Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады

Елдегі барлық көппәтерлі тұрғын үйлер бір бірыңғай тізілімге енгізіледі. Онда үйдің мекенжайы, қабат саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, үйдің техникалық жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау мақсатында, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және күрделі жөндеу мен техникалық тексеру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлау үшін жүргізіледі.

Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабында белгіленген көппәтерлі тұрғын үй анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды. Яғни, бұл — кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайдан тұратын жеке тұрған ғимарат. Үйлердің қабат санына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқару нысанының таңдалуына қарамастан, барлығы есепке алынады. Оның ішінде ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлер, сондай-ақ басқару нысаны әлі анықталмаған үйлер де қамтылады.

Әр үйдің тізілімде бірыңғай кілті — мекенжайдың тіркеу коды (МТК) болады. Осы код арқылы үйге басқа ақпарат көздеріндегі мәліметтер тіркеледі: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштері, үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифтілердің жай-күйі туралы мәліметтер, инженерлік желілерге қосылуы және есепке алу аспаптары жөніндегі ақпарат.

Мәліметтерді беру тәртібі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Аталған қағидаларда деректерді беруге міндетті ұйымдардың тізбесі де айқындалған. Оларға жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері және басқарудың өзге де субъектілері жатады.

Түгендеу барысында меншік иелерінің дербес деректері — тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер жиналмайды.

Тізілім не береді? Күрделі жөндеу және лифтілерді ауыстыру қажет үйлердің нақты тізімін жасауға, үйлердің есепке алу аспаптарымен нақты жабдықталу деңгейін анықтауға, сондай-ақ өңірлердің инженерлік желілерді жаңғыртуға деген қажеттілігін орташа есептелген көрсеткіштерге емес, нақты деректерге сүйене отырып есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар коммуналдық төлемдер бойынша түбіртектердегі есептеулердің дұрыстығын арттырып, КСК, ОСИ және басқарушы компаниялар тарапынан жұмысты ұйымдастыру мен атқарушылық құжаттаманы жүргізу тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді.

Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлесіп басқару нысанындағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жолданады.

 

Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Дата публикации
28 августа 2026
Дата обновления
28 августа 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

15 октября 2026
2026 жылғы III тоқсандағы қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер
15 октября 2026
14 октября 2026

Социальные медиа

Қостанай Облысының Әкімшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы