Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қала мен аудандардағы бөлімдері. Ақтау қаласы
27 января 2020

Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қала мен аудандардағы бөлімдері

 Ақтау қаласы

Қаржы - бұл тәртібі.

Жақын арада Қазақстаннның қаржы жүйесі өзінің айтулы мерейтойы – 95-жылдығын атап өткелі отыр.

Мерейтойлардың  маңызды бір ерекшілігі бар – олар өткенді саралап, бағасын беріп және болашақтың жобасын құруға бастайды. Мерейтойлар жүріп өткен жолдың  тағдыршешті межелерін анықтауға ықпал етеді.  Осындай тағдыршешті күннің біреуі 1964 жылдың 6 ақпаны еді. 1964 жылдың 25 наурыз күнгі Ақтау қалалық халық депутаттар Кеңесінің шешімімен  атқару комитеттері бөлімдерінің меңгерушілері бекітілген болатын, оның ішінде  қаржы бөлімінің меңгерушісі де бар-тын. Бөлім  одақтық, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын  қадағалау жұмысын атқарды.  Ақтау қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып  Ғұбашев Хабижан бекітілді.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары бөлімді төмендегідей қызметкерлер басқарды: Бижанова Шолпан, Алиева Лейла,  Гамзатова Эманахан,  Ким Ада.

Соңғы 12  жыл бөлімді Ілиясова Нұрлаш басқарып келеді.

Бұл жылдары қалалық бюджеттің  он есе – 4,5 млрд. теңгеден 32,7 млрд. теңгеге дейін өсуіне қол жеткізілді.

Қаржы бөлімі – жергілікті атқару органындағы ең бір маңыздысы.  Бір қарағанда қаржыгерлердің қызметі елеусіз сияқты көрінеді. Алайда, қаржыландыру болмаса, әлеуметтік саланың жұмыс жасауы, бірде бір мерекені өткізу, немесе инвестиция мәселелерін шешу мүмкін болмас еді.  Тіпті саяси сала  – сайлау мәселелерін шешу де де  қаржыға келіп тіреледі.

ҚР Қаржы  кодексіне сәйкес  бюджетті орындауды және коммуналдық меншікті басқаруды ұйымдастыру мәселелері  қаржы органына жүктеледі. Бюджетті орындау барысында  әртүрлі деңгейлерде есеп беріледі. Қазіргі таңда 2016 жылдың 9 айының қорытындысы жасалды.   Бұл есеп бойынша Ақтау қаласының кіріс бөлімі  25,1 млрд. теңгені құрады, шығыс –  22 млрд. теңге,  орындалу – 97%.   Қаржы бөлімінде небәрі 7 мемлекетік қызметкер жұмыс жасайды,  еңбек ұжымының  57% – кәсіби еңбек өтілі үлкен, жұмыс тәжірибесі бай мамандар,  оның екеуі қаржы-бюджет саласында 20 жылдан астам уақыт, тағы  екеуі – 7 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді.Қаржы органдарында жасаған көп жылғы адал еңбектері үшін бөлім қызметкерлері Мақтау грамоталарымен, алғыс хаттармен және медальдармен марапатталған.

Бөлім мамандарының барлығы дерлік жоғары білімді, олар ұдайы мемлекеттік  қызмет академиясы жанындағы курстарда біліктілігін көтереді. қызығушылықпен әріптестерінің тәжірибесімен танысады, оны өз жұмысында пайдаланады.

Ұжым негізінен қалыптасты,  үлкен еңбек өтілі бар мамандар өздерінен кейінгі буынмен қатар жұмыс жасауда. Мамандарымыздың барлығы да өз істеріне жауапты,  қажет болғанда бірін-бірі алмастыра алады. Оларды «ұлы еңбеккер» деп атасақ артық айтпағанымыз, өйткені оларда уақытпен санасу деген мүлдем  жоқ. Бөлім басшысының  орынбасары Н. Құрманбаева шын мәнінде басшының «оң қолы» болып табылады, ол өте сенімді адам, ал сектор меңгерушілері  А. Өтешева мен  К.Ғабдулина – өз ісінің білікті де адал мамандары.

Қала өмірі қашан да ақшалай қаражаттың дұрыс бөлінуіне байланысты.  Біз өздеріне лайық ізбасарларын дайындап кеткен қаржы саласының ардагерлеріне шексіз ризамыз.Қаламыздың өсіп-көркеюіне, оған қажет қаражаттың болуына және де оны ысырапсыз жұмсауға шын мәнінде тілектеспіз.

ҚР қаржы жүйесінің 95-жылдық мерейтойының қарсаңында әріптестерімізге ойластырған жоспарларыңыздың орындалуын тілей отырып,  денсаулықтарың мықты болсын, өмірде бақытты болыңыз  дегіміз келеді.

Н.Ильясова,

Ақтау қалалық қаржы

бөлімінің басшысы

Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қала мен аудандардағы бөлімдері. Түпқараған ауданы
27 января 2020

Түпқараған ауданы

Сабыр түбі – сары алтын

1896 жылы Маңғыстау түбегінде жалғыз ғана қала – Форт-Александровск қаласы болды, себебі бір ғана орталық болғандықтан адам саны мен мекемелер саны және басқа да көрсеткіштері қала статусына сәйкес келмесе де түбектің маңыздылығына байланысты қала болып құрылған.

1921 жылдан бастап қаланың кірісі мен шығысын, яғни бюджеті мен салығын есептейтін мекеме есебінде уездік финанс бөлімі құрылған.Уездік финанс бөлімінің бастығы  Қилыбаев Б  баскарган қаржы бөлімі бұл күнде экономика және қаржы бөлімі болып қайта құрылып, аудан игілігіне қызмет етіп келеді.

Бұған дейін бұл бөлім аудандык қаржы инспекциясы, Форт-Шевченко қалалық қаржы бөлімі болып қызмет атқарды,  оны 1958-1968 жылдары  Қуанғали Дауленов,  1968-1977 жылдарда Арызғұлов Алтынғали, 1977-1997 жылдары Қарабалаев Көңлімқос , 1997-2011 жылдары Қани Сара, Тұрмағамбетова Тұрсынкүл,  2011-2013 жылдары Ермекова Алтынай басқарса, ал 2013 жылдан бастап Төлеген Жанаргүл  басшылық жасап келеді.

          1991 жылы аудандық қаржы бөлімінен кіріс бөлігі өз алдына бөлініп шығып, аудандық салық инспекциясы болып құрылды. Басшылық қызметке Мұңалов  Өмір тағайындалып, ол  1991-2002 жылдар аралығында басқарды. Қазіргі таңда кіріс басқармасы болып өзгертіліп, оған  Өтепбергенова Жанар басшылық етеді.

1991-1999 жылдар аралығында  ауданның жағдайы қиын болды, қызметкерлерге еңбек ақы және мекеменің бірінші кезектегі шығындары тамақ, дәрі-дәрмек, жанар-жағар май т.с.с. төлеуге қаражат болмай, берешек болып, оларды жабу үшін өзара есеп айырысу (взаимозачет) жолдары арқылы мұнай мекемелерінің салыққа бережағы немесе басқа тауар өндіруші мекемелерге бережағы арқылы, заттай төлеу сияқты түрлі әдістерді қолданып тығырықтан шығу жолдары іздестірілді.  1976-1990 жылдары үй-үйді  аралап, жергілікті салықтарын төлеуге  хабарлама таратып, квитанция жазып, тиісті салықтарды  жинадық.

1990-1995 ж.ж. мекемелерді бір-бірімен қосып, ықшамдау, барынша үнемдеу жүргізілді. Мектептер мен ауруханаларда бірінші қажеттілікке керекті тауарлардан басқа заттар алуға ешқандай  қаражат болмады. 1995-1999 жылдар аралығында  жыл сайынғы бюджет көлемі 97 млн.теңге  жобасында ғана болатын,  келесі жаңа жылды 20-25 млн.теңге көлемінде берешекпен қарсы алатын едік. Аудандағы әлеуметтік сала мекемелерін ұстауға бюджет қаражаты жетпей, облыстан дотация алынды .

Еліміз егемендік алып, өзіміздің төл теңгеміз айналымға еніп, теңдік өзімізге тигеннен кейін бастапқы жылдарда қиындықтарға қарамастан 2000 жылдан бастап борыш азайып, бюджетіміз түзеле бастады. Кейіннен ауыл бюджеттері өздеріне беріліп, сондай әдістермен де жұмыс істелді.

 Сондай қиын кездерден өтіп, соңғы жылдарды аудан бюджетінен облыс бюджетіне пайыздық мөлшерде түсімдер – бюджеттік алымдар алынып отыр.

 Жоғарыда аталған ауданның қиын кезінде  қаржы саласында аянбай еңбек етіп, ауданның  экономикалық  дамуына  үлес қосқан, көптеген  қаржыгерлер   Қани Сара, Нарешова С., Садықова Ж., Жыңғылбаева Ы., Ермекова А.  облыстық,  республикалық  деңгейде қаржы салаларына ауысып қызмет атқаруда, ал  Қарабалаев К., Қанаева Т., Ақтілеуова А.  құрметті зейнеткерлікке шықты.

Жалпы көлемі  492 189 гектарды құрайтын ауданымыз алғашында Баутин, Қызылөзен, Таушық, Ақшұқыр ауылдарынан құралған болатын. Кейінен халық санының өсуіне байланысты  және сол ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді  жедел шешуді ұйымдастыру мақсатында Сайын Шапағатов селолық округі және 2014 жылы Түпқараған  ауданының орталығы – Форт-Шевченко қаласы әкімінің аппараты құрылды.

Статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, 2016 жылғы  1 шілдеде аудан халқының саны 140 мың адамды құрап, 2007 жылмен салыстырғанда  2,6 есеге өскен.

2009 жылдан бастап аудан бюджетінің  қарқынды дамуының,  әлеуметтік салаға, инвестициялық жобаларға бөлініп отырған қаржы үлесінің көбеюінің нәтижесінде аудандық бюджет кірістері есебінен біршама маңызды жобалар іске асырылып,  халық игілігіне ұсынылды.

Бұл көрсеткіштер 2007 жыл мен 2016 жылдың 1 қыркүйегімен  салыстырғанда салық кірістері 2,4 есеге  өскендігін көрсетеді.

Аудан ашылған жылы бүкіл Түпқараған ауданында тұрғындарға екі ғана балабақша қызмет көрсетіп келсе, Елбасының бастамасымен қабылданған «Балапан» мемлекеттік бағдарламсына сәйкес 9 мемлекеттік балабақша, 2 мектеп жанындағы шағын орталық, 5 жекеменшік балабақшалар ашылды. Сонымен бірге ауданда 2 орта мектепте оқу үрдісін 3 ауысыммен оқытып келген болатын. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1 510 оқушыға арналған 2 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта ауданымызда 8 орта мектеп бар.

 Денсаулық сақтау саласында да денсаулық сақтау нысандары жоқ селоларға 3 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, аудандық аурухана құрамында жедел жәрдем бөлімі, 6 дәрігерлік амбулатория, орталық емхана, тубдиспансер пайдалануға берілді.

Мәдениет, спорт және ақпарат саласы бойынша Таушық селосында 200 орындық мәдениет үйі салынып және Ақшұқыр селосында ауыл клубы, Форт-Шевченкода және Таушық селосында спорт кешені ашылды.

          Аудан тұрғындарын құбыр арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілді. 2008 жылы Форт-Шевченко қаласы және Баутин «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржы есебінен Форт-Шевченко қаласы және Баутино поселкесіндегі ауыз су және лас су құбыры іске қосылды. Сонымен қатар, Ақшұқыр және Сайын Шапағатов селоларын селоішілік және резервуар су құбыры құрылысының жұмыстары жүргізіліп, осы жылы пайдалануға беріледі.

    Қазіргі таңда аудан әкімі Т.Асауов, әкім орынбасарлары С.Ерғазиев, А.Алтынғалиев және аудандық экономика және қаржы бөлімінің  басшысының міндетін атқарушы А.Исатаевалардың басшылықтарымен  ауданның қаржы саласы мамандары  жоғарғы кәсіби шеберлігімен  және асқан жауапкершілікпен  аудан бюджетінің қаражатын сапалы жоспарлап, оның тиімді орындалысын бақылауда.

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен   «Ұлттық валюта күніне» және Қаржы жүйесінің құрылғанына 95 жыл толу мерекесі қарсаңында барлық қаржыгерлерді құттықтаймыз! Еліміздің экономикасын нығайтуға, ортақ табысты молайтуға және жоғары белестерден көрінуге бағыттталған еңбектеріңіз жемісті болсын!

Ж.Төлеген,

Түпқараған аудандық экономика және

қаржы бөлімінің басшысы

Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қала мен аудандардағы бөлімдері. Жаңаөзен қаласы
27 января 2020

Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қала мен аудандардағы бөлімдері.

Жаңаөзен қаласы

Болашаққа – нық сенімммен

Ширек ғасырлық ғұмырлы Ел Тәуелсіздігінің орнықты болуына ғасырға жуық уақыт - 95 жылдығын атап өткелі отырған қаржы жүйесінің өзіндік орны бар.

Тарих сахнасында сонау ілгері заманның өзінде әр елдің өзіндік қаржысы-валютасы болғаны белгілі. Соның ішінде, Қазақ халқының төл теңгесінің жасалу тарихы мен ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық валюта жасаудағы тарихи шешімі мен көрегенділігі.  1993 жылдың  15 қарашасында ұлттық валюта – ТЕҢГЕНІ енгізу Қазақстан Респуб­ликасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.    

     Қазақстан өзінің төл валютасын қиын да күр­делі жағдайда дайындап, қабылдаған бола­тын. 90-шы жылдардың басы біздің еліміз үшін болашақты айқындау жолындағы шешімдерді қабылдауда барынша қиын кезең болды: өн­ді­рістің кең ауқымды құлдырауы, экономикалық байланыстардың үзілуі, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы ақша-кредиттік қаты­настар коллапсы.     

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің баюына және гүлденуіне ықпал етсін»  - деген нақыл сөзі теңгенің – тәуелсіздік нышаны екенін айқындай түседі.   Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта.   Әрине, теңге бірден төрт ая­ғын тең басып, жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жыл­дар оның құнсызданған ке­зеңі болды. Де­генмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқ­татқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен ор­нық­тылығын сақтауы мемле­кет­тің қаржы саясатындағы қарым­ды істерінің нәтижесі.

    Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр­сет­кіш­терінің бірі Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта.  Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.

    Жаңаөзен қаласы Маңғыстау түбегінің континенталды бөлігі – Үстіртте  орналасқан. Халық саны бойынша облыс орталығы Ақтау қаласынан кейінгі екінші қала болып есептеледі. Тәуелсіздігімізді алған жылы, нақты дерек бойынша халық саны 54300 адамды құрап, қазіргі таңда 87 700 адамға өскен, яғни 2016 жылдың 1 қазанына 142,0 мың адамды құрады. Халық санының негізгі өсімі ТМД елдерінен келген оралмандардың санынан болған. Соңғы жылдары халық саны табиғи өсім негізінде қарқындап өсуде.

 

Халық санының ықшамдауын есепке алумен, мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатырған құрылыс саласындағы өзгерістерді іске асыру мақсатында Жаңаөзен қаласын салудың 2025 жылға дейінгі Бас жоспары қайта жасақталып, Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 26.09.2012 жылғы №9/78 шешімімен мақұлданып, облыстық мәслихаттың шешімімен 07.12.2012 жылғы №7/91 шешімімен бекітілді. Бас жоспар бойынша халық саны 2035 жылға дейін – 200,0 мың адамға, 2025 жылға дейін – 150,0 мың адамға дейін өсім көрсетілген.

Жалпы қаланың аумағы 51469 шаршы км. Жер қабатының және өсімдік сипаты бойынша барлық аумақ шөлейтті-дала аймағына жатады. Тұщы судың су үсті көздері және суасты қойнаулары қала аумағында жоқ. Тұщы су үш көзден келеді – ұзындығы 1050 шақырым. Қиғаш-Маңғыстау су құбыры бойынша Волга суы және Түйесу мен Сауысқан кен орындары. Облыс орталығынан Жаңаөзен қаласына дейінгі ара қашықтық – 150 шақырым. Теңіз жағасынан 60 шақырым қашықтықта. Жері тастақ, төңірегі кеңістік, жазық дала.

Транспорттық орналасуы бойынша Жаңаөзен қаласын темір жол желісі бойында, халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қалалар тобына қосуға болады.

 Қаланың тыныс-тіршілігі, өсіп – өркендеуі бағытында атқарылып жатырған білім, денсаулық, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық-жалпы дамуы бағытындағы іс шаралар аталған бөлім қызметімен тілекелей байланыста жүзеге асады, яғни қала дамуының күретамыры іспеттес.

1989 жылы ашылған экономика бөлімінің бастығы болып Самат Мұқашев, 1990-92 жылдары Ғабидулла Дәулетов, 1992-2001 жылдар аралығында бөлім басшысы Тамара Баскаева, 2001 жылдан бастап Нұржұма Гумарова қызмет етті. 2006 жылы бөлім екіге бөлініп, бірі - қаржы және бюджетті жоспарлау бөлімі боп /басшысы Мая Әбдиқұлова/, екіншісі – экономика бөлімі / басшысы Нұржұма Гумарова/ аталды.  2015 жылдан бері қаржы бөлімі мен экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы қызметінде Раушан Джантлеуова атқарып келеді. Аталған бөлімде 27 маман қызмет жасайды. Қазіргі таңда қалалық бюджет есебінен 47 мемлекеттік мекеме және  37 кәсіпорын қаржыландырылады. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындарда және  бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органда барлығы  200 жуық қаржы маманы қызмет етеді.Былтырғы жылғы қала әкімінің жоғарғы марапаты «Жылдың үздік қаржыгері» атағын бөлім басшысы Раушан Қалдықұлқызы иеленді.

Қаламыздың қаржыгерлері жоғарғы кәсіби шеберлігімен, сауаттылығымен және жауапкершілікті сезіне білуімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда қаржыгерлер алдында ақша қорларын сауатты жоспарлау және бөлу, оларды жұмсауды  тиімді басқару сияқты елеулі міндеттер тұр.

Қала экономикасын нығайтуға, ортақ табысты молайтуға және қаланың жоғары белестерден көрінуіне   қаржы саласы мамандарының қосқан үлесі орасан зор. 

Р.Джантлеуова,

 Жаңаөзен қалалық экономика және

қаржы бөлімінің басшысы

Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қала мен аудандардағы бөлімдері. Қарақия ауданы
27 января 2020

Қарақия ауданы

 Болашағы зор Қарақия 

 1973 жылы іргетасы қаланған Қарақия ауданының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары аз емес. Ауданның экономикалық өсу қарқыны мен  қаржының игерілу дейгейіне көз жүгірте отырып, әлемді шарпыған дағдарыстың алдын алу шараларын дұрыс жолға қою арқылы тығырықтан шыға білетін ауданның бірі.

Еліміздің тәуелсіздік алып, тоталитарлық жүйенің қыспағынан құтылып, қарыштап даму жолына түскелі ширек ғасыр уақыт өтті. Осы уақыт аралығында еліміз ғасырға тұрарлық жетістіктерге қол жеткізді. Бұл, сөз жоқ, еліміздегі экономиканың дұрыс жолға қойылғандығының айқын белгісі. Бұл – нарықтық экономиканың дүниежүзілік озық тәжірибесін қазақстандық, бейімді экономикаға шебер пайдалануды көздеген Елбасымыздың сындарлы саясатын жүзеге асырып отырған қаржы жүйесі қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің жемісі. Қазіргі таңда аудандық экономика және қаржы бөлімінде 6 мемлекеттік қызметші және 9 негізгі қызметкер жұмыс жасайды.

1993 жылы аудан бюджетінің көлемі 1 575 748 теңге болып бекітілген. Штат бірлігі 13 қызметкерден тұрған. Одан бері 1995 жылдың 7 сәуірінде алғашқы рет аудандық мәслихаттың VI сессиясында «Ауданның 1995 жылы арналған бюджетін бекіту туралы» қаулысы қабылданды, көлемі – 1 673375 теңге. 2000 жылға аудан бюджеті  193 663 мың теңге көлемінде,  2005 жылға –  1 098 930 мың теңге көлемінде, 2010 жылдың бюджеті 2 253 230 мың теңге көлемінде  бекітілген.  2016 жылы бұл көрсеткіш 11 372 263,1 теңге болды.

Ауданда 1995 жылдары 1260 орындық 12 балабақша болды. 2002 жылы 35 орындық 1 балабақша ашылды. 2005 жылы барлығы 110 орындық 2 балабақшаға көбейді. 2010 жылы барлығы 1068 орындық 11 балабақша. 2016 жылы барлығы 2039 орындық 16 балабақша жұмыс жасауда.

1995-2016 жылдар аралығында аудан бойынша 16 мектеп бар, оның ішінде  2015 жылы №5 және Құланды орта мектептері пайдаға жарамсыз болғандықтан жаңа мектептер салынып, 2015 жылы 1қыркүйекте пайдалануға берілді.

Аудан бойынша 2007,  2013,   2014,  2015 жылдары бір-бір  емханадан салынып,  пайдалануға берілді. Барлық емхана дәрігерлермен қамтылды.

Мемлекеттік мекемелердің штаттық кестесі бойынша 2337 кызметкер, оның ішінде мектептерде – 1990 қызметкер, балабақшалар бойынша 469 қызметкер  бар.

 Ауданда бюджет кредиттен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  2010-2016 жылдары  490 764,07 мың тенге көлемінде 410 маманға көтерме жәрдем ақы және 194 маманға тұрғын үй сатып алуға  2 200 329,9 мың теңге қаржы бөлінді.

Аудан бойынша 2010-2016 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына– 526 888 874,40 мың теңге, ауылішілік жолдарды жөндеуге – 22 363 000,00 мың теңге. 

 Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелері туралы 2010-2016 жылдар аралығында елді мекен бойынша 886 тұрғынға 45,7 гектар жер учаскелері берілді.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен қаржы жүйесінің құрылғанына 95 жылдығы қарсаңында Қарақия ауданының экономикалық өсіп-өркендеуіне білімі мен күш-жігерін аямай, адал қызмет етіп жүрген білікті мамандар сый-құрметке де, марапат-мадақтауға да лайықты деп есептейміз.

1973 жылы жаңадан Шәбден Ералиев ауданы ашылды. Сол жылы Ш.Ералиев атындағы ауданның партия комитетінің бірінші хатшысы болып Юрий Георгиевич Казаченко, ал қаржы бөлімінің бірінші басшысы болып А.Құдайбергенов тағайындалды.  2010 жылдың сәуір айынан бастап Қарақия ауданының экономика және қаржы бөліміне  Әлия Жұмабайқызы Әбдіхалықова басшылық етіп келеді.

Сондай-ақ аудан әкімі Ә.Дауылбаев, аудан әкімінің орынбасарлары А.Қ.Түркіменбаев, Қ.Ә.Беков, аппарат басшысы А.Б.Таубаев және Қазынашылық басқармасының басшысы С.Боранбаева мен аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Б.К.Абилов ауданның қаржы саласына және дамуына үлкен үлес қосып, аянбай жұмыс жасап келеді. Азғана уақыт ішінде еліміздің мемлекеттік бюджеттің атқарылу деңгейін сапалы деңгейге көтеруге, бюджет қаражаты қозғалысының ашықтығына қол жеткізегенін айта кеткен жөн. Бұл жерде қаржы, қазынашылар мен мемлекеттік кірістер басқармасының  енбектері айрықша.

Сөзімізді  қорытындылай келе, ауданның  экономикасы мен қаржысын нығайтуға, ауданымыздың жоғарғы белестерден көрінуіне мамандарымыздың қосқан үлесі мен еңбектері орасан зор екендігін атап айтқымыз келеді.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен  құттықтай отырып, еліміз тыныш, басымыз аман болсын, ағайын дегіміз келеді.

Сондай –ақ Қазақстан қаржы жүйесіне 95-жыл толып отыр. Бұл да барлық қаржыгерлерге  ыстық мерейтой. Барша әріптестерімізді құттықтай отырып, жұмыста табыс пен биіктерден көрінулеріңізге тілектеспіз!  

                    Әріптестер, құтты болсын мерекең!

                    Бірлік пенен арта берсін берекең!

                    Қаржымыздың ортаймасын қазаны

                    Сонда ғана, тереземіз тең екен!

 

                    Жеңіл өтсін жерімізде дағдарыс,

                    Жайлы болсын елімізде жан бағыс.

                    Бәрінен де мықты болсын денсаулық,

                    Аман болсаң, атқарылар қалған іс!

 

                    Бақытты өмір тарқамасын базарың,

                    Гүлдей жайнап, жарқырасын  ажарың!

                    Әр адамның нәпақасын сыйлайтын –

                    «Қаржы» атты ортаймасын қазаның.

А.Әбдіхалықова,

Қарақия аудандық экономика және

қаржы бөлімінің басшысы

Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы. Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының қала мен аудандардағы бөлімдері. Мұнайлы ауданы
27 января 2020

Мұнайлы ауданы

Мұнайлының қарымды қадамдары

Биыл ерекше жыл. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен республика қаржы жүйесінің құрылғанына 95 жылдық торқалы тойлары  түспа тұс келіп жатыр.

1991 жылғы 17 желтоқсанда, яғни тәуелсіз ел атанған күннің ертеңіне  мемлекетіміздің маңызды заң актілерінің  бірі – «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы»  заң қолданысқа енгізілді. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бюджеттік  кодексі іске кірісті. Бұл нағыз тарихи оқиғалар еді, себебі ірі мемлекет тұрмақ, кішкентай отбасының бюджетінде тәртіп болмаса, болашақты жоспарлау мүмкін емес. Өткен ширек ғасырда Қазақстан небір қиындықтардан өтіп,  Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен  бірталай жетістіктерге жетті: елімізді әлем танып, мойындады, әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен жағдайы жақсарды, жаңа технологияларды пайдалану арқылы  экономикамыз қарқынды даму үстінде.  

Елбасының көрегендігімен Мұнайлы ауданы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы «Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрамына өзгертулер енгізу туралы» №338 санды Жарлығына сәйкес, еліміздің тәуелсіздік алған жылдары ішінде ең алғаш құрылған аудан.

Дағдарыс жағдайында  инженерлік инфрақұрылымды және индустриялық жобаларды жүзеге асыруға, әлеуметтік саланы, кадрларды қайта даярлау ісіне, ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп, оларды қаржыландыруға қомақты қаржы бөлінді.  Мұнайлы ауданы қиындықтарға мойымай, алға қойған міндеттерді орындай  отырып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Жалпы көлемі  492 189 гектарды құрайтын ауданымыздың бүгінгі орталығы – Маңғыстау селосы, ол облыс орталығынан небәрі 20 шақырым қашықтықта орналасқан,  басқа аудандармен теміржол, автожол қатынастарымен байланысқан. Аудан алғашында Маңғыстау, Баянды ауылдарынан және Қызылтөбе  селолық округінен құралған-ды. Кейін, яғни 2008 жылдың қаңтарынан халық санын ескере отырып  және сол ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді  жедел шешуді ұйымдастыру мақсатында Дәулет, Атамекен, Басқұдық селолық округтері және 2011 жылы  Мұнайлы ауданының болашақ орталығы – Батыр селолық округі  құрылды.

Статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, 2016 жылғы  1 шілдеде аудан халқының саны 140 мың адамды құрап, 2007 жылмен салыстырғанда  2,6 есеге өскен.

2009 жылдан бастап аудан бюджетінің  қарқынды дамуының,  әлеуметтік салаға, инвестициялық жобаларға бөлініп отырған қаржы үлесінің көбеюінің нәтижесінде аудандық бюджет кірістері есебінен біршама маңызды жобалар іске асырылып, халық игілігіне ұсынылды.

Бұл көрсеткіштер 2009 жыл мен 2016 жылдың 1 қыркүйегімен  салыстырғанда салық кірістері 2,3 есеге  өскендігін көрсетеді.

2016 жылғы аудан бюджетінің көлемі 15 499 864,7 мың теңгені құрады, ал аудан құрылған кезде, яғни 2007 жылы  901 681,0 мың теңге болған: бұл дегеніміз ауданымыз ашылғаннан бері аудан бюджеті 17,1 есе  өсті деген сөз.

Аудан ашылған жылы бүкіл Мұнайлы аумағында тұрғындарға бір ғана балабақша қызмет көрсетіп келсе, Елбасының бастамасымен қабылданған «Балапан» мемлекеттік бағдарламсына сәйкес осы жылдар ішінде 12 мемлекеттік балабақша, 4 шағын орталық, 17 жеке меншік балабақша ашылып, пайдалануға берілді.  Сонымен бірге ауданда 4 орта мектепте оқу үрдісін 3 ауысыммен оқытып келген болатын. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 8080 оқушыға арналған 8 мектеп салынып пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта ауданымызда 12 орта мектеп бар.

Денсаулық сақтау саласында да денсаулық сақтау нысандары жоқ селоларға 3 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, аудандық аурухана құрамында  жедел жәрдем бөлімі, 6 дәрігерлік амбулатория,  орталық емхана, тубдиспансер пайдалануға берілді.

Мәдениет, спорт және ақпарат саласы бойынша Маңғыстау селосында кітапхана және Баянды селосында ауыл клубы, Қызылтөбе мәдениет үйі, 3 балалар мен жасөспірімдер спорт клубтары ашылды.

Ауданның инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін 28,1 млрд. теңге құрайтын жобалар іске асырылды. Газбен қамту бағытында –  Маңғыстау селосында 35 км газ құбыры, Қызылтөбе селосында 60 км газ құбыры, Дәулет селосында 30км  газ құбыры және Баянды селосында 19 км  газ  құбыры  салынды  (барлығы 144 км). Бүгінгі таңда ауданға қарасты село, селолық округтер 100 % толықтай газдандырылды.

Электрмен қамту турасында:  2007 жылы Маңғыстау, Қызылтөбе, Дәулет және Баянды селоларында электрмен қамту  50%  құрады.  Ал қазіргі уақытта қалған елді мекендер мен көше жарықтандыру –  100% толықтай электр желісімен  қамтылды.

Аудан тұрғындарын құбыр арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржы есебінен Баянды селосында резервуар паркі бар тұщы су қондырғысы  және ауылішілік сумен жабдықтау желілері іске қосылды. Соның нәтижесінде Баянды ауылының тұрғындарына  ауыз суды құбыр арқылы пайдалануға мүмкіндік туды. 2007 жылы құбыр арқылы пайданаланушылардың үлесі 7% құраса,  қазіргі таңда бұл көрсеткіш 18% жетіп отыр. Маңғыстау-1, Маңғыстау-2, Жаңа Дәулет селоларына  су құбыры тартылып, қолданысқа берілді.

Ауданымыздың қаржыгерлері жоғары кәсіби шеберлігімен, сауаттылығымен және жауапкершілікті сезіне білуімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда қаржыгерлер алдында ақша қорларын сауатты жоспарлау, бөлу және жұмсауды  тиімді басқару сияқты елеулі міндеттер тұр.

Тарихымызға үңілсек, қаржыгерлердің ауданның даму ісіне қомақты үлес қосқанын аңғару қиын емес. Мереке қарсаңында қызмет еткен кезеңдерінде  зор құрметке бөленген  сол кездегі Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Т.Асауов пен экономика және қаржы бөлімінің бастығы А.Толыбаеваның есімдерін атап өтудің артығы болмас. Қазіргі таңда экономика және қаржы жүйесіне үлес қосып отырған Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.Сұңғат  және бөлім басшысының орынбасары А.Көшекбаева, Мұнайлы ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Нұрымұлы және Мұнайлы аудандық Қазынашылық  басқармасының басшысы К.Қуандықовалардың есімдерін атап өтуге болады.

Қорыта келе айтқанда, аудан экономикасын нығайтуға, ортақ табысты молайтуға және ауданымыздың жоғары белестерден көрінуіне ауданымыздың қаржы саласы мамандарының қосқан үлесі орасан зор.

Ш.Сұңғат,

Мұнайлы аудандық экономика және

қаржы бөлімінің басшысы

Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
Маңғыстау облысының қаржы жүйесі: қалыптасуы мен дамуы
24 января 2020

 

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерекесімен қатар егемен еліміздің қаржыгерлері Қазақстанның қаржы жүйесінің 95 жылдық мерекесін де атап өткелі отыр.

          Тарих. Маңғыстау өңірінде қаржы органдарының қалыптасуы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастау алады. 1920 жылдың 12 маусымында сол кездегі Түркістан АССР-нің (кейін Қырғыз, ал 1925 жылдан – Қазақ АССР) құрамында Адай уезі құрылып, уездік ұйымдардың қатарында Адай уездік қаржы бөлімі құрылған.

          Кез-келген аумақтық бірлікті (қала, село, уезд т.б.) ұстау үшін қаржы қажет екендігі түсінікті, яғни қоғамдық қажеттіліктер үшін қаражат жинау және оны тиімді жұмсау керек. ҚАССР Қаржы Халық Комиссариатының құрамына енген Адай уездік қаржы бөлімінің негізгі міндеті – өңірде Кеңес Өкіметінің қаржы саясатын жүргізу, уезде қаржы-экономикалық қатынастарды реттеу және басқару болды. Қаржы бөліміне мемлекеттік мұқтаждар үшін қажетті қаражатты жинау, уездік бюджеттің орындалысын  қамтамасыз ету және уезд аумағында жүргізілетін шараларды қаржылай қамту жүктелді.

Архивтік материалдарға жүгінсек, 1923-24 жылдардағы уезд бюджетінің кірістер бөлігі 159,9 мың сомды, шығыстары – 285,4 мың сомды құраған, оның шамамен 30% білім беру саласына жұмсалған. Ол кездерде Адай УҚБ Қилыбаев, Ақджанов, Малых, Бермұхамедов жолдастар басқарған.

1927 жылдың 27 маусымында Адай уезі жабылуына байланысты Адай уездік қаржы бөлімі де өз жұмысын тоқтатты.

1928 жылдың 17 қаңтарында Қазақ АССР-нің Адай округі болып қайта құрылғаннан кейін, Адай округтік жұмысшы, шаруа және қызыләскерлер депутаттарының атқару комитетінің қаржы бөлімі құрылды. Сол кездегі қаржы бөлімінің құрылымында 5 бөлімше болған екен, олар:

  • Жалпы бөлімше;
  • Салық бөлімшесі;
  • Жергілікті қаражаттар бөлімшесі;
  • Бақылау-есеп бөлімшесі;
  • Есеп бөлімшесі.

1928 жылы  Қазақ КСР қаржы органдарының қызметін оңтайландыру мақсатында құрылымдық өзгерістер жасалып, бөлімшелер орнына топтар құрылды, яғни қаржы бөлімінің құрамында енді бюджеттік топ, салықтық топ, салықтық емес топ, ақша-валюта тобы және хатшылық топтар болды. Сол кезеңдегі Адай ОҚБ-нің штаттық саны 21 адам болған, бөлімге Бондаренко, Қалменов, Оңғалбаев жолдастар басшылық еткен. Округтік қаржы бөлімдері халық шаруашылығын қаржыландыруды, мекемелердің жергілікті бюджет кірістері мен шығыстарын орындауын бақылауды жүзеге асырды. 1929 жылдың 10 сәуірінде Адай уезі жабылуына байланысты уездік қаржы бөлімі де өз жұмысын тоқтатты. Ол кездерде аумақтық қайта құруларға сәйкес облыстың қаржы органдары да қайта құрылып, құрылымдық өзгерістерге ұшырап отырған. Көп жылдар жергілікті қаржы мекемелері сол кездегі Гурьев облысына қарасты болып, аумақтық бөлімшелер міндетін атқарып келді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының  1973 жылғы 20 наурыздағы Жарлығымен Маңғышлақ облысы құрылғаннан кейін, Маңғышлақ облыстық еңбекші депутаттар Кеңесінің атқару комитетінің қаржы бөлімі құрылды. Бөлім өз құрылымында 3 негізгі бөліктен тұрды:

  • Мемлекеттік кірістер бөлімі, ол кеңестік (мемлекеттік) және республикалық бюджеттердің кірістер бөлігінің орындалысын, кеңестік және республикалық деңгейдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін бақылаумен айналысты;
  • Бюджет бөлімі қалалық және поселкелік Кеңестердің бюджеттерінің орындалуын, жергілікті деңгейдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметтерін бақылайды;
  • Бақылау-ревизиялық басқармасы.

Облыстық қаржы басқармасының алғашқы басшысы болған А.П.Пак сол кездерді былай деп еске алады: «Жаңадан құрылған облыста барлығын жаңадан құру керек болды, басқару құрылымы, оның ішінде облыстық қаржы басқармасы мен екі жаңа аудандық (Мұнайлы және Ералиев)қаржы бөлімдері қалыптасты. Мамандар жетіспеді, сондықтан басқа өңірлерден, яғни Алматы, Орынбор, Семей, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Гурьев облыстарынан қызметкерлер шақырылды. Сол қызметкерлер кейін түрлі қаржы органдарының басшылары болды.Олар – А.Құдайбергенов, М.Жаңбырбаев, А.Качаков, Ж.Албытов, В.Киселева және т.б.».

1977 жылы Маңғышлақ облыстық еңбекші депутаттар кеңесінің қаржы бөлімі Маңғышлақ облыстық халық депутаттары Кеңесінің қаржы бөлімі, ал 1990 жылы Маңғыстау облыстық халық депутаттары Кеңесінің қаржы басқармасы болып қайта құрылды.

Облысымыздың қаржы органдарының қалыптасуы мен дамуы жылдарында тізгін басында өз ісінің нағыз кәсіпқойлары, білікті де жігерлі басшылар тұрды, олар:

Пак Андрей Пон-Дюнович – 1973-1988 жж. басқарған;

Құдайбергенов Амангелді Ахабайұлы – 1988-1991жж.;

Киселева Валентина Николаевна – 1991-1997жж.;

Шаметова Светлана Борисовна – 1997-2001жж.;

Сәрсенқұлов Жансейіт Сәрсенқұлұлы – 2001-2003жж.;

Нұрғалиева Халила Хабижанқызы – 2003-2004жж.;

Сейітмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы – 01.2005ж.-02.2005ж.;

Альбекова Марина Борисқызы – 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін.

Осы басшылармен бірге иық тіресіп қажымай еңбек еткен көптеген мамандар бар, олардың ішінде бүкіл саналы өмірін қаржы қызметіне арнаған ардагерлер Семенько Надежда Акимовнаны, Итешов Құдайберген Битасовичты, Слизова Людмила Григорьевнаны, Жанна Жұмағұловна Тұрғамбаеваны, Батырбаева Айжамалды, Ким Ада Николаевнаны т.б. атап өтуге болады.

Сонымен қатар, жергілікті деңгейде елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан, өз міндеттерін абыроймен атқарып келген аудандық және қалалық қаржы бөлімдері қызметкерлерінің еңбектері елеулі. Олардың қатарында аяулы ардагерлер Х.Б.Губашевты, З.С.Садықовты, Қ.Д.Дәуленовты, А.М.Захаровты, Қ.Қарабасовты, С.Жұбаевты, А.Арызғұловты, Қ.Қарабалаевты, С.Қаниды, Ж.Ж.Ерғалиевты және басқаларын еске аламыз.

          Тәуелсіздік жылдары. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жаңа мемлекет құру, ел экономикасын басыбайлы өзгертіп, нарықтық экономикаға көшіру, тәуелсіз еліміздің төл валютасы – теңгенің енгізілуі сияқты қоғамдағы түбегейлі реформалар қаржы жүйесін де қайта құруға негіз болды. Осы жылдары қаржы саласы қызметкерлеріне жаңаша жұмыс істеу, іздену, өз біліктіліктерін шыңдай түсу арқылы тәуелсіз еліміздің жаңа қаржы жүйесін қалыптастыру міндеті жүктелді және олар өз міндеттерін абыроймен атқарып шықты.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай төмен деңгейде болғаны белгілі. Қаржы-шаруашылық байланыстар үзілген, көптеген кәсіпорындар қызметін тоқтатып, бюджетке салықтар түспей, еңбекақылар мен жәрдемақылар төлеуге қаржы жетпейтін қиын кезеңдерде өңір қаржыгерлері бар мүмкіншілікті пайдаланып, тығырықтан шығатын жолдар таба білді.

Еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына бөлек мемлекет болып қалыптасуы және дамуы жылдарында өңірдің қаржы органдары да қайта құрылу, қалыптасу, жан-жақты даму сатыларынан өтті. 1992 жылы Маңғыстау облыстық әкімшілігінің қаржы басқармасы, 2005 жылы Маңғыстау облысының қаржы департаменті және соңғы рет 2008 жылы Маңғыстау облысының қаржы басқармасы ретінде қайта құрылды. 1998 жылға дейін басқарманың штат саны 93 адамды құрайтын, ол кезде 2 қала және 4 аудандыққаржы бөлімдері басқармаға қарайтын еді. Қайта құрулар нәтижесінде қалалық және аудандық қаржы бөлімдері жергілікті әкімдіктерге беріліп, қаржы басқармасы облыс көлемінде қаржы-бюджет жүйесін үйлестіруші және қадағалаушы орган ретінде қалыптасты. Қазіргі таңда облыстық қаржы басқармасында 37 адам, ал 2 қалалық және 5 аудандық қаржы бөлімдерінде 127 адам, облыс бойынша барлығы 164 адам қызмет етеді.

Қаржы басқармасының негізгі міндеттері - жергілікті бюджеттердің орындалысын қамтамасыз ету және коммуналдық меншікті басқару болып табылады. Яғни, облыс аумағындағы кез-келген мемлекеттік маңызы бар мәселе қаржы қызметкерлерінің қатысуынсыз шешілмейді, себебі барлық шаралар  бюджет қаражаты мен қажетті активтермен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан қаржыгерлер жан-жақты білімді және білікті болуы шарт, себебі олар тиімді және заңды қаржыландыру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, коммуналдық шаруашылық т.б. салалар заңдылықтарын біліп, мәселелерге талдау жасай алуы керек.

          Бюджет жүйесі.

Облыс бюджеті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар негізінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталып жасақталады.

Өткен ширек  ғасыр ішінде облыстық бюджет еліміздегі салық-бюджет саясаты мен қаржы-несие жүйесінің өзгеріп отыруына, өңірдегі экономикалық жағдайға сәйкес дамудың түрлі сатыларынан, яғни қалыптасу, тұрақтану және өсу деңгейлерінен өтті. Облыс бюджеті 1995 жылы тек қана 3,5 млрд.теңгені құраса, 2005 жылы 36 млрд.теңге, ал 2015 жылы 161,3 млрд.теңге болды, яғни 10 жылда 4,5 есе, ал 20 жылда 46 есе өскен. Мемлекеттік бюджетке 1995 жылы 3,3 млрд.теңге салықтар мен басқадай міндетті төлемдер түссе, 2015 жылы ел қазынасына 348,7 млрд.теңге түсімдер түсті, оның ішінде РБ-ке – 200 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерге – 148,7 млрд.теңге.

2016 жылы облыс бюджеті 176,8 млрд.теңге көлемінде қалыптасқан, оның 131,8 млрд.теңгесі жергілікті кірістерден құралса, 45 млрд.теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер болып табылады. Бюджет қаржысының 53,4 млрд.теңгесі немесе 30,2% әлеуметтік салаға бағытталса, 37,3 млрд.теңге, яғни бюджеттің 21,0% даму бағдарламаларына жұмсалып отыр. Ағымдағы жылы бюджет қаржысынан облыс көлемінде 315  жаңа объект пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Облысымыз республикадағы «донор» өңірлердің бірі екені белгілі, республикалық бюджетке өз табыстарынан аударатын аударым көлемі жыл санап өсіп келеді, ағымдағы жылы 25,7  млрд.теңге аударым қарастырылған.    Бюджет процесін оңтайландыру бағытында ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылып отырған мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау маңызды роль атқарады. Оған сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілері бюджет қаражатын басқару тиімділігі бағытыбойынша, яғни түпкілікті нәтижеге жету, жеткен нәтиже мен оған жұмсалған бюджет қаражатының сәйкестілігі, кредиторлық және дебиторлық бережақтардың өсуі, бөлінген бюджет қаражатының игерілу және т.б. көрсеткіштер мен өлшемдер бойынша бағаланады. Бағалау қорытындылары жыл сайын бюджет процесін одан әрі жетілдіру және қаржы тәртібін нығайту шараларын жүргізуде қолданылады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаржысын екінші деңгейдегі банктер депозиттерінде негізсіз орналастыру мәселесі де оң шешімін тапты, ендігі жерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестицияларға және жарғылық капиталды ұлғайтуға (қалыптастыруға) бағыттайтын қаражаттарының есебі жүргізілетін есепшоттар Қазынашылық органдарында ашылған.

          Коммуналдық меншікті басқару.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ел Президентінің «Қазақстан-2030, Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауын жүзеге асыру бағытындағы шаралары мемлекеттік меншікті басқару жүйесін оңтайландыруға және тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ел экономикасының қарқынды дамуы мемлекеттік активтерді басқару саясатындағы басымдықтарды қайта қарауды талап етті.

2003 жылдан бастап мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру мен жекешелендірудің салалық бағдарламалары жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарламаларда мемлекет активтерін басқарудың негізгі бағыттары мен міндеттері айқындалды, оның ішінде мемлекет мүдделері мен міндеттеріне сәйкес мемлекеттік меншіктің сапалық құрамын анықтау, оны басқарудың тиімділігін бағалау критерийлерін белгілеу және есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу мәселелері бірінші кезекке шықты.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқарудың алғышарттарының бірі – бұл мемлекет меншігінің саны мен сапасы жөнінде толық мәлімет жинақтау. Маңғыстау облысының әкімдігі бүгінгі күнге 265 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 408 мемлекеттік мекеменің қатысушысы болып табылады, олардың меншігіндегі негізгі активтердің құны 700 млрд.теңгеден асып жығылады.

Коммуналдық мемлекеттік меншікте ұлттық компаниялар мен даму институттарының акциялар қорын қоса алғанда 21 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акциялар қоры мен үлестері бар.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында акционер немесе қатысушы ретінде мемлекеттің қатысуы оның осы заңды тұлғаларға қатысты мақсаттары мен мүдделеріне байланысты болады. Сондықтан жыл сайын мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің қызметтеріне талдау жүргізіліп, тиісті емес қызмет түрлері анықтау және оларды бәсекелестік салаға беру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Талдау көрсетіп отырғандай, мемлекеттік заңды тұлғалардың Жарғысында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге, белгіленген қызмет түрлеріне жатпайтын көптеген қосалқы қызмет түрлері бар.

Тәуелсіздік алған жылдары нарықтық экономикаға көшіру және жеке меншікті қалыптастыру мақсатында жекешелендірудің алғашқы қадамдары жасалды. Алайда мемлекет меншігінде әлі де бірқатар кәсіпорындар қалды, сонымен қатар жекешелендірудің бірінші толқынынан кейін де көптеген даму институттары құрылды.

Елбасының 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес қазір жүргізіліп отырған жекешелендірудің екінші толқыны шағын және орта бизнесті одан әрі ынталандыру арқылы ел экономикасын қарқынды дамыту үшін жүзеге асырылуда. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы – желтоқсандағы № қаулысымен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспары бекітілді.

2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес облыс көлемінде коммуналдық меншіктегі 15 ұйымды (11 облыстық және 4 аудандық) жекешелендіру қарастырылған, оның ішінде бүгінгі күнге 2 ұйым жекеге сатылып, 1 сенімгерлікпен басқаруға берілді, тағы да 3 ұйым саудаға шығарылды.

Жалпы алғанда, облыстық қаржы басқармасымен соңғы 10 жылда құны 1,2 млрд.теңге болатын коммуналдық меншік объектісі (қозғалмайтын және басқа да мүліктер, мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар үлестері т.б.) бәсекелестік салаға сатылып, қаржы бюджетке құйылды.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқарудың тағы бір бағыты бұл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік моделін енгізу болып табылады. Қазіргі таңға Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің бірнеше механизмдері қолданылады, оның ішінде кең тарағандары: лизинг, мемлекеттік сатып алулар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында жеке тұлғалармен қатар мемлекеттің де қатысуы, мемлекеттік меншік объектілерін жеке түлғаларға жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру. Бұл механизмдердің жүзеге асырылуы заңмен нақтыланған.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің тағы бір маңызды механизмі болып концессия табылады. 2006 жылдың шілдесінде ҚР «Концессия туралы» Заңы қабылданғаннан кейін, облыстық қаржы басқармасы қызметкерлерінің тарапынан осы механизмді қолдана отырып Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын салу жобасы ұсынылды.

2007 жылы Маңғыстау облысында республикада алғашқы рет концессия негізінде аталған жоба жүзеге асырылып, түрік компаниясымен 30 жылға шарт жасалды. Бұл шарт негізінде «АТМ Grup» компаниясы әуежайға жаңа жолаушылар терминалын салып қана қоймай, ұшу-қону алаңын қайта құрылымдап, оны халықаралық сапа деңгейіне жеткізу жұмыстарын атқарды. Қазіргі таңға Ақтау әуежайы тасымалдау көлемі жөнінен республика бойынша Астана және Алматы әуежайларынан кейінгі 3 орынды алады және ТМД елдері ішіндегі даму әлеуеті жоғары әуежайлардың бірі болып табылады.

2014 жылдың 30 маусымындағы мемлекет басшысымен қол қойылған «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енгені белгілі. Отандық экономиканың дамуына зор серпін беретін бұл науқан 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Облыс бойынша 01.10.2016ж. жағдайына мүлікті жария етуге құны 16,5 млрд.теңгені құрайтын 775 өтініш түсіп, құны 10,9 млрд.теңге болатын 550 өтініш қанағаттандырылды.

Маңғыстау облысы бойынша қаржы басқармасы ұжымы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін Ұлттық валюта күні мерекесімен, еліміздің қаржы жүйесіне 95 жылдық және Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, амандық, бақыт және ұзақ өмір тілейді!

Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Маңғыстау облысының 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
24 января 2020

Маңғыстау облысының 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2016 жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру басталды.

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2016 жылдың 1-тоқсанында  484,9 млрд. теңгені, ЖӨӨ-нің нақты өсімі – 99,4% құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 770,6 мың теңге көлемінде қалыптасты (ҚР бойынша орташа – 525,9 мың теңге).

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2016 жылдың қаңтар-маусымында қолданыстағы бағада 875,0 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 97,6% құрады.

Төмендеу, жалпы көлемде үлесі 86,4% құрайтын кен өндіру өнеркәсібіндегі (755,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді) НКИ-дің (97,1%) азаюымен байланысты болды. Негізгі себеп – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай өндірудің 3,4%-ға төмендеуі, өндіру көлемі    9 млн. тоннаны құрады. Көлемнің төмендеу «Қарақұдықмұнай» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ, «Қаранжанбасмұнай» АҚ кәсіпорындары бойынша білінеді. Мұнай өндіру деңгейінің төмендеуіне, мұнайға арналған бағалардың күрт құлдырауына байланысты бұрғылау бағдарламаларына тоқтау салынуы себепші болды.

Мұнай-газ саласында  14% алатын техникалық қызметтердің 8,9%-ға төмендеуі байқалады («Мұнайфилдсервис» ЖШС, «Астра Стар» ЖШС, «Caspian Well Services» ЖШС, «Кезби» ЖШС).

Табиғи газ өндіру 14,4%-ға, 1387,4 млн. текше метрге дейін артты               (2015 жылдың қаңтар-маусымында – 1212,6 млн. текше метр).

Өңдеу саласындағы (саланың үлесі – 6,9%) өндіру көлемі 17,2%-ға артып, 60 млрд. теңгені құрады.

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 8,8 есе ( «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС, «ЕРСАЙ  Каспиан Контрактор» ЖШС, «ГММОС Казахстан» ЖШС), химия өнеркәсібінде – 9,3%-ға («Казазот» ЖШС), резеңке және пластмасса бұйымдар өндіруде – 32,8%-ға  («Шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС) өсу байқалады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 51,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (2015 жылдың қаңтар-маусымы – 47,4 млрд. теңге), саладағы НКИ 71% құрады. Негізгі себеп – «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің электр энергиясын өндіру көлемін 38,3%-ға азайтуы.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 8,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2015 жылдың қаңтар-маусымы – 10,1 млрд. теңге), НКИ – 64,3%. «ҚазСуШаруашылығы» МКК, «Бейнеу Су сервис» МКК, «Коммуналдық кызмет» МКК бойынша көлемнің төмендеуі байқалады

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 185,1 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 89,4%. Төмендеу, бірінші кезекте кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың, дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың төмендеуімен байланысты болды.

Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының аясында 163,2 млрд. теңге сомасына, 3 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 25-тен астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

ИИДМБ аясында 2016 жылы құны 88,7 млрд. теңге болатын, жаңадан 660 жұмыс орны құрылатын 11 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:

  1. Үй құрылысы комбинатын салу – «ДСК-Ақтау» ЖШС;
  2. Жиһаз және пластикалық терезелер даярлайтын өндірістік цех –«Город мастеров» ЖК А.В. Битнер»;
  3. Керамзит тасын өндіретін зауыт салу – «Ақтау Керамзит» ЖШС;
  4. Азық-түлік тауарларын сақтау үшін қоймалық орынжайлар құру – «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС;
  5. Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту (аяқтау) – «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС;
  6. Премиум сыныпты газды тығыз бұрама қосылысты құбырлар шығаратын зауыт салу – «Қазақстан Пайп Трэдэрс» ЖШС (Тенарис);
  7. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ;
  8. Кабельдер мен трансформаторлар шығаратын зауыт – «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС;
  9. Дайын өнімді шығару бойынша өндірістік қуаттылықты арттырумен минералды тыңайтқыштар өндірісін жаңғырту – «ҚазАзот» ЖШС;
  10. Жел және күн электр станциясынның 1-кезеңін салу – «Бест групп НС» ЖШС;
  11. Полимерлік бума өндіретін зауыт салу – «Достық Полимер» ЖШС.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылдың 1-жартыжылдығында 61,6 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 104,2%. Облыста жүргізіліп жатқан барлық құрылыс жұмыстарының көлемін толықтай есепке алу, ауыспалы жобаларды уақытылы аяқтау бойынша шаралар қабылдануда.

Жалпы ауданы 400,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың 1-жартыжылдығына қарағанда 46,8%-ға артық. Негізгі көлем халықтың меншікті қаражатына келеді.

Ақтау қаласының 32а шағын ауданында сметалық құны 1800 млн. теңге 120 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылға 1040,3 млн. теңге бөлініп, оның 770 млн. теңгесі игерілді. Аяқтау мерзімі – ағымдағы жылғы желтоқсан.

«Байтерек деволопмент» АҚ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй салу аясында «Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 4 объектінің құрылысын бастау жоспарланып, 2016 жылға 2624 млн. теңге көздестірілді.

Жыл басында Ақтау қаласында 466 үлескер қатысатын 6 үлескерлік құрылыс объектісі бар болды. Оның ішінде бүгінге 447 үлескер қатысатын 4, оның ішінде мемлекеттің қолдауымен 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 3927,9 млн. теңге бөлінді (1406 млн. теңге игерілді). 10 жобаны, оның ішінде 2 ауыспалы және 8 жаңа жобаны аяқтау жоспарланған.

Бәсекелестік артықшылықтарды есепке ала отырып, экономиканың өсу резервтері анықталды және облыс экономикасын дамытудың мынадай перспективалы бағыттары айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын (мұнай-газ өндіруді, мұнай-газ сервисін) одан әрі дамыту, транзиттік әлеуетті (көлік пен логистиканы) дамыту, құрылыс индустриясын дамыту, туризмді («Кендірлі» курортты демалыс аймағын) дамыту. Оларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы 4 жобаны аяқтау жоспарланған. АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі шешілуде.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасын іске асыру аясында, Еуроодақтың сарапшыларымен бірлесіп туризм саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуды көздестіретін Маңғыстау облысының туризмін дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу жүргізілуде.

Жеңілдікпен кредит беру тетігі арқылы ішкі туризмді дамыту жөніндегі нысаналы бағдарламаны іске асыру басталды. Осы жоба бойынша әкімдіктің Әріптесі «Даму» қоры болды. Туризм объектілерін, туристік бағыттарды дамыту үшін кәсіпкерлерге бірлесіп 900 млн. теңге бөлінді. Жобаларды екінші деңгейдегі банктер арқылы субсидиялау басталды.

Көліктік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталды. Жоба құны – 9,6 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 6,7 млрд. теңге бөлінді. Объект 2015 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді. Құрылысын салу кезеңінде 204 жұмыс орны құрылды, пайдалану кезеңінде 42 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінге паром кешенінің құрылыс объектісіне құрылыс жүктерін тасымалдау ғана жүзеге асырылуда. Мемлекеттік комиссияның актісін дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Пайдалануға беру – 2016 жылғы 2-тоқсан. Осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.

2015 жылғы сәуірде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құны 32,0 млрд. теңге болатын (оның ішінде, Ұлттық қордан 2015 жылы – 4,8 млрд. теңге бөлінді, 2,7 млрд. теңге игерілді, 2016 жылға 7,0 млрд. теңге көздестірілді) Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы басталды. Жүк ағындарының жылдық көлемі – 4,1 млн. тонна, құрылыс салу ауданы – 21 га.

1-кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде – іске қосу кешені: жерге орналастыру жұмыстары, аумақты қалыптастыру, темір жол төсеу – 3 км, жеке тұрған ғимараттарды монтаждау, электр беру желілерін салу. Қазаншұңқыр мен резервуарларды орнатуға арналған жабдық дайындалды.

Құрылысын салу кезеңінде – 500 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде – 249 жұмыс орнын құру көздестірілген. Объектіні аяқтау мерзімі – 2017 жылғы желтоқсан.

Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының (құны – 46,4 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылға дейін 44 млрд. теңге игерілді) 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) 2016 жылдың 2-жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Республикалық бюджеттен 2016 жылға 2,3 млрд. теңге бөлінді (1,3 млрд. теңге игерілді).

Құны 36,5 млрд. теңге болатын «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталып, оның ішінде 2014 жылы 0,6 млрд. теңге игерілді. 2015 жылы 9,1 млрд. теңге бөлініп, игерілді. Республикалық бюджеттен 2016 жылға – 1,4 млрд. теңге (0,3 млрд. теңге игерілді), АДБ-нің 12,1 млрд. теңге қарыз қаражаты бөлінді (2,9 млрд. теңгесі игерілді). Іске асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар.

Екі жоба бойынша құрылысын салу кезеңінде – 1310, пайдалану кезеңінде – 17  жұмыс орны құрылды.

Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында (құны – 39,7 млрд. теңге) теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, құрғақ жүк терминалдарының құрылысы (астық терминалы, алаңішілік инженерлік желілер, қызметтік және өндірістік ғимараттар, 3 айлақ) аяқталды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жобаның қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна құрғақ жүкке дейін өседі. Құрылатын жұмыс орындары: ағымдағы жылғы құрылысын салу кезеңінде – 303 адам, пайдалану кезеңінде – 173 адам.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2016 жылға шамамен 7,6 млрд. теңге бөлінді.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы (ұзындығы – 73 км) және «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.

«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автожолын күрделі жөндеу, «Таушық-Шетпе» (0-70 км) автомобиль жолын орташа жөндеу жалғасуда. Ағымдағы жылғы шілдеде «Ақтау – Форт-Шевченко» - Қаламқас кен орны» (88-154 км) автожолын орташа жөндеуді бастау көздестірілген.

Сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-мамырында 1423,0 млн. АҚШ долларын, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 64,6%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 1308,2 млн. АҚШ долларын (66,5%), импорт – 114,8 млн. АҚШ долларын (48,7%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 1193,3 млн. АҚШ долларын құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2016 жылдың қаңтар-маусымында 62,2 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 90%. Тауар айналымының азаюы, айналым құрылымындағы үлесі 66,5% құрайтын сауда жасаушы кәсіпорындар көлемінің төмендеуімен байланысты.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2016 жылдың маусымында 2015 жылдың желтоқсанына 105,5% (ҚР бойынша – 104,6%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 107,7% (ҚР бойынша – 105,0%), азық-түлік емес тауарларға – 102,6% (ҚР бойынша – 104,7%), ақылы қызметтерге  – 105,7% (ҚР бойынша – 104,1%) құрады.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағалардың өсуін тежеу мақсатында, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ шарттар жасасу және елдің ауыл шаруашылығы өңірлерінен әлеуметтік маңызды тамақ өнімдерін тікелей жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыруға ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 362 млн. теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызды тауарлардың тізбесі 12-ден 33 жайғасымға дейін көбейтілді.

Тауарларды сату «Каспий-Берекет» ЖШС-нің Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Мұнайлы ауданында орналасқан. 21 сауда нүктесі арқылы эконмикалық қолжетімді бағалар бойынша, сатып алынатын көтерме бағаға шекті үстемелерсіз жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,2 млрд. теңге сомасына өндіріліп, саладағы НКИ 77,9% құрады (2015 жылдың қаңтар-маусымы – 4,6 млрд. теңге). Ірі қара мал басының – 13,3%-ға (16,3 мың бас), қой мен ешкінің – 16,6%-ға (491,3 мың бас) төмендеуі, ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша ет өндірудің төмендеуі байқалады.

2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жылқылардың 9,3%-ға (75,5 мың бас), түйелердің 1,8%-ға (58 мың бас) өскені байқалады.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының аясында инвестициялық субсидиялауға республикалық бюджеттен 2016 жылға 260 млн. теңге бөлініп, 73 су көзін пайдалануға беру жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында 23 құдық бұрғыланып, 59,7 млн. теңге сомасына инвестициялық субсидиялар төленді.

Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы мен сапасын көтеруге ағымдағы жылы 174 млн. теңге субсидия бөлінді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімін өндіруді және сатуды қолдауға 80 млн. теңге бөлінді.

«Маңғыстауагросервис» ЖШС 25,6 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасын лизингке, тауарлық кредиттер мен жануарларды жалға берді.

Өңірде жалпы ауданы 9,0 га 11 жылыжай, оның ішінде ауданы 5,8 га өнеркәсіптік үлгідегі 3 жылыжай және ауданы 3,2 га фермерлік үлгідегі 8 жылыжай жұмыс істейді. Ағымдағы жылы бірқатар жылыжайлардың құрылысы жүргізілуде. «Өзенмұнайгаз» АҚ «Сенек» ЖШС үшін Қарақия ауданында ауданы 2 га жылыжай салуға демеушілік қаражат бөлді. «Агро-Ай-групп» ЖШС Мұнайлы ауданында 40 га жылыжай кешенінің құрылысын бастады. «Каспий» ӘКк» ҰК» АҚ Ақтау қаласында ауданы 3,0 га жылыжай салуға ТЭН әзірлеу үшін қаражат бөлді.

Бейнеу ауылында 2016 жылдың басынан бері жеке инвестициялар есебінен қуаттылығы тәулігіне 500 литр қаймақ, 500 айран және 500 литр сүт болатын сүт өңдеу цехы пайдалануға берілді. Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында шұбат пен қымыз шығару арқылы түйе және бие сүтін қайта өңдейтін цехтың құрылысы аяқталуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.07.2016 жылға 48,2 мың бірлікті құрады, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға көп.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында ауыл кәсіпкерлеріне микрокредиттер беруге 2016 жылға 690 млн. теңге бөлінді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Маңғыстау филиалы ағымдағы жылдың 6 айында 153,5 млн. теңге жалпы сомасына 53 микрокредит, оның ішінде ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен 109,8 млн. теңге сомасына 37 микрокредит, қайтарылған қаражат есебінен 41 млн. теңге сомасына 14 микрокредит, «Эко-Даму» бағдарламасы бойынша 2,7 млн. теңге сомасына 2 микрокредит берді. Нәтижесінде жаңадан 100 жұмыс орны құрылды.

Екінші деңгейдегі банктер 01.05.2016 жылғы жағдай бойынша шағын бизнес субъектілеріне 7462,8 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру үшін Маңғыстау облысына ағымдағы жылға                1 372,5 млн. теңге жалпы сомасына қаражат көздестірілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында 1.07.2016 жылға Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарында 2350 млн. теңге жалпы сомасына 61 жоба мақұлданды. Нәтижесінде 768 жұмыс орны сақталып, облыс бойынша шамамен 92 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның кемінде 10%-на өңірдің жұмыспен қамту орталықтарынан жұмыс орналастырылатын болады.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру мақсатында ауыл кәсіпкерлеріне кредит беру үшін ағымдағы жылы «Атамекен» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС құрылды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2016 жылдың қаңтар-маусымында облыс бойынша 12762 жұмыс орны құрылды (2015 жылдың қаңтар-маусымында – 12550 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 1062 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 759 түлегі жастар практикасына тартылды.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 9307 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 7305 адам қамтылып, оның ішінде 4701 адам жұмысқа орналастырылды, 2277 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 1-тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2015 жылдың 1-тоқсанында – 5,3%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,4%-дан 5,1%-ға дейін артты.

Тіркелген жұмыссыздар саны 1.07.2016 жылға 3580 адамды                құрады (1.07.2015 жылға – 3329 адам).

Халықтың әлеуметтік әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында 1581 аз қамтылған тұрғынға 30,7 млн. теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 2985 балаға 23,7 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 1015 азаматқа 38,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, бүгінге әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер 115 мыңнан астам адамды қамтитын 2059 меморандум жасасты. Жұмысты күшейту үшін әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жолға қойылып, сондай-ақ осы жұмысқа барлық деңгейдегі әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы тартылды.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табысы 2016 жылдың 1-тоқсанында 109471 теңгені құрады. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы табыс – 0,6%-ға, нақты ақшалай табыс – 16,1%-ға азайды.

Облыстағы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің шамасы 2016 жылдың маусымында 27375 теңгені құрады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2016 жылдың қаңтар-наурызында облыс бойынша орташа                246 231 теңгені құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңінен 4,9%-ға көп және 11 ең төменгі күнкөріс мөлшерін құрайды.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықта 156,8 млрд. теңге (2015 жылдың осындай кезеңіне – 113,5%), оның ішінде республикалық бюджетке – 94,6 млрд. теңге (114,3%), жергілікті бюджетке – 62,2 млрд. теңге (112,3%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыстың 2016 жылға арналып нақтыланған бюджеті 176,8 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 97,6%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 97,6% құрады.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында 2016 жылы 7 жобаны іске асыру жүргізілуде, бұл мақсатқа барлық қаражат көздерінен – 3010,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1177,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1832,8 млн. теңге бөлінді.

Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында су тазарту құрылысын және поселкеішілік су құбырын (1, 2, 3-учаскелер), Түпқараған ауданының                    С. Шапағатов ауылында поселкешілік су құбыры мен резервуар, Жаңаөзен қаласының «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерін, Жаңаөзен қаласында еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу жалғасуда.

Бүгінгі күнге орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 30 АЕМ немесе 50% қамтамасыз етілген. Қалалардағы қамту 100% құрайды.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық қорынанөткен жылы бөлінген қаражат есебінен Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32, 32 а, 33, 34а, 35) инженерлік желілерін салу және реконструкциялау (жылумен жабдықтау, 2-кезек) және канализациялық тарату желілерін салу жүргізілуде. Бүгінгі күнге 5,2 км (10,5 километрдің) жылу желілері мен 9,4 км (24 километрдің) канализация желілері тартылды.

Ұлттық қордың кредиттік қаражатының есебінен 2016 жылы – 2 296,8 млн. теңге, оның ішінде Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғыртуға – 1 586,8 млн. теңге, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында автономды қазандықтар салуға – 710,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 «Аққу» шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде.

Жылыту маусымына дайындық аясында 2016 жылы жалпы ұзындықтағы жылу желілерінің 3%-ын (23,3 км), электр желілерінің 31%-ын (2015 жыл – 9%) жаңғырту, сондай-ақ «МТЭК» АҚ-ның инвестициялық жоспарының аясында 46 қосалқы станцияны жаңғырту, оның ішінде ескірген КТҚС-ды ауыстыру арқылы тарату желілерін реконструкциялау жоспарланған.

Өзіндік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «ҚазАзот» ЖШС-нің қуаттылығы 40 Мвт газ-поршеньді электр станциясының құрылысы жүргізілуде. «Maersk Oil Kazakhstan GmbH» жалпы желінің 5 Мвт-ын жеңілдететін 18 Мвт-тық ГТС (газ турбиналы станция) салу бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуде.

Білім беру. Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 47,4 млрд. теңге көздестірілді. 1.07.2016 жылға 24,5 млрд. теңге игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 1,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,6 млрд. теңге көздестірілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 7,7 млн. теңге бөлінді. Кең жолақты интернетке 133 мектептің ішінен 74 мектеп қосылған немесе 55,6%.

Үш ауысымдық оқытуға жол берму мақсатында Форт-Шевченко қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды (инвесторлар есебінен).

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Бейнеу ауылында 900 орындық мектептің 2016 жылы аяқталатын құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде, Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысын бастау көздестірілген. Осы мақсатқа Ұлттық қордан барлығы 1202,3 млн. теңге бөлінді.

32,6 мың бала қамтылған 245 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 48,5% (2015 жылы – 42,9%), 3-тен            6 жасқа дейінгі балаларды қамту 79,9% (2015 жылы – 70%) құрайды.

Жыл басынан бері облыс бойынша Түпқараған ауданында 50 орындық             1 мемлекеттік шағын орталық және 805 орындық 14 жекеменшік балабақша, оның ішінде Ақтау қаласында – 510 орындық 8 балабақша; Жаңаөзен қаласында – 50 орындық 1 балабақша; Маңғыстау ауданында – 65 орындық 1 балабақша; Мұнайлы ауданында – 80 орындық 2 балабақша; Түпқараған ауданында – 100 орындық 2 балабақша ашылды.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 20,5 млрд. теңге көздестірілді. 1.07.2016 жылға 9,4 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен 2231,3 млрд. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 116,1 млн. теңге және орынжайларды, ғимараттарды, құрылыстарды күрделі жөндеуге – 397,6 млн. теңге көздестірілді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жүргізілуде.

Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы 11,7-ден 2016 жылдың қаңтар-маусымында 11,1-ге дейін азайды.

Ана өлім-жітімінің 1 фактісі тіркелді (2015 жылдың қаңтар-маусымында – 1 факт).

Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы 34,4-тен 2016 жылғы қаңтар-маусымда 34,1-ге дейін азайды.

Спорт және дене шынықтыру саласында облыс бойынша айналысатындар саны 12,5 мың бала болатын 16 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істейді. Облыс бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың барлық саны 145 мың облыс тұрғынын құрайды.

Жыл басынан бері облыс бойынша 15,3 мың адамды жалпы қамтумен салауатты өмір салты бойынша 279 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді. 

Бүгінге облыста 555 спорт құрылысы, оның ішінде 5 стадион, 15 спорт кешені, 10 бассейн, 196 спорт залы, 278 спорт алаңы және басқа да объектілер жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы жер қойнауын пайдаланушы компаниялар қаражатының есебінен Ақтау қаласының 33 шағын ауданында көп функционалды спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Ақтау қаласының 17 шағын ауданында Бокс орталығын салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталуда.

Мұнайлы ауданында спорт қалашығын салуға ЖСҚ әзірленді. Инвесторлар іздеу жүргізілуде.

Облыстың Ішкі істер департаметінің қызметкерлері үшін «Динамо» спорт кешенінің құрылысы аяқталып, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 264 млн. теңге бағытталды.

Мәдениет саласында есепті кезеңде көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысушылары халықаралық деңгейдегі 12 фестиваль-конкурсқа қатысып, 11 Гран-приді, 13 бірінші орынды; республикалық деңгейдегі 11 фестивальде 2 Гран-приді, 4 бірінші орынды, 3 облыстық конкурста 1 Гран-приді, 1 бірінші орынды жеңіп алды.

Ағымдағы жылдың басынан бері жыршы Қалнияз Шопықұлының құрметіне «Мен – Қалнияз деген күреңің!» атты облыстық конкурс, композитор Қ. Ахмедьяровтың 70 жылдығына арналған «Түбек толғауы» концерті, М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның 40 жылдық мерейтойы қарсаңында мерекелік концерт және басқалар өткізілді. 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әлеуметтік автопоезд Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын, Маңғыстау ауданының Шебір, Қарақия ауданының Аққұдық ауылдарына мәдени қызметтер көрсетті.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, мұражайдың 40 жылдығының аясында археологияның жаңартылған экспозициялық залын салтанатты ашу болып отті.

«Отпан» тарихи-мәдени кешенін ағымдағы жөндеуге, жергілікті маңызы бар 2 ескерткішті реставрациялауға, Қызылқала орта ғасырлық қалашығында және «Алтынқазған» діни-қабірлеу кешенінде археологиялық қазбалар жүргізуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 мәдениет объектісінде ағымдағы жөндеу жүргізілуде, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 74 млн. теңге бөлінді.

Табиғат қорғау іс-шараларына 2016 жылы жергілікті бюджеттен 2 миллиардтан астам теңге бөлінді. Оның ішінде 522,4 млн. теңге «Қошқар ата» қалдықтар қоймасына тазартылмаған нормативтен тыс канализациялық суларды төгу үшін бөлінді.

Бұдан басқа, улы қалдықтардың шаңмен таралуын азайту және «Қошқар ата» жасанды көлінің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласының 1-КТҚ-нан 7,7 млн. м3 тазартылған су айдалады.

Экологиялық зерттеу зертханасы облыстың теңіз порттары мен мұнай кәсіпшіліктерінің Каспий теңiзiнiң жағалық аймағына тигізетін техногендік әсерін кешенді зерттеу жұмысын жүргізуде.

«Қошқар ата» ойпатының оңтүстігінде экологиялық жағдайды жақсартуға және Басқұдық ауылының микроклиматы мен санитарлық-гигиеналық жағдайын тұрақтандыруға ықпал ететін ауданы 8,2 га эксперименттік қорғаныштық жасыл аймақ құрылуда.

«Қошқар ата» қалдықтар қоймасының жақын орналасқан аумақтағы халықтың денсаулығына әсерін экологиялық-генетикалық бағалау» ғылыми зерттеулері жүргізілуде.

Облыстың жабайы жануарларының (сүт қоректілердің, құстардың, жәндіктердің) қазіргі замандағы жай-күйінің мониторингі жүргізіліп, Маңғыстау облысының экологиялық паспорт әзірленуде. Форт-Шевченко қаласында, Бейнеу ауылында, Құрық ауылында және Мұнайлы ауданының ауылдарында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу жүргізілуде. 

Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау мақсатында, Бостанқұм, Түйесу және Қызылқұм құмды алаптарындағы өсімдік жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бозашы түбегінің жаңа орман шаруашылығын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жарату бойынша шаралар қабылданып, оларды жинау үшін контейнерлер орнатылды.

Ақтау қаласындағы өнімділігі 30 мың метр/тәулік №2 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салуды аяқтауға жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы 952,6 млн. теңге бөлінді.

Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласында 2016 жылдың 6 айында облыс бойынша тіркелген қылмыстардың жалпы санының 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға төмендегені байқалады (4436-дан 4177-ге дейін).

  Ауыр қылмыс түрлерінің 0,8%-ға (355-тен 352-ге дейін), орташа ауырлықтағы қылмыстардың 0,5%-ға (2209-дан 2198-ге дейін), кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыстардың 37,4%-ға (1135-тен 711-ге дейін) төмендегені байқалады.

Кәмелетке толмағандармен 16,1%-ға (31-ден 26-ға дейін), көшеде 15,5%-ға (388-ден 328-ге дейін), қоғамдық орындарда 23,4%-ға (717-ден 549-ға дейін) аз қылмыс жасалды.

Қабылданған алдын алу сипатындағы шараларға қарамастан аса ауыр қылмыстар түрлерінің 16,7%-ға (18-ден 21-ге дейін) өскені байқалады.

2016 жылдың 6 айында барлығы 1734 қылмыс, оның ішінде 27 – аса ауыр және 240 – ауыр қылмыс (оның ішінде, 13 адам өлтіру, 24 денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі, 23 зорлау, 16 қарақшылық, 285 алаяқтық, 45 тонау, 472 ұрлық және 143 бұзақылық) ашылды.

2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны 13,8%-ға (159-дан 137-ге дейін) және оларда жараланған азаматтар саны 18,2%-ға (198-ден 162-ге дейін), сондай-ақ қаза тапқандар саны 18,8% (32-ден 26-ға дейін) азайды.

Материалдық-техникалық нығайту тұрғысында жол-патрульдік полицияның жылжымалы жасақтары, учаскелік полиция инспекторлары портативтік және автомобильдік бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіліп, бейнедеректерді мұрағаттау үшін арнайы автоматтандырылған жүктеу станциялары орнатылды.

Қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде, Ақтау қаласының саябақтарында орнату үшін, ІІД Жедел басқару орталығының Операциялық залына шығару арқылы 20 бірлік жоғары жылдамдықты бұрылмалы бейнебақылау камерасы сатып алынды.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес, облыста жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ) құрылды. Оның қызметін бағалаудың негізгі өлшемшарты халықтың пікірі болып табылады. Осыған байланысты, қызметті ақпараттық-имидждік қолдау бойынша шаралар қабылдануда, ІІД-нің «Web порталында» «Жергілікті полиция қызметінің жұмысы» атты кіші бөлім ашылды.

Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту мақсатында, Мұнайлы ауданының Батыр ауылында өрт депосының кешенін (2 машиналық) салуға ЖСҚ әзірлеуге 5,7 млн. теңге бөлінді.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 2016 жылы – 3,5 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,9 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 200 млн. теңге бөлінді бөлінді.

Бүгінге Қызылсай ауылының автомобиль жолдарының құрылысы және Құланды ауылындағы автомобиль жолдарын кеңейту аяқталды; «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу; шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту жүргізілуде, Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақша салу бойынша жұмыстар басталды.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында облыстық бюджеттен 2016 жылы 401,2 млн. теңге, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 287,2 млн. теңге сомасындағы қаражаты көздестірілді. Осы қаражатқа «Мұнайлы», «Бостандық» және «Жұлдыз» шағын аудандарының автомобиль жолдарының құрылысы; Қызылсай ауылында 4 пәтерлік муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үйдің құрылысы; Жаңаөзен қаласының 3 «А» шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді және вокзал маңындағы көшелерді абаттандыру жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2016 жылы облыстың ауылдық елді мекендерінде 588 жұмыс орнын құрумен коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 129 жобаны іске асыру жүргізілуде. Осы мақсатқа 1614,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1313,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 301,5 млн. теңге бөлінді. Бұдан басқа, 56 жобаны іске асыруға ағымдағы жылғы шілдеде ҚР Үкіметінің арнайы резервінен қосымша 816,6 млн. теңге бөлінді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде 2016 жылы облыстың ауылдарын жайластыру бойынша 40 жобаны іске асыруға 438,4 млн. теңге сомасындағы жергілікті бюджеттің қаражаты көздестірілді.

Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жалғасуда.

Түпқараған ауданының Форт-Шевченко шағын қаласының 2020 жылға дейінгі кешенді даму жоспары іске асырылып бастады.

Облыста тұрақты қоғамдық-саяси жағдай сақталуда.

Бүгінгі күнге облыста 90-нан аса ҮЕҰ белсенді және табысты жұмыс жасайды. Барлық қалалар мен аудандарда үкіметтік емес секторды қолдау және дамыту жөніндегі жергілікті ресурстық орталықтар жұмыс істейді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2016 жылға арналған көлемі 238,8 млн. теңгені құрады (2015 жылы – 221,8 млн. теңге). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың салалық қағидаты қолданылады, ҮЕҰ-ды қаржыландыру 12 мемлекеттік органда көздестірілген. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру аясында 9 мыңға жуық адамды қамтумен 300-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, 200-ге жуық адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылы «Достық үйінің» ғимараты салынып, ашылды. Онда орналасқан кітапхана түрлі этностардың көркем туындылары бар кітаптардың 250-ден аса данасымен, қазақ және ағылшын тілдері бойынша оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2016 жылы облыстық бюджеттен 418,4 млн. теңге бөлінді. БАҚ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарында және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қойылған міндеттерді есепке ала отырып, 2016 жылдың 1-жартыжылдығында облыс көлемінде «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарының 60-тан астам іс-шарасы өткізілді.

Бұдан басқа, жыл басынан бері өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауын және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын кеңінен түсіндіру бойынша 51 брифинг ұйымдастырылды.

Облыста 30-дан аса жастар ұйымы белсенді жұмыс істейді.

«Жасыл ел» жобасының аясында ағымдағы жылы облыстың қалалары мен аудандарында «Жасыл ел» еңбек жасағының көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 18,4 млн. теңге бөлінді. Көгалдандыру жұмыстары үшін 900 адамға жуық жастарды тарту көздестірілген.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында облыстың ауылдық елді мекендеріне 486 жас маман жұмысқа орнластырылып, оның ішінде 185 адам тұрғын үйге бюджеттік кредиттер алды.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарымен маңызды міндеттердің бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту болып айқындалды.

Еуропалық Одақтың сарапшылары тартылған «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының аясында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша жоспарлау және консультация беру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Ауыл әкімдерінің өз міндеттерін және түрлі бастамаларды жоспарлауды жүзеге асыруы кезінде консультациялар мен қолдауды қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылы ресурстық орталықтардың өкілдерінің және аудандар мен қалалардың экономика және қаржы бөлімдері басшыларының қатарынан ЖӨБ бойынша кеңесші-консультанттар тобы құрылды. Кеңесші-консультанттар үшін Ақтау қаласында 2 оқу семинары өткізілді.

Еуропалық Одақ сарапшыларының жәрдемдесуі арқылы жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен Қарақия ауданының Жетібай ауылын инклюзивтік жоспарлау жүргізіліп, ауылдың Кешенді даму жоспары әзірленді.

Бұдан басқа, «Тұрақты дамуға жетуде және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуда Маңғыстау облысының мүмкіндіктерін кеңейту» атты БҰҰ-мен бірлескен жоба аясында жергілікті проблемаларды шешуде азаматтарды жандандырудағы аудандық мәслихаттар мен әкімдіктердің әлеуетін көтеру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілді. Қарақия ауданында энергиялық тиімді көшелік жарықтандыру мен Құрық ауылының орта мектеп-гимназиясында тамшылатып суаратын жылыжай орнату бойынша жоба іске асырылды.

Маңғыстау ауданында – «Орталық саябақты қалпына келтіру және жайластыру жолымен Үштаған ауылы халқының әлеуметтік саламаттылығын жақсарту» жобасы, Бейнеу ауданында – «Қоқысты бөлек жинауды және пластикалық қалдықтарды екінші рет қайта өңдеуді ұйымдастыру жолымен Маңғыстау облысы Бейнеу ауылы халқының экологиялық саламаттылығын жақсарту» жобасы іске асырылуда.

Жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі іс-шаралар 2016 жылы Мұнайлы және Түпқараған аудандарында жалғасты. Тұрғындардың жиындары өткізіліп, елді мекендердің нақты проблемаларын шешуге бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін әлеуметтік жобалар анықталды.

Өңір экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсететін облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының 2016 жылғы 1-жартыжылдықтағы негізгі қорытындылары осындай.

Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Маңғыстау облысының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
24 января 2020

Маңғыстау облысының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық және басым мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын, қалалар мен аудандарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Облыстың ЖӨӨ 2015 жылдың 3 тоқсанында 1570 млрд. теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі бойынша облыс республикада төртінші орынды алады (ҚР бойынша орташа 2555,4 мың теңге болғанда – 1588,5 мың теңге).

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2015 жылы қолданыстағы бағада 1552,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 96% құрады.

Қарқынның төмендеуі облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 88,6% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі төмен НКИ-мен (96,3%) байланысты болды (1375 млрд. теңге). Техникалық қызметтердің (немесе сервистік қызметтер – бұрғылаудың, ұңғымаларды күрделі жөндеудің) 29%-ға төмендеуі байқалады.

Есепті кезеңде мұнайға арналған әлемдік бағалардың күрт құлдырауы өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қызметіне теріс әсер етіп, нәтижесінде облыстың мұнай-га өндіруші кәсіпорындары сервистік қызметтер бойынша көлемді төмендетуге мәжбүр болды.

 Мұнай өндіру 18,5 млн. тоннаны құрады. Табиғи газ өндіру 23,6%-ға өсті (2535,6 млн. текше метр).     

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 5,4%) 84,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 84,5% құрады.

Машина жасауда («Каскор-Машзавод» АҚ, «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС) НКИ-нің 24%-ға төмендеу байқалады, бұл да өңірдің машина жасау саласы кәсіпорындарының өндіру және мұнай кәсіпшілігінің жабдығын жөндеу және орнату бойынша қызметтер көлемін төмендетуіне байланысты болды. 

Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 11,5%-ға, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде – 9,3%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 7,5%-ға өсу байқалады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 18,4 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне 93,1%.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда НКИ – 107,1%, өндіру көлемі – 73,69 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық компаниялар мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуындағы жергілікті қамтымды арттыру жөніндегі форумдардың аясында 2015 жылы облыс бойынша 311,6 млрд. теңгеге 120 меморандумға қол қойылды. Осы Меморандумдардың негізінде 302,6 млрд. теңге сомасына 484 шарт жасасылды (меморандумдар 98,5%-дан аса орындалды).

2015 жылғы желтоқсанда жер қойнауын пайдаланушылармен, сервистік компаниялармен кеңес өткізіліп, оның барысында Маңғыстау облысының әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ арасында өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын және оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және жергілікті қамтым мәселелері бойынша  өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылда 454,4 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 81,5%.

Төмендеу, бірінші кезекте кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың (дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың) төмендеуімен байланысты болды.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделді.

2015 жылы 50,4 млрд. теңге жалпы сомасына және шамамен 655 жұмыс орны құрылған 11 жоба пайдалануға берілді:

  1. «КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС – толық жиынтықты бұрандалы сорғы жүйелерін шығаратын зауыт.
  2. «Қарақұдықмұнай» ЖШС – газ жетегі бар блокты шоғырлы сорғы станциясы.
  3. «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасы» ЖШС – «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасының құрылысы.
  4. «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» КФ – теңіз суын жинау станциясы және теңіз суының құбыржолы.
  5. «Берекет-Ф» ЖШС – нан, кондитер, макарон, шұжық өнімдерін, ет жартылай фабрикаттарын, ауыз су өндіретін «Ақ нан-Маңғыстау» зауыты.
  6. «ТасболатОйлКорпорейшн» ЖШС – электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясы.
  7. «Атамекен» ЖШС – қуаттылығы жылына 7,2 мың тонна болатын әк ұнының өндірісі.
  8. «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ – №31 топтық өлшеу қондырғысын салу.
  9. «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС – Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру.
  10. «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС – азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру.
  11. «Шыны-пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС – шыны-пластикалық құбырлар мен фитингтер өндіретін 3-цехтың құрылысы.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұлттық компаниялардың, даму институттарының қаржыландыруы және бюджеттік қаржыландыру арқылы өңірде 14 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жүргізілуде. Барлық жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 162,8 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде, Ұлттық қордан 2015 жылға 28 млн. теңге бөлінді. Оларды салу кезеңінде 3615 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде 654 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінге құрылысын салу кезеңінде бүгінге осы жобаларда 3228 жұмыс орны құрылып қойды.

Жалпы ауданы 644,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2014 жылдың осындай деңгейінен 10%-ға артық. Негізгі көлем қарыз алушылардың меншікті қаражатына келеді.

Коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысына салынған жеке инвестициялардың өскені байқалады.

«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасының аясында жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға 2015 жылы 364,4 млн. теңге бөлінді. Ақтау қаласының 32а шағын ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Халықтың барлық санаттары үшін кредиттік тұрғын үй салуға Ұлттық қордан («Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында) 5,3 млрд. теңге бөлінді. Ақтау қаласының 32 «А» және 33 шағын аудандарында жалпы ауданы 97 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, олар – 867 пәтерлік үш тұрғын үй кешені. 

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға республикалық бюджеттен – 1161,7 млн. теңге, Ұлттық қордан – 1315,6 млн. теңге бөлінді.

Облыстың бәсекелестік артықшылықтарын есепке ала отырып облыс экономикасының мынадай өсу резервтері анықталды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (мұнай-газ өндіру, мұнай-газ сервисі), транзиттік әлеуетті дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясын, туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).        

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы 3 жоба пайдалануға берілді: «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС (Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту), «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС (Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру), «ҮСК-Қараойқұрылыс» ЖШС (Темір-бетон бұйымдар зауытын салу және пайдалану).

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Жобалар 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.

Көліктік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталуда. Жоба құны – 9,6 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 6,7 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстар 100%-ға орындалды. Объект мемлекеттік комиссияның қабылдауына дайындалуда.

Құрылысын салу кезеңінде 150 жұмыс орны құрылды, пайдалану кезеңінде 42 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Аяқтау мерзімі – 2015 жылғы желтоқсан. Осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.

2015 жылғы сәуірде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құны 16,4 млрд. теңге болатын (оның ішінде, Ұлттық қордан – 4,8 млрд. теңге, 2,7 млрд. теңге игерілді) Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы басталды. Жүк ағындарының жылдық көлемі – 4,1 млн. тонна, құрылыс салу ауданы – 21 га.

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, «Мемлекеттік сараптама» РМК-на 1-іске қосу кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы берілді. Жолдардың сыртқы құрылысына материалдар дайындау, топырақ төсемін үю жүргізілуде. Құрылысын салу кезеңінде – 500 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде – 249 жұмыс орнын құру көздестірілген. Объектіні аяқтау мерзімі – 2016 жылғы желтоқсан.

Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының (құны – 46,4 млрд. теңге) 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) 2016 жылдың 1-жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда.

Құны 36,5 млрд. теңге болатын «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталып, оның ішінде 2014 жылы 752,4 млн. теңге игерілді, 2015 жылға 9,0 млрд. теңге бөлінді, оның 6,0 млрд. теңгесі игерілді. Жабынның төменгі қабатының 46 километрі асфальтталды. Іске асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар. Екі жоба бойынша құрылатын жұмыс орындарының саны: құрылысын салу кезеңінде – 425 адам, пайдалану кезеңінде – 17 адам.

Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында (құны – 39,7 млрд. теңге) қазіргі кезде 1-кезектегі және 2 кезектегі ішінара теңіз түбін тереңдету жұмыстары орындалды, 2 кезектегі теңіз түбін тереңдету бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлануда. Терминалды салу бойынша құрылыстың негізгі объектілерінің жұмыстары орындалды: астық терминалының сүрлемдері орнатылды, контейнер алаңы мен айлақтың қабырғасы салынды. Қызметтік және өндірістік ғимараттарды салу жалғасуда. Объектіде іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жобаның қуаттылығы жылына 2,5 мың тонна құрғақ жүкке дейін өседі. Құрылатын жұмыс орындары: құрылысын салу кезеңінде – 1120 адам, пайдалану кезеңінде – 173 адам.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2015 жылы 7,0 млрд. теңге бөлінді.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы, «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.

«Ақтау-Қаламқас» автожолының 101 және 104 километрін күрделі жөндеу (жолдарды су шайып кетуіне байланысты) және «Ақтау-Қаламқас» автожолын орташа жөндеу (10-43 км және 43-89 км) аяқталды.

«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автожолын орташа жөндеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Соымен бірге ішкі туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

 Сыртқы сауда айналымы 2015 жылда 4,5 млрд. АҚШ долларын, немесе 2014 жылдың деңгейіне қарағанда 44,7%, оның ішінде  тауарларды экспорттау – 4,0 млрд. АҚШ долларын (57,8%-ға төмендеді), импорт – 478,7 млн. АҚШ долларын (6,7%-ға төмендеді) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 3,6 млрд. АҚШ доллары болып қалыптасты.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2015 жылы 131,8 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 94,7%.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2015 жылдың желтоқсанында 2014 жылдың желтоқсанына 117,2% (ҚР бойынша – 113,6%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 108,8% (ҚР бойынша – 110,9%), азық-түлік емес тауарларға – 125,1% (ҚР бойынша – 122,6%), ақылы қызметтерге  – 119,2% (ҚР бойынша – 108,1%) құрады. Инфляция өсуінің негізгі себебі – ақылы қызметтердің (тұрғын үйді жалға алуға арналған жалдау ақысының, көрсетілетін қызметтер саласындағы бағалардың) өсуі. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар тұрақты.

 Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2015 жылда 11,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2014 жылдың тиісті кезеңіне 105,1%. Ірі қара мал басының – 6,1%-ға (16,0 мың бас), түйе басының – 1,9%-ға (48,1 мың бас) өскені байқалады.                                     

«Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын және балық аулауды дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 2015 жылы 84,2 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін көтеруге 141,4 млн. теңге сомасында субсидиялар бөлінді.

Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясын (тамшылатып суаруды) қолданумен 1087 га жер қамтылған, бұл – 2014 жылға қарағанда 30%-ға көп. Облыс бойынша жалпы ауданы 9,0 га 11 жылыжай жұмыс істейді. Жыл басынан бері жабық топырақта 988,62 мың тонна көкөніс дақылдары, оның ішінде 978,6 тонна қияр, 6,8 тонна томат, 3,2 тонна болгар бұрышы өндіріліп, облыс халқына сатылды.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағаларды тежеу мақсатында «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ шарттар жасасу және елдің ауыл шаруашылығы дамыған өңірлерінен әлеуметтік маңызды тамақ өнімдерін тікелей жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.01.2016 жылға 47111 мың бірлікті құрады (01.01.2015 жылға – 47501 бірлік).      

Барлық меншік нысанындағы микрокредит ұйымдары 2015 жылда 528,4 млн. теңге сомасына 184 микрокредит беріп, 318 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, «Каспий» МҚҰ» ЖШС 116,56 млн. теңге жалпы сомасына 37 микрокредит берді және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 411,8 млн. теңге сомасына 147 микрокредит берді.

Екінші деңгейдегі банктер 2015 жылда шағын бизнес субъектілеріне 13068 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – теңгелік өтімділік азаюына байланысты 2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда 21,4%-ға аз.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында 2015 жылы ӨҮК-нің 24 отырысында 5 257,5 млн. теңге жалпы сомасына 124 жоба, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 5 145,5 млн. теңге жалпы сомасына 72 жоба; кредиттерді кепілдеріндіру бойынша 1 729,5 млн. теңге жалпы сомасына 43 жоба (оның ішінде, кепілдік және мемлекеттік қолдау сомасы тиісінше 365,7 млн. теңгені және 73,1 млн. теңгені құрайды); жетіспейтін ифнрақұрылымды жеткізу бойынша 994,6 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба (инфрақұрылым құны – 17,887 млн. теңге), гранттық қаржыландыру бойынша 21,0 млн. теңге жалпы сомасына 7 жоба мақұлданды.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2015 жылда облыс бойынша 27012 жұмыс орны құрылды (2014 жылда – 26406 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 1361 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 1332 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 15348 адам жүгінді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 10202 адам қамтылып, оның ішінде 7002 адам жұмысқа орналастырылды, 2832 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 3 тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 5,1%-ды құрап (2014 жылдың 3 тоқсанында – 5,3%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 7,4%-дан 4,7%-ға дейін төмендеді.                                

Халықтың әлеуметтік әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында 3903 аз қамтылған тұрғынға 118,7 млн. теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 4373 балаға 54,8 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 1278 азаматқа 54,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, бүгінге әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер 104 мыңнан астам адамды қамтитын 620 меморандум жасасты. Жұмысты күшейту үшін әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жолға қойылып, сондай-ақ осы жұмысқа барлық деңгейдегі әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы тартылды.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табысы 2015 жылдың 3-тоқсанында 108326 теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы табыс – 0,3%-ға, нақты ақшалай табыс – 4,8%-ға азайды.

Облыстағы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің шамасы 2015 жылғы желтоқсанда 24023 теңгені құрады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс бойынша орташа 225 267 теңгені құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңінен 6,2%-ға көп және 10,6 ең төменгі күнкөріс мөлшерін құрайды.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 313,3 млрд. теңге (2014 жылдың осындай кезеңіне – 88,8%), оның ішінде республикалық бюджетке – 200,1 млрд. теңге (80,7%), жергілікті бюджетке – 113,2 млрд. теңге (107,9%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыстың 2015 жылға арналған нақтыланған бюджеті 161,3 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 98,8%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 99,1% құрады.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық қорынан Ақтау қаласының инженерлік желілерін (жоғары аймақтың жылу желілерін, 2-кезек) салуға және реконструкциялауға, Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32, 32 а, 33, 34а, 35) канализациялық тарату желілерін салуға 1661,6 млн. теңге бөлінді. Ұзақтығы 10,5 км жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау және ұзақтығы 23,2 км канализация желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 "Аққу" шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 872,3 млн. теңге бөлінді. Объектілер 2016 жылға өтеді.

Облыстың елді мекендерін сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында, 2014 жылдан өтетін 11 объектіні 2015 жылы одан әрі іске асыруға – 6,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,97 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 4 объект бойынша жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. 7 объект 2016 жылға өтеді.

Облыстың ауылдарында мына жобаларды іске асыру: Мұнайлы ауданының Дәулет ауылдық округінде сумен жабдықтау желілерін, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында, Жетібай станциясында және Жетібай ауылында су құбырларының жетіспейтін желілерін салу, Ақтау қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін (№ 1, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 шағын аудандардағы су құбырлары желілерін) жаңғырту, №3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 шағын аудандағы өздігінен ағатын канализациялық желілерді, №12 жолдың бойындағы өздігінен ағатын коллекторды және №1А, 2, 5, 10 КСС-ның арынды коллекторларын жаңғырту аяқталды.

Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында су тазарту құрылысын және поселкеішілік су құбырын (1-3 учаскелер), «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерін, Жаңаөзен қаласында еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу жалғасуда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бөлігінде облыстың көп пәтерлік тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2015 жылы 204,5 млн. теңге бөлінді. Осы сомаға Ақтау қаласының көп пәтерлік 6 тұрғын үйінде күрделі жөндеу аяқталуда.

Бұдан басқа, жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау бөлігінде жергілікті бюджеттен облыстың ауылық елді мекендерін жайластыру бойынша 2015 жылы 249,7 млн. теңге сомасына 55 жобан іске асырылды.

Білім беру. Білім беруге арналған шығыстар 2015 жылы 45,5 млрд. теңгені құрады (1.01.2016 жылға 45,3 млрд. теңгесі игерілді), бұл 2014 жылға қарағанда 8,3%-ға артық.

Білім беру объектілерін дамытуға 2015 жылы – 7,6 млрд. теңге (100% игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге көздестірілді.

2015 жылы 4080 орындық 18 балабақшаның, оның ішінде Мұнайлы ауданында – Дәулет, Маңғыстау-5 және Атамекен ауылдарындағы әрқайсысы 280 орындық 3 балабақшаның; Бейнеу ауданында – Бейнеу ауылындағы әрқайсысысы 175 орындық 2 балабақшаның; Түпқараған ауданында – Форт-Шевченко қаласындағы 140 орындық және Қызылөзен ауылындағы 50 орындық 2 балабақшаның; Ақтау қаласында – 29 шағын аудандағы 280 орындық 1 балабақшаның және 33 шағын аудандағы 840 орындық 3 балабақшаның (NCPOC); Жаңаөзен қаласында 1280 орындық 4 балабақшаның, Қарақия ауданында – Мұнайлы ауылындағы 140 орындық 1 балабақшаның құрылысы аяқталды.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 233 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 31,5 мың бала немесе 77,4% қамтылған (1.01.2015 жылға қарағанда 9,3%-ға жоғары).

 «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде, аяқталу мерзімі – 2016 жылғы сәуір.

Авариялық мектептерді жою мақсатында, Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен аяқталып, пайдалануға берілді. Проблема шешілді.

Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұдан басқа, Бейнеу ауданында 900 орындық орта мектептің («Нұрлы жол» бағдарламасының аясында), Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың (инвесторлар қаражатының есебінен) құрылысы жүргізілуде.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа алғанда 1 компьютерге – 14 оқушыны, ауылда – 16 оқушыны құрайды. Кең жолақты интернетке 130 мектеп қосылған немесе 98%. 7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2015 жылы 17,9 млрд. теңгені құрады (1.01.2016 жылға 17,9 млрд. теңгесі игерілді), бұл 2014 жылға қарағанда 9,1%-ға артық.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 1,7 млрд. теңге (100% игерілді), оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,1 млрд. теңге көздестірілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 377 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 7 дәрігерлік амбулатория, оның ішінде Маңғыстау ауданының Үштаған, Қызан және Жыңғылды ауылдарында, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында  ауысымына 40 келушіге арналған 5 дәрігерлік амбулатория, Қарақия ауданының Құланды ауылында және Өмірзақ ауылында (Ақтау қаласы) ауысымына 25 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Бейнеу ауданының Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жалғасуда.

Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 2014 жылғы 1000 тірі туылғандарға шаққандағы 10,5-тен 2015 жылы 9,5-ге дейін төмендеді. Аналар өлім-жітімінің 1 жағдайы тіркелді (2014 жылда – 4 жағдай). Туберкулезбен ауыру тиісінше 100 мың халыққа шаққандағы 71,2-ден 64,3-ке дейін төмендеді.

Спорт және дене шынықтыру саласында облыс бойынша  балалар мен жасөспірімдердің 16 спорт мектебі жұмыс істейді. Оларда айналысатындардың жалпы саны 11,2 мың баланы, оқушыны құрайды. Облыс бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың барлық саны 144,4 мың облыс тұрғынын құрайды.

2015 жылы облыс бойынша 21,1 мың адамды жалпы қамтумен салауатты өмір салты бойынша 289 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді. 

Бүгінге облыста 555 спорт құрылысы, оның ішінде 5 стадион, 16 спорт кешені, 10 бассейн, 196 спорт залы, 279 спорт алаңы және басқа да объектілер жұмыс істейді.

Спорт құрылыстарының санын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласында Теннис орталығының құрылысы аяқталды. Жер қойнауын пайдаланушылар қаражатының есебінен Түпқараған ауданының Таушық ауылында спорт кешені салынып, пайдалануға берілді.

Мәдениет саласында 2015 жылы Астана қаласындағы Маңғыстау облысының мәдениет күндері, Павлодар қаласындағы Маңғыстау облысының мәдениет күндері, облыстық қуыршақтар театрының Ақтөбе қаласына гастрольдері, Б. Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» атты республикалық дирижерлар конкурсы, күй орындаушылардың 1-республикалық конкурсы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы» атты облыстық айтыс, «Жеңіс жаңғырығы» облыстық ән конкурсы,                Б. Керелбаевты еске алуға арналған «Айт десеңіз жарандар» облыстық жыршы-термешілер конкурсы, «Маңғыстау жұлдыздары» атты облыстық конкурс өткізілді.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын» мерекелеу аясында облыстың 200 өнер шебері Астана қаласындағы мерекелік іс-шараларға қатысты.

Демеушілік қаражат есебінен Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылында ауылдық клуб салынып, пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жапсарламасының құрылысы аяқталды.

114 объект мен 6 тарихи-мәдени ескерткіш реставрацияланды (Маңғыстау, Түпқараған және Қарақия ауданынжағы қорымдарда).

Ақтау қалалық орталық кітапханасының ғимаратын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытының аясында Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылындағы ауылдық клубты және Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылындағы Мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Мемлекеттік тілді дамыту тұрғысында облыстың кешкі мектептерінде өзге ұлттардың 120  өкілі үшін қазақ тіліне оқытатын тегін курстар ұйымдастырылды. Социологиялық зерттеулер нәтижесінде 2015 жылда мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 93,2% құрады. Облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы шығыс құжаттарда мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші 99,8% құрады.

Табиғат қорғау іс-шараларына жергілікті бюджеттен 2015 жылға 1,5 млрд. теңге бағытталды. «Қошқар ата» жасанды көлінің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру жұмысы жалғасуда. «Маңғыстау облысының теңіз порттары мен мұнай кәсіпшіліктерінің Каспий теңiзiнiң жағалық аймағына техногендік әсерін кешенді бағалау» жүргізілуде.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейін бағалау үшін «Мұнайлы ауданының экологиялық паспорты» МАЖ-ін әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде.

«Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС Маңғыстау ауданының Жыңғылды, Тұщықұдық, Шайыр, Қарақия ауданының Жетібай станциясы, Болашақ, Бейнеу ауданының Боранқұл және Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылдарында қатты-тұрмыстық қалдықтардың пайда болу және жиналу нормаларын айқындауға бағытталған бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 

Құм тоқтату мақсатында Бостанқұм, Түйесу және Қызылқұм құмды алаптарындағы өсімдік жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақтау қаласындағы өнімділігі 30 мың метр/тәулік №2 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салуды жалғастыруға жергілікті бюджеттен 2015 жыл 480,8 млн. теңге бөлініп, игерілді. Объектіні 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.

Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласында облыс бойынша 2015 жылда тіркелген қылмыстардың жалпы санының 2014 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға өскені байқалады (6334-тен 6678-ге дейін).

Бұрын сотталғандар жасаған қылмыстардың – 142%-ға (86-дан 208-ге дейін), мас күйінде жасалған қылмыстардың – 80%-ға (156-дан 281-ге дейін), оқ ататын қаруды қолданумен жасалған қылмыстардың – 64,7%-ға (17-ден 28-ге дейін) өскені байқалады.

Сонымен бірге, жалпы көлемде 60% алатын ауырлығы орташа қылмыстардың 16,5%-ға (4734-тен 3951-ге дейін) төмендегені байқалады. Көшеде жасалған қылмыстар 1,5%-ға (757-ден 746-ға дейін) төмендеді. Қоғамдық орындарда 2,5%-ға (1537-ден 1498-ге дейін), кәмелетке толмағандар 21,9%-ға (96-дан 75-ке дейін) аз қылмыс жасады.

2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 14,5%-ға (358-ден 410-ға дейін) және оларда жараланған азаматтар саны 14,9%-ға (451-ден 518-ге дейін) артты. Сонымен бірге, қаза тапқандар саны 23,3%-ға (103-тен 79-ға дейін) төмендеді.

Мұнайлы ауданында 8 учаскелік полиця пунктінің құрылысы жүргізілуде, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 156,6 млн. теңге бөлінді. Объект 2016 жылға өтеді.

Ақтау қаласы үшін 2015 жылы 119,6 млн. теңге сомасына 20 бұрылмалы цифрлық көше бейнекамерасы, сервер лік жабдық, бейнебақылау операторларының 2 автоматтандырылған жұмыс орны сатып алынды.

Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту мақсатында, әскерге шақырылғандарға арналған облыстық шақыру пунктінің құрылысы аяқталуда, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында Жаңаөзен қаласы үшін 2015 жылы 1148,9 млн. теңге, оның ішінде экономиканы әртараптандыруға және шағын және орта бизнесті дамытуға – 357,3 млн. теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 791,6 млн. теңге бөлінді.

Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлеріне жаңа өндірістер құруға 21 млн. теңге сомасында 7 грант бөлініп, 659,3 млн. теңге жалпы сомасына 17 жоба субсидияланды және 11,2 млн. теңге жалпы сомасына 7 жоба кепілдендірілді. Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлеріне 40,5 млн. теңге жалпы сомасына 13 микрокредит берілді.

Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға дейінгі кіреберіс автожолдың, қалашілік автомобиль жолдарының құрылысы және «Шаңырақ» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру аяқталды.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға ағымдағы жылы – 6,0 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,3 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 500,0 млн. теңге бөлінді.

«Астана», «Мерей», «Арай» шағын аудандарында және Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық төрт балабақшаның, қорғаныс істері жөніндегі ғимараттың, «Мамыр» және «Мерей» шағын аудандары автомобиль жолдарының құрылысы, 5 спорт құрылысын, 5 аулалық алаңқай, Жаңаөзен қаласындағы сауда және ойын-сауық орталығын салу, Маңғыстау көшесі бойынша жарықтандыру желілерін реконструкциялау аяқталып; 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығының (емхананың) құрылысы, шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты (4-кезең), қаланың бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау және кеңейту жалғасуда.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2015 жылы облыстың ауылдық елді мекендерінде коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 45 жоба іске асырылып, 274 жұмыс орны құрылды. Осы мақсатқа 401,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 354,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 46,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғасуда.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес, облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 431 шешімімен «Түпқараған ауданының Форт-Шевченко шағын қаласының 2020 жылға дейінгі кешенді даму жоспары» бекітілді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Маңғыстау облысын, қалалар мен аудандардың дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламалары әзірленіп бекітілді.

Өңір экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсететін облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының 2015 жылдағы негізгі қорытындылары осындай. 

Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
01 января 2020

"Облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру" бағытының негізгі атқаратын қызметтері:

1) өз құзыретінің шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

2) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында, облыстық маңызы бар   аудандар,   қалалардың   жергілікті   атқарушы   органдарының,   олардың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

3) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

4) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарды жариялау үшiн мерзімді баспа басылымын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс өткiзеді;

5) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және  тарату, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару мәселелеріне келісім береді;

6) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды және келіседі;

7) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

8) облыстық коммуналдық мүліктерді облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

9) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім береді;

10) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беру мәселелерін келіседі;

11) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін және тиісті саланың уәкілетті органдарына жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын беру мәселелерін келіседі;

12) акционерлік қоғамның акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

13) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы  «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-шы бабымен қаралған жағдайлар мен тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру бойынша жұмысты жүргізеді;

14) облыс әкімінің қолдаухаты негізінде республикалық меншіктен қабылданған облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешімдер қабылдайды;

15) сыйға тарту шарты бойынша берілетін мүлікті мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардан облыстық коммуналдық меншікке қабылдауды жүзеге асырады;

16) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну бойынша жұмысты жүргізеді;

17) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану жөнінде, оның ішінде оны кепілге, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы мәселені келіседі;

18) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 4-тарауында белгіленген  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау бойынша мәселелерді келіседі;

19) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

20) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды  ұйымдастырады,  оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

21) облыстық коммуналдық мүлікті, мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлесін жекешелендіруді, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

22) облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;

23) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік кешен ретінде облыстық мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін кейіннен сатып алу құқысыз, кейіннен сатып алу құқығымен, сенімгерлікпен басқаруға береді;

24) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға облыстық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен сенімгерлікпен басқаруға береді;

25) облыстық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың облыстық коммуналдық мүлкін есептен шығаруды келісу;

26) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

27) облыс әкімдігіне тиесілі акциялар дивидендтерінiң уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдағы қатысу үлесі облыс әкімдігіне тиесілі таза табыстың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушылары арасында бөлінуіне бақылауды жүзеге   асырады;

28) мемлекеттік-жекешілік әріптестік, концессиялық  шарттары негізінде жасалған объектілерді облыстық коммуналдық меншікке қабылдайды;

29) облыстық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

30) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болады;

31) өз ведомствосына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігін аудару нормативін мемлекеттік органдармен келіседі;

32) облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау  мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды

Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру
01 января 2020

«Қаржыны басқару саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру» бағытының негізгі атқаратын қызметтері:

1) бюджеттің атқарылуы, қаржылық және бюджеттік есептілік, облыстық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2) жергілікті бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдіснамалық басшылық жасау және деңгейаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

3)  жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;

4) жоғарғы тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджеттік түсімдер сыныптамасының тиiстi коды арқылы жоғарғы тұрған бюджет резервінен алған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады;

5) жергiлiктi атқарушы органның мақсатқа сай емес пайдаланған бюджеттiк несие және/немесе бюджеттiк несие сомасы бойынша берешек сомасын өндіріп алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік қаржылық бақылау органына және облыстың тексеру комиссиясына бюджеттiң атқарылуы бойынша орталық уәкiлеттi органға есепті қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасайды және тапсырады;

7) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспарын және облыстық бюджет бойынша төлемдер бойынша қаржыландыруды жасайды, бекітеді және жүргізеді;

8) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар                 енгізеді;

9) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынған ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы демеушіліктен, облыстық бюджет бойынша қайырымдылық көмектен түсімдер мен түсімдердің жұмсалуы туралы есепті жасайды;

10) облыстық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерін жасайды;

11) облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына қорытынды дайындайды;

12) мемлекеттiк мекемелердiң жеке қаржыландыру жоспарларының  қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестiкке бақылауды жүзеге асырады;

13) мемлекеттік мекемелермен ұсынылған мiндеттемелерi және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, қаржыландыру мен кірістің жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгеріс енгізу анықтамаларын, қаржыландыру және кіріс бойынша жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттік заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

14) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшіліктерінің және қала мен аудан әкiмдіктерiнiң бюджеттік қаражат бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттары және шетелдік валюта шоттары бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерді қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады;

15) облыстық бюджеттi (түзетуге) нақтылау бойынша ұсыныс енгiзеді;

16) бюджеттi атқару кезінде бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуына бағалау жүргiзеді;

17) бюджеттік қаражатты басқару бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді;

18) бюджеттік несиені республикалық бюджет пен жергілікті бюджет қаражаты есебінен береді, қызмет көрсетедi, оларды есепке алуды, мониторинг және қайтаруды қамтамасыз етеді;

19) бюджеттiк мониторингті жүзеге асырады;

20) мемлекеттік мекемелердің өз қарауында қалған тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен ақшаның қалыптасуы мен жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

21) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын келіседі;

22) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншiкке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орыналуын бақылауды жүзеге асырады;

23) мемлекеттік-жекешілік әріптестік, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің, жергілік атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады;

24) жасасылған жергілікі мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;

25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тіркейді және есепке алуды жүргізеді;

26) бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті жасайды;

27) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

28) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы