Цифрландыру бойынша 2024 жылда атқарылған жұмыстар
Цифрландыру бойынша 2023 жылда атқарылған жұмыстар
Цифрландыру бойынша 2022 жылда атқарылған жұмыстар
Цифрландыру бойынша 2021 жылда атқарылған жұмыстар
Аймақты цифрландыру бойынша 2024 жылда
атқарылған жұмыстар
Аймақты цифрландыру «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуіріндегі №258/НҚ бұйрығы).
Қауіпсіздік саласында:
Бүгінде Қызылорда қаласында 18630 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда. Оның 7148-і Жедел басқару орталығына қосылған. 20 дана «Аркан» жылдамдық өлшеуіш құралдары қаладағы жол-қозғалыс оқиғаларының алдын алуға жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, 2024 жылы Қызылорда қаласына пилоттық режимде 100 дана бейнебақылау камералары және 10 дана «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғылары орнатылып, іске қосылды.
Қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда “SOS” дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 2024 жылдың қорытындысы бойынша (01.01-31.12.2024ж.) Қызылорда қаласында барлығы 49119 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оның ішінде жол ережесін бұзғандар – 40548. Қызметкерлер бейнекамераның көмегімен 138 қылмыстың ашылуына ықпалын тигізді.
Алдағы уақытта 1400 дана бейнебақылау камераларын, 19 дана интеллектуалды қиылыс, 58 дана жылдамдық өлшегіштер орнату және облыстық жедел басқару орталығын қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
Полиция департаментінің 7 аудандық полиция бөліністерінің кезекші бөлімдеріне келіп түсетін ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыру үшін «Кіші-ЖБО» қайта жаңғыртылды. 539 дана бейнебақылау камералары, 49 дана стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары қолданысқа енгізілді.
Сонымен қатар, жоба аясында «ЖБО 2.0» бағдарламасы қала және аудандық полиция бөлімшелерінде орнатылды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды. Қала бойынша 44 білім беру ұйымдары:
− 100% (44) бейнебақылау камераларымен қамтылған;
− 100% (44) дабыл батырмалары орнатылған;
− 100% (44) Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.
Әлеуметтік салада:
Қазіргі таңда, барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100%-ға қамтылған.
Бүгін де, Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93,6% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізуді болдырмау және медициналық құжаттарды ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. PACS жүйесі енгізілуге тиісті 25 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығына енгізілген.
Көлік және логистика саласында:
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС-нің жеке инвестициясы арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды.
Жалпы 340 қалаішілік қоғамдық көліктің 323-і электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған (95%). Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңы маршруттары ұйымдастырылған. Бүгінде, дифференциалды тариф жүйесі енгізіліп онлайн төлемдерді ынталандыру шаралары жүргізілді. Яғни, қолма-қол төлем 130 теңге болса, ал онлайн төлем 85 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта «AlemPay» жүйесіне қоғамдық көліктің 32 бағыты қосылған (100%).
2024 жылдың қорытындысы бойынша (01.01-31.12.2024ж.) валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 97,85 % қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 29 471 423 данасынан 28 837 681 данасы көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Сонымен қоса, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС құрамындағы барлық қоғамдыө көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «SYSTEM.BUSPARK» - GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйесі бар. Жүйеге 340 қалаішілік қоғамдық көліктің 323-і қосылған (95 %). Оның көмегімен көліктің спутниктік мониторингі бойынша кез келген жобаларды жүзеге асыруға болады. Спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету.
Диспетчерлеу жүйесі «SYSTEM.BUSPARK» Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында:
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Энергосервис» ЕЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, жеке және заңды тұлғаларға табиғи монополия субъектілерінің 85 қызмет түрі автоматтандырылып, 2023 жылдың 20 қазанында іске қосылып, 1850 өтінім (2023 жылдың соңына дейін 328 өтінім, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1522 өтінім) тіркелді. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Инновациялық экожүйе саласында:
2023 жылдың 17 сәуірінен бастап Astana Hub халықаралық технопаркі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті үшжақты меморандумға қол қойып, «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы Astana Hub халықаралық технопаркінің тәжірибесін Қызылорда облысына тарату мақсатында өңірлік хаб есебінде ашылды.
Инновациялық IT жобаларды дамыту мақсатында жыл сайын Pecha Kucha Kyzylorda, Smart city Kyzylorda «Hackathon», Innofest Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өтеді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша (01.01-31.12.2024ж.) өңірлік хабтың ұйымдастыруымен 112 іс-шара өткізілді. Жалпы қатысушылар саны 4383 адам.
Үлкен ауқымда Kyzylorda Hub Idea Battle және EdTech Hackathon Kyzylorda байқаулары өткізілді. 2024 жылы әйел адамдарға арналған Tech girls және She-commercе бағдарламасы бойынша 21 адам білім алды. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар арасында цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында Digital Skills boost бағдарламасы жүргізілді. Аталмыш бағдарламада 20 азамат цифрлы сауаттылық дағдыларын арттырды. Сондай-ақ, келесі бағыттардағы іс-шаралар ұйымдастырылды:
- Pizza pitch Kyzylorda - стартап жобалардың питчингі, 35 қатысушы;
- Skills Up жастар арасындағы цифрлы дағдыларды арттыру бағдарламасы, 92 қатысушы;
- Kyzylorda Idea Batlle облыстық стартап жобалар байқауы, 43 қатысушы, жүлде қоры 500 000 теңге;
- Startup Academy бағдарламасының семинарлары: 10 семинар, 82 қатысушы;
- EdTech Hackathon Kyzylorda облыстық білім саласындағы ІТ жобалар хакатоны, 130 қатысушы, жүлде қоры 500 000 теңге;
- Girls in ICT кеші - 30 қатысушы;
- Level Up ойын жасау бағдарламасы - 12 қатысушы;
- AI-Urpaq бағдарламасы - 92 қатысушы;
- AI-Skillboost курсы - 40 қатысушы;
- GameDev workshop және GameLab KBTU Speaker talks - 28 қатысушы;
- NoCode Bootcamp - 12 қатысушы;
- Techno Women Kyzylorda форумы - 250 қатысушы;
- Drone Bootcamp бағдарламасы - 34 қатысушы.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының IT-паркінде 9 резидент тіркелген: «Grand master» бағдарламалау мектебі, «SMARTGENERATION», «Kazrobotics», «RedOrda», «SAFE CYBERSPACE», «FLYORDA», «MetaSchool», «Vertex», «Kyzylorda Business Hub».
«Астана Хаб» халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған «Tech Orda» бағдарламасына «VERTEX SCHOOL» бағдарламалау мектебі қатысты. Бағдарлама аясында 2024 жылы 16 адам оқытылды.
Kyzylorda Hub ішінде GameDev Center орталығы қызметін бастады. Орталықта 26 білім алушы тегін түрде ойын жасау курстарын меңгеруде. Үздік бітірген түлектер бейнеойындарының продакшн қолдауын алады.
Сондай-ақ, 2023 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Спорттық бағдарламалау Федерациясының өкілділігі ашылды. 2024 жылы Үздiк IT Ұстаз, Өңірлік чемпионат, Өңірлік экожүйенің студенттерімен жергілікті IT компаниялардың өкілдерімен кездесу, Облыстық жасөспірімдер олимпиадасы атты іс-шаралар өткізілді.
Қаланы басқару саласында:
«Өңірлік геоақпараттық жүйе»
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контур қолжетімді.
Қазіргі уақытта жүйеде (https://orda.geoportal.kz ) мемлекеттік қызметтердің 9 түрі қолжетімді:
- Бос жер учаскесін қосу;
- Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрында(ЖМБМК) жер учаскесін жариялау;
- Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру;
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жер учаскелерінің болуына сұрау салу;
- Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау;
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
- Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық беру.
Қазіргі уақытта «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында Өңірлік геоақпараттық жүйе базасында автожолдардың сапасын бақылау сервисі әзірленіп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақпараттың толымдылығын қамтамасыз ету үшін қолжетімділік берілді.
«109 – Біріңғай байланыс орталығы»
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі - «109 – қызметі») жұмыс істейді.
2024 жылы (01.01-31.12.2024ж.) барлығы 167237 өтінім келіп түскен. Оның ішінде: оқыс оқиға – 36266, кеңес беру - 31794, шағым – 4892, ұсыныс – 73, алғыс - 244, ақпаратқа сұрау салу – 93968
Барлығы 167237 өтінім:
* телефон арқылы – (167226/99,9%);
* әлеуметтік желілер арқылы – (11/0,1%).
Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам (4 ауысым) тартылған.
109 - қызметі 24/7 режимінде жұмыс істейді.
2024 жылы өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 458 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, орталық тұрғындардың өтінім жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай алатын құралдар (Call - орталық: 109, «komek – 109» мобильді қосымшасы, WhatsApp: +7 (771) 700 01 09, Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook) ауқымы кеңейтілген.
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі».
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – «112 – БКДҚ») 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде. «112 – БКДҚ» қызметі Қызылорда қаласы 101, 112 және 102 желісі бойынша шұғыл келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады және сапалы, уақытылы орындалуын қадағалайды.
2024 жылы (01.01-31.12.2024ж.ж) «112-Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметіне» жалпы саны 123 838 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған. Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 973, құқық қорғау сипаты бойынша (102) – 112 154, жедел жәрдем қызметі бойынша - 5075, төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) – 1247 хабарлама тіркелді.
Барлық қабылданған хабарламалар шұғыл әрекет ету қызметтеріне жолданып, уақытылы орындалған.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 86-сервис қолжетімді:
Қалалық қызметтер: жергілікті инспекторды іздеу, салық берешегін тексеру, атаулы әлеуметтік көмек калькуляторы, жер кезегінің нөмірі, тұрғын үйге кезек нөмірі, пікірлер/шағымдар, көлік салығын есептеу, iKomek109 - ға өтініш беру;
Әкімге сұрақ қою;
Республикалық референдум;
Денсаулық сақтау: медициналық ұйымдар, дәрігер қабылдауына жазылу, мед.сақтандыру, менің емханам, дәрігерлерді бағалау, дәрігерді үйге шақыру, дәрі-дәрмек іздеу, QR арқылы аурухана парағын тексеру;
Білім: мектептер, университеттер мен колледждер, секциялар мен үйірмелер кестесі, балабақшалар, ата-ана бақылауы;
Көлік: теміржол вокзалының кестесі, теміржол билеттерін сатып алу, қалалық автобустар, аялдама таблосы, әуежай кестесі, әуе билетін сатып алу, такси тұрақтары, көліктің техникалық байқауы;
Коммерциялық қызметтер: қазпошта трекингін тексеру, жұмыс іздеу;
Белсенді тұрғын: сауалнамалар, дауыс беру;
Жаңалықтар: іс-шаралар, намаз уақыты, пайдалы сілтемелер;
Туризм: Қонақ үйлерді, жатақханаларды немесе пәтерлерді жалға беру, кесенелер мен ескерткіштерді, мұнара мен қалашық, мұражайлар мен театрлар, ғимараттар, діни мекемелер, іс-шаралар, «Kinoplexx» кинотеатрының кестесі және билеттерін сатып алу, кафелер мен мейрамханалар, қонақ үйлер, тағамға тапсырыс беру, сауда орталықтары, демалыс және ойын-сауық, «Жібек Жолы» кинотеатрының кестесі және билеттерін сатып алу, караоке-барлар, демалыс орындары мен саябақтар;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: ҚТҚ өңдеу, табу бюросы;
Менің төлемдерім: Қазақтелеком (дербес шот), айыппұлдарды төлеу, коммуналдық қызметтерді төлеу, Қазақтелеком (телефон нөмірі), салықты төлеу, бірыңғай жиынтық төлем;
Қауіпсіздік: ТЖ-да төсек-орын, қауіпті аймақтар, Жаңақорғанай ауданы, Жалағаш кенті,өрт қауіпсіздігі, эвакуациялау пункттері, тыйым салынған аймақтар, ойын-сауық мекемелерін ұсынатын мекемелер;
Картадағы камералар;
Жедел көмек: жедел жәрдем орындары, дабыл батырмалары, ауруды анықтау және алғашқы көмек көрсету бойынша жадынамалар;
«Cyber City хикаялары» комикс кітабы бастауыш сынып оқушыларына, информатика пəнін оқытуда қосымша оқу кұралы ретінде ұсынылады.
Облыс бойынша жыл сайын өткізілетін ауқымды шаралар («Inno.Fest Qyzylorda», «Smart City Hackaton», «Pecha Kucha Kyzylorda») туралы барлық ақпаратты мобильді қосымшадан көре аласыздар.
АЙМАҚТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛДЫҢ
Ⅲ ТОҚСАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЕСЕБІ
Аймақты цифрландыру «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуіріндегі №258/НҚ бұйрығы).
Қауіпсіздік саласында:
Бүгінде Қызылорда қаласында 18630 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда. Оның 5860-ы Жедел басқару орталығына қосылған. 20 дана «Аркан» жылдамдық өлшеуіш құралдары қаладағы жол-қозғалыс оқиғаларының алдын алуға жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы мен «Көркем Телеком» ЖШС мекемесі меморандумға отырып, Қызылорда қаласына пилоттық режимде 100 дана бейнебақылау камералары және 10 дана «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғылары орнатылып, іске қосылды.
Қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда “SOS” дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы заманауи техникамен толығуда.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарына сәйкес 2024 жылдың Ⅲ тоқсан қорытындысы бойынша (01.01-30.09.2024ж.) Қызылорда қаласында барлығы 41025 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оның ішінде жол ережесін бұзғандар 33555 анықталды. Қызметкерлер бейнекамераның көмегімен 121 қылмыстың ашылуына ықпалын тигізді.
Алдағы уақытта 1400 дана бейнебақылау камераларын, 19 дана интеллектуалды қиылыс, 58 дана жылдамдық өлшегіштер орнату және Жедел басқару орталығын қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды. Қала бойынша 44 білім беру ұйымдары:
− 100% (44) бейнебақылау камераларымен қамтылған;
− 100% (44) дабыл батырмалары орнатылған;
− 100% (44) Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.
Әлеуметтік салада:
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100%-ға және кемінде 4 Мбит/с интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93,6% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2024 жылдың Ⅲ тоқсан қорытындысы бойынша (01.01-30.09.2024ж.) қорытындысы бойынша телемедициналық кеңестер саны 703-ті құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен: кеңестер саны – 52, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 651.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізуді болдырмау және медициналық құжаттарды ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 25 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығына PACS жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Көлік және логистика саласында:
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда.
Жалпы 340 қалаішілік қоғамдық көліктің 320-сы электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған (94,11%). Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңы маршруттары ұйымдастырылған. Бүгінде, жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды. Қазіргі уақытта «AlemPay» жүйесіне 32 бағыт қосылған.
2024 жылдың Ⅲ тоқсан қорытындысы бойынша (01.01-30.09.2024ж.) валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 97,75 % қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 20 973 507 данасынан 20 503 270 данасы көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Сонымен қоса, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС құрамындағы автобустардың барлығында көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «SYSTEM.BUSPARK» - GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйесі бар. Жалпы 340 қалаішілік қоғамдық көліктің 320-сы қосылған (94,11%). Оның көмегімен көліктің спутниктік мониторингі бойынша кез келген жобаларды жүзеге асыруға болады.
Жүйе «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС үшін арнайы жазылған. Сервис спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету.
Диспетчерлеу жүйесі «SYSTEM.BUSPARK» API бойынша Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген, сонымен қатар «Қызылорда» Автобус Паркі» ЖШС диспетчерлеріне рейстерді жоспарлауға және олардың орындалуын бақылауға көмектеседі.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында:
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Энергосервис» ЕЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, жеке және заңды тұлғаларға табиғи монополия субъектілерінің 85 қызмет түрі автоматтандырылып, 2023 жылдың 20 қазанында іске қосылып, 1595 өтінім (2023 жылдың соңына дейін 328 өтінім, 2024 жылдың Ⅲ тоқсан қорытындысы бойынша 1267 өтінім) тіркелді. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Инновациялық экожүйе саласында:
2023 жылдың 17 сәуірінен бастап Astana Hub халықаралық технопаркі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті үшжақты меморандумға қол қойып, «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы Astana Hub халықаралық технопаркінің тәжірибесін Қызылорда облысына тарату мақсатында өңірлік хаб есебінде ашылды.
Облыс әкімінің қолдауымен инновациялық IT жобаларды дамыту мақсатында жыл сайын Pecha Kucha Night Kyzylorda, Smart city Kyzylorda «Hackathon 2024» хакатоны, Innofest Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өтеді.
2024 жылдың Ⅲ тоқсан қорытындысы бойынша (01.01-30.09.2024ж.) Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен 91 іс-шара өткізілді. Жалпы қатысушылар саны 3150 адам.
Үлкен ауқымда Kyzylorda Hub Idea Battle және EdTech Hackathon Kyzylorda байқаулары өткізілді. Әйел адамдарға арналған Tech girls және She-commercе бағдарламасы бойынша 21 жас ару білім алуда. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар арасында цифрлы сауаттылықты арттыру мақсатында Digital Skills boost бағдарламасы жүргізіліп келеді. Аталмыш бағдарламада 20 азамат цифрлы сауаттылық дағдыларын арттыруда. Сондай-ақ, келесі бағыттардағы іс-шаралар ұйымдастырылды:
- Pizza pitch Kyzylorda - стартап жобалардың питчингі, 35 қатысушы;
- Skills Up жастар арасындағы цифрлы дағдыларды арттыру бағдарламасы, 92 қатысушы;
- Kyzylorda Idea Batlle облыстық стартап жобалар байқауы, 43 қатысушы, жүлде қоры 500 000 теңге;
- Startup Academy бағдарламасының семинарлары: 10 семинар, 82 қатысушы;
- EdTech Hackathon Kyzylorda облыстық білім саласындағы ІТ жобалар хакатоны, 130 қатысушы, жүлде қоры 500 000 теңге;
- Girls in ICT кеші - 30 қатысушы;
- Level Up ойын жасау бағдарламасы - 12 қатысушы;
- AI-Urpaq бағдарламасы - 92 қатысушы;
- AI-Skillboost курсы - 40 қатысушы;
- GameDev workshop және GameLab KBTU Speaker talks - 28 қатысушы;
- NoCode Bootcamp - 12 қатысушы;
- Techno Women Kyzylorda форумы - 250 қатысушы;
- Drone Bootcamp бағдарламасы - 34 қатысушы.
«Астана Хаб» халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған «Tech Orda 2024» бағдарламасына «VERTEX SCHOOL» бағдарламалау мектебі қатысады. Бағдарлама аясында 2025 жылы тағы 16 адамды оқыту жоспарлануда.
Сонымен қатар Kyzylorda Hub хабының ішінде GameDev Center орталығы қызметін бастады. Қазіргі таңда орталықта 26 білім алушы тегін түрде ойын жасау курстарын меңгеруде. Сонымен қатар үздік бітірген түлектер бейнеойындарының продакшн қолдауын алады.
Қаланы басқару саласында:
«Өңірлік геоақпараттық жүйе».
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контур қолжетімді.
Қазіргі уақытта жүйеде (https://orda.geoportal.kz) мемлекеттік қызметтердің 9 түрі қолжетімді:
- Бос жер учаскесін қосу;
- Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрында(ЖМБМК) жер учаскесін жариялау;
- Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру;
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жер учаскелерінің болуына сұрау салу;
- Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау;
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
- Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық беру.
Қазіргі уақытта «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында Өңірлік геоақпараттық жүйе базасында автожолдардың сапасын бақылау жұмыстары жүргізілуде.
«109 – Біріңғай байланыс орталығы».
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі - «109 – қызметі») жұмыс істейді.
2024 жылы (01.01-30.09.2024ж.) барлығы 127971 өтінім келіп түскен. Оның ішінде: оқыс оқиға – 28939, кеңес беру - 21750, шағым – 4065, ұсыныс – 56, алғыс - 188, ақпаратқа сұрау салу – 72976
Барлығы 127971 өтінім:
* телефон арқылы – (127964/99,9%);
* әлеуметтік желілер арқылы – (7/0,1%).
Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам (4 ауысым) тартылған.
109 - қызметі 24/7 режимінде жұмыс істейді.
2024 жылы өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 14092 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, орталық тұрғындардың өтінім жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай алатын құралдар (Call - орталық: 109, «komek – 109» мобильді қосымшасы, WhatsApp: +7 (771) 700 01 09, Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook) ауқымы кеңейтілген.
АЙМАҚТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛДЫҢ
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА АҚПАРАТ
Аймақты цифрландыру «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуіріндегі №258/НҚ бұйрығы).
Қауіпсіздік саласында:
Бүгінде Қызылорда қаласында 18461 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда. Оның 5258-і Жедел басқару орталығына қосылған. 20 дана «Аркан» жылдамдық өлшеуіш құралдары қаладағы жол-қозғалыс оқиғаларының алдын алуға жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы мен «Көркем Телеком» ЖШС мекемесі меморандумға отырып, Қызылорда қаласына пилоттық режимде 100 дана бейнебақылау камералары және 10 дана «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғылары орнатылып, іске қосылды.
Қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда “SOS” дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы заманауи техникамен толығуда.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарына сәйкес 2024 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласында барлығы 24936 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оның ішінде жол ережесін бұзғандар 20418 анықталды. Қызметкерлер бейнекамераның көмегімен 84 қылмыстың ашылуына ықпалын тигізді.
Алдағы уақытта 1400 дана бейнебақылау камераларын, 19 дана интеллектуалды қиылыс, 58 дана жылдамдық өлшегіштер орнату және Жедел басқару орталығын қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында 35 мектеп, 28 балабақшаға камера орнатылды. Облыс бойынша 297 мемлекеттік мектеп:
- 100% (297) бейнебақылау камераларымен қамтылған;
- 100% (297) дабыл батырмалары орнатылған;
- 96,96% (288) Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған, қала бойынша 32 камера ЖБО-ға қосылған;
- 74,4% (221 мектеп) бала және қызметкер саны 700-ден асатын мектептер турникетпен толық қамтамасыз етілген;
- Қызылорда қаласында орналасқан бала және қызметкер саны 700-ден асатын 113 мектеп мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген.
Әлеуметтік салада:
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100%-ға және кемінде 4 Мбит/с интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2024 жылдың I-жартыжылдығының (01.01-30.06.2024ж.) қорытындысы бойынша телемедициналық кеңестер саны 524-ті құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен: кеңестер саны – 39, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 485.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізуді болдырмау және медициналық құжаттарды ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 29 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығына PACS жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Көлік және логистика саласында:
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда.
Жалпы 360 қалаішілік қоғамдық көліктің 266-да электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған (73,8%). Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңы маршруттары ұйымдастырылған. Бүгінде, жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды.
2024 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша (01.01-30.06.2024ж.) валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 97,61 % қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 13 768 015 данасынан 13 438 441 данасы көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Сонымен қоса, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС құрамындағы автобустардың барлығында көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «SYSTEM.BUSPARK» - GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйесі бар. Жалпы 360 қалаішілік қоғамдық көліктің 266-ы қосылған (73,8%). Оның көмегімен көліктің спутниктік мониторингі бойынша кез келген жобаларды жүзеге асыруға болады.
Жүйе «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС үшін арнайы жазылған. Сервис спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету.
Диспетчерлеу жүйесі «SYSTEM.BUSPARK» API бойынша Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген, сонымен қатар «Қызылорда» Автобус Паркі» ЖШС диспетчерлеріне рейстерді жоспарлауға және олардың орындалуын бақылауға көмектеседі.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында:
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Энергосервис» ЕЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, жеке және заңды тұлғаларға табиғи монополия субъектілерінің 85 қызмет түрі автоматтандырылып, 2023 жылдың
20 қазанында іске қосылып, 1398 өтінім (2023 жылдың соңына дейін 328 өтінім, 2024 жылдың I-жартыжылдығында 1070 өтінім) тіркелді. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Инновациялық экожүйе саласында:
2023 жылдың 17 сәуірінен бастап Astana Hub халықаралық технопаркі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті үшжақты меморандумға қол қойып, «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы Astana Hub халықаралық технопаркінің тәжірибесін Қызылорда облысына тарату мақсатында өңірлік хаб есебінде ашылды.
Облыс әкімінің қолдауымен инновациялық IT жобаларды дамыту мақсатында жыл сайын Pecha Kucha Night Kyzylorda, Smart city Kyzylorda «Hackathon 2024» хакатоны, Innofest Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өтеді.
2024 жылдың I-жартыжылдығында Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен 77 іс-шара өткізілді. Жалпы қатысушылар саны 2259 адам.
Үлкен ауқымда Kyzylorda Hub Idea Battle және EdTech Hackathon Kyzylorda байқаулары өткізілді. Әйел адамдарға арналған Tech girls және She-commercе бағдарламасы бойынша 21 жас ару білім алуда. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар арасында цифрлы сауаттылықты арттыру мақсатында Digital Skills boost бағдарламасы жүргізіліп келеді. Аталмыш бағдарламада 20 азамат цифрлы сауаттылық дағдыларын арттыруда. Сондай-ақ, келесі бағыттардағы іс-шаралар ұйымдастырылды:
- Pizza pitch Kyzylorda - стартап жобалардың питчингі, 35 қатысушы;
- Skills Up жастар арасындағы цифрлы дағдыларды арттыру бағдарламасы, 92 қатысушы;
- Kyzylorda Idea Batlle облыстық стартап жобалар байқауы, 43 қатысушы, жүлде қоры 500 000 теңге;
- Startup Academy бағдарламасының семинарлары: 10 семинар, 82 қатысушы;
- EdTech Hackathon Kyzylorda облыстық білім саласындағы ІТ жобалар хакатоны, 130 қатысушы, жүлде қоры 500 000 теңге;
- Girls in ICT кеші - 30 қатысушы;
- Level Up ойын жасау бағдарламасы - 12 қатысушы;
- AI-Urpaq бағдарламасы - 92 қатысушы;
- AI-Skillboost курсы - 40 қатысушы;
- GameDev workshop және GameLab KBTU Speaker talks - 28 қатысушы;
- NoCode Bootcamp - 12 қатысушы;
- Techno Women Kyzylorda форумы - 250 қатысушы;
- Drone Bootcamp бағдарламасы - 34 қатысушы.
2024 жылы Облыстық технопаркінің 3 резиденттері(«VERTEX SCHOOL», «Meta School», «GrandMaster») Tech Orda жобасына түсіп аккредациядан және Тәуелсіз коммиссия тексерісінен толық өтілді. Қазіргі уақытта «VERTEX SCHOOL» облыстық деңгейде ваучерлік алады.
Қаланы басқару саласында:
«Өңірлік геоақпараттық жүйе».
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контур қолжетімді.
Қазіргі уақытта жүйеде (https://orda.geoportal.kz ) мемлекеттік қызметтердің 8 түрі қол жетімді:
Бос жер учаскесін қосу;
- Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрында(ЖМБМК) жер учаскесін жариялау;
- Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру;
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жер учаскелерінің болуына сұрау салу;
- Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау;
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
Қазіргі уақытта «ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында Өңірлік геоақпараттық жүйе базасында автожолдардың сапасын бақылау жұмыстары жүргізілуде.
«109 – Біріңғай байланыс орталығы».
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі - «109 – қызметі») жұмыс істейді.
2024 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша (01.01-30.06.2024ж.) барлығы 89739 өтінім келіп түскен. Оның ішінде: оқыс оқиға – 20143, кеңес беру - 14355, шағым – 2916, ұсыныс – 36, алғыс - 137, ақпаратқа сұрау салу – 52152
Барлығы 89739 өтінім:
* телефон арқылы – (14441/99,9%);
* әлеуметтік желілер арқылы – (2/0,1%).
Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам (4 ауысым) тартылған.
109 - қызметі 24/7 режимінде жұмыс істейді.
2024 жылы өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 498 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, орталық тұрғындардың өтінім жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай алатын құралдар (Call - орталық: 109, «komek – 109» мобильді қосымшасы, WhatsApp: +7 (771) 700 01 09, Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook) ауқымы кеңейтілген.
Аймақты цифрландыру бойынша 2023 жылдың есебі
2023 жылы өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылды (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №227/НҚ бұйрығы).
Білім беру саласында
Облыста барлық 295 мемлекеттік мектептер интернетке және «Күнделік» электронды журналы ақпараттық жүйесіне қосылған. Жүйеге 24 221 мұғалім, 172 444 оқушы, 112 229 ата-аналар тіркелген.
Онымен қоса, ата-аналарға балалардың сабаққа қатысуын бақылауға мүмкіндік беру, сабаққа келмеу сағаттарын және сабақтан қалуды азайту үшін «Күнделік.Трекер» қосымшасы іске қосылды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды.
Жоба аясында 2023 жылы 35 мектеп, 28 балабақшаға камера орнатылды. Облыс бойынша 295 мемлекеттік мектепте:
- 100% (295) бейнебақылау камераларымен қамтылған;
- 100% мектепте (295) дабыл батырмалары орнатылған;
- 97,6% мектеп (288) Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған;
- 72,2% Қызылорда облысында орналасқан, бала және қызметкер саны 700-ден асатын мектептер турникетпен толық қамтамасыз етілген (213 мектеп);
- Қызылорда қаласында орналасқан бала және қызметкер саны 700-ден асатын мектептер мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген (105 мектеп).
Денсаулық сақтау саласында
Аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100% және кемінде 4 мегабит/сек интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Аймақ тұрғындарына 100% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша (01.01-31.12.2023г.) телемедициналық кеңестер саны 982-ні құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен: кеңестер саны – 117, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 865.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізу мақсатында медициналық құжаттар ұзақ және тұрақты сақтауды талап етеді, осыған байланысты «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. PACS жүйесі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан енгізілуге тиісті 25 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығында енгізілген.
Қауіпсіздік саласында
Бүгінде қала бойынша бойынша 18278 камера орнатылған, оның 4940-ы Жедел басқару орталығына қосылған. 20 дана «Аркан» жылдамдық өлшеуіш құралдары қаладағы жол-қозғалыс оқиғаларының алдын алуға жұмыс жасауда.Сонымен қатар, полиция патрульдері планшеттермен жабдықталып, электронды жүйеде жұмыс жасайды.
Алдағы уақытта 700 дана бейнебақылау камераларын, 25 дана интеллектуалды қиылыс, 35 дана жылдамдық өлшегіштер орнату және Жедел басқару орталығын қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
Көлік саласында
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда.
Жалпы 335 қалаішілік қоғамдық көліктің 312-да электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған (93%). Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңы маршруттары ұйымдастырылған. Бүгінде, жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды. 2023 жылы (01.01-31.12.2023г.) валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 91,52 %-ы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 16 255 202 данасынан 14 876 169 көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Сонымен қоса, "Қызылорда Автобус паркі" ЖШС құрамындағы автобустардың барлығында көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «SYSTEM.BUSPARK» - GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйесі бар. Жалпы 335 қалаішілік қоғамдық көліктің 219-ы қосылған (65%). Оның көмегімен көліктің спутниктік мониторингі бойынша кез келген жобаларды жүзеге асыруға болады.
Жүйе «Қызылорда» Автобус Паркі» ЖШС үшін арнайы жазылған. Сервис спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету.
Диспетчерлеу жүйесі «SYSTEM.BUSPARK» API бойынша Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген, сонымен қатар «Қызылорда» Автобус Паркі» ЖШС диспетчерлеріне рейстерді жоспарлауға және олардың орындалуын бақылауға көмектеседі.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында:
2023 жылы Қызылорда қаласы бойынша «ЕРЦ-ОРДА» ЖШС компаниясының қызмет көрсетуімен «Бірыңғай есеп айырысу орталығына» ШЖҚ «Қызылорда тазалығы» КМК, ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК және ШЖҚ «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК қосылған.
Ақылды жарықтандыру жүйесін жүзеге асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
Қалалық басқару саласында
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контур қолжетімді.
Қазіргі уақытта жүйеде (https://orda.geoportal.kz) мемлекеттік қызметтердің 8 түрі қол жетімді:
Бос жер учаскесін қосу;
- Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрында(ЖМБМК) жер учаскесін жариялау;
- Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру;
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жер учаскелерінің болуына сұрау салу;
- Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау;
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
Ахуалдық орталық.
2020 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығында «Nomad» ақпараттық - аналитикалық жүйесі іске қосылды.
Жүйенің негізгі мақсаты - облыс басшылығының басқару шешімдерін қабылдау барысында ақпараттық қолдауды уақытылы және тиімді қамтамасыз ету, интеграциялау негізінде облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуын, қоғамдық – саяси жағдайын, күнделікті жедел мониторингін және бақылау тапсырмаларының орындалуы жөнінде өзекті және шынайы ақпаратты талдап, тұрақты түрде ұсыну.
Жүйе 4 ішкі жүйеден тұрады:
1. Күнделікті Президент Әкімшілігіне жолданатын ақпарат Облыс бойынша ахуалдың жедел мониторингіне қатар енгізілуде (Ұйымдар мен халықтың тұрғын-үй шаруашылыққа берешегі, ЖЖМКС қызметіне қоңыраулар саны, ауруханаға жатқызылғандар саны, облыс бойынша электр энергиясының тәуліктік тұтыну көлемі, облыс бойынша ауыз су тұтыну көлемі, Қызылорда қаласы бойынша табиғи газды тасымалдау және тұтыну көлемі көрсеткіштері).
2. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы (90 көрсеткіш) ҚРСЖжРАҰСБ-мен (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы) ықпалдастырылған деректерді қамтиды. Әр жылдың басында жаңартылып отырады.
3. Облыс бойынша қоғамдық-саяси жағдай (Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының саны әр тоқсан сайын, негативті ақпарат саны, 112-бірыңғай кезекшілік- диспетчерлік қызметіне түскен өтініш саны әр ай сайын, 109-Бірыңғай байланыс орталығына түскен өтініш саны әр ай сайын) жаңартылып отырады.
4. Облыс бойынша баға мониторингіне (әлеуметтік 19 маңызы бар тауарлар мен жанар-жағармай бағалары) ай сайын көрсеткіштер енгізіліп отырады.
Сондай-ақ «Аудандар паспорты» модулі іске қосылды, оның ішінде облыстың 7 ауданы мен Қызылорда қаласының деректері бар.
Қазіргі уақытта «Білім беру», «Денсаулық сақтау» және «Көлік» блогтарын түрлендіру, сондай-ақ дизайн саласындағы заманауи үрдістерді қолдана отырып, дизайнды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«I-ORDA» жобасы.
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Энергосервис» ЕЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, жеке және заңды тұлғаларға табиғи монополия субъектілерінің 85-ке жуық қызметінің бизнес-процестері автоматтандырылып, а.ж. 20 қыркүйегінде іске қосылды (2023 жылдың соңына дейін 382 өтінім тіркелді). Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі».
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – «112 – БКДҚ») 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде. «112 – БКДҚ» қызметі Қызылорда қаласы 101, 102, 112 желілері бойынша және 102 желісі бойынша Сырдария, Жалағаш аудандарынан келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады және сапалы, уақытылы орындалуын қадағалайды.
2023 жылы (01.01-31.12.2023ж.ж) «112- Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметіне» жалпы саны 194 195 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған. Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) - 998 хабарлама,құқық қорғау сипаты бойынша(102) – 175 006 хабарлама, төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) – 1321 хабарлама.
«112 – БКДҚ» қызметі жедел жәрдем қызметі бойынша 16 870 хабарлама өңделді.
Барлық қабылданған хабарламалар шұғыл әрекет ету қызметтеріне жолданып, уақытылы орындалған.
«109 - Бірыңғай байланыс қызметі».
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істейді.
2023 жыл бойынша (01.01-31.12.2023ж.ж) барлығы 165 482 өтінім келіп түскен. Оның ішінде: оқыс оқиға – 32 129, кеңес беру – 64 229, шағым – 6229, ұсыныс – 61, алғыс – 277, ақпаратқа сұрау салу – 62 557. Барлығы 165 482 өтінім:
* телефон арқылы – 165 086 / 99,76%;
* әлеуметтік желілер – 396 / 0,24%.
Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам тартылған. 109 қызметі 24/7 режимінде жұмыс істейді.
2023 жылы өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 453 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымша.
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 84-сервис қолжетімді:
- Қалалық қызметтер: тұрғын үй және жер кезегінің нөмірі, салық берешегін тексеру, учаскелік инспекторды іздеу, атаулы әлеуметтік көмек калькуляторы, көлік салығын есептеу, Komek109-ға өтінім беру;
- Денсаулық сақтау: дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақыру, емхананы іздеу, мед.сақтандыру, дәрі-дәрмек іздеу, менің емханам, аурухана парағын тексеру, дәрігерлерді бағалау;
- Білім: университеттер, мектептер, балабақшалар, секциялар мен үйірмелер, ата-ана бақылауы;
- Көлік: көліктің техникалық байқауы, қалалық автобустар, ТЖ және автовокзал кестесі, әуежай, такси тұрақтары, аялдамалар таблосы, ТЖ және әуе билеттерін сатып алу;
- Коммерциялық қызметтер: қазпошта трекингін тексеру, жұмыс іздеу;
- Ойын-сауық: іс-шаралар, кино билеттері, сауда орталықтары, кафелер мен мейрамханалар, караоке барлар, қонақ үйлер, ойын-сауық, демалыс аймақтары, спорт. нысандар, тағамға тапсырыс беру, пайдалы сілтемелер;
- Белсенді тұрғын: сауалнамалар және дауыс беру;
- Жаңалықтар: іс-шаралар, Қаз Inform, намаз уақыты, қаладағы оқиғалар;
- Туризм: қонақүй, жатақхана немесе пәтерлерді жалға алу, мұражайлар мен театрлар, кесенелер, ғимараттар, мұнара, діни ғимараттар;
- Менің төлемдерім: коммуналдық қызметтерді төлеу, айыппұлдарды төлеу, Қазақтелеком төлемдері, есептегіштердің көрсеткіштері, Бірыңғай жиынтық төлем , салық төлеу;
- Қауіпсіздік: эвакуациялау пункттері, шомылуға тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, қаладағы, аудандардағы құрама және қабылдау пункттері;
- «Cyber City хикаялары» комикс кітабы бастауыш сынып оқушыларына, информатика пəнін оқытуда қосымша оқу кұралы ретінде ұсынылады.
- Облыс бойынша жыл сайын өткізілетін ауқымды шаралар («Inno.Fest», «Smart City Hackaton», «Pecha Kucha Night») туралы барлық ақпаратты мобильді қосымшадан көре аласыздар.
Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Google play: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.curs.qyzylorda
APP store: https://apps.apple.com/kz/app/smartqyzylorda/id1469515789
Аймақты цифрландыру бойынша 2023 жылдың IІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар
Өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №227/НҚ бұйрығы).
Білім беру саласында
Облыста барлық 294 мемлекеттік мектептер байланыс операторларының арналары арқылы интернетке қосылып жұмыс жасауда («Қазақтелеком»-182 мектеп, «Транстелеком» - 83 мектеп, «KazOpticLink» - 11 мектеп, «СәттіТелеком меншігі» - 10 мектеп, «СитиЛан» - 5 мектеп, «Думан-Н» - 3 мектеп және «Кар-тел» - 1 мектеп).
Облыстың 294 мектебі (100%) «Күнделік» электронды журналы ақпараттық жүйесіне тіркеліп, жұмыс жасауда. Жүйеге 24 267 мұғалім, 172 280 оқушы, 111 279 ата-аналар тіркелген. Онымен қоса, ата-аналарға балалардың сабаққа қатысуын бақылауға мүмкіндік беру, сабаққа келмеу сағаттарын және сабақтан қалуды азайту үшін «Күнделік.Трекер» қосымшасы іске қосылды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында 2022 жылы 35 аудандық және 23 қалалық мектепке 1856 камера орнатылып, Жедел басқару орталығына (бұдан әрі - ЖБО) ықпалдастырылған, ал 2023 жылға 35 мектеп, 28 балабақшада 2016 камера жаңартылды.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 294 мемлекеттік мектептің:
Денсаулық сақтау саласында
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100% және кемінде 4 мегабит/сек Интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, аймақ тұрғындарына 100% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында, оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2023 жылдың IІІ тоқсанының (01.01-30.09.2023 ж.ж) қорытындысы бойынша телемедициналық кеңестер саны 720 құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен: кеңестер саны – 100, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 620.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізу мақсатында медициналық құжаттар ұзақ және тұрақты сақтауды талап етеді, осыған байланысты «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 29 медициналық ұйымның барлығында PACS жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қауіпсіздік саласында
Бейне мониторингтің бірыңғай жүйесін құру шеңберінде бейнекамераларды орнату- Қызылорда қаласында, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық іс-әрекеттерді азайтуға арналған бейнебақылау жүйесін кеңейту мақсатында 500 қалалық камера, 10 жол қиылысына зияткерлік, 35 стационарлық жылдамдық өлшегіш құралдарын орнату жоспарлануда.
Бүгінде, Қызылорда қаласы бойынша білім беру ұйымдарында 2314 камера орналасқан, оның 1798 камерасы ЖБО-ға қосылған. Денсаулық сақтау ұйымдарында 1688 камера орналасқан. Көппәтерлі тұрғын үйлерінің 996 камерасы бар, оның барлығы жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған.
Көлік саласында
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда, жалпы 390 қалаішілік қоғамдық көліктің 210-да электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған. Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңы маршруттары ұйымдастырылған. Бүгінде, жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды. 2023 жылдың IІІ тоқсанының (01.01-30.09.2023ж.ж) қорытындысы бойынша, валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 86,81%-ы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 10 275 711 данасынан 8 920 751 көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Онымен қоса, Қызылорда қаласындағы 170 қоғамдық көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «SYSTEM.BUSPARK» - GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйесі қолданыста. Сервис спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету.
Диспетчерлеу жүйесі «SYSTEM.BUSPARK» API бойынша Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген, сонымен қатар «Қызылорда» Автобус Паркі» ЖШС диспетчерлеріне рейстерді жоспарлауға және олардың орындалуын бақылауға көмектеседі.
Қалалық басқару саласында
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контур қолжетімді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 8 түрі геопорталдың сайтында (https://orda.geoportal.kz) қол жетімді:
-Бос жер учаскесін қосу;
-Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрында(ЖМБМК) жер учаскесін жариялау;
-Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру;
-Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жер учаскелерінің болуына сұрау салу;
-Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
-Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
-Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау;
-Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
«I-ORDA» жобасы
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Энергосервис» ЕЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, 84 қызметтің бизнес-процестері автоматтандырылып, тестілеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі»
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – «112 – БКДҚ») 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде. «112 – БКДҚ» қызметі Қызылорда қаласы 101, 102, 112 желілері бойынша және 102 желісі бойынша Сырдария, Жалағаш аудандарынан келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады және сапалы, уақытылы орындалуын қадағалайды.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында (01.01-30.09.2023 ж.ж) «112-БКДҚ-не» жалпы саны 160 202 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған.
Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 811 хабарлама, құқық қорғау сипатындағы мәселелер бойынша (102) – 146 155 хабарлама келіп түсті, төтенше жағдайлар бойынша (112) – 1082 хабарлама түсті. «112-БКДҚ» желісінде жедел жәрдем қызметі бойынша 12 154 хабарлама өңделген.
Барлық қабылданған хабарламалар шұғыл әрекет ету қызметтеріне жолданып, уақытылы орындалған.
«109 - Бірыңғай байланыс қызметі»
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істейді.
2023 жылдың 1 қаңтары мен 30 қыркүйек аралығында барлығы 115 456 өтінім келіп түскен.
Оның ішінде, оқыс оқиға – 21 856, консультативтік сипаттағы мәселелер –35 313, шағымдар – 4049, ұсыныстар – 51, алғыстар – 207, ақпаратқа сұрау салу – 53 980, Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша – 2154.
Барлығы 115 456 өтінім:
* телефон арқылы – 115 073 / 99,67%;
* әлеуметтік желілер – 383 / 0,33%.
Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам тартылған. 109 қызметі 24/7 режимінде жұмыс істейді.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында (01.01-30.09.2023 ж.ж) өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 422 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 79-сервис қолжетімді:
-Қалалық қызметтер: тұрғын үй және жер кезегінің нөмірі, салық берешегін тексеру, учаскелік инспекторды іздеу, атаулы әлеуметтік көмек калькуляторы, көлік салығын есептеу, Komek109-ға өтінім беру;
Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Google play : https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.curs.qyzylorda
APP store: https://apps.apple.com/kz/app/smartqyzylorda/id1469515789
Өңірлік IT парк
Қазіргі уақытта аймақтық IT-паркте 9 резидент тіркелген: ЖШС «Grand master» бағдарламалау мектебі, ЖШС «ART Software», ЖШС «Meta школа», ЖШС «Keyhorse», ЖШС «Vertex», ЖШС «Kazrobotics», ЖК «RedOrda», ЖШС «FlyOrda», ЖШС «Kyzylorda Business Hub». Резиденттер бойынша қосымша ақпаратты IT Park орталығының ресми сайтынан (https://it-park.kz/kk) алуға болады.
2023 жылы өңірлік стартап жобалар мен инновациялық технологияларды ілгерілету мақсатында Astana Hub Халықаралық стартаптар технопаркінің үлгісінде Kyzylorda Hub өңірлік хабы құрылды.
Astana Hub Халықаралық стартаптар технопаркінің Tech Orda(Тех Орда) бағдарламасы бойынша 1-кезеңде 60 ваучер бөлініп, 60 адам оқытылды, 2-кезеңде – 34 ваучер, оқыту жалғасуда.
Tech Orda – IT саласында адами капиталды дамытуға бағытталған бағдарлама. Бағдарлама кадрлар мен білім беру мекемелерінің дамуын ынталандыра отырып, IT-мамандарды даярлау үшін жеке тұлғаларды оқытуға қаржыландыруды ұсынады. Бағдарлама аясында 18 жастан 45 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары және жеке IT-мектептер қатысушылар болып табылады. Әрбір студент 600 000 теңгеге дейінгі көлемде грант (квота, ваучер) ала алады, оны аккредиттелген жеке меншік мектептерде әртүрлі IT-мамандықтар бойынша оқу ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.
Онымен қоса, Қызылорда қаласындағы 2 университет және 6 колледждің 280-ге жуық студенті IT Park базасында іс-тәжірибеден өтуде. Әлеуметтік осал топтардан 39 балаға компьютерлік сауаттылық бойынша тегін оқулар өткізілуде.
2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында IT Park орталығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен IT саласындағы инновациялық идеяларды жүзеге асыру үшін «Smart City Qyzylorda Hackathon байқауы», «Inno.Fest» Qyzylorda фестивалі, тағы да басқа жобалар өтетін болады. Өткізілетін іс-шаралардың күнтізбелік кестесі қоса жүктелетін болады.
IT бағытында ұйымдастырылатын іс-шаралар
Цифрландыру бойынша 2023 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар
Өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №227/НҚ бұйрығы).
Білім беру саласында.
Облыста барлық 295 мемлекеттік мектептер байланыс операторларының арналары арқылы интернетке қосылып жұмыс жасауда («Қазақтелеком»-182 мектеп, «Транстелеком» - 83 мектеп, «KazOpticLink» - 11 мектеп, «СәттіТелеком меншігі» - 10 мектеп, «СитиЛан» - 5 мектеп, «Думан-Н» - 3 мектеп және «Кар-тел» - 1 мектеп).
Облыстың 295 мектебі (100%) «Күнделік» электронды журналы ақпараттық жүйесіне тіркеліп, жұмыс жасауда. Жүйеге 23 950 мұғалім, 171 240 оқушы, 118 616 ата-аналар тіркеліп, жұмыстар жүргізілуде. Онымен қоса, ата-аналарға балалардың сабаққа қатысуын бақылауға мүмкіндік беру, сабаққа келмеу сағаттарын және сабақтан қалуды азайту үшін «Күнделік.Трекер» қосымшасы іске қосылды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында 2022 жылы 35 аудандық және 23 қалалық мектепке 1856 камера орнатылып, Жедел басқару орталығына (бұдан әрі - ЖБО) ықпалдастырылған, ал 2023 жылға 35 мектеп, 28 балабақшаға 2016 камера орнату жоспарланған.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 295 мемлекеттік мектептің:
100% бейнебақылау камераларымен қамтылған (295 мектеп);
97,6% камералары жедел басқару орталығына қосылған (288 мектеп);
58% турникет орнатылған (213 мектепте);
58% дабыл батырмалары орнатылған(170 мектепте);
58% мамандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген (93 мектеп).
Денсаулық сақтау саласында.
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100% және кемінде 4 мегабит/сек Интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, аймақ тұрғындарына 100% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларының (01.01-30.06.2023 ж.ж) қорытындысы бойынша телемедициналық кеңестер саны 491 құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен: кеңестер саны – 73, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 483.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізу мақсатында медициналық құжаттар ұзақ және тұрақты сақтауды талап етеді, осыған байланысты «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 29 медициналық ұйымның барлығында PACS жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қауіпсіздік саласында.
Бейне мониторингтің бірыңғай жүйесін құру шеңберінде бейнекамераларды орнату- Қызылорда қаласында, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық іс-әрекеттерді азайтуға арналған бейнебақылау жүйесін кеңейту мақсатында 500 қалалық камера, 10 жол қиылысына зияткерлік, 35 стационарлық жылдамдық өлшегіш құралдарын орнату жоспарлануда.
Бүгінде, Қызылорда қаласы бойынша білім беру ұйымдарында 2314 камера орналасқан, оның 1798 камерасы ЖБО-ға қосылған. Денсаулық сақтау ұйымдарында 1688 камера орналасқан. Көппәтерлі тұрғын үйлерінің 996 камерасы бар, оның барлығы жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған.
Көлік саласында.
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда, жалпы 390 қалаішілік қоғамдық көліктің 210-де электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған. Қызылорда қаласы бойынша 25 қалаішілік және 8 қала маңы маршруттары ұйымдастырылған. Бүгінде, жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларының (01.01-30.06.2023 ж.ж) қорытындысы бойынша, валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 83%-ы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 6 000 158 данасынан 4 996 348 көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Сонымен қоса, Қызылорда қаласындағы 170 қоғамдық көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «SYSTEM.BUSPARK» - GPS/ГЛОНАСС мониторинг жүйесі бар. Оның көмегімен көліктің спутниктік мониторингі бойынша кез келген жобаларды жүзеге асыруға болады.
Жүйе «Қызылорда» Автобус Паркі» ЖШС үшін арнайы жазылған. Сервис спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету.
Диспетчерлеу жүйесі «SYSTEM.BUSPARK» API бойынша Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген, сонымен қатар «Қызылорда» Автобус Паркі» ЖШС диспетчерлеріне рейстерді жоспарлауға және олардың орындалуын бақылауға көмектеседі.
Қалалық басқару саласында.
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда геопортал https://orda.geoportal.kz сайтында қол жетімді.
Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контур қолжетімді.
Қазіргі уақытта «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен» бірлесіп тестілеу процесс жұмыстары жүріп жатыр.
«I-ORDA» жобасы.
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК,«Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Энергосервис» ЕЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, 74-ке жуық қызметтің бизнес-процестері автоматтандырылып, тестілеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, табиғи монополия субъектілерінің қызметкерлері оқытылып, электронды қолтаңба алу жұмыстары жүргізілуде. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Сонымен қоса, қазіргі таңда Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-мен қосылып жұмыс жасауда.
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі».
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – «112 – БКДҚ») 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде. «112 – БКДҚ» қызметі Қызылорда қаласы 101, 102, 112 желілері бойынша және 102 желісі бойынша Сырдария, Жалағаш аудандарынан келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады және сапалы, уақытылы орындалуын қадағалайды.
2023 жылдың қаңтар-маусым айларында (01.01-30.06.2023 ж.ж) «112-БКДҚ-не» жалпы саны 114 880 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған.
Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 533 хабарлама, құқық қорғау сипатындағы мәселелер бойынша (102) – 105 716 хабарлама келіп түсті, төтенше жағдайлар бойынша (112) – 732 хабарлама түсті. «112-БКДҚ» желісінде жедел жәрдем қызметі бойынша 7901 хабарлама өңделген.
Барлық қабылданған хабарламалар шұғыл әрекет ету қызметтеріне жолданып, уақытылы орындалған.
«109 - Бірыңғай байланыс қызметі».
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істейді.
2023 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусым аралығында барлығы 76 702 өтінім келіп түскен.
Оның ішінде, оқыс оқиға – 14607, консультативтік сипаттағы мәселелер – 21898, шағымдар – 2548, ұсыныстар – 22, алғыстар – 148, ақпаратқа сұрау салу – 37479, Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша – 2154.
Барлығы 76702 өтінім:
* телефон арқылы – 76168 / 99,3%;
* әлеуметтік желілер – 534 / 0,7%.
Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам тартылған. 109 қызметі 24/7 режимінде жұмыс істейді.
2023 жылдың қаңтар-маусым айларында (01.01-30.06.2023 ж.ж) өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 423 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымша.
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 79-сервис қолжетімді:
Қалалық қызметтер: тұрғын үй және жер кезегінің нөмірі, салық берешегін тексеру, учаскелік инспекторды іздеу, атаулы әлеуметтік көмек калькуляторы, көлік салығын есептеу, Komek109-ға өтінім беру;
Денсаулық сақтау: дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақыру, емхананы іздеу, мед.сақтандыру, дәрі-дәрмек іздеу, менің емханам, аурухана парағын тексеру, дәрігерлерді бағалау;
Білім: университеттер, мектептер, балабақшалар, секциялар мен үйірмелер, ата-ана бақылауы;
Көлік: көліктің техникалық байқауы, қалалық автобустар, ТЖ және автовокзал кестесі, әуежай, такси тұрақтары, аялдамалар таблосы, ТЖ және әуе билеттерін сатып алу;
Коммерциялық қызметтер: қазпошта трекингін тексеру, жұмыс іздеу;
Ойын-сауық: іс-шаралар, кино билеттері, сауда орталықтары, кафелер мен мейрамханалар, караоке барлар, қонақ үйлер, ойын-сауық, демалыс аймақтары, спорт. нысандар, тағамға тапсырыс беру, пайдалы сілтемелер;
Белсенді тұрғын: сауалнамалар және дауыс беру;
Жаңалықтар: іс-шаралар, Қаз Inform, намаз уақыты, қаладағы оқиғалар;
Туризм: қонақүй, жатақхана немесе пәтерлерді жалға алу, мұражайлар мен театрлар, кесенелер, ғимараттар, мұнара, діни ғимараттар;
Менің төлемдерім: коммуналдық қызметтерді төлеу, айыппұлдарды төлеу, Қазақтелеком төлемдері, есептегіштердің көрсеткіштері, Бірыңғай жиынтық төлем , салық төлеу;
Қауіпсіздік: эвакуациялау пункттері, шомылуға тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, қаладағы, аудандардағы құрама және қабылдау пункттері;
«Cyber City хикаялары» комикс кітабы бастауыш сынып оқушыларына, информатика пəнін оқытуда қосымша оқу кұралы ретінде ұсынылады.
Облыс бойынша жыл сайын өткізілетін ауқымды шаралар («Inno.Fest», «Smart City Hackaton», «Pecha Kucha Night») туралы барлық ақпаратты мобильді қосымшадан көре аласыздар.
Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Google play : https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.curs.qyzylorda
APP store: https://apps.apple.com/kz/app/smartqyzylorda/id1469515789
Өңірлік IT парк.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының IT-паркінде 9 резидент тіркелген: ЖШС «Grand master» бағдарламалау мектебі, ЖШС «ART Software», ЖШС «Meta школа», ЖШС «Keyhorse», ЖШС «Vertex», ЖШС «Kazrobotics», ЖК «RedOrda», ЖШС «FlyOrda», ЖШС «Kyzylorda Business Hub». Резиденттер бойынша қосымша ақпаратты IT Park орталығының ресми сайтынан (https://it-park.kz/kk) біле аласыздар.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап ЖШС «Grand master» бағдарламалау мектебі, ЖШС «Meta школа», ЖШС «ART Software», ЖШС «Vertex» резиденттері 10-17 жас аралығындағы оқушылар үшін тегін бағдарламалау курстарын (бейнемонтаж, анимация және мультипликация, компьютерлік графика) өткізеді. Қазіргі уақытта курста оқитындар саны-100 адам.Сондай-ақ, IT-паркте 130-ға жуық студентті қамти отырып, жоғары және орта арнайы білім беретін оқу орындарымен дуалды оқыту жүйесі бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.
Онымен қоса, «Астана Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің ұйымдастыруымен IT-саласында адами капиталды дамытуға бағытталған «Tech Orda» бағдарламасына Қызылорда облысынан «GRAND MASTER» бағдарламалау мектебі қатысуда. Бүгінгі таңда 5 бағыт бойынша 60 - қа жуық адам (3D ойындарын әзірлеу, Python әзірлеушісі, WEB әзірлеушісі, C++ әзірлеушісі, Java әзірлеушісі) Бүгінгі таңда 60-қа жуық адам 5 бағыт бойынша бағдарламалау курстары (3D ойындарын әзірлеу, Python әзірлеушісі, WEB әзірлеушісі, C++ әзірлеушісі, Java әзірлеушісі) бойынша сабақтары аяқталды. Аталған бағдарламалау курстары бойынша сертификаттар (3D ойындарын әзірлеу - 12 сертификат, Python әзірлеушісі - 12 сертификат, WEB әзірлеушісі - 12 сертификат, C++ әзірлеушісі - 12 сертификат, Java әзірлеушісі - 12 сертификат) табысталды. Бағдарлама бойынша 2023 жылы екінші ағымға Қызылорда облысынан 200 адам оқыту жоспарланып отыр.
2023 жылдың соңына дейін IT Park орталығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен IT саласындағы инновациялық идеяларды жүзеге асыру үшін Smart City Hackathon байқауы және INNOFEST QYZYLORDA жобасы жоспарланып отыр.
2023 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сі мен «Astana Hub» арасында өңірлік хаб (Kyzylorda Hub) құру шеңберінде меморандумға қол қойылды. Kyzylorda Hub мақсаты – стартап мәдениет пен ІТ-қауымдастықты ілгерілету. Қазақстанды әлемдік IT-қоғамдастықтағы көшбасшылардың біріне айналдыру.
Цифрландыру бойынша 2023 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар
Өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №227/НҚ бұйрығы).
Білім беру саласында:
Облыста барлық 295 мемлекеттік мектептер байланыс операторларының арналары арқылы интернетке қосылып жұмыс жасауда («Қазақтелеком»-182 мектеп, «Транстелеком» - 83 мектеп, «KazOpticLink» - 11 мектеп, «СәттіТелеком меншігі» - 10 мектеп, «СитиЛан» - 5 мектеп, «Думан-Н» - 3 мектеп және «Кар-тел» - 1 мектеп).
Облыстың 295 мектебі (100%) «Күнделік» электронды журналы ақпараттық жүйесіне тіркеліп, жұмыс жасауда. Жүйеге 23 950 мұғалім, 171 240 оқушы, 118 616 ата-аналар тіркеліп, жұмыстар жүргізілуде. Онымен қоса, ата-аналарға балалардың сабаққа қатысуын бақылауға мүмкіндік беру, сабаққа келмеу сағаттарын және сабақтан қалуды азайту үшін «Күнделік.Трекер» қосымшасы іске қосылды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында 2022 жылы 35 аудандық және 23 қалалық мектепке 1856 камера орнатылып, Жедел басқару орталығына (бұдан әрі - ЖБО) ықпалдастырылған, ал 2023 жылға 35 мектеп, 28 балабақшаға 2016 камера орнату жоспарланған.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 295 мемлекеттік мектептің:
Денсаулық сақтау саласында:
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100% және кемінде 4 мегабит/сек Интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, аймақ тұрғындарына 100% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша телемедициналық кеңестер саны 271 құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен: кеңестер саны – 33, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 238.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізу мақсатында медициналық құжаттар ұзақ және тұрақты сақтауды талап етеді, осыған байланысты «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 29 медициналық ұйымның барлығында PACS жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қауіпсіздік саласында:
Бейне мониторингтің бірыңғай жүйесін құру шеңберінде бейнекамераларды орнату- Қызылорда қаласында, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық іс-әрекеттерді азайтуға арналған бейнебақылау жүйесін кеңейту мақсатында 500 қалалық камера, 10 жол қиылысына зияткерлік, 35 стационарлық жылдамдық өлшегіш құралдарын орнату жоспарлануда.
Бүгінде, Қызылорда қаласы бойынша білім беру ұйымдарында 3824 камера орналасқан, оның 2835 камерасы ЖБО-ға қосылған. Денсаулық сақтау ұйымдарында 1688 камера орналасқан. Көппәтерлі тұрғын үйлерінің 998 камерасы бар, оның барлығы жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған.
Көлік саласында
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда, жалпы 360 қалаішілік қоғамдық көліктің 285-де электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған. Бүгінде, жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды. 2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша, валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 80%-ы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 2 544 233 данасынан 2 037 129 көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Қалалық басқару саласында:
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда геопортал https://orda.geoportal.kz сайтында қол жетімді.
Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контур қолжетімді.
«I-ORDA» жобасы:
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Энергосервис» ЕЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, 74-ке жуық қызметтің бизнес-процестері автоматтандырылып, тестілеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, табиғи монополия субъектілерінің қызметкерлері оқытылып, электронды қолтаңба алу жұмыстары жүргізілуде. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 79-сервис қолжетімді:
Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Google play : https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.curs.qyzylorda
APP store: https://apps.apple.com/kz/app/smartqyzylorda/id1469515789
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі».
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – «112 – БКДҚ») 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде. «112 – БКДҚ» қызметі Қызылорда қаласы 101, 102, 112 желілері бойынша және 102 желісі бойынша Сырдария, Жалағаш аудандарынан келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады және сапалы, уақытылы орындалуын қадағалайды.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында (01.01-31.03.2023 ж.ж) «112-БКДҚ-не» жалпы саны 49229 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған.
Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 115 хабарлама, құқық қорғау сипатындағы мәселелер бойынша (102) – 45219 хабарлама келіп түсті, төтенше жағдайлар бойынша (112) – 195 хабарлама түсті. «112-БКДҚ» желісінде жедел жәрдем қызметі бойынша 3700 хабарлама өңделген.
Барлық қабылданған хабарламалар шұғыл әрекет ету қызметтеріне жолданып, уақытылы орындалған.
«109 - Бірыңғай байланыс қызметі».
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істейді.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында (01.01-31.03.2023 ж.ж) барлығы 35242 өтінім келіп түскен.
Оның ішінде, оқыс оқиға – 5871, консультативтік сипаттағы мәселелер – 12249, шағымдар – 654, ұсыныстар – 6, алғыстар – 63, ақпаратқа сұрау салу – 16399, Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша – 2154.
Барлығы 35242 өтінім:
Байланыс орталығының жұмысына барлығы 28 адам тартылған. 109 қызметі 24/7 режимінде жұмыс істейді.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында (01.01-31.03.2023 ж.ж) өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 390 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109.
Өңірлік IT парк.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының IT-паркінде 9 резидент тіркелген: ЖШС «Grand master» бағдарламалау мектебі, ЖШС «ART Software», ЖШС «Meta школа», ЖШС «Keyhorse», ЖШС «Oxford world Language centre», ЖШС «Kazrobotics», ЖК «RedOrda», ЖШС «FlyOrda», ЖШС «Kyzylorda Business Hub».
2023 жылдың қаңтар айынан бастап ЖШС «Grand master» бағдарламалау мектебі, ЖШС «Meta школа», ЖШС «ART Software» резиденттері 10-17 жас аралығындағы оқушылар үшін тегін бағдарламалау курстарын (бейнемонтаж, анимация және мультипликация, компьютерлік графика) өткізеді. Қазіргі уақытта курста оқитындар саны-100 адам.
Сондай-ақ, IT-паркте 130-ға жуық студентті қамти отырып, жоғары және орта арнайы білім беретін оқу орындарымен дуалды оқыту жүйесі бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.
Онымен қоса, «Астана Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің ұйымдастыруымен IT-саласында адами капиталды дамытуға бағытталған «Tech Orda» бағдарламасына Қызылорда облысынан «GRAND MASTER» бағдарламалау мектебі қатысуда. Бүгінгі таңда 5 бағыт бойынша 60 - қа жуық адам (3D ойындарын әзірлеу, Python әзірлеушісі, WEB әзірлеушісі, C++ әзірлеушісі, Java әзірлеушісі) бағдарламалау курстарынан өтіп жатыр. Жоба 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасатын болады.
Цифрландыру бойынша 2022 жылдың 12 айы бойынша атқарылған жұмыстар
Өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысы) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі №227/НҚ бұйрығы).
Білім беру саласында:
Облыста барлық 294 мемлекеттік мектеп «Қазақтелеком», «Транстелеком» және «Сәтті» байланыс операторларының арналары арқылы интернетке қосылып жұмыс жасауда.
«BilimLand» цифрлы білім беру контентінің «Онлайн мектеп» платформасы бойынша 42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырмалар қол жетімді . Сонымен қатар, қағазбастылықтан арылу және білім беру сапасын арттыру мақсатында «Күнделік» электронды журналымен біріктіріліп, бірге жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 294 мемлекеттік мектептің:
Денсаулық сақтау саласында:
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100% және кемінде 4 мегабит/сек Интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, аймақ тұрғындарына 100% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша телемедициналық консультациялар саны 870 құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен консультациялар саны-18, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 242, көпбейінді облыстық ауруханамен – 610.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізу мақсатында медициналық құжаттар ұзақ және тұрақты сақтауды талап етеді, осыған байланысты «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 37 медициналық ұйымның барлығында PACS жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
2022 жылы e-Health ядросының негізгі компоненттері іске қосылды, ал жобаның толық іске қосылуы 2023 жылға жоспарланып отыр.
Қауіпсіздік саласында:
«Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі», «Электрондық қылмыстық іс (Е-УД)» жобалары 2018 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.
2020-2021 жж. Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 стационарлық «Арқан» жылдамдық өлшегіші орнатылып, қазіргі таңда барлығы қолданыста.
Бейне мониторингтің бірыңғай жүйесін құру шеңберінде бейнекамераларды орнату- Қызылорда қаласында, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық іс-әрекеттерді азайтуға арналған бейнебақылау жүйесін кеңейту мақсатында 500 қалалық камера, 10 жол қиылысына зияткерлік, 35 стационарлық жылдамдық өлшегіш құралдарын орнату жоспарланған.
Бүгінде, Қызылорда қаласы бойынша білім беру ұйымдарында 2807 камера орнатылған, оның 1688 камерасы және көппәтерлі тұрғын үйлердің 998 камерасы Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған.
Көлік саласында
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда, жалпы 430 қалаішілік қоғамдық көліктің 199-да электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған. Бүгінде, жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 80%-ы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 4 393 588 данасынан 3 534 221 көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген).
Қалалық басқару саласында:
2020 жылы Қызылорда облысына ӨГАЖ жобасын енгізу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жүйе https://orda.geoportal.kz мекенжайында қолжетімді.
«I-ORDA» жобасы:
ӨГАЖ базасында i-Orda порталы құрылып, облыста табиғи монополиялар субъектілері арқылы көрсетілетін 74-ке жуық қызмет бойынша бизнес-процестер автоматтандырылды. Қазіргі таңда «i-Orda» ақпараттық жүйесінің порталын құру толығымен аяқталды. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 78-сервис қолжетімді:
Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Google play : https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.curs.qyzylorda
APP store: https://apps.apple.com/kz/app/smartqyzylorda/id1469515789
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі».
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» Қызылорда қаласы бойынша 101, 102, 112 шұғыл қызметтерінің қоңырауларын қабылдайды және тіркейді. «Көмек-112» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде процестерді жүргізеді, жауапты жедел қызметтерге жібереді және олардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды.
Сондай-ақ, 2022 жылдың ІV тоқсанынан бастап, «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» 102 желісі бойынша аудандардан қоңырауларды, хабарламаларды қабылдай бастады.
2022 жылдың қорытындысымен «112-бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметіне» жалпы саны 152154 өтініш келіп түскен.
Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 1850 өтініш, құқық қорғау сипатындағы мәселелер бойынша (102) – 136434 өтініш, соның ішінде Қызылорда қаласы бойынша – 136186 өтініш, Сырдария ауданы бойынша - 116 өтініш, Жалағаш ауданы бойынша – 132 өтініш келіп түсті. Төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) – 692 өтініш түсті.
«109 – Бірыңғай байланыс қызметі».
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі – «109 – ББО») жұмыс істейді.
2022 жылдың қорытындысымен барлығы 109 061 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде:
* телефон арқылы (109 қысқа нөмірі арқылы) – 108 821 / 99,77%;
* әлеуметтік желілер арқылы – 240 / 0,22%.
Сонымен қатар, есепті жылы облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109.
Өңірлік IT парк.
Қазіргі таңда IT-Park 8 резидентпен бірлесіп жұмыс атқаруда, яғни: «GRAND master» бағдарламалау мектебі» ЖШС-гі, «Qod Design», «ART Software», «Global-A» ЖШС-гі, «TT Games Studio», «DeSab Studio», «iQala», «Kyzylorda Business Hub» ЖШС-гі.
2022 жылдың ақпан айынан бастап «GRAND master» бағдарламалау мектебі» ЖШС-гі, «Qod Design», «ART Software», «ТТ Games» резиденттері 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына тегін бағдарламалау курстарын (3D-моделдеу, компьютерлік графика, web-дизайн, графикалық дизайн) өткізді. Барлық курстан өткен оқушылар саны – 280-ге жуық.
Сондай-ақ, 2022 жылы IT-Parkте Қызылорда қаласы бойынша жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарымен дуалды оқыту жүйесінде шамамен 200 студент қамтитын тәжірибелік сабақтар оқытылды.
Республика күніне орай Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен 2022 жылдың 23 қазан күні «Smart City Kyzylorda Hackathon» идеялар байқауы өтті. Төртінші рет өткізілген байқауға 270 қатысушы мен 100-ге жуық жоба тіркелді.
Ағымдағы жылдың 17-18 желтоқсан күндері аралығында Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі өтті. Байқауға 1700-ге жуық қатысушы тіркеліп, 200-ге жуық команда 3 бағыт бойынша өз жобаларын қорғады. «SmartСity», «Контент&Медиа», «Кино&Видео» бағытында өткен фестивальге өз саласында табысты жетістікке жеткен спикерлер шақырылып, олар жастармен шеберлік сағаттарын өткізіп, идеяларды бірлесе талқылады.
Онымен қоса, «Астана Хаб» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің ұйымдастыруымен IT-саласында адами капиталды дамытуға бағытталған «Tech Orda» бағдарламасына Қызылорда облысынан «GRAND master» бағдарламау мектебі (IT парк резиденті) қатысуда. Бүгінгі таңда 5 бағыт бойынша 60 адам (3D - Ойын әзірлеу, Python әзірлеуші, WEB әзірлеуші, C++ әзірлеуші, Java әзірлеуші) бағдарламалау курсын оқуда. Жоба 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасатын болады.
Цифрландыру бойынша 2022 жылы 9 айда атқарылған жұмыс
Өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады (ҚР ЦДИАӨМ 2022 жылғы 1 шілдедегі №227/НҚ бұйрығы).
Білім беру саласында:
Облыста барлық 294 мемлекеттік мектеп «Қазақтелеком», «Транстелеком» және «Сәтті» байланыс операторларының арналары арқылы интернетке қосылып жұмыс жасауда.
«BilimLand» цифрлы білім беру контентінің «Онлайн мектеп» платформасы бойынша 42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырмалар қол жетімді . Сонымен қатар, қағазбастылықтан арылу және білім беру сапасын арттыру мақсатында «Күнделік» электронды журналымен біріктіріліп, бірге жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін арттыру және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 294 мемлекеттік мектеп бар, оның ішінде:
2022 жылы 35 аудан/ауыл мектептерінде бейнебақылау камераларын орнатуға қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік 26 мектепке бейнебақылау камералары орнатылып, қалған мектептерге орнатылғаннан кейін камераларды ЖБО қосу жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласында:
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100% және кемінде 4 мегабит/сек Интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, аймақ тұрғындарына 100% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47% -ға жүзеге асырылуда (жалпы тіркелген 755 054 қабылдау, оның 357 864 электронды түрде).
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізу мақсатында медициналық құжаттар ұзақ және тұрақты сақтауды талап етеді, осыған байланысты 2020 жылы «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Жүйе Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты 13 медициналық ұйымға енгізілді, бұл медициналық мекеме бөлімшелерін пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін бірыңғай ортаға біріктіруге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
2022 жылы e-Health ядросының негізгі компоненттерін іске қосып, ал жобаның толық іске қосылуы 2023 жылға жоспарланып отыр.
Қалалық басқару саласында:
Қызылорда облысының әкімдігінің Ахуалдық орталығында облыс бойынша күнделікті жедел мониторинг және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы Nomad платформасында жүзеге асырылған.
Nomad ақпараттық –аналитикалық платформасында тұрақты түрде келесі жұмыстар жүргізілуде:
- 30-дан астам күнделікті-жедел мониторинг бойынша көрсеткіштер (ауа-райы болжамы, жедел-жәрдем қызметінің мәліметі, құқық қорғау саласы бойынша мәлімет, жұмыспен қамту саласы бойынша мәліметтер, ауыз су көлемін тұтыну бойынша мәліметтер және т.б);
- 53 көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағаларының мониторингі;
- күнделікті негізде «құқық бұзушылық картасы» деректер қорын толтыру және мониторингілеу.
Онымен қоса, алдағы уақытта «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасымен, «112 – Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет» және «109-Бірыңғай байланыс орталығы» автоматтандырылған жүйелерімен ықпалдастыру күтілуде.
«Өңірлік геоақпараттық жүйесі» (ӨГАЖ) 2020 жылы Қызылорда облысына ӨГАЖ жобасын енгізу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта ӨГАЖ өндірістік пайдалануға берілді және 1:2000 масштабта облыстың бірыңғай картографиясы әзірленді, қажетті қабаттар 100% құрылды және ақпаратпен толтырылды (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, ғимараттар, құрылыстар, жол желісі және т.б.). Қазіргі уақытта https://orda.geoportal.kz мекенжайында қолжетімді. 2021-2022 жылдарға арналған Қызылорда қаласы мен іргелес қалалар мен ауылдық округтердегі жер телімдерін автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. 2022 жылдың соңына дейін бұл жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.
«I-ORDA» жобасы:
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында геопортал базасында i-Orda порталы орналастырылып, облыста табиғи монополиялар субъектілері арқылы көрсетілетін 74-ке жуық қызмет бойынша бизнес-процестер автоматтандырылды.
Қазіргі таңда «i-Orda» ақпараттық жүйесінің порталын құру толығымен аяқталып, жарнамалау кезеңі жүргізілуде. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 66-сервис қолжетімді:
- Жедел қоңыраулар;
- DamuMed;
-Әлеуметтік төлемдер мәртебесін тексеру;
-Әкімшілік айыппұлдарды іздеу;
-Салық берешегін тексеру;
-Жер және тұрғын үй кезегінің нөмірін тексеру;
-Санитарлық кітапшалар мен уақытша еңбекке жарамсыз парақтарын тексеру;
-Көлік құралдарын тексеру;
- жылдамдық өлшегіштердің мекен-жайы;
- теміржол, әуе билеттерін сатып алу;
-жол жүру айыппұлдарын төлеу, коммуналдық төлемдерді төлеу, салық төлеу, бірыңғай жиынтық төлем жасау;
- «Stop Covid19» (коронавирус статистикасы);
- «Белсенді азамат» сервисы қолданысқа берілді.
Қосымшаны жүктеп алу келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Google play :
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.curs.qyzylorda
APP store: https://apps.apple.com/ru/app/smartqyzylorda/id1469515789
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» жобасы.
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» Қызылорда қаласы бойынша 101, 102, 112 шұғыл қызметтерінің қоңырауларын қабылдайды және тіркейді. «Көмек-112» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде процестерді жүргізеді, жауапты жедел қызметтерге жібереді және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жедел жәрдем қызметі басқа жүйеге ауысып, 103 жедел жәрдем желісі мен «komek – 112» жүйесі арасында интеграция қарастырылмағандықтан барлық шақыртулар қолмен өңделіп жедел жәрдем қызметіне ұсынылуда.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында «112 бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметіне» жалпы саны 100 мың 991 қоңырау келіп түскен.
Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 1621 қоңырау, құқық қорғау сипатындағы мәселелер бойынша (102) – 90926 қоңырау, төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) - 368 қоңырау түсті. 112 желісіне жедел жәрдем қызметі бойынша 8076 қоңырау өңделген.
«109 – Бірыңғай байланыс қызметі» жобасы.
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі – «109 – ББО») жұмыс істейді. »109 – ББО» 2022 жылдың 9 айлық есебі бойынша (01.01.2022 – 30.09.2022) барлығы 66483 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде:
* телефон арқылы (109 қысқа нөмірі арқылы) – 66296 / 99,7%;
* әлеуметтік желілер арқылы – 187 / 0,3%.
Сонымен қатар, есепті жылы облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109.
Өңірлік IT парк - 2018 жылы облыстың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын дамыту және өңірдің талантты жастарын қолдау үшін құрылды. Қазіргі таңда IT-парк орталығы (әрі қарай - Орталық) 8 резидентпен бірлесіп жұмыс атқаруда.
2022 жылдың ақпан айынан бастап, орталықтың резиденттері, яғни «GRAND master» бағдарламалау мектебі» ЖШС-гі, «Qod Design», «ART Software», «ТТ Games», 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына тегін бағдарламалау курстарын (3Д-моделдеу, компьютерлік графика, web-дизайн, графикалық дизайн) өткізді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7-26 маусым аралығында Python бағдарламалау тілінен IT-мектеп-лицей мұғалімдеріне кәсіби дамыту курстарын өткізді.
IT-парк орталығының құрал-жабдықтары қызығушылық танытқан облыс жастарына өз идеяларын жүзеге асыру үшін және бейне-ойындар, 3D-модельдеу, VR-ойындар, робот құрастыру қабілеттерін дамыту үшін тегін пайдалануға ұсынылады.
Қауіпсіздік саласында:
«Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобасы бойынша 2018 жылдан бастап 425 термопринтер мен планшеттер жиынтығы сатып алынды. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері сатып алған жабдықтардың нәтижесінде барлық әкімшілік хаттамалар электронды форматта толтырылып, хаттамалар базасына енгізу және жасау уақыты қысқартылды.
«Электрондық қылмыстық іс (Е-УД)» кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жобасы бойынша 2018 жылдан бастап 266 автоматтандырылған жұмыс орны сатып алынды. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыстарды зерттеу «Электрондық қылмыстық іс» жүйесінде электрондық түрде жүргізіледі.
2020-2021 жж. Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 стационарлық «Арқан» жылдамдық өлшегіші орнатылды.
Бейне мониторингтің бірыңғай жүйесін құру шеңберінде бейнекамераларды орнату- Қызылорда қаласында, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық іс-әрекеттерді азайтуға арналған бейнебақылау жүйесін кеңейту үшін 5 жыл мерзімге кезең-кезеңімен 1400 камера орнату жоспарлануда.
Қызылорда облысының Цифрландыру барысы (2022 жылдың I жартыжылдық қорытындысы)
Өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады.
Анықтама үшін: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандартын қайта бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Облысымызда «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында 11 бағыт бойынша («білім беру», «денсаулық сақтау», «қауіпсіздік», «көлік», «қалаларды басқару», «қоршаған ортаны қорғау», «бизнесті дамыту және туризм», «ауыл шаруашылығы», «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық») жұмыстар жүргізілді.
Білім беру саласында
Қазіргі таңда мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
2020-21 жылдары облыстық бюджеттен 69 мектепті соңғы үлгідегі бейнебақылау камераларымен жабдықтауға қаражат бөлініп, 1298 бейнебақылау камерасы орнатылып, Қызылорда қаласының Жедел басқару орталығына қосылды.
2022 жылы аудандық/ауылдық 29 мектепке бейнебақылау камерасын орнатуға қаржы қарастырылып отыр. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу процестері жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласында
Медициналық қызметкерлердің өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру, емделушінің өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру және де уақыттарын үнемдеу мақсатында 2018 жылдан бастап Кешенді медициналық ақпараттық жүйе және «Даму-Мед» мобильді қосымшасы іске қосылды.
Бүгінгі таңда тұрғындардың электронды денсаулық паспорттары 100 пайызға толтырылған, дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру онлайн жүреді.
Сонымен қатар, 2021 жылы медициналық анықтамаларды автоматтандыру (35-2/у,079/у және санаторий - курорттық карта, 086/у,083/у, 095у) және QR-кодты беру бойынша жұмыстар тегін негізде жалғастырылды. Медициналық анықтамаларды беру процесі кешенді медициналық ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Анықтаманың түпнұсқалығын «Даму-Мед» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Бұл жоба денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік саласында
2020-2021 жылы облыстық бюджет есебінен жол апаттарын және құқық бұзушылықты төмендету мақсатында, 20 стационарлық «Арқан» жылдамдық өлшегіші орнатылды.
Қызылорда қаласында, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық іс-әрекеттерді азайтуға арналған бейнебақылау жүйесін кеңейту үшін 5 жыл мерзімге кезең-кезеңімен 1400 камера орнату жоспарлануда.
Анықтама: Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында 16 005 жол ережесін бұзушылық анықталған, айыппұл суммасы 145 710 046 теңгені құрайды.
Әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу уақытын азайтып, айыппұлды нақты уақытпен төлеуге мүмкіндік беру үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» кезеңдік жобасы бойынша 2018-2021 жылдары 462 бірлік планшеттер мен термопринтерлер облыстық бюджет есебінен сатып алынды.
«Электрондық қылмыстық іс (E-УД)» жобасы бойынша 2018-2021 жылдары облыстық бюджет есебінен 266 жұмыс орны сатып алынды.
Көлік саласында
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі аясында «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда «Қызылорда қ. Автобус паркі» ЖШС-не қарасты 112 автобусқа электронды билетті сату жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған.
Бүгінде жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге) ұялы байланыс операторларының қосымшалары, сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды I жартыжылдық қорытындысы бойынша сатылған билеттің жалпы санының 82,1%-ы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. Яғни, жалпы төлемнің 1 785 372 данасынан 1 466 162 көлік карталары, мобильді қосымшалар арқылы төленген.
Қалалық басқару саласында
2019 жылы Қызылорда облысының «Smart Qyzylorda: өңірдің цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы I (бірінші) өңірлік IT форумы аясында пайдалануға енгізілген «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасының функционалын кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 66-ға жуық сервис қолжетімді.
Бүгінгі күнге дейін бағдарламаны жүктегендер саны 3588. Қаралым саны: жаңалықтар (598 рет), жер кезегінің реттілігін тексеру (240 рет), автобекет кестесі (229 рет), жылдамдықты өлшеу (204 рет), дәрігер қабылдауына жазылу (189 рет), көлік салығын есептеу (138 рет), әкімге сұрақ қою (93 рет).
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі-БКДҚ) Қызылорда қаласы бойынша 101, 102, 112 шұғыл қызметтерінің қоңырауларын қабылдайды және тіркейді. «Көмек-112» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде процестерді жүргізеді, жауапты жедел қызметтерге жібереді және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды.
2022 жылдың I жартыжылдығында (01.01.2022 – 30.06.2022) 112 –БКДҚ шұғыл қызметіне барлығы 68476 қоңырау түсіп, өңделді.
Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 993 шақыру, құқық қорғау органдарына (102) – 58533 шақырту, төтенше жағдайлар (112) – 277 шақыру түсті. Сондай-ақ 112 желісіне медициналық сипаттағы жедел жәрдем қызметі бойынша 8673 қоңырау келіп түскен.
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі – «109-ББО») жұмыс істейді. 109-ББО 2022 жылдың I жартыжылдығында (01.01.2022 – 30.06.2022) барлығы 47457 қоңырау келіп түскен. Оның ішінде: телефон арқылы (109 нөмірі арқылы) – 47340 және әлеуметтік желілер арқылы – 117 келіп түскен.
Сонымен қатар, есепті жылы облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109;
6) Smart Qyzylorda мобильді қосымшасы.
2020 жылы Қызылорда облысының «Өңірлік геоақпараттық жүйесін» (бұдан әрі- ӨГАЖ) енгізу жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта ӨГАЖ өндірістік пайдалануға берілді және 1:2000 масштабта облыстың бірыңғай картографиясы әзірленді, қажетті қабаттар 100% құрылды және ақпаратпен толтырылды (бас жоспарлар мен PP, ғимараттар мен құрылыстар, жол желісі және т.б.). Қазіргі уақытта https://orda.geoportal.kz мекенжайында қолжетімді.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК геопорталдың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тестілеу аясында сынақтың 5 түрі бойынша жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде оң сынақ сертификаты алынды. 2018-2021 жылдар аралығында Қызылорда қаласы бойынша 10266 гектар алқаптың 11010 гектарында инженерлік желілерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 100% орындалды.
2021-2022 жылдарға арналған Қызылорда қаласы мен іргелес қалалар мен ауылдық округтердегі жер телімдерін автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. 2022 жылдың соңына дейін бұл жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.
I-Qala жобасы:
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында геопортал базасында i-Orda порталы орналастырылып, облыста табиғи монополиялар субъектілері арқылы көрсетілетін 74-ке жуық қызмет бойынша бизнес-процестер автоматтандырылды.
Қазіргі таңда «i-Orda» ақпараттық жүйесінің порталын құру толығымен аяқталып, бүгінгі күні БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жарнамалау жұмыстары жүргізілуде. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Өңірді цифрландыру «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы (ҚР 2021 жылғы 12 қазандағы № 727) және «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады.
Анықтама үшін: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының «ақылды» қалаларының эталондық стандартын қайта бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Облысымызда «Ақылды» қалалардың эталондық стандарты аясында 11 бағыт бойынша («білім беру», «денсаулық сақтау», «қауіпсіздік», «көлік», «қалаларды басқару», «қоршаған ортаны қорғау», «бизнесті дамыту және туризм», «ауыл шаруашылығы» , Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) жұмыстар жүргізілді.
Білім беру саласында
Бүгінгі таңда облыстағы 295 мектеп (100%) «Қазақтелеком» және «Транстелеком» байланыс операторларының арналары арқылы интернет желісіне қосылған. Облыста 276 мектеп (93,8%) Wi-Fi нүктелерімен және маршрутизаторлармен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
2020 жылы облыстық бюджеттен 63 мектепті соңғы үлгідегі бейнебақылау камераларымен жабдықтауға қаражат бөлініп, 1106 бейнебақылау камерасы орнатылып, Қызылорда қаласының Жедел басқару орталығына қосылды.
Сондай-ақ 2021 жылы облыстық бюджеттен 35 мектепті бейнебақылау камераларымен жабдықтауға қаражат бөлінді.
2022 жылы аталған жұмыстар жалғасын табатын болады.
Денсаулық сақтау саласында.
Қазіргі таңда аудан деңгейіне дейінгі және аудан деңгейінен төмен барлық медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен 100% және интернетпен 4 Мб/с кем емес 86,2% қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда тұрғындардың электронды денсаулық паспорттары 100 пайызға толтырылған.
«Даму-мед» жүйесі арқылы электронды түрде жазылу 74%-ға (жалпы тіркелген 106 771 электронды түрде 74 739) орындалды.
Қауіпсіздік саласында.
2021 жылы облыстық бюджет есебінен 7 стационарлық «Арқан» жылдамдық өлшегіш орнатылды (2020 жылы 13 дана орнатылған болатын).
Қызылорда қаласында бейнебақылау жүйесін кеңейту үшін 5 жыл мерзімге кезең-кезеңімен 1400 камера орнату жоспарлануда.
«Электрондық қылмыстық іс (E-UD)» жобасы бойынша 2021 жылы облыстық бюджет есебінен 50 жұмыс орны сатып алынды.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» кезеңдік жобасы бойынша 2021 жылы 50 бірлік планшеттер мен термопринтерлер облыстық бюджет есебінен сатып алынды.
«Бірыңғай кезекшілік – диспетчерлік қызмет-112» Қызылорда қаласы бойынша 101, 102, 112, Қызылорда облысы бойынша 103 желілерінен қоңырауларды қабылдайды және тіркейді. «Көмек-112» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде процестерді жүргізеді, жауапты жедел қызметтерге жібереді және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды.
2021 жылдың қорытындысымен (01.01.2021 – 31.12.2021) «Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет 112» шұғыл қызметіне барлығы 549 849 қоңырау түсті. Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 1217 шақыру, құқық қорғау органдарына (102) – 41540 шақырту, жедел жәрдем (103) – 505469 шақырту, төтенше жағдайлар (112) – 1623 шақыру түсті.
Көлік саласында «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі аясында «AlemPay» ЖШС жеке инвестиция арқылы жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда «Қызылорда автобазасы» ЖШС-не қарасты 112 автобусқа электронды билетті сату жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған.
Бүгінде жолаушылар Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары, Activ және Kcell ұялы байланыс операторларының қосымшалары (кэшбэк – 25 теңге), Beeline (кэшбэк – 10 теңге), сондай-ақ көлік карталары мен SMS арқылы онлайн төлем жасайды.
Жүйені орнатқаннан бері 4800 көлік картасы сатылды (ересектерге – 3800 бірлік, балаларға – 1000 бірлік)
2021 жылдың басынан бастап 31 желтоқсанға дейін сатылған билеттің жалпы санының 60%-ы қолма-қол ақшасыз төлемдер (көлік карталары, мобильді қосымшалар).
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көппәтерлі тұрғын үйлерді «ақылды» есептегіш құралдарымен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Толық қамту және республикалық онлайн биллинг жүйесіне қосу 2025 жылға жоспарланған.
Қалалық басқару саласында
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын Бірыңғай байланыс орталығы-109 (бұдан әрі – ББО-109) жұмыс істейді.
2021 жылы «ББО-109» арқылы барлығы 151 250 өтініш түсті.
Өтініш түрлері бойынша: инциденттер – 28584, консультативтік сұрақтар – 62943, шағымдар – 32931, ұсыныстар – 28, алғыс – 291, ақпарат сұрау – 26473.
2021 жылы түскен өтініштер бойынша:
* телефон арқылы (109 қысқа нөмірі арқылы) – 150646 / 99,7%;
* әлеуметтік желілер арқылы – 604/0,3%.
2021 жылға өтінім беру бағыттары бойынша: электрмен жабдықтау бойынша – 44681 өтініш; сумен жабдықтау жүйесі қызметтері бойынша – 28470 өтініш; тұрғын үй қызметі бойынша – 3010 өтініш; қала тазалығы бойынша – 6285 өтініш; көшелерді жарықтандыру қызметі бойынша – 18493 өтініш; ветеринариялық қызмет бойынша – 1582 өтініш; қоғамдық көлік қызметі бойынша – 512 өтініш; табиғи газ қызметі бойынша – 2744 өтініш; жылу жүйесі қызметтері бойынша – 12329 өтініш; телекоммуникация қызметтері бойынша – 163 өтініш; жасыл желектерді тазалауға – 331; анықтамалық мәселелер бойынша – 32650 өтініш.
Сонымен қатар, есепті жылы облыс тұрғындары өтініштер жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттайтын құралдардың ауқымы кеңейтілді:
1) 109 Call-орталығы;
2) Komek мобильді қосымшасы;
3) WhatsApp +7 (771) 700 01 09;
4) Telegram боты: @kyzylorda109_user_bot;
5) Instagram: kyzylorda109.
2020 жылы Қызылорда облысының «Өңірлік геоақпараттық жүйесін» енгізу жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта ӨГАЖ сынақтық пайдалануға берілді және 1:2000 масштабта облыстың бірыңғай картографиясы әзірленді, қажетті қабаттар 100% құрылды және ақпаратпен толтырылды (бас жоспарлар мен PP, ғимараттар мен құрылыстар, жол желісі және т.б.). Қазіргі уақытта https://orda.geoportal.kz мекенжайында қолжетімді
«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК геопорталдың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тестілеу аясында сынақтың 5 түрі бойынша жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде оң сынақ сертификаты алынды. 2021-2022 жылдарға арналған Қызылорда қаласы мен іргелес қалалар мен ауылдық округтердегі жер телімдерін автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. 2022 жылдың соңына дейін бұл жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.
2018-2021 жылдар аралығында Қызылорда қаласы бойынша 10266 гектар алқаптың 11010 гектарында инженерлік желілерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 93% орындалды.
ӨГАЖ сауда (аукцион) арқылы жер телімдерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын. 2022 жылы пайдалануға беріледі.
I-Qala жобасы:
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында геопортал базасында i-Orda порталы орналастырылып, облыста табиғи монополиялар субъектілері арқылы көрсетілетін 74-ке жуық қызмет бойынша бизнес-процестер автоматтандырылды.
Қазіргі таңда «i-Orda» ақпараттық жүйесінің порталын құру толығымен аяқталып, тестілеу жүргізілуде. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.