2022 жылғы 13-14 қазанда елордалық «Одеон» кинотеатрында Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен «Қазақстандық кино күндері» өтті. Іс-шараға Болгарияда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері, қазақ диаспорасы және болгар кинокөрермендері қатысты.
Өзінің алғы сөзінде Қазақстан Республикасының Елшісі Т.Ізбастин Қазақстан мен Болгария арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың оң тренді сақталып келе жатқандығын атап өтті.
Кино күндері барысында қонақтарға қазақстандық режиссерлар түсірген 2 картина көрсетілді. «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи толықметражды лентасы қазақ хандығының негізін қалаған XV ғасырдағы оқиғаларды бейнелейді. Аталған фильмді көрермендерге таныстыру мақсатында танымал қазақ режиссері Р.Абдрашев келді.
Александр Каменский түсірген «Еуразия билеушілері» деректі фильмі әр уақыттары Ұлы дала мемлекеттерінің басында тұрған ұлы әйелдер туралы айта отырып тарихи тақырыпты жалғастырады.
Қазақстандық кино күндері болгар аудиториясында үлкен қызығушылыққа ие болды.