Импорттан өзгеше жағдайларда азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру және (немесе) олардың импортына лицензия беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензия; үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды уақытша әкелуге, әкетуге және транзиттеуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап 

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған.

2. Лицензиялық алым енгізілмеген.

3. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда.

4. Сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

5. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сай келмеуі.

6. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы.

Лицензия алу алу үшін және (немесе) қорытынды беруге өтініштерді қабылдаудан бас тарту тиісті ескертулер түзетілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті алуы үшін қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

Көру саны:3912

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Импорттан өзгеше жағдайларда азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру және (немесе) олардың импортына лицензия беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

10 АЕК

Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды уақытша әкелуге, әкетуге және транзиттеуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) - ақысыз

Қызмет көрсету уақыты

8 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы