Қазіргі дүниежүзілік пандемия және әлеуметтік қашықтықты ұстау жағдайларын ескере отырып, Елшілік біздің азаматтарымызға төмендегіні еске салады:
Сіз «egov.kz – электрондық үкімет» порталы арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді электродық форматта ала аласыз.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 87% - дан астамы «egov.kz» сайтында қолжетімді екенін атап өтеміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдың соңына қарай электрондық форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 90%-ға жетеді.
Өз кезегінде, электрондық үкімет порталына кіру үшін өзіңіздің 10 минуттық уақытыңызды бөліп, осы сайттағы көптеген мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық кілт алу қадамдарымен танысуыңыз қажет болады.
Оған қатысты анықтамалық сілтеме келесідей: https://egov.kz/cms/ru/services/pass-onlineecp
Аталған сайтта мемлекеттік қызметтерді алғаннан кейін сіз өзіңіздің мәртебеңізді растау үшін тиісті құжатты немесе анықтаманы (мысалы: соттылығы, отбасылық жағдайы және т.б. анықтамалар) шет мемлекеттің жергілікті органдарына бере аласыз.
2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге және 2005 жылғы 24 наурызда Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Беларусь Республикасының аумағына кіру, шығу, транзиттік өту, онда жүрiп-тұруға және болу үшін виза қажет емес.
Сонымен бірге, Беларусь Республикасының аумағына кіру тек Қазақстан Республикасы азаматының паспорты негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасы аумағында болу тәртібі туралы
2013 жылғы 4 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы
Кeлiciмге сәйкес Екінші Тараптың аумағында уақытша болатын бip Тараптың азаматтары болатын Тараптың құзыретті органдарында олар кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.
Көрсетілген уақытша болу мерзімі болатын Тараптың аумағына кipу кезінде қойылған шекара қызметі органдарының белгісі бар көші-қон картасымен расталған бip Тарап азаматының екінші Тараптың аумағына кірген күнінен бастап есептеледі.
Бip Тараптың азаматы екінші Тараптың аумағында 30 күннен артық болған жағдайда, аталған азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.
Бір Тараптың азаматтары келесі жарамды құжаттар бойынша халықаралық өткізу пункттері арқылы екінші Тараптың аумағына кіреді (шығады):
Қазақстан Республикасы үшін:
-Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
-Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты;
-Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты;
-Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
-қайтып оралуға арналған куәлік (тек қана Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін);
Беларусь Республикасы үшін:
-Беларусь Республикасы азаматының паспорты;
-Беларусь Республикасы азаматының қызметтік паспорты;
-Беларусь Республикасы азаматының дипломаттық паспорты;
-Беларусь Республикасы теңізшісінің ұлттық жеке куәлігі;
-Беларусь Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек қана Беларусь Республикасына қайтып оралу үшін).
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының26 - бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдарүшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі-МӘМС) жарналарды мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.
Алайда, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - БҒМ)ақпараттық жүйесінде жоқ, себебі Қазақстан аумағында осы тұлғалар студент ретінде тіркелмеген. Осыған байланысты, оларға МӘМС аясында медициналық қызметтерді алу қолжетімсіз.
Сонымен қатар, студент мәртебесін өзектендіру үшін 2020 жылдың қазан айында БҒМ egov.kz электрондық үкімет порталында шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу бойынша қызметті іске асырды.
Осылайша, студент egov.kz электрондық үкімет порталында "шетелде оқитын студенттерді тіркеу" бөлімінде оқуын растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) тіркеу арқылы өтініш беруі тиіс.
Пандемия жариялануына және әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер Қазақстан аумағында қашықтықтан білім алуда және олар емханаға жүгінген кезде МӘМС шеңберінде медициналық көмек алуға мүмкіндігі жоқ.
Нұсқаулық
Шетелдікжоғарыоқуорындарындаоқитынстуденттертұрақтысақтандырумәртебесінміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қалай ала алады?
1-қадам. Электрондықүкіметтің(egov.kz) сайтынаөтіп, жүйегетіркеліңіз.
2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелдеоқитынстуденттердітіркеу» тармағынтаңдаңыз
3-қадам. Өтініштітолтырып, оғанэлектрондықцифрлыққолтаңбаменнемесе SMS құпиясөзіменқолқойыңыз.
4-қадам. Өтінімөңдегенненкейінжекекабинетіңізгехабарламажіберіледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛАП ЕТУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін алу үшін келесі құжаттарды көшірмелерімен бірге 2 данада ұсынуыңыз қажет:
1.Еркін нысандағы өтініш;
2.Қосымшадағы нысан бойынша талап ету жөніндегі сауалнама үш дана;
3.Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және 2 дана көшірмесі;
4.Құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжат (қажет болған жағдайда);
5.Заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);
6.Өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімі;
7.Талап етілетін құжаттың түпнұсқасы (бар болған жағдайда);
8.Консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжат. Консулдық алым 30 АҚШ доллар.
Қайтыс болу туралы куәлікті марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар қызметтік мақсатта талап ете алады.
16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және кәмелетке толмағандар тәрбиесінде тұрған балалар мекемелерінің әкімшілігі сұрата алады.
Жеке тұлғалардың қолдаухаты бойынша өтініштер қанағаттандыруға жатпайды:
-Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер, егер олар өтініш берушіге емес, басқа адамдарға берілсе;
-Егер неке бұзылған болса, неке туралы куәліктер;
-Қайтыс болған адамның туу туралы куәліктері.
Әскери билеттер, қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері қалпына келтірілмейді, жөнелтілмейді немесе шетелге шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктердің мүшелік билеттерін сұрату тәртібін осы бірлестіктер айқындайды.
16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және кәмелетке толмағандар тәрбиесінде тұрған балалар мекемелерінің әкімшілігі сұрата алады.
Егер Сіздің өтінішіңіз қандай да бір себептермен қабылданбаса, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ ҚР-ның Салық Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
Құжаттарыңыздың дайын екендігі туралы Сізге хабарлама жолдау үшін мекенжайыңыз көрсетілген маркаланған конверт (22 х 11 см) ұсынуды сұраймыз.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Әр түрлі консулдық қызмет түрлерін алу процедурасымен толық танысу үшін төмендегі пайдалы материалдарға сілтемелер бойынша өтіңіз.
Ата-анасы Беларусь Республикасына тұрақты тұруға баруды ресімдеген және Беларусь Республикасының аумағында тұрақты тұратын болса кәмелет жасқа толмаған баланы алғашқы құжаттандыру үшін заңды өкілдері (ата-аналары) Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне келесі құжаттарды ұсынуы керек:
1. өтініш және сауалнама (құжаттарды тапсыру күні толтырылады);
2. туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.
Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
3. шетелде "тұрақты тұруға" рұқсат (ҚР паспортындағы белгі, мекенжайдан кету парағы, тұрақты тұруға кету туралы хабарлама, анықтама немесе ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің бланкісіндегі ресми хат);
4. баланың РБ азаматтығын қабылдамағаны немесе заңды өкілдерінің кәмелетке толмағандарға РБ азаматтығын алу мәселесі бойынша жүгінбегені туралы тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі органдарынан анықтама (ҚР Конституциясы бойынша республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығын алуы танылмайды);
5. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті бірдей төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
6.консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы – 100 АҚШ доллары (құжаттарды тапсыратын күні төленеді).
(Төлем банкте төлем жолдамасы бойынша, құжаттардың толық пакеті ұсынылғаннан кейін ғана жүргізіледі).
Ескертпе:
Құжаттандырылатын тұлғаның деректерін салыстыру үшін оның ата-анасының неке қию туралы куәлігін ұсыну қажет.
* тізбедегі қазақ немесе орыс тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы, ал аудармасы нотариалды куәландырылуы тиіс. Аударманың тек 1 данасы ғана нотариалды куәландырылады (екінші данасын қосымша куәландыру талап етілмейді)..
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі күнтізбелік сексен күнді құрайды, қосымша қарау және (немесе) тексеру жүргізу қажет болған кезде көрсету мерзімі күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Ата-анасы Беларусь Республикасының аумағында уақытша тұратын (жұмыс істеу немесе оқуы бойынша) кәмелетке жасқа толмаған алғашқы құжаттандыру үшін заңды өкілдері (ата-аналары) келесі құжаттардың түпнұсқаларын Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің Консулдық бөліміне ұсынуы қажет:
1. өтініш және сауалнама (құжаттарды тапсыру күні толтырылады);
2. туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.
Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
3. оқу кезеңін растайтын ата-ананың оқу орнынан анықтама (егер сіз колледжде/университетте оқитын болсаңыз) немесе кадр бөлімі куәландырған еңбек келісімшарты (шарт), ата-ананың біреуінің жұмыс орнынан анықтама (бұл ретте жеке кәсіпкерлер осы санатқа жатпайды);
4. баланың РБ азаматтығын қабылдамағаны немесе заңды өкілдерінің кәмелетке толмағандарға РБ азаматтығын алу мәселесі бойынша жүгінбегені туралы тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі органдарынан анықтама (ҚР Конституциясы бойынша республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығын алуы танылмайды);
5. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті бірдей төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
6.консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы – 100 АҚШ доллары (құжаттарды тапсыратын күні төленеді).
(Төлем банкте төлем жолдамасы бойынша, құжаттардың толық пакеті ұсынылғаннан кейін ғана жүргізіледі).
Ескертпе:
Құжаттандырылатын тұлғаның деректерін салыстыру үшін оның ата-анасының неке қию туралы куәлігін ұсыну қажет.
* тізбедегі қазақ немесе орыс тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы, ал аудармасы нотариалды куәландырылуы тиіс. Аударманың тек 1 данасы ғана нотариалды куәландырылады (екінші данасын қосымша куәландыру талап етілмейді)..
** Қазақстанда міндетті түрде тіркелу қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі күнтізбелік сексен күнді құрайды, қосымша қарау және (немесе) тексеру жүргізу қажет болған кезде көрсету мерзімі күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Азаматтың жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдарға паспорт ресімдеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Жаңа паспорт ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
-паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайында құжаттың жоғалуы немесе ұрлануы туралы милицияға хабарлап және оны растайтын құжатты ұсыну қажет;
-жеке куәліктің көшірмесі;
-Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
-Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
- адамның тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулықтың бұзылу фактісін растайтын құжат;
- зейнеткердің жеке куәлігі.
(Төлем банкте төлем жолдамасы бойынша, құжаттардың толық пакеті ұсынылғаннан кейін ғана жүргізіледі).
Ескертпе:
Құжаттандырылатын тұлғаның деректерін салыстыру үшін оның туу туралы куәлігін, неке қию туралы куәлігін ұсыну қажет.
* тізбедегі қазақ немесе орыс тілінде берілмеген құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы, ал аудармасы нотариалды куәландырылуы тиіс. Аударманың тек 1 данасы ғана нотариалды куәландырылады (екінші данасын қосымша куәландыру талап етілмейді)..