Е.Өмірзақов атындағы «Жастар сарайында» XXI Халықаралық «Алтын микрофон-2025» әншілер байқауына қатысушылармен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов кездесті.
Кездесу жас таланттарды қолдауға, шабыттандыруға арналды.
– Музыка — біріктіретін ұлы күш. Қырандай еркін самғап, жеңіс тұғырынан көрініңіздер!, – деп тілегін жеткізді Бақытжан Нарымбетов.
Құралбек Атамұратов та қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
Шарада қазылар алқасының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлбану Абдулина, ұстаздар және қатысушылар өз ойларын айтып, байқаудың шығармашылыққа қосар үлесін талқылады.
Соңында барлығы естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңілмен тарқасты.