Осыған байланысты әлемдік қоғамдастық халықаралық қатынастардың барынша орнықты жүйесін құру қажеттігін түсінуде, оған мынадай факторлар дәлел болуда:

елдер мен өңірлердің өзара тәуелділігінің өсуі;

жаһандық және өңірлік мәселелерді шешудің, заманауи сын-тегеуріндерді бірлесіп еңсеру жолдарын іздеудің жинақталған тәжірибесі;

жетекші мемлекеттер мен әскери-саяси блоктардың арасында ашық идеологиялық текетірестің болмауы;

нарық экономикасына балама жоқ екендігін түсіну.

Аталған факторлар Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы тұжырымдамалық және практикалық тәсілдерге елеулі әсерін тигізуде.

Біздің еліміз тәуелсіздік жылдары халықаралық аренада ұстанымын нығайтып, бейбітшіл және ашық мемлекет, жаһандық және өңірлік істерде сенімді әріптес ретінде орнықты. Қазақстан көпвекторлы, сындарлы және белсенді сыртқы саясатты жүзеге асыруда, қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму салаларында жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыру мен іске асыруда елеулі үлес қосуда. Бұл ретте ұлттық мүдделерді барынша және мызғымастықпен қорғауға, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды сындарлы түрде ілгерілетуге басты назар аударылады.

Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік дамудың жаңа кезеңіне шығуы және жаңа экономикалық бағыттың қалыптасуы Қазақстанның сыртқы саясатын жаңа болмыс пен сын-қатерлерге алып келеді.

Біріншіден, саяси және экономикалық ықпал, халықаралық нарықтар мен инвестициялық ағындар үшін мемлекетаралық бәсекелестіктің күшеюі аясында Қазақстан өзіне әлемдік қоғамдастықтың жауапты мүшесі, Еуразия құрлығының геосаяси және геоэкономикалық орналасу жүйесінің негізгі элементі, Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы мемлекет мәртебесін бекітуі тиіс.

Екіншіден, жаһандық және өңірлік ахуалдың қарқынды өзгеруі жағдайында ел мен әлем үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу мақсатында прагматизм, жүйелі талдау негізінде Қазақстанның халықаралық бастамаларын барынша тиімді және жүйелі ілгерілетуді қамтамасыз ету маңызды.

Үшіншіден, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес және әлемдегі дамыған отыз мемлекет қатарына кіру бойынша стратегиялық міндетті ескере отырып, сыртқы периметрде мемлекеттің, бизнестің, әрбір азаматтың мүдделерін ілгерілету мен қорғауға назар аударуды күшейту қажет. Бұл қуатты, халықаралық қарым-қатынастардың қазіргі жүйесімен тығыз байланысқан үйлесімді және әлеуметтік жауапты мемлекет құрудың негізгі шарты болып табылады.

Сыртқы саяси ой-пікірлер мен дипломатиялық құралдар жүйесін ұзақ мерзімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі осы құжатты қабылдаудың орындылығын айқындайды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді және орнықты даму стратегиясында, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып әзірленді.

 

2-тарау. Халықаралық тәжірибе

 

Сыртқы саясат тұжырымдамаларын (бұдан әрі – ССТ) әзірлеу халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Шет елдердің ССТ-на шолу келесі негізгі жағдайларды айғақтайды.

  1. Әлем мемлекеттері ұлттық мүдделерді сәтті іске асыру, тиімді халықаралық стратегия жүргізу мақсатында сарапталған және шындыққа негізделген ССТ болуының маңыздылығын ұғынады.
  2. ССТ мемлекеттерде халықаралық қатынастар жүйесіндегі объективті мүмкіндіктері, орны мен рөлінен туындайтын, олардың ұзақ мерзімді және қазіргі мүдделерінің көрінісі болып табылады.
  3. ССТ-ны әзірлеуде мемлекеттердің халықаралық қызметінің жинақталған тәжірибесін шоғырландыруға және пайдалануға ұмтылысы, белгілі сабақтастықты сақтау үрдісі байқалады.
  4. Шет елдердің ССТ көпшілігі сыртқы, ішкі және экономикалық саясаттың өзара байланысына негізделеді.

Қазақстанның орташа өңірлік мемлекет ретіндегі мәртебесін ескере отырып, салыстырмалы халықаралық санаттағы шет елдердің ССТ талдауға ерекше қызығушылық танытылды. Бұл ретте мынадай заңдылық байқалды: орташа мемлекеттердің сыртқы саяси бағыттарын қалыптастыруға ерекше ықпалды жүйелі факторлар тигізеді (сыртқы саясаттың күн тәртібіне тікелей ықпал ететін жаһандық және өңірлік деңгейдегі оқиғалар мен үрдістер).

Жалпы алғанда, осы Тұжырымдама сыртқы саяси құжаттарды әзірлеудің әлемдік практикасының оң тәжірибесін жинақтайды және оны Қазақстанның дамуының қазіргі жағдайына бейімдейді.

 

3-тарау. Сыртқы саясаттың негізгі қағидаттары

 

Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатын келесі негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының жаңа кезеңіндегі сыртқы саяси ұстанымының сабақтастығы;

2) тұрақты, әділ және демократиялық әлемдік тәртіп құруға жәрдемдесу; әлемдік саяси, экономикалық және гуманитарлық кеңістікке тең құқылы интеграциялану; қазақстандықтардың және шетелде тұратын қандастардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін тиімді қорғау;  

3) мемлекеттің сыртқа ашықтығын ілгерілету, қазақстандықтардың
әл-ауқатының деңгейін көтеру, елдің саяси, экономикалық және рухани әлеуетін дамыту үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;

4) Қазақстанды практикалық тұрғыда қызықтыратын барлық мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен достық, тең құқықтық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуды білдіретін көпвекторлық, прагматизм және белсенділік;

5) көпжақты консультациялар мен келісімдер негізінде жаһандық және өңірлік мәселелердің кең ауқымын шешудегі халықаралық қоғамдастықтың тиімді тәсілдері мен ұжымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған мультилатерализм;

6) трансшекаралық сипаттағы сын-тегеуріндер мен қатерлерге ден қоюда, жанжалдарды реттеуде, қақтығыстан кейінгі елдерде бейбітшілікті нығайтуда халықаралық қоғамдастықтың интеграцияланған тәсілдерін әзірлеуді білдіретін ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлердегі қауіпсіздік пен дамудың ажырамас байланысы.

 

4-тарау. Сыртқы саясаттың мақсаттары мен міндеттері

 

Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы келесі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

1) елдің тәуелсіздігін, мемлекеттік егемендігін және аумақтық тұтастығын нығайту, сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтау;

2)  Орталық Азия өңірінде Қазақстанның көшбасшылық орнын нығайту және ұзақ мерзімді мүдделерін ілгерілету;

3) Қазақстанды халықаралық және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі үлес қосатын халықаралық қоғамдастықтың белсенді және жауапты мүшесі ретінде көрсету;

4) шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматта достық, болжамды және өзара тиімді қарым-қатынастарды сақтау, мемлекетаралық бірлестіктер және халықаралық ұйымдармен кешенді өзара іс-қимылды дамыту;

5) ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін, қазақстандықтар тұрмысының деңгейі мен сапасын көтеру мақсатында сыртқы саясаттың әлеуетін толыққанды пайдалану;

6) сыртқы саяси әдістер арқылы көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтау және нығайтуға жәрдемдесу;

7) Қазақстан азаматтарының және ұлттық бизнестің іс жүзіндегі мүдделерін мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытына айналдыру;

Мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттерді қоюды және іске асыруды айқындайды:

1) Қазақстанның төңірегінде саяси тұрақты, экономикалық орнықты және қауіпсіз кеңістік құру бойынша күш-жігерді нығайту;

2) халықаралық бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен өзара іс-қимыл жүйесінің тиімділігін арттыру бағытын жалғастыру;

3) мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделерін ілгерілету мен қорғауды ескере отырып, екіжақты және көпжақты деңгейде сыртқы саясаттың басты мәселелеріне қатысты жаңа тәсілдер тұжырымдап, іске асыру;

4) сыртқы саясатты «экономикаландырудың» жаңа деңгейін қамтамасыз ету, әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде Қазақстанның ұстанымдарын одан әрі күшейту;

5) «гуманитарлық дипломатияны» жандандыру, халықаралық қоғамдастықта елдің жағымды бейнесін танымал ету;

6) сыртқы саяси мәселелер бойынша қазақстандық қоғамдастықпен тиімді байланыстар жүйесін орнату;

7) шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке және отбасылық құқықтарын, жеке және заңды тұлғаларының заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жетілдіру.

 

5-тарау. Сыртқы саясаттың даму үрдістері мен пайымы

 

Жоғарыда баяндалған мақсаттар мен міндеттер елдің халықаралық аренадағы мынадай маңызды басымдықтарын белгілейді.

  1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласындағы басымдықтар

1.1. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жарғысының мақсаттары мен қағидаттары негізінде халықаралық қатынастардағы сенім ахуалын қалпына келтіру және нығайтуға жәрдемдесу, тең құқықтық пен ымыра негізінде көпжақты өзара іс-қимылды ілгерілету;

1.2. алдын алу дипломатиясы мен медиациясының мүмкіндіктеріне көңіл аудара отырып, мемлекетаралық қақтығыстар мен дағдарыстарды, іргелес өңірлердегі азаматтық жанжалдарды шешуде кешенді тәсілді қолдану;

1.3. стратегиялық тұрақтылықты күшейтуге жәрдемдесу, ядролық қаруды кез келген мақсатта қолдануға және оны қолдану бойынша сес көрсетуге қарсы әрекет жасау; ядролық қару және жаппай қырып-жою қаруының (ЖҚҚ) басқа да түрлерінен азат әлемге қол жеткізуге күш салуды жалғастыру; ядролық қарудан таза аймақтар құруды қолдау;

1.4. қару-жарақтың кәдімгі және жаңа түрлерінің жарысына жол бермеу бойынша халықаралық күш-жігерге атсалысу, қару-жарақтың кәдімгі және жаңа түрлеріне бақылау жасаудың халықаралық режимдерін сақтау мен ілгерілету бойынша шараларды қолдау;

1.5. Азиялық қауіпсіздіктің түйінді мәселелерін шешудің, оның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) қауіпсіздік пен даму бойынша өңірлік ұйымға айналдыру арқылы, кешенді тәсілдерін іздеуді жандандыру;

1.6. халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылда жаһандық және өңірлік күш-жігерді біріктіруге, оның ішінде халықаралық терроризмге қарсы ауқымды коалиция құру арқылы жәрдемдесу; ұйымдасқан қылмыс, есірткі бизнесі және қылмыстық әрекеттің басқа да түрлерімен күрес саласында сыртқы әріптестермен өзара іс-қимыл жасасу;

1.7. халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, кибертерроризмге және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды құқыққа қайшы мақсатта қолдануға, оның ішінде халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төндіретін әрекеттерге қарсы күреске жәрдемдесу.

 

  1. Экономикалық дипломатия саласындағы басымдықтар

2.1. ұлттық экономиканың құрылымдық трансформациясы үдерісіне, оның ішінде индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асыру және «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға халықаралық ресурстар мен әлеуетті тарту;

2.2. экономиканың базалық салаларына сапалы шетелдік инвестицияларды тарту үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту: машина және құрал жасау, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, тау-кен өндіру өнеркәсібі, көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, туризм, мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу, мұнай сервисі саласы, агрохимия өнеркәсібі, түсті металлургия;

2.3. инновациялық және индустриялық үдерістің маңызды бөлігі ретінде Қазақстанға озық шетелдік технологияларды трансферлеуге жәрдемдесу. Жаңа жоғары технологиялық салаларда халықаралық әріптестікті, оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «жасанды интеллект», «үлкен деректер» секторларын және басқа іргелес бағыттарды дамыту тұрғысынан ашық юрисдикция ретінде Қазақстан брендін ілгерілету;

2.4. су, жер, биологиялық және басқа да ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі бойынша тұжырымдаманы» іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету;

2.5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті салаларының халықаралық және өңірлік өндіріс тізбелеріне интеграциялануына жәрдемдесу;

2.6. қазақстандық инвесторлар мен тауар өндірушілерге шетелдік нарықтарда жобаларды іске асыруда қолдау көрсету, басқа елдердің мемлекеттік органдары тарапынан оларды кемсітушілікке жол бермеу;

2.7. ұлттық, ең алдымен, шикізаттық емес экспорттың тізімдемесін, көлемін және географиясын, оның ішінде әзірленіп жатқан «2025 жылға дейінгі сауда саясатының мемлекеттік бағдарламасының» және оның кейінгі редакцияларының басымдықтарын ескере отырып, кеңейтуге жәрдемдесу. Сапаның халықаралық стандарттарын әзірлеу мен енгізуге қатысу, қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортына бөгет жасайтын тарифтік, тарифтік емес және қорғау шараларын алып тастауға жәрдемдесу;

2.8. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының әлеуетіне, «ашық аспан» режимін енгізуге және шетелдік әріптестердің инфрақұрылымдық бастамаларына сүйене отырып,  Қазақстанды  Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік магистралдық жолдарындағы трансконтиненталдық транзиттік-логистикалық хабқа айналдыру;

2.9. өңірлік және жергілікті деңгейде, оның ішінде Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының, «Орталық Азия» сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының негізінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту;

2.10. өңірлік және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, энергия ресурстарын өндіруші, транзит және тұтынушы елдер мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізуге, оларды экспорттаудың әртараптандырылған, тұрақты және қауіпсіз бағыттарын құруға жәрдемдесу;

2.11. жаһандық қаржылық экожүйеге одан әрі интеграциялануы мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын ілгерілету. Қазақстанның тауар биржаларын басқаруға ірі шетелдік компанияларды тарту;

2.12. Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары негізінде халықаралық сауда жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу;

2.13. өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық күш-жігерге, оның ішінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының әлеуетін пайдалану арқылы қатысу;

2.14. дамуға ресми көмек көрсету жөніндегі әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне жәрдемдесу.

  1. Адам құқықтары, гуманитарлық дипломатия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтар

3.1. әлем мемлекеттерінің тарихи дамуының және мәдени құндылықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, азаматтық қоғамның дамуы саласында сындарлы және тең құқықтық ынтымақтастықты нығайту;

3.2. мәдениетаралық және дінаралық диалогты, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі, «Мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы» аясындағы бастамалар, БҰҰ Өркениеттер альянсына және басқа да халықаралық бастамаларға қатысу арқылы дамытуға жәрдемдесу;

3.3. өшпенділік, нәсілдік кемсітушілік, діни қайшылықтар, экстремизм мен ұлтшылдық негізіндегі қылмыстық актілерге қарсы тұру бойынша әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне атсалысу;

3.4. заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қатысу;

3.5. визалық рәсімдер мен режимдерді ырықтандыру бойынша көпжақты конвенцияларға қосылу және екіжақты шарттар жасасу;

3.6. қылмыстық және азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, адамдарды ұстап беру мен сотталған адамдарды беру туралы екіжақты шарттар жасасу;

3.7. білім беру, ғылым, мәдениет, спорт және жастар саясаты салаларында екіжақты және көпжақты деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

3.8. қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында танымал ету;

3.9. сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізу, халықаралық бастамаларды ілгерілету, шет елдермен ынтымақтастықты дамыту үшін «цифрлық дипломатияның» құралдарын қолдануды кеңейту;

3.10. өңірлік және жаһандық саясат пен экономика мәселелері бойынша Қазақстанның тәсілдемелері мен бастамалары туралы, оның ішінде Астана экономикалық форумы, Еуразиялық Медиа Форум және «Astana Club» әлеуетін пайдалану арқылы әлемдік қоғамдастықты хабардар ету;

3.11. елдің сыртқы саясатының міндеттері мен басымдықтары, қоғамның сыртқы саяси біліктілігін арттыру және негативті сыртқы ықпалға төзімділігін күшейту мақсатында қазақстандықтар үшін нақты нәтижелер мен пайдалар туралы қазақстандық қоғамда жүйелі түрде түсіндіру жұмысын жүргізу;

3.12. шет елдерде қазақ қауымдары шоғырланып тұратын жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға, олардың тарихи Отанымен байланысын сақтауына, оның ішінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» қоры арқылы қолдау көрсету;

3.13. шет елдердегі Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер асырап алған, шет елдерде тұратын қазақстандық балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

3.14. саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарға жәрдемдесу үшін «парламенттік дипломатияның» әлеуетін пайдалану;

3.15. сыртқы саясат саласында «халықтық дипломатия» құралдарын қолдану, қазақстандық үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жасасу;

3.16. қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарының алдын алу саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

3.17. көршілес елдермен бірлесіп, трансшекаралық су ресурстарын әділ және ұтымды пайдалану, тұрақты басқару және қорғау саласындағы шарттық құқықтық базаны, құралдар мен тетіктерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру;

3.18. бұрынғы Семей ядролық полигоны мен Арал теңізінің аумақтарын оңалту, сондай-ақ шөлейттенуге қарсы күрес бойынша шетелдік донорлармен ынтымақтастық жасау;

3.19. Каспий маңы елдерімен бірлесіп, «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның» және оған қатысты хаттамалардың баптарын практикалық тұрғыда жүзеге асыру;

3.20. денсаулық сақтау саласында, оның ішінде эпидемиялар мен пандемияларға қарсы іс-қимыл мақсатында халықаралық ынтымақтастыққа атсалысу;

  1. Өңірлік және көпжақты дипломатия саласындағы басымдықтар

4.1. Алматы қаласындағы БҰҰ хабына Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның Қазақстандағы өңіраралық орталығы мәртебесін беру және оның Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстандағы қызметіне жәрдемдесу;

4.2. Ресей Федерациясымен одақтастық қатынастарды, Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық әріптестікті, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті, Орталық Азия мемлекеттерімен стратегиялық қарым-қатынастарды, Еуропалық Одақпен (ЕО) және ЕО-ға мүше мемлекеттермен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамыту;

4.3. Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы мемлекеттермен ЕАЭО туралы шартта белгіленген салаларда тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру. Қазақстанның ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерін толыққанды ескеру мақсатында ЕАЭО аясындағы келіссөздер үдерісін жүргізудің тәсілдемелерін оңтайландыру;

4.4. саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық, сондай-ақ қауіпсіздік және жаңа сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимыл салаларында көпжақты диалогты нығайту мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды дамыту;

4.5. Еуразиялық және жаһандық үдерістерде маңызы тоқтаусыз өсіп келе жатқан Орталық Азия өңірінде көпжақты диалог пен ынтымақтастықты кеңейту. Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы әріптестерімен өзара іс-қимылының қазіргі форматтарын нығайту;

4.6. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның негізінде, сондай-ақ Қазақстанның энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік салаларындағы ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып, Каспий өңірінде тұрақтылықты сақтау және ынтымақтастықты кеңейту;

4.7.  ЕО құрамына кірмейтін Еуропаның жетекші мемлекеттерімен өзара тиімді байланыстарды жандандыру. Еуропа және Еуразиядағы саясат пен қауіпсіздік салаларындағы көпжақты ұйымдармен – Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа Кеңесі, Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы және басқа институттармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша бағытты жалғастыру;

4.8. Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия, Орта және Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдерімен қатынастарды нығайту. Азия өңіріндегі халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, АӨСШК, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, «Азия – Еуропа форумы» өңіраралық диалогтық үдерістің жұмысына белсенді түрде қатысу. Қазақстан қатыспайтын өңірлік ұйымдармен – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы, Араб мемлекеттерінің лигасы, Парсы шығанағы мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі және басқа да құрылымдармен байланыстарды кеңейту;

4.9. саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетін барынша толыққанды іске қосу мақсатында Солтүстік және Латын Америкасы, Кариб бассейні және Африка елдерімен, сондай-ақ олар қатысатын өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

4.10. халықаралық және өңірлік экономикалық және қаржы ұйымдармен – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банктің тобы, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азиялық даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Еуропалық инвестициялық банкі, Ислам даму банкі және басқа да институттармен өзара іс-қимылды нығайту.

 

Сыртқы саясатты іске асыру құралдары

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент елдің сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк етеді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасау құқығы тиесілі.

Парламент еліміздің ең жоғары өкілді органы бола отырып, өзінің конституциялық өкілеттіктері шеңберінде халықаралық шарттарды ратификациялау, олардың күшін жою бойынша заңнамалық жұмыс жүргізеді.

Сыртқы саясат саласында уәкілетті орган болып табылатын Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – СІМ) сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыруды жүзеге асырады, сондай-ақ Президентке және Үкіметке тиісті ұсыныстар береді, орталық атқарушы органдардың шет мемлекеттер, мемлекетаралық бірлестіктер және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарындағы іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асырады.

Атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет шет мемлекеттермен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынастардың дамуын қамтамасыз етеді, сыртқы экономикалық саясатты іске асыру, сыртқы саяси іс-шараларды қаржыландыру бойынша шараларды әзірлейді.

Мемлекеттік органдар тұрақты негізде, өз құзыреті шеңберінде және СІМ-нің үйлестіруімен, елдің халықаралық шарттары мен міндеттемелерін орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады, сыртқы саясат саласында тактикалық тәсілдерді және нақты ұсыныстарды әзірлейді. Мемлекеттік органдардың сыртқы саяси салдарларға әкелуі ықтимал ішкі сипаттағы шешімдер қабылдауы СІМ-мен міндетті түрде келіседі.

СІМ басқаратын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері дипломатиялық қызметтің бірыңғай жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың қызметі аккредиттеу елдерінде, мемлекетаралық бірлестіктерде немесе халықаралық ұйымдарда Қазақстанның ұлттық мүдделерін, оның азаматтары мен заңды тұлғаларын қорғауға және ілгерілетуге бағытталған.

Шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер, форумдар) Қазақстанның мүдделерін ілгерілетудің, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының, екі жақтың мүддесіне сәйкес келетін міндеттерді шетелдік әріптестермен бірлесіп шешудің негізгі құралы болып табылады.

Халықаралық шарттардан және үкіметаралық комиссиялардың (комитеттер, кеңестер, форумдар) шешімдерінен туындайтын уағдаластықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру бойынша бағдарламалар мен жоспарлар әзірленуде.

Сыртқы саясат және сыртқы экономикалық ынтымақтастық саласындағы нақты басымдықтарды іске асыру мақсатында ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтары құрылады.

СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды, қоғамды хабардар ету және қоғамдық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.

 

6-тарау. Іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер

 

Қазақстанның сыртқы саясатының доктриналық негіздерінің болжамдылығын арттыру мақсатында Тұжырымдаманың қолданыс мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Тұжырымдаманы іске асыру жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі және екі жылда бір рет жаңартылады.

Тұжырымдаманы іске асыру:

1) сыртқы саяси сабақтастық стратегиясы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, оның халықаралық беделін нығайтуға;

2) ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға;

3) қолайлы халықаралық орта қалыптастыруға, Қазақстанның әлемнің барлық мүдделі мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдарымен достық, тең құқықтық және өзара тиімді саяси және экономикалық қатынастарын нығайтуға;

4) Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануының барынша жоғары деңгейіне, оның ішінде ұлттық экономиканы әртараптандыру және цифрландыру негізінде қол жеткізуге;

5) мәдени-гуманитарлық, ғылым, білім беру және басқа да аралас салаларда халықаралық ынтымақтастықтың қарқындатуға;

6) шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке және отбасылық мүдделерін, жеке және заңды тұлғалардың іскерлік мүдделерін қорғауды күшейтуге;

7) мемлекеттің сыртқы саясатының ұзақ мерзімді басымдықтары, практикалық қадамдары және нақты нәтижелері туралы қазақстандық қоғамдастықтың және шет елдердің хабардар болу деңгейін көтеруге;

8) қорытындысында –  мемлекеттің, Қазақстанның ұлттық бизнесі мен халқының сыртқы саяси қызметтен нақты пайда табуына жәрдем етеді.

 7-тарау. Тұжырымдаманы іске асыруда қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

  1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы.
  2. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 
    2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.
  3. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 
    2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
  4. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 
    2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.

 

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері