Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚР азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
ҚР азаматтығынан айырылуын тіркеу үшін шетел мемлекеттің азаматтығын алған ҚР азаматы жеке куәләндіру құжаттарын (паспорт, жеке куәлік және басқа) ҚР ІІМ Көші-қон қызмет комитетіне немесе ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелеріне тапсыруға міндетті.
ҚР азаматтығынан шығуға ҚР азаматының ҚР заңнамасына белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
________________________________________________________________
ҚР азаматтығынан айырылуды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) Өтініш;
2) шетелдік паспорттың көшірмесі (негізгі беті) немесе натурализация туралы куәліктің көшірмесі (Certificate of Naturalization);
3) ҚР азаматы паспортының түпнұсқасы және жеке куәлігі (бар болған жағдайда);
4) консулдық алым - төлемсіз;
__________________________________________________________________
ҚР азаматтығынан шығу
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын (Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан Израиль Мемлекетіне тұрақты тұруға кетуге рұқсаты бар) Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің Конслдық бөлімі арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішіне қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
Қазақстан Республикасының Президенті атына Өтініш – 2 дана;
сауалнама-өтініш – 2 дана;
өмірбаян (өз қолымен жазылған) – 2 дана;
3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет - 4 дана;
Қазақстан Республикасының азаматының паспорты, түпнұсқа және көшірмесі – 2 экз.;
балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері – 2 дана (әрқайсысына);
Кету парағы және тұрақты тұруға кету туралы хабарлама немесе тұрақты тұруға кету туралы белгісі (мөртабаны) бар паспорт парағының көшірмесі, түпнұсқа және көшірмесі - 2 дана;
соттылығының болуы немесе болмауы қазақ неме орыс тілдерге аударылған және апостилі бар туралы анықтама, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі, түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
жоғарыда көрсетілген тұлғалардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері - 2 дана (болған жағдайда, әрқайсысына);
Израиль азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын қазақ неме орыс тілдерге аударылған және апостилі бар құжат (хабарлама), түпнұсқа және көшірмесі - 1 дана;
Консулдық алым төленгені туралы құжат ( төлем үшін реквизиттер сілтеме бойынша) – 150 АҚШ доллар.
ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішті қарау мерзімі - 6 ай.
Консулдық төлемдер қайтарылмайды.
Құжаттар жеке жүгінген кезде ғана қабылданады және беріледі.
18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың нотариалды куәландырылған заңды өкілдерінің өтініштері бойынша, басқа мемлекеттерде –баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.
Өтініш берушінің әрбір отбасы мүшесі үшін, жасына қарамастан, бөлек құжаттар топтамасы ұсынылуы керек.
Ата-аналардың біреуі баласымен бірге азаматтықтан шығу туралы өтініш білдірген жағдайда, екінші ата-ананың нотариалды куәландырылған келісімін - түпнұсқасын және көшірмесін ұсыну қажет.
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселесі жөніндегі өтінішті ұсынған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған жазбаша түрде білдірген келісімі қажет.
Құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде немесе мемлекеттiк не орыс тілiндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар басқа тілде жасалуы тиіс.
АРЫЗДАРДЫ, САУАЛНАМАЛАРДЫ НЕМЕСЕ БАСҚА МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕУ БОЙЫНША ҚИЫНДЫҚТАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА d.baibekov@mfa.kz ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА ЖАЗУДЫ СҰРАЙМЫЗ