Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Жылумен жабдықтау саласындағы ақпарат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 606 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарын орындау мақсатында жылу желілерінің тозуын 42%-ға дейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді 18 кәсіпорын жүзеге асырады, оның ішінде 17-сі мемлекеттік коммуналдық меншікте.
Облыста барлығы 4 ЖЭО, 115 қазандық, 700 дербес жылыту жүйесі жұмыс істейді. Жылу көздерінің орташа тозуы 40,4%.
Облыс бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 741,02 км, жылу желілерінің орташа тозуы 42,8%.
Ағымдағы жылы жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде 30,7 км жылу желілерін жөндеу және реконструкциялау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды. Осы мақсаттарға 10,3 млрд. теңге бөлінді.
Жылу көздерінде 3 бу және 1 су жылыту қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы қазандық жабдықтары мен жылу көздерін күрделі және ағымдағы жөндеуге барлығы 4,7 млрд.теңге, оның ішінде 1,5 млрд. бюджет қаражаты және кәсіпорындардың 3,2 млрд. меншікті қаражаты көзделген.
Энергиямен жабдықтау саласындағы ақпарат
Облыста электр энергиясын өндіруді дәстүрлі генерациялау көздері - жылу электр орталықтары, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілері қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылы жалпы қуаты 100 МВт (Қостанай ауданы) "Mars Wind" ЖШС және "Jupiter Wind" ЖШС жел электр станцияларының құрылысы аяқталды.
Қуаттылығы 40 МВт, құны 14,3 млрд.теңге (Бейімбет Майлин ауданы) газ поршенді электр станциясының ("ГПЭС Варваринское" ЖШС) жобасын іске асыру жалғасуда.
Келешекте қуаттылығы 38,6 млрд.теңге болатын 100 МВт (16 жел электр қондырғысы) "Kaindy Energy" ЖШС және құны 380 млрд. теңге болатын қуаттылығы 1 ГВт (160 жел электр қондырғысы) "UniversaI Energy" ЖШС жел электр станциясының құрылысы көзделген.
Электр энергиясын беру мен бөлуді 4 жеке кәсіпорын ("Межрегионэнерготранзит" ЖШС, "ЭПК-forfait" ЖШС, "ЭПК-Atica" ЖШС, "Кун Электросеть" ЖШС) және 3 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ("Қостанайюжэлектросервис" КМК, "Лисаковқалакоммунэнерго" МКК, "Жітіқарақоммунэнерго"МКК) жүзеге асырады.
Облыстың электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы - 27 110,1 км. Электрмен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 64,4%.
Бүгінгі таңда облыстың электрмен жабдықтау жүйесін дамыту мәселесі стратегиялық сипатқа ие.
Бүгінгі таңда Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарының электрмен жабдықтау жүйесін қайта құру мәселесі пысықталуда. 2023 жылы Арқалық қаласындағы 37,8 км электрмен жабдықтау желілерін, 4 тарату пунктінің 3 қосалқы станциясын қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі - 2028 жыл.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы "Батыс-Западная" желісінің құрылысы аяқталды, ол қолданыстағы қосалқы станцияларды 35 МВт-қа босатуға және осы қуатты одан әрі облыс орталығын дамытуға бөлуге мүмкіндік береді.
Облыс орталығын электрмен жабдықтау схемасын күшейту мақсатында, сондай-ақ қолданыстағы қосалқы станциялардағы бос қуаттың шектелуіне байланысты ағымдағы жылы қаланың оңтүстік және орталық бөлігінде, сондай-ақ Индустриялық аймақ аумағында жаңа 3 қосалқы станция салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Сонымен қатар, "Орталық" қосалқы станциясының құрылысы жоспарлануда.
Бұдан басқа, Энергетика басқармасы Қостанай облысы бойынша электр желілерін дамытудың 2050 жылға дейінгі перспективасымен 2030 жылға дейінгі Өңірлік схемасын әзірледі. Өңірлік схема жаңа қуаттарды іске қосуды тиімді жоспарлауға, энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпарат
"Таза Қазақстан" аясында барлық жерде көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы облыс бойынша 2026 жылы "Таза Қазақстан" бағдарламасын іске асыруға 16,3 млрд теңге бағытталды.
Ағымдағы жылы саябақтар мен скверлерді қоса алғанда, 245-ке жуық қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Бұл орындар облыс тұрғындары үшін отбасылық демалыс және қарым-қатынас орталықтарына айналды.
80 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді: шатырлар, балкондар, қасбеттер жаңартылды, сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Бұл қалалар мен ауылдардың заманауи, ұқыпты келбетін қалыптастырады.
Елді мекендерді абаттандырудың маңызды факторы балалар және спорт алаңдары болып табылады.
Бүгінгі таңда Қостанай облысында облыстың 20 өңірінде 128 алаң орнатылған, 550 тозығы жеткен және қараусыз қалған ғимараттар қиратылды
Көгалдандыруға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылы 81,2 мыңнан астам ағаш және 6,5 мың бұта отырғызылды.
Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ақпарат
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалалық және ауылдық елді мекендерде 100% құрады.
9 қалалық елді мекен, оның ішінде 6 қала және 3 кент.
492 ауылдық елді мекен бойынша сумен қамтамасыз ету:
- 250 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау;
- 34 ауыл кешенді блок-модульдер орнатылды;
- 152 ауылда тасып әкелінетін суды тарату пункттері орнатылды;
- 2 ауыл су тасымалдауды жүзеге асырады (су тарату пункттерінен бас тартты);
- 54 ауыл ұңғымалармен және құдықтармен қамтамасыз етілген (орталықтандырылған сумен жабдықтаудан (1 ауыл) және су тарату пункттерінен (53 ауыл) бас тартқан).
2026 жылға облыстық бюджеттен сумен жабдықтау және су бұру бойынша 13 жобаны іске асыруға 5,2 млрд. теңге қарастырылған.
Бұдан басқа, "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгеге МБҚ шығару есебінен сумен жабдықтау және су бұру бойынша 4 жоба іске асырылуда.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 29,9%-дан 29,7%-ға дейін, ал су бұру желілерінің тозу деңгейін 57,9%-дан 57,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Газбен жабдықтау саласындағы ақпарат
Бүгінгі таңда облыста облыстың 484 елді мекенінен 87 (5 қала, қалалық бағыныстағы 2 елді мекен: Рудный қаласының Қашар кенті және Лисаков қаласының Октябрь кенті, сондай-ақ 80 ауылдық елді мекен) газдандырылды, бұл 17,9% құрайды.
Облыс бойынша газдандырылған халықтың деңгейі 60,5% (818 552 адамның 495 000-ы).
Ауыл тұрғындарының газбен жабдықтау желілеріне қолжетімділігі 17,4% құрайды. Газбен жабдықтау Алтынсарин (47%), Әулиекөл (34%), Денисов (88%), Бейімбет Майлин ауданы (63%), Жітіқара (70%), Қамысты (50%), Қарабалық (65%), Қостанай (70%) және Федоров (24%) аудандарында бар.
Қала тұрғындарының газбен жабдықтау желілеріне қолжетімділігі 69,3%.
Ағымдағы жылы "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде газ тарату желілерін салу. Сметалық құжаттаманы түзету" жобасын іске асыруды жалғастыруға арналған 425,198 млн. теңге бөлінді (РБ – 386,543 млн.теңге, ЖБ – 38,655 млн.теңге). 2027 жылы нысанның құрылысын аяқтау және пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Осы жоба бойынша 7337 адамнан тұратын Құсмұрын кентінің тұрғындарына газбен жабдықтау желілеріне қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.
Облысты газбен жабдықтауды одан әрі дамыту мақсатында жалпы сметалық құны 9,5 млрд. теңгеден асатын 16 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта жалпы сметалық құны 3,5 млрд. теңге болатын 2 жоба: "Әулиекөл ауданының Сосновка, Бағаналы, Москалевка және Қазанбасы ауылдарын қосып, Әулиекөл ауылының АГТС-тен Тимофеевка ауылына газ тарату желілерін салу" және "Әулиекөл ауданының Новонежинка ауылында газ тарату желілерін салу" бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 2861 адам үшін газбен жабдықтау желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жалпы, ағымдағы және перспективалы жобаларды іске асыру облыс халқының газбен жабдықтау желілеріне қолжетімділік деңгейін 60,5%-дан (495 000 адам) 62,7%-ға дейін (818 552 адамның 513 838-і) арттыруға мүмкіндік береді.
Құжаттар
Барлық құжаттарПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 28 тамыз 2026ХабарламаҚазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
- 03 қыркүйек 2025МақалаларКондоминиум нысандарын басқару мәселелері бойынша бақылау күшейтілуде
- 03 қыркүйек 2025МақалаларКондоминиум объектілерін басқарудағы жаңа тәртіп: Заңда қандай өзегістер енгізілді?