"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгінуіңіз керек:
Еркін нысандағы өтініш;
Қосымшадағы нысан бойынша талап ету жөніндегі сауалнама- 3 дана;
Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);
Заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімі;
Талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);
30 АҚШ доллар көлемінде консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы ( банк реквизиттері).
Қайтыс болу туралы куәлікті марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар қызметтік мақсатта талап ете алады.
16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және кәмелетке толмағандар тәрбиесінде тұрған балалар мекемелерінің әкімшілігі сұрата алады.
Қалыпты жағдайда Қазақстан Республикасынан құжаттарды сұрату шамамен 3 айды құрайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
Жеке тұлғалардың қолдаухаты бойынша өтініштер қанағаттандыруға жатпайды:
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа адамдарға берілсе;
Егер неке бұзылған болса, неке туралы куәліктер;
Қайтыс болған адамның туу туралы куәліктері.
Әскери билеттер, қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері қалпына келтірілмейді, жөнелтілмейді немесе шетелге шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің мүшелік билеттерін сұрату тәртібін осы бірлестіктер айқындайды.
16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және кәмелетке толмағандар тәрбиесінде тұрған балалар мекемелерінің әкімшілігі сұрата алады.