«Көрнекі ақпарат» жобасы

«Көрнекі ақпарат» жобасы

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында «Саналы ұрпақ 2050» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасымен бірлесе отырып, «Көрнекі ақпарат”жобасын жүзеге асыруды бастады.

Жобаның негізгі мақсаты – өңір кәсіпкерлеріне көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде және заңнама талаптарына сай рәсімдеуге әдістемелік көмек көрсету.

Аталған бастама мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тілдік орта қалыптастыруға және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етпек.