Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық мәселелер
Все материалы
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін консулдық қызметтер
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу
26 декабря 2023

Неке жасына жеткен адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;

4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы анықтамалар (АХАЖ АЖ да өтініш берушілер туралы мәліметтер болған кезде талап етілмейді);

5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);

6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.

Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:

1) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып қажетті құжаттарды қоса береді;

2) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);

3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);

4) кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • ҚР шет елдегі мекемеге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн өткен соң;
  • некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде Консул неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді күнтізбелік он бес күннен асырмай ұзартады;
  • ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.
  • Сомасы – 35 АҚШ доллары

-  

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

16:00-ден 17:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

Сақтандыру мәртебесін алу және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі үшін шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған ақпарат
19 июля 2023

Дипломатия жаршысы №1-2 (64-65) 2021
25 апреля 2022

 

Қазақстан қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді
28 июня 2021

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабайұлы (26 ақпан 1846 - 22 маусым 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені.

Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді. 

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. 

Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады. 

Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. 

Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі. 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды. 

1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Қазақстан қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын атап өтеді
25 июня 2021

Қажымұқан Мұңайтпасов

Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген (кей зерттеулерде оның 1886 жылы туғандығы айтылады). Қыпшақ тайпасының Ұзын ішіндегі Алтыбас руынан шыққан. 1901 ж.Омбыда балуандардың жарысы өтіп, Қажымұқан белгілі атлет И. Злобинмен кездеседі. Ол мұның балуандық күшін байқап, белгілі балуан И.В. Лебедевке жолығуын ұсынады. Осылайша Қажымұқан 1904-1907 жж. И.И. Лебедев мектебінде классикалық күрес пен цирк өнерін үйренеді.

Қ. Мұңайтпасов – орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрін меңгерген әлем чемпионы. 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Деректерде Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағаны айтылады. Дүниежүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу  нағыз ерлік болатын.

1895 жылы Киевте өткен балуандар күресінде Қ. Мұңайтпасов дүниежүзінің чемпионы атағын бірінші рет жеңіп алды. 1905 жылы Қытайдың Харбин  қаласында жапон чемпионы Саракикиді, 1906 жылы Германияның Берлин қаласында неміс балуаны Фон Кенигті, 1910 жылы дүниежүзінің чемпионы Ганс-Каванды, 1913-1916 жылдары Парижде дүниежүзі чемпионы Стурментті жықты. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған балуан онша ұнай қоймады. Сол үшін де Қ. Мұңайтпасов орыс балуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Осылайша балуанға неше түрлі лақап аттар берілді. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестірді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері де болған. 1909 жылғы халықаралық балуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүниежүзіне Қажымұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды. 1910 жылы Еуропа және Ресей балуандардың үлкен тобы Америкаға аттанды. Олардың ішінде Қажымұқан да болды. Оңтүстік Америка қалаларына жасалған турнеде Қажымұқанның ең сәтті өнер көрсеткен жері – Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласы. Сол жерде ол алтын медальмен марапатталды.

1911 жылы Қ.Мұңайтпасов Стамбулға барды. Сол кезеңде әлемде түрік балуандарынан мықты балуан жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық, ол жаққа орыс балуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қ. Мұңайтпасов өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буды.

1913 жылы Қажымұқан Иван Поддубный, Иван Заикин, Николай Вахтуров және Алекс Аберг сияқты көрнекті палуандармен бірге бірнеше ірі халықаралық жарыстарға қатысты, кейбіреулерінде алғашқы үштік жеңімпаздар қатарынан көрінді.

1914 жылы Қажымұқан Нижний Новгород қаласындағы жарыста негізгі қарсыласы Вестергард Шмидтті жеңді.

Қ. Мұңайтпасов азамат соғысынан кейін күресті дамытуды қолға алды, Қазақстан аумағында түрлі чемпионаттар ұйымдастырды.

1937 жылы Қ.Мұңайтпасовтың ізіне ІІХҚ қызметкерлері түсіп қудалауға ұшыратты. Сол себепті отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда бас сауғалады.

Қажымұқан Мұңайтпасов Ұлы Отан соғысы басталған тұста екі жылға жуық цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып, майданға жіберді.

Қ.Мұңайтпасов 1948 ж. Түркістан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан ауылында ескерткіш орнатылып,  1980 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Темірлан ауылында мемориалдық музейі ашылған. 1986 ж. бастап Қ.Мұңайтпасов атында классикалық күрестен халықаралық турнирлер өтіп келеді.

Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Памятка для граждан РК
07 августа 2020

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама Қазақстан Республикасының шет елдерге шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырамау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

САПАРҒА ДАЙЫНДЫҚ

Шетелге шығар алдында, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алған жөн. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз.

Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз.

ҚР СІМ-нің сайтындағы «ҚР шет елдердегі өкілдіктері» бөлімде көрсетілген баратын елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз.

Қазақстан Республикасынан үш мың АҚШ долларынан астам шетел валютасын алып бара жатсаңыз, оны жазбаша түрде декларациялау қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге қолындағы шетел валютасын алған жерді растайтын құжатсыз он мың АҚШ доллары көлемінде ғана шетел валютасын алып өте алады. Бұл сомадан артық валюта алып бара жатқан жағдайда, оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет: айырбастау пунктінің шетел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама-куәліктері, банктік есепшоттан ақшаны шетел валютасында алғандығы туралы құжаттар, шетел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар, Қазақстан Республикасына алып кірген шетел валютасы туралы кедендік декларация. Бірақ басқа шет мемлекетке кіру кезде декларациялауды қажет етпейтін ақша көлемін сұрап алыңыз.

Баратын елдерде өзіңізге қажетті дәрі-дермектердің бар-жоғын алдын ала біліп алыңыз. Кейбір жағдайларда Қазақстанда оңай сатып алуға болатын дәрілерді шет елдерде шығара бермейді немесе оларды тек дәрігердің рецептімен ғана сатып алуға болады.

Ауа райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн. Тропикалық елдерге баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Меккеге баратындарға делбеге қарсы егіліп алған жөн. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс.

Шетелге оқу, жұмыс істеу немесе тұрақты тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алған жөн. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты.

Көп елдерде азық-түлік тағамдарын, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін алып кіруге шектеулер қойылғанын немесе тыйым салынғанын ескеру қажет. Мысалы, мұсылман елдерге қандай да болмасын спирттік ішімдіктерді алып кіруге болмайды.

Шетелде болатын мерзімге сәйкес дәрігерлік сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиға мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған медициналық шағындардан сақтануға мүмкіндік береді.

ВИЗА АЛУ

Егер басқа мемлекеттің аумағына кіруге виза керек болса, оны алу үшін сол мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне өзіңіз немесе жақсы білетін турагенттік арқылы алдын ала (1-2 ай бұрын) өтініш жасаңыз. Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттың түрі мен сапардың мерзіміне қарай визаны талап етпейтін елдердің тізімі сайтта көрсетілген.

Кейбір мемлекеттердің елшіліктерінде визаны дайындау мерзімі, әсіресе, демалысқа баратын саяхатшылар көбейген кезде, көп уақытқа созылып кететінін ескеріңіз. Сонымен қатар, әр елшілік визаны беру тәртібін, мысалы, консулмен сұхбатты, визаның құны мен қажет құжаттардың тізімін өз қалауына қарай бекітеді.

Шет мемлекеттер елшіліктерінің виза алу үшін құжаттарға қоятын талаптарын орындау (фотосуреттің көлемі, сауалнаманы дұрыс, оқылатындай етіп толтыру, консулдық алымды төлеу және басқа талаптар), сіздің виза беру жөніндегі сұрауыңызды дер кезінде қарастырып, оны уақытында алуға көмектеседі.

Визаны алмай тұрып жол жүру билеттерін алудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, шет мемлекеттердің елшіліктері виза берілмегендіктен немесе кешігіп дайындалғаннан туындаған шығындарыңыз үшін жауап бермейді.

Визаны тез арада алуға белгілі күнге сатып алған билетіңіз көмектеседі деп ойламаңыз. Бірақ кейбір елшіліктер ондай талап та қоюы мүмкін.

Егер баратын елге басқа мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін болсаңыз, онда транзиттік визаны ресімдеу жөнінде және оның аяқталу мерзімі мен шекарадан кедергісіз өту үшін қанша мәрте болу керектігі туралы алдын ала сұрап алыңыз.

Виза алғаннан кейін ондағы мәліметтердің дұрыстығын: паспортыңыздың нөмірін, атыңыз бен тегіңізді, туған күніңізді, визаның санаты мен мерзімін, шет мемлекетінде қанша күн болуға рұқсат берілгенін тексеріңіз. Есіңізде болсын, басқа бір адамның визада жіберген қателігінен шет елге кірген кезде де, болған кезде де қиындықтар тууы мүмкін.

Төменде Қазақстан азаматтары жиі баратын елдердің визалық тәртіптеріндегі ерекшеліктер көрсетілген.

ТМД елдері

Қазақстан ТМД елдерінің көпшілігімен азаматтардың визасыз сапарлары туралы келісімдерге қол қойған.

Мысалы, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне кіру үшін ҚР азаматының паспорты жеткілікті.

Қазақстан Республикасының азаматтары қазақ-ресей шекарасынан өткен кезде Ресейдің көші-қон картасын толтыру керек. Ресейдің шекаралық қызметі көші-қон картасы мен паспорттың кез-келген бос бетіне мөртабан басады.

Қазақстан азаматтары Украина мен Молдоваға 3 айдан астам уақытқа баратын болса, виза алуы керек.

Түрікменстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына виза алу қажет. Қызметтік және дипломаттық паспорттары бар тұлғаларға бұл тәртіп қолданылмайды.

Консулдық және визалық мәселелер
01 июля 2020

Назар аударыңыз! Қазақстанның Сингапурдағы Елшілігінің Консулдық бөлімі алдын-ала тіркеу бойынша жұмыс істеу режиміне көшті.

Сілтеме бойынша кездесуді алдын-ала жазылуды сұраймыз: Кездесуге жазылу.


Консулдық бөлімнің жұмыс уақыты:

Құжаттарды қабылдау: сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма)
Құжаттарды беру:           сағат 16:00-дан 17:00-ге дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма)


Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері:

Егер мереке демалыс күндеріне сәйкес келсе, демалыс келесі аптаның бірінші жұмыс күніне ауысады.

Қазақстан Республикасының бекітілген ресми мемлекеттік және ұлттық мерекелері:

1, 2 қаңтар - Жаңа жыл

7 қаңтар - Рождество күні

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Мемлекеттік мереке - Жеңіс күні

6 шілде - Мемлекеттік мереке - Астана күні

30 тамыз - Мемлекеттік мереке - Конституция күні

25, 26 қазан - Республика күні - Ұлттық мереке

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Мұсылман күнтізбесінде белгіленген Құрбан Айттың бірінші күні - демалыс күн.

 

 

Визалар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының визалары
30 апреля 2020

Көрсетілетін қызметті алушы ЖЕКЕ ӨЗІ немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, Елшілікке жүгінген кездегі виза рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Визалық сауалнама ( Визалық сауалнаманы жүктеу);

Визалық сауалнама қолмен анық немесе ВКП-ны пайдалану арқылы мемлекеттік, орыс, ағылшын тілінде толтырылады. Визалық сауалнаманың сұрақтарына жауаптар толық болуы тиіс. Визалық сауалнамаға виза алушының өзі қол қояды (кәмелетке толмаған балалардың атынан виза алу үшін визалық құжаттарға олардың заңды өкілдері қол қояды).

2) Фотосуреті (3,5х4,5)

Құжаттарды ресімдеу кезінде, Визалық сауалнамаға желімделген фотосурет, бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болып табылатын шетелдіктерден басқа, шетелдік мұндай бас киіммен паспорттағы фотосуретте бейнеленген жағдайда, азаматтың фотосуреті жасына сай келуі және қара түсті көзілдіріксіз, бас киімсіз беті алдынан қарағанда адам анық бейнеленген болуы тиіс.

3) Вербалдық нота/ виза санатын алушының қолдаухаты/ ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген шақыру (шақырушы тарап виза алушыға шақыруды жібереді);

4) Шет мемлекет азаматының жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат;

Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:

- түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;

- Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған виза алушыларды қоспағанда, визаларға арналған кемінде 2 таза бет болуы тиіс;

- Қазақстан Республикасының аумағынан кету арналған виза алушыларды қоспағанда, қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталу күнінен бастап 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс.

5) Өтінішкердің негізгі мәліметтер бар паспорт парағының көшірмесі;

6) Виза алушыны тіркеу орнынды растайтын құжаттың көшірмесі (Сингапур / Жаңа Зеландияның азаматтары болмаған өтінішкер үшін);

7) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балаларға виза рәсімдеу үшін);

8) Консулдық алым төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы ( Банк шотының деректемелерін жүктеу);   

9) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар ( 1-қосымшаны жүктеу).


Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.

«С1» санаттағы визалар үшін – 5 ай және ұсынылған құжаттарға қосымша зерделеу қажет болған жағдайда аталған мерзім 7 айға дейін ұзартылады.


2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін – 23 елдің азаматтарына беріледі ( Эл.виза туралы ақпаратты жүктеу).


Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрі – виза алушылар) Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібі Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен
бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларымен анықтайды (Қағидаларды жүктеу).


Елшілікте бас тарту салдары мен себептерін хабарламай виза беруден бас тартуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін консулдық қызметтер
Сингапурда/Жаңа Зеландияда уақытша тұратын ҚР азаматтарын консулдық есепке қою
08 апреля 2020

Учет граждан РК, постоянно и временно проживающих за пределами РК, производится загранучреждениями РК на территории соответствующего консульского округа.

Целью учета граждан РК за границей является:

- защита прав и законных интересов граждан РК;
- всемерное содействие использованию гражданами РК всех прав, предоставленных законодательством государства пребывания и международными договорами, участниками которых являются РК и государство пребывания, а также международными обычаями;
- контроль за соблюдением гражданами РК Конституции РК и других законодательных актов РК и исполнением ими своих обязанностей.


Для постановки на временный консульский учет необходимо предоставить в Консульский отдел следующие документы:

  1. Заявление (скачать форму Заявления);
  2. Учетная карточка (скачать форму Учетной карточки);
  3. Фотография (3,5 х 4,5 см);
  4. Копия паспорта гражданина РК;
  5. Копия документа, подтверждающего факт регистрации в стране пребывания (например: Employment Pass, Student Pass, Work Permit и т.д.).

 

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін консулдық қызметтер
Тұрғылықты тұруға рұқсат алу
08 апреля 2020

Гражданам Республики Казахстан, выехавшим в Республику Сингапур или Новую Зеландию по временным делам и изъявившим желание остаться там на постоянное место жительства (ПМЖ), лично или их законные представители (родители, опекуны, попечители), необходимо получить соответствующее на это разрешение казахстанских властей.

Отсутствие разрешения на постоянное проживание будет являться причиной отказа в оформлении общегражданских паспортов, постановки на консульский учет в связи с прибытием на постоянное жительство и других процедур.


Для оформления документов об оставлении на постоянное жительство в Республике Сингапур или Новой Зеландии необходимо представить следующие документы в 2-х (двух) экземплярах:

1.Заявление (по форме);

2.Заявление-анкета (по форме);

3. Анкета (по форме);

4.Копии вида на жительство в Республике Сингапур или Новой Зеландии (PR visa) от местных органов власти;

5.Фотографии размером 4х5 см (3 шт.);

6.Удостоверение личности и копия паспорта гражданина РК, копия свидетельства о рождении детей, не достигших шестнадцатилетнего возраста.

В случае отсутствия, утери или истечения срока действия удостоверения личности или паспорта гражданина РК, заявителем представляется письменное объяснение в свободной форме.

В случае отсутствия, утери или истечения срока действия паспорта гражданина Республики Казахстан, заявителем одновременно с письменным объяснением представляются документы на изготовление паспорта гражданина РК, находящегося за границей в соответствии с законодательством РК;

7.При наличии обязательств перед членами семьи – получателями алиментов – соглашение об уплате алиментов, заключенное в порядке, предусмотренном главой 22 Кодекса РК от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" (далее – Кодекс), если на территории РК постоянно проживают члены семьи выезжающего, которым он по закону обязан предоставлять содержание. При недостижении соглашения выезжающим представляется решение суда об определении размера алиментов в твердой денежной сумме или единовременной выплате алиментов либо предоставлении определенного имущества в счет алиментов, или уплате алиментов иным способом, либо установлении факта отсутствия у выезжающего предусмотренных законом препятствий для выезда.

8.Справка о снятии с воинского учета.

При отсутствии справки о снятии с воинского учета заявителем предоставляется оригинал военного билета (удостоверение о приписке к призывному участку) и заявление на выдачу справки о снятии с воинского учета и сдаче личного учетно-воинского документа, в связи с выездом за пределы РК на ПМЖ (по форме).

В случае изъятия управлением (отделом) по делам обороны военного билета (удостоверения о приписке к призывному участку) заявителя, предоставляется расписка о принятии военного билета (удостоверения о приписке к призывному участку), выданная управлением (отделом) по делам обороны.

9.Заключение органов опеки и попечительства РК об учете мнения ребенка, достигшего десятилетнего возраста, при принятии решения о его выезде с родителями либо иными законными представителями;

10.При выезде на ПМЖ граждан РК, не достигших восемнадцати лет, совместно с одним из родителей (опекуном, попечителем) – нотариально заверенное согласие другого родителя, проживающего на территории РК. При отсутствии согласия выезд несовершеннолетнего может быть разрешен в судебном порядке;

Просим приложить копию, оригинал могут потребовать по месту прописки в Казахстане. В случае смерти родителей, просим предоставить копию свидетельства о смерти. В случае если один из родителей гражданин другой страны, предоставляется копия паспорта.

11. Копии свидетельств о рождении детей, если они выехали вместе с родителями или, если разрешение оформляется также на них;

12. Оригинал документа, подтверждающего оплату консульского сбора на сумму 140 долларов США*.


* Реквизиты банковского счета:

Beneficiary: Embassy of the Republic of Kazakhstan
USD Account: 0003-023446-01-4
Beneficiary Bank: DBS Bank Ltd
SWIFT Code: DBSSSGSG

Для получения информации о процессе оплаты просьба обращаться в офис DBS.
Уплаченные суммы консульских сборов возврату не подлежат


Важная информация!

Документы можно предоставить лично или отправить по адресу:

1 Kim Seng Promenade #09-04/05 Great World City,

East Office Tower, Singapore 237994.

Посольство не несет ответственности за почтовый сервис.


Лицо, получившее разрешение на постоянное жительство за границей, должно встать на консульский учет. Также он имеет право подать документы на обмен паспорта гражданина РК, выход из гражданства РК.

Социальные сети
Youtube
Instargram
Twitter
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы