"Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыс аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге және басқару регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Address | 60 al-Farabi Ave., Kostanay, Republic of Kazakhstan, 110000 |
Reception | 8(7142) 575-320 |
Chancellery | 8(7142) 546-663 |
Helpline | 8(7142) 546-663 |
Commissioner for Access to Information | 8(7142) 575-321 |
kultura@kostanay.gov.kz |
Online reception
This section contains information and services that will allow you to contact us promptly to discuss your questions and solve problems