Кондоминиум объектілерін басқарудағы жаңа тәртіп: Заңда қандай өзегістер енгізілді?
Қазақстанда кондоминиумдар ішіндегі тәртіпті орнатуға және жергілікті атқарушы органдардың бақылауын күшейтуге бағытталған Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға маңызды өзгерістер енгізілді.
Бұл неге маңызды?
1. Соңғы 5 жылдағы реформа жүргізілгеніне қарамастан, МИБ/ТББ нысандарындағы мүлік иелері мен басқарушы және сервис субъектілері арасындағы қызмет көрсету туралы ақпараттың жабықтығы әлі де сақталып отыр. Бұл нысандар көппәтерлі тұрғын үй ішіндегі қызметтерді көрсету үшін шағын бизнесті тартуда.
2. Мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан сұрақтар мен шағымдарға сүйене отырып, жұмыс тобының мүшелері де меншік иелеріне ай сайынғы және жылдық есептерді уақтылы бермеу деректерінің жиі кездесетінін атап өтті.
3. Жағдайды күрделендіріп тұрған тағы бір мәселе – үйлерді МИБ-ке немесе басқарушы компанияларға беру кезінде ережелердің сақталмауы және жүйелі түрде бұзылуы болып табылады. Нәтижесінде объектілердің техникалық пайдаланылуы мен күтімі бойынша сабақтастық жоғалып, басқару мен қаржы құжаттамалары сақталмайды. МИБ төрағасының немесе басқарушы компанияның ауысуына байланысты үй берілмеген жағдайда, меншік иелері бастапқы бухгалтерлік құжаттарға, бухгалтерия жүргізу бағдарламаларына және екінші деңгейдегі банктердегі қаржылық қозғалыс бойынша шот көшірмелеріне қол жеткізе алмайды.
Енді жаңа өзгерістерге сәйкес барлық заңды тұлғалар (МИБ, ПИК, ЖШС, басқарушылар) үшін міндетті түрде:
Объектілер туралы толық ақпараттың қалыптастырылуы, оны уәкілетті органдар мен басқару және күтіп-ұстау үшін жауапты тұлғалардың өзектендіруі – халықты артық төлемдерден қорғайды, ортақ мүлікке бақылау орнатады және ғимаратты пайдалану кезеңінде жұмыстардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.