1-сұрақ. Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері болған кезде жеке тұлғаның банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақша сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.
Мұндай мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген өлшемшарттар бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.
Атап айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан күнтізбелік әрбір үш ай ішінде 100 және одан да көп әр түрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған, банктік шотына ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ақша алса, екінші деңгейдегі банктер мұндай мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.
2-сұрақ. Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме?
Жауап:
Иә, дара кәсіпкер ретінде тіркеуінің болуына қарамай, белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін барлық жеке тұлғалар бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады.
Себебі бақылау кезінде кәсіпкерлік қызметке арналмаған банктік шотқа түскен ақша қаражаты ескеріледі.
3-сұрақ. Мемлекеттік кірістер органдары банктерден ақпарат алынғаннан кейін қандай шаралар қолданады?
Жауап:
Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады.
Бірінші кезең – салық төлеушіні хабардар ету.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіні кіріс алу белгілерінің бар екендігі туралы хабардар етеді.
Осы мақсатта салық төлеушіге хабарлама (извещение) жіберіледі, ол ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.
Екінші кезең – бақылау шаралары.
Бұдан әрі, негіздер болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама (уведомление) жолданады.
Хабарламаны орындау оны табыс еткен күнінен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
4-сұрақ. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алған жағдайда салық төлеуші қандай әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық төлеушіге жолданатын хабарлама (извещение) ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.
Жеке тұлға салықтық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы шешімді дербес қабылдайды.
Хабарлама (уведомление) жолданған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеуші белгіленген мерзімде:
- анықталған алшақтықтармен келіскен жағдайда бұзушылықтарды салықтық есептілікті ұсыну арқылы жоюға;
- келіспеген жағдайда алшақтықтардың себептерін көрсете отырып, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша түсіндірме ұсынуға міндетті.
Түсіндірме ұсынылмаған немесе ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда салық органы салықтық тексеру жүргізуге құқылы.
5-сұрақ. Мобильді аударымдарға салық салына ма?
Жауап:
Мобильді аударымдардың өзі салық салу объектісі болып табылмайды. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғаның кірістері салық салуға жатады.
Егер аударым кіріс болып табылса (мысалы, тауар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлем), онда оған салық салынады.
6-сұрақ. Қандай жағдайларда аударымдар бойынша қызмет кәсіпкерлік қызмет ретінде танылуы мүмкін?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабы 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік – бұл азаматтардың тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған дербес, бастамашылық қызметі.
Егер мобильді аударымдар жүйелі сипатқа ие болып, тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшін төлеммен байланысты болса, мұндай түсімдер кәсіпкерлік қызметтен алынған кіріс ретінде танылуы мүмкін.
7-сұрақ. Тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет үшін қандай жауаптылық қарастырылған?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес, егер әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
8-сұрақ. Салық органдары аударымдарды талдау үшін іріктеуді қалай жүзеге асырылады?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген, белгіленген өлшемшарттарға сәйкестікті іріктеуді және анықтауды екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.
Өлшемшарттар бір мезгілде орындалған жағдайда (үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан қаражат түсуі және сомасы 1 020 000 теңгеде асуы) банктер тиісті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.
9-сұрақ. Туыстар арасындағы аударымдар салық салуға жата ма?
Жауап:
Жоқ, салық салуға жатпайды. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), мұндай түсімдер жеке тұлғаның дербес салық салынатын кірістер тізбесіне кірмейді.
10-сұрақ. Егер ақша туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде аударылса ше?
Жауап:
Мұндай аударымдар сыйға тарту болып табылады және жеке сипатқа ие. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), олар салық салынатын кіріске жатпайды.
11-сұрақ. Егер ата-аналар мектепке немесе балабақшаға ақша жинаған жағдайда?
Жауап:
Мұндай түсімдер бірлескен шығындар (ортақтасып жинау) болып табылады және кіріс ретінде танылмайды.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), бұл сомалар жеке тұлғаның салық салынатын кірістеріне жатпайды.
12-сұрақ. Жеке аударымдарды декларациялау қажет пе?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405-бабына сәйкес жеке аударымдар жеке тұлғаның дербес салық салынатын кірісіне жатпайды.
13-сұрақ. Салық автоматты түрде есептеледі ме?
Жауап:
Жоқ. Салық органдары талдау жүргізеді және негіз болған жағдайда Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде хабарлама жібереді.
14-сұрақ. Жеке шотты кәсіпкерлік үшін пайдалануға бола ма?
Жауап:
Жоқ. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабына сәйкес, дара кәсіпкерлер қызмет жүргізу үшін банктік шот ашуға міндетті.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкі 2026 жылдан бастап жеке тұлға жеке шот ашу кезінде оны кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмайтыны туралы жазбаша растау талабын енгізді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110-бабына сәйкес, барлық есеп айырысулар (қолма-қол ақшалай, карта немесе мобильді аударым) бақылау-касса машиналарын қолдану немесе арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілуі тиіс.
БКМ қолданбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 284-бабына сәйкес ескертуден қайталап бұзғаны үшін 15 АЕК-ке дейін жауаптылық көзделген.
15-сұрақ. Егер маған балаларымнан немесе туыстарымнан тұрақты түрде ақша түссе, салық салына ма?
Жауап:
Жоқ, мұндай аударымдарға салық салынбайды, себебі жеке (отбасылық) сипатқа ие және кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс болып табылмайды.
Бұл ретте іріктеу өлшемшарттарының бірі – әртүрлі жүз және одан да көп тұлғадан аударымдардың түсуі.
Сондықтан отбасы мүшелерінен (шектелген адамдар тобы) түсетін аударымдар көрсетілген өлшемшартқа жатпайды және кәсіпкерлік кіріс ретінде қаралмайды.
16-сұрақ. Егер мобильді аударымдарды талдау нәтижесі бойынша маған хабарлама жіберілсе, ол қайда түседі?
Жауап:
Хабарлама салық төлеушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Бұдан басқа камералдық бақылау нәтижелері туралы хабарлама жіберілгені туралы eGov-қа салық төлеушінің жеке кабинетіне хабардар ету жолданады.
17-сұрақ. Хабарлама алған жағдайда салық органына бару қажет пе?
Жауап:
Жоқ. Келу талап етілмейді. Жауапты салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы электронды түрде беруге болады. Жауап электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталады және заңды күшке ие.
18-сұрақ. Хабарламаны орындау мерзімі қандай?
Жауап:
Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім ішінде салық төлеуші түсініктеме беруі немесе тиісті міндеттемелер болған кезде салықтық есептілікті (декларацияны) ұсынуы тиіс.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары не болып табылады?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 223-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) шетелдік тауарларға қатысты – осы Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
2) шетелдік тауарларға қатысты – Комиссия айқындайтын жағдайларда осы Кодекстің 226-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген тәсілдермен тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4) егер тауарлар көлік құралының кедендік пломбалар салынған және мөр басылған жүкжайларында (бөлікжайларында) тасымалданатын болса, халықаралық тасымалдау көлік құралының осы Кодекстің 28-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
5) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау болып табылады.
Кедендік алып жүруді қандай мерзімде кеден органы ұйымдастырады?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 429-бабына сәйкес:
Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында кедендік алып жүруді қолданады.
Кедендік алып жүру кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе кедендік бақылаудағы көлік құралдарын алып жүруді білдіреді.
Кедендік алып жүруді кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Кеден органдары кедендік алып жүруді:
1) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар мынадай жағдайларда:
осы Кодекстің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмаған не мұндай міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 226-бабына сәйкес айқындалған мөлшерден кем мөлшерде ұсынылған;
тасымалдаушы, егер әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген қаулылардың кемінде біреуі орындалмаса, көрсетілген қаулыларда белгілі болған, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде міндеттерді бірнеше рет орындамаған;
тасымалдаушы осы Кодекстің 233-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті белгіленген мерзімде орындамаған;
Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарды және актілерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау белгілері анықталған кездегі өзге де жағдайларда тасымалданған кезде;
2) осы Кодекске сәйкес кедендік бақылаудағы шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай тасымалдануы мүмкін болғанда осындай тауарларды тасымалдау кезінде қолдануға құқылы.
Егер бірінші немесе үшінші үлгідегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператор кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты болса, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасы бесінші абзацының ережелері қолданылмайды.
Кеден органы кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы тасымалдаушыға мұндай шешімнің қабылданғаны туралы хабарлайды және мұндай шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей кедендік алып жүруді ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ғана көлік құралдарын кедендік алып жүру кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан көп мемлекеттің аумақтары арқылы көлік құралдарын кедендік алып жүру кезінде кедендік алып жүруді ұйымдастыру тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалады.
Осы баптың 4-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын қолданудың мақсаты үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту және оларды орындау жөнінде заңды күшіне енген қаулылартуралы ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Кедендік транзиттің шекті мерзімі қандай?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 224-бабына сәйкес:
Жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі – кедендік транзит мерзімі) белгілейді.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.
Көліктің өзге де түрлерімен тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі көліктің түрі және көлік құралының мүмкіндіктері, тауарлар тасымалдаудың белгіленген маршруты, басқа да тасымалдау шарттары және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушының өтініші негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көлік құралы жүргізушісінің еңбек пен демалыс режимінің талаптары ескеріле отырып, тауарлар тасымалдаудың (тасудың) қалыпты мерзіміне сәйкес белгіленеді, бірақ ол кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспауға тиіс.
Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін негізге ала отырып, Комиссия айқындайтын мерзімнен аспауға тиіс.
Кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалдаушының уәжді өтініш жасауы бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнің шегінде ұзартылуы мүмкін.
Кедендік транзит мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
Кеден органы қандай мерзімде кедендік транзит кедендік рәсімінің әрекетін аяқтайды?
Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы және тоқтатылуы бойынша:
Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына тауарлар жеткізілгеннен кейін аяқталады.
Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орнында тауарлар кедендік бақылау аймағына, оның ішінде тауарлар өздері жеткізілген көлік құралынан түсірілмей орналастырылады.
Тауарлар кедендік бақылау аймағына тәуліктің кез келген уақытында орналастырылады.
Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың тасымалдаушысы не декларанты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін межелі кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ өзінде бар басқа да құжаттарды:
1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – олар тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап үш сағат ішінде, ал тауарлар кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде келген жағдайда – осы кеден органының жұмысы басталған уақыттан бастап үш сағат ішінде;
2) су, әуе немесе теміржол көлігін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде, бірақ көлік құралы тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталған уақыттан кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Тасымалдаушы атынан осы баптың 3-тармағында көзделген әрекеттерді, осындай тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғалар жасауы мүмкін.
Кеден органының талап етуі бойынша тасымалдаушы тауарларды көрсетуге міндетті.
Межелі кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап бір сағат ішінде олардың берілуін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркейді.
Межелі кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, бірақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды беруді тіркеген кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының төрт сағатынан кешіктірмей, ал егер мұндай құжаттарды беру кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз қалғанда тіркелсе – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағат ішінде аяқтайды.
Кеден органы кедендік жете тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мерзімі межелі кеден органы басшысының, межелі кеден органы басшысының ол уәкілеттік берген орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік жете тексеруді жүргізу үшін қажетті уақытқа, бірақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың берілуін тіркеген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық құжат қалыптастыру арқылы не транзиттік декларацияға немесе транзиттік декларация ретінде пайдаланатын өзге де құжаттарға тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.
Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау, оның ішінде тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне қарай жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
Кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен, тауарларды шығарумен аяқталатын жағдайларды, сондай-ақ мұндай жағдайларда кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау, оның ішінде көлік түріне қарай жасау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Осы Кодекстің 225-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, сондай-ақ егер тауарлар межелі кеден органынан ерекшеленетін кеден органына жеткізілген болса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы бапта белгіленген тәртіппен аяқталады.
13 Егер тауарларды жеткізу орнына тауарлар толық немесе ішінара жеткізілмесе және осы баптың 12-тармағында көзделген жағдайларда кедендік рәсімнің қолданысы аяқталмаса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылады.
Кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылуына байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін, кедендік транзит кедендік рәсімі тоқтатылуға жататын мерзімдерді, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының тоқтатылуын ресімдеу тәртібін Комиссия айқындайды.
Екінші немесе үшінші типтегі куәлігі бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды жеткізу кезінде кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 539-бабында белгіленген ерекшеліктермен аяқталады.
Қандай құжаттар транзиттік декларация ретінде қолданылуы мүмкін?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 178-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодекстің 388-бабының 2-тармағында және 389-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдалануға жол беріледі.
Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдаланған кезде мұндай құжаттарда осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуға тиіс.
Егер транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын көрсетілген құжаттарда осы баптың 1-тармағында көзделген барлық мәліметтер қамтылмаса, жетіспейтін мәліметтер осындай транзиттік декларацияға қоса берілетін не кеден органына ұсынылатын онымен бірге жүретін құжаттарда қамтылуға тиіс.
Уақытша сақтау қоймаларын (бұдан әрі - УСҚ) қалай ашуға болады?
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары:
1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, уақытша сақтау қоймасының аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) уақытша сақтау қоймасының аумағына кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың уақытша сақтау қоймасының аумағына және (немесе) үй-жайларға кіруін және уақытша сақтау қоймасының аумағынан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;
қажетті тиеу-түсіру механизмдерін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растау не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебайқау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;
табиғи жолмен шыққан ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;
2) басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
6) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
Егер уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс.
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
Қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Қосымша талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен бекітілген.
Уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар:
тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын;
осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады.
Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар кедендік бақылауда тұрған көлік құралдарын және тауарларды тұраққа қою үшін жабдықталған қатты төсемі бар (асфальт, бетон не өзге де қатты төсем) қорғалатын аумақ болып табылады.
Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:
1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;
3) қоймалардың барлық периметрлері бойынша үздіксіз қоршаудың болуы;
4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы;
5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа);
6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары;
7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Бұдан әрі, кеден органының қызметкері үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы күні мен уақытын көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өндіріске жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы кедендік тексеру актісін жасайды.
2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті тоқтата тұру шарттары, тізілімнен шығару, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері Кодекстің 505, 506 және 507-баптарында белгіленген.
Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.
Кеден қоймасын (бұдан әрі - КҚ) қалай ашуға болады?
Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
- ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;
- орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
- техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
- электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген кезде:
-табиғи жолмен ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;
-аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;
-жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;
2) ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
6) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
Егер кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.
Қосымша талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен белгіленген.
Осылайша, ашық және жабық типті кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар:
тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын;
осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады.
Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар кедендік бақылауда тұрған көлік құралдарын және тауарларды тұраққа қою үшін жабдықталған қатты төсемі бар (асфальт, бетон не өзге де қатты төсем) қорғалатын аумақ болып табылады.
Қатты төсемі болуы керек деген талаптар еркін қоймалардың аумағына таратылмайды.
Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:
1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;
3) қоймалардың барлық периметрлері бойынша үздіксіз қоршаудың болуы;
4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы;
5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа);
6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары;
7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Ашық типті кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, кеден қоймасының иесі уақытша сақтау қоймасына техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуын, электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуын қамтамасыз етеді.
Ашық немесе жабық типтегі кеден қоймаларының айырмашылығы мынадай:
Кеден қоймалары, егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, ашық типтегі қоймалар болып табылады.
Кеден қоймалары, егер олар осы кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналса, жабық типтегі қоймалар болып табылады.
Ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмей, тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ашық типтегі кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігі тауарларды уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланылған жағдайда, ол үй-жайдың қалған бөлігінен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс.
Ашық типтегі қоймалар үшін – тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы.
Ашық типтегі кеден қоймаларының иелері ретінде кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалар үшін – басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы.
Кеден қоймасының қызметі лицензияланбайды.
Кеден қоймасын ашу үшін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
Бұдан әрі, кеден органының қызметкері үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы күні мен уақытын көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан өндіріске жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы кедендік тексеру актісін жасайды.
Қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні күн ішінде қарайды.
2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті тоқтата тұру шарттары, тізілімнен шығару, сондай-ақ кеден қоймасы иесінің міндеттері Кодекстің 512, 513 және 514-баптарында белгіленген.
Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында кеден қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.
Еркін қойманы (бұдан әрі - ЕҚ) қалай ашуға болады?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 516-бабына сәйкес күзетілетін не жеке тұлғалардың кіруін бақылау режимі бар және солардың шегінде осы Кодекске сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін ғимараттар (ғимараттардың бөліктері), ғимараттар кешені, жайластырылған және жабдықталған аумақтар және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі осы тарауда – құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар) еркін қоймалар болып табылады.
Еркін қойма заңды тұлға еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі.
Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары Кодекстің 517-бабы айқындалған.
Осылайша еркін қойманың иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
- еркін қойма ретінде пайдалануға арналған аумақ заңды тұлғаның еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішінде көрсетілген мақсатқа сәйкес тауарларды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін жабдықталған және жайластырылған болуға тиіс;
- жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақтың (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) бөгде адамдардың кіруін болғызбауды қамтамасыз ететін бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;
- тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақтың Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуі;
- электр жарығымен жарақтандырылған және кеден органдарының бағдарламалық өнімдерімен үйлесетін тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, жете тексеру пункттерінде орналасқан тауарларды жете тексеру үшін орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
- орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының болуы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
2) кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
3) уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келетін, кедендік операцияларды жасау кезінде аумақтық кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;
4) аумақтық кеден органдарына өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормаларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген және орындалмаған қаулының болмауы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылықтарына алып келген себептердің жойылмау фактілерінің болмауы;
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
6) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
Егер еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.
Жайластыру және жарақтандыру бойынша талаптар «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығымен айқындалған.
Осы шарттардың сақталуын тесеру үшін аумақтық кеден органының лауазымды адамы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің мәлімдеген қоймасының үй-жайлар мен аумағына кедендік қарап-тексеру жүргізеді және үй-жайлар мен аумақты кедендік қарап-тексерудің тиісті актісін ресімдейді.
Тізілімге енгізілгеннен кейін кеден заңнамасы еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды Кодекстің 30-тарауында белгіленген еркін қойма кедендік рәсімін қолдану шарттары сақталған кезде өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілерін және қосалқы инфрақұрылымды еркін қойманың аумағында салу мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.
2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz)арқылы жүзеге асырылады.
Кеден заңнамасы бойынша консультацияны сіз қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарланып отырған Мемлекеттік кірістер департаментінен ала аласыз.
Бажсыз сауда дүкендері (бұдан әрі – БСД) қалай ашуға болады?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 524-бабына сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың және (немесе) үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
сауда залы тауарларды кедендік декларациялауды жүргізу үшін айқындалған орын шегінен тыс жерде болуға тиіс;
бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыруға арналған орындар, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету және тауарларды сатуға дайындау (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалар) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған жеке қоршалған орындар болуға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бөлшек саудаға арналған тіркеу құжаттарының немесе рұқсаттардың болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 528, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) тауарларды осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғаларға өткізу үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттарын сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
6) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
7) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.
Егер бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар және (немесе) үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға және (немесе) үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) қатысты жалға алу шарты кемінде алты ай мерзімге жасалуға тиіс.
2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізу кезінде мәлімделген мәліметтерді өзгерту "Keden" ақпараттық жүйесі (http://keden.kgd.gov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Техниқалық қолдаудың мекенжайы https://t.me/kedenkgdgovkz.
Шартты түрде шығарылған тауарлар қашан Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 9-тармағына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар:
1) 202-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады. Бұл ретте 202-баптың 4-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты осындай тауарлар олардың мақсатты пайдаланылуы тоқтатылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.
2) 202-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы расталғаннан;
3) 202-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындағаннан және (немесе) оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомалары мен тауарларды шығару кезінде төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде не, егер кедендік әкелу баждарын осындай мөлшерде төлеу Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес көзделсе, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген өзге мөлшерде өндіріп алғаннан не Кодекстің 216-бабының 6-тармағында көзделген өзге де мән-жайлардың басталуына байланысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.
Автокөлік құралдарын (бұдан әрі – АКҚ) әкелу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау үшін қандай құжаттар қажет?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 8-бабына сәйкес тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады.
«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентіне сәйкес жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары кедендік декларацияны беру кезінде осы nехникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жатады.
Осылайша, импортталатын көлік құралдары мен олардың құрамдауыштары КО ТР 018/2011 сәйкес болған кезде нарықта айналымға жіберіледі, сондай-ақ айналымға шығарылған кезде:
- көлік құралдары үшін мақұлдау типі нысанында жүргізілген сәйкестігін бағалау көлік құралының типін мақұлдау;
- шасси үшін-шасси түрін мақұлдау;
- жеке көлік құралдары үшін-көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік;
-көлік құралдарының құрамдауышы үшін-сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар болып табылады.
Сәйкестікті бағалау туралы жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруді сәйкестікті растау жөніндегі органдар және (немесе) тиісті салада аккредиттелген сынақ зертханалары жүзеге асырады.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде аккредиттелген органдарды бақылауды Қазақстан Республикасы Сауда интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асырады, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік беру мәселесі бойынша осы мемлекеттік орган жүгінеді деп санаймыз.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына ЕАЭО кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді әкелудің тәртібі қандай?
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабына сәйкес тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына ЕАЭО кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді әкелу тәртібі одақтың (бұдан әрі – Тәртіп) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген.
Өз кезегінде, Тәртіптің 5-тармағына сәйкес техникалық реттеу шараларының сақталуы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімді ішкі тұтыну үшін шығарудың, еркін кедендік аймақ, мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімдеріне, арнайы кедендік рәсімге орналастыру кезінде расталады.
Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қандай тауарларға қабылдайды?
Уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізеді және оның жариялануын, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның өтініші негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте қорғалатын зияткерлік меншік объектілері енгізіледі.
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне қандай зияткерлік меншік объектілерінің түрлерін енгізуге болады?
Уәкілетті орган авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын кедендік тізілімге енгізуді құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілуі мүмкін зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары жатады.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру қалай жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар (Заңның 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы).
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен (бұдан әрі – Бақылау тізімі) бекітілген.
Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтылым мен технологияларға) қатысты экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыруға не эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне сәйкес оларға сәйкестендіру жүргізуге міндетті.
Бақылау тізімінің 4-тармағында белгілі бір өнімді қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу жөніндегі шешім аталған тізімнің бақылауға алынған өнімінің техникалық параметрлерімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі - Өнеркәсіп министрлігі) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті орган және лицензиар орган болып табылады.
Бақылау тізіміне сәйкес біржақты сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шетелдік тұлғалар өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды алу үшін Өнеркәсіп министрлігіне жүгіне алады.
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оған құжаттар тізбесі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бірдейлендіруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 394 бұйрығымен регламенттеледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде (тіпті шамалы болса да) мұндай кірістерді алуға бағытталған шығыстардың барлық сомасы шегерімге жатқызылатын болады.
Салық кодексінің 328-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тіркелген коммерциялық емес ұйым Салық кодексінің 32-тарауында көзделген баптардың бірінің ережелерін қолдануға құқылы. Салық кодексінің 329-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген, қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) кіріс ретінде кіріс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза кірісті немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым Салық кодексінiң мақсаттары үшiн коммерциялық емес ұйым болып танылады.
Коммерциялық емес ұйым жылдық жиынтық кірістен мынадай кірістерді алып тастайды:
Салық кодексінің 9-бабына сәйкес келетін қайырымдылық көмекті, демеушілік көмекті, ақшаны, гранттарды, сондай-ақ өтеусіз негізде алынған кез келген басқа көмекті, гранттарды, мүлікті қоса алғанда, өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;
кiру жарналары және мүшелiк жарналар;
адвокаттық кеңседе қызметін жүзеге асыратын адвокаттардың оның мүлкіне салымдары, сондай-ақ олар жүргізетін адвокаттық кеңсені ұстауға арналған жарналар (аударымдар);
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кіріс;
депозиттер бойынша сыйақылар;
депозитке салынған ақша бойынша, оның ішінде оларға қатысты сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндетті және нысаналы жарналар, сондай-ақ пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, тұрақ орнының, қойманың меншік иесінің ақы төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған өсімпұл.
Бұл ретте коммерциялық емес ұйымның осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген кірістеріне жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс. Салық кодексінің 330-бабына сәйкес салық кезеңінде әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Салық кодексінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар Салық кодексінің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100% азайтады.
Осылайша, коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) үшін Салық кодексінің 329 және 330-баптарында белгіленген салық салудан босатуды көздейтін 2 салық нұсқасы қарастырылған.
2026 жылға дейін қолданыста болған Салық Кодексінің 422-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС ставкасы 12%-құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналым мөлшері 2026 жылға дейін қолданыста болатын Салық кодексінің 380-381-баптарында белгіленген.
Айналым жасалған күн 2026 жылға дейін қолданыста болатын Салық кодексінің 379-бабы бойынша айқындалады.
2026 жылдан бастап қолданыста болатын Салық кодексінің 503 - бабының 1-тармағына сәйкес егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ҚҚС ставкасы 16% құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналым мөлшері 2026 жылдан бастап қолданыста болатын Салық кодексінің 461-462-баптарында белгіленген.
Айналым жасалған күн 2026 жылдан бастап қолданыста болатын Салық кодексінің 460-бабы бойынша айқындалады.
Осылайша, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған шарт 2025 жылы жасалды, ал 2026 жылы тауарды, жұмысты, қызметті жеткізеді (айналым жасалған күн), мұнда сату бойынша мұндай айналымға 16% ҚҚС ставкасы қолданылады.
Салық кодексінің 43 - бабы 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес салық органы уәкілетті органның интернет-ресурсында Салық кодексінде айқындалған тәртіппен және жағдайларда оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын (қолданған) салық төлеуші (салық агенті), басталу және (немесе) мұндай режимді қолдануды тоқтату туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті. Салық кодексінің 716-бабының 14-тармағына сәйкес салық төлеушінің оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданудың басталған күні және (немесе) тоқтатылған күні туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай арнаулы салық режимін қолданудың басталған және (немесе) тоқтатылған күніне дейін тиісті үш жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады. Осылайша, Комитеттің интернет-ресурсында салық төлеушінің оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданудың басталу күні және (немесе) тоқтатылған күні туралы мәліметтерді орналастыру көзделген.
Салық кодексінің 401- бабының 1- тармағына сәйкес жеке тұлғаның жеке салық шегерімдерінің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар:
1) әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі;
2) базалық салық шегерімі;
3) Әлеуметтік салық шегерімдері.
Әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген:
1) міндетті зейнетақы жарналарын;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын;
3) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардың кірістерінен ұсталатын әлеуметтік аударымдарды қамтиды.
Салық кодексінің 403 бабында мыналар ескерілген базалық салықтық шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылатын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін құрайды. Күнтізбелік жыл үшін базалық салықтық шегерімнің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Салық кодексінің 404 бабының 1 тармағына сәйкес әлеуметтік салық шегерімдері:
1) осы тармақшаны қолдану күніне адамның бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселенген мөлшері;
2) осы тармақшаны қолдану күніне адамның:
үшінші топтағы мүгедектігі бар адам;
мүгедектігі бар бала;
Ұлы Отан соғысына қатысушы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адам және (немесе) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері;
3) осы тармақшаны қолдану күніне адамның:
он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір мүгедектігі бар бала үшін – осындай мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
өмір бойына әрбір "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін – адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір бала асырап алушы үшін – осындай адамдардың бірі;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған әрбір ата-ана үшін – осындай адамдардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері.
Осы тармақшаның ережелері:
қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.
Салық кодексінің 383-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, автотұрақ орындарын, қоймажайларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін сату немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна ретінде беру кезінде құн өсімінен алынған табыс, егер аталған мүлік меншік құқығы тіркелген күннен бастап екі жылға дейінгі мерзімде жеке тұлғаның меншігінде болған жағдайда туындайды.
Салық кодексінің 841-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Салық кодексінің 382-бабының 5-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады, және тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақшалар келесі редакцияда қолданылады:
«1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, автотұрақ орындары, қоймажайлар, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, егер олар жеке тұлғаның меншігінде болса:
– меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген күннен бастап бір жыл және одан астам уақыт бойы;
– меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген күннен бастап екі жыл және одан астам уақыт бойы болған жағдайда».
Осылайша, егер пәтер 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынып, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін сатылса, онда ЖТС босату үшін мұндай мүліктің меншікте болу мерзімі бір жыл және одан астам уақыт болып есептеледі.
Салық кодексінің 417-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, табыс пен мүлік туралы декларацияны, соның ішінде табысқа салық салуды жеке өзі жүзеге асыратын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен табыс алмаған жеке тұлғалар ұсынады.
Салық кодексінің 418-бабының 1-тармағына сәйкес, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, табыс пен мүлік туралы декларация есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей, жеке тұлғаның тұрғылықты (немесе уақытша тұратын) жері бойынша тапсырылады.
Салық кодексінің 419-бабының 1-тармағында белгіленгендей, күнтізбелік жыл қорытындылары бойынша жеке тұлға өзі дербес салық төлеуге тиіс салық салынатын табыс сомасынан есептелген жеке табыс салығын, егер Салық кодексінің 418-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей, тұрғылықты (немесе уақытша тұратын) жері бойынша төлеуі тиіс.
Осылайша, мүліктік табыс алған жеке тұлға табыс пен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) табыс алынған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыруға және жеке табыс салығын 25 қыркүйекке дейін төлеуге міндетті.
Салық кодексінің 387-бабының 2-тармағына сәйкес бағалы қағаздарды өткізу, сондай-ақ оларды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру нәтижесі оң немесе теріс мәнге ие болуы мүмкін және әрбір шығу (өткізу) операциясы бойынша салық кезеңінде келесі тәртіппен айқындалады:
1) өткізу кезінде, соның ішінде борыштық бағалы қағаздарды өтеу кезінде – бағалы қағазды өткізу (өтеу) құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма;
2) заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде берген кезде – бағалы қағазды салым ретінде берген құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма.
Салық кодексінің 387-бабының 3-тармағына сәйкес бағалы қағаздарды өткізу және оларды жарғылық капиталға салым ретінде беру жөніндегі барлық операциялардың нәтижелерінің жалпы сомасы (жеңілдік берілмейтін бағалы қағаздардан басқа) салық кезеңі үшін мынадай тәртіппен танылады:
егер жалпы сома оң болса – ол құн өсімінен түскен табыс ретінде танылады;
егер нөлдік немесе теріс мәнге ие болса – құн өсімінен түскен табыс нөлге тең деп есептеледі.
Салық кодексінің 387-бабының 5-тармағында бағалы қағаздар бойынша құн өсімінен түскен табыс бағалы қағаздардың келіп түсу күніне байланысты хронологиялық тәртіппен бірізді түрде есептен шығару арқылы айқындалатыны белгіленген.
Салық кодексінің 387-бабының 6-тармағының 1) тармақшасында бағалы қағаздардың бастапқы құны олардың сатып алу құны, сондай-ақ бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі қызметтер үшін брокерлік қызметті Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын тұлғаға төленетін комиссиялық сыйақы сомасы болып табылатыны көзделген. Опцион бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сатып алу құны опционды іске асыру бағасы мен опцион сыйақысының сомасына тең болып айқындалады.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалы қағаздар бойынша құн өсімінен түскен табыс бағалы қағаздарды өткізудің барлық операцияларының оң және теріс нәтижелерін қосу арқылы айқындалады. Егер нәтиже оң болса – табыс танылады, ал егер нөлдік немесе теріс болса – құн өсімінен түскен табыс нөлге тең болады.
Бағалы қағаздардың бастапқы құнына брокердің шығыстары енгізіледі және бағалы қағаздар олардың келіп түсу күніне байланысты хронологиялық тәртіппен есептен шығарылады.
Салық кодексінің 117-бабына сәйкес, салық төлеуші салық есептілігін тапсыруды уақытша тоқтатуға, сондай-ақ бұл мерзім аяқталғанға дейін есептілікті тапсыруды қайта бастауға құқылы.
Мұндай жағдайларда ҚҚС бойынша есептен шығару немесе ҚҚС-қа қатысты жекелеген ережелер қолданылмайды.
Сәйкесінше, ҚҚС бойынша салық есептілігін тапсыру жалпы ережелерге сай тоқтатылады және қайта басталады.
Салық кодекстің 591-бабына сәйкес бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң жылдық орташа баланстық құны жүргізілген мүлікті қайта бағалауды ескере отырып, заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база болып табылады. Бұл ретте мүлікті мұндай бағалау әр үш жылда бір реттен жиі емес жүргізілуге тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 1-бабының 2)-тармақшасына сәйкес бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам. Сондықтан, 18 жастан кейін мүгедектігі сақталған кезде «мүгедектігі бар адамдар» санатына көзделген жеңілдіктер қолданылады.
Салық кодекстің 537 және 602-баптарына сәйкес жеке тұлғалардың сән-салтанатқа жатқызу тиісті өлшемдері бар мүлікке салық салу үшін мөлшерлемелері белгіленген (жеңіл автомобильдер, яхталар, әуе кемелері, алкоголь өнімі және темекі бұйымдары бойынша акциз, жылжымайтын мүлік бойынша мүлік салығы)
Салық кодекстің ережелеріне сәйкес:
- көлік құралы салықты - "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар - бiр автокөлiк құралы бойынша (563-б 3-т 5)тармақшасы);
- мүлік салықты - "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көпбалалы аналар - тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша, үй жанындағы жер учаскелері бойынша, барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан 1 000 АЕК мөлшері шегiнде (597-б 2-т 5) тармақшасы);
- мемлекеттік бажды - "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – барлық нотариаттық әрекеттер бойынша (667-б 2-т 6) тармақшасы), Конституциялық сотында (668-б 34) тармақшасы), Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезде (671-б 4) тармақшасы) төлеуден босатылады.
Салық кодекстің 591-бабына сәйкес бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң жылдық орташа баланстық құны жүргізілген мүлікті қайта бағалауды ескере отырып, заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база болып табылады. Бұл ретте мүлікті мұндай бағалау әр үш жылда бір реттен сиретпей жүргізілуге тиіс.
Бұл ретте Салық кодекстің 588-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Салық кодекстің 598-бабының 2-тармағына сәйкес егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады. Сондықтан есептелікті салық төлеушілер өздері тапсырады.
Салық кодекстің 581-бабының 5-тармағына сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша Салық кодекстің 576-бабында белгіленген базалық салықтық мөлшерлемелер меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы табыс еткен күннен бастап қырық есеге ұлғайтылады.
Салық кодекстің 592-бабының 2-тармағына сәйкес заңды тұлғалар мүлік салығын салықтық базаға 0,5 % мөлшерлеме бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданылған жағдайда немесе әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызған кезде есептейді.
1. Сұрақ: 2026 жылға дейін ветеринариялық дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылған болатын, 2026 жылы мұндай босату көзделген бе?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Салық кодексінің 394-бабының 34) тармақшасына сәйкес ветеринария саласында қолданылатын дәрілік заттарды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылған.
Алайда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексінде осындай ұқсас нормалар көзделмеген.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ветеринариялық дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылмайды және оларды өткізу бойынша айналым ҚҚС-ғын салуға жатады.
2. Сұрақ: КБТМКК шеңберінде дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылады, алайда іс жүзінде сатып алушы дәрілік заттарды жоғары бағамен қосымша төлем жасау арқылы сатып алып, оның бір бөлігін бюджеттен КБТМКК шеңберінде өтеуге құқылы. Осындай қосымша төлем сомасы ҚҚС-қа жата ма?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемі (КБТМКК) шеңберінде, сондай-ақ (Үкіметтің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген) дәрілік заттар тізбесіне енгізілген орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылады.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес КБТМКК бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмектің көлемін білдіреді. Бұл ретте КБТМКК-ны қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ азаматтардың ерікті түрде қосымша төлем жасау жолымен қатысуы мүмкін.
Осылайша, Денсаулық сақтау туралы кодексте көзделген ұғымға сәйкес, КБТМКК бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қамтиды, ал қосымша төлем дәрілік заттың нақты құны мен бюджет есебінен өтелетін сома арасындағы айырманы сатып алушының ерікті түрде, ақылы негізде төлеуін білдіреді.
Соған сәйкес, сатып алушы тарапынан дәрілік заттың құны мен КБТМКК шеңберінде өтелетін сома арасындағы айырма ретінде ерікті түрде жүзеге асырылатын қосымша төлем ҚҚС-тан босатуларды қолданбай, ҚҚС-қа жатады.
3. Сұрақ: ҚҚС-тан босатуды қолданудың шарттарының бірі КБТМКК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды жеткізу шартының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына сәйкес рәсімделуі болып табылады.
Іс жүзінде дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу тауарлар нақты әкелінгеннен кейін жүргізіледі, осыған байланысты импорттаушы КБТМКК және МӘМС шеңберінде кейіннен өткізілетін дәрілік заттарды импорттау кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдана алмайды.
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КБТМКК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды импорттау ҚҚС-тан босатылады.
Бұл ретте дәрілік заттар тізбесі, сондай-ақ дәрілік заттарды импорттау кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген.
Қағидаларға сәйкес ҚҚС-тан босатуды қолданудың шарттарының бірі КБТМКК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды жеткізу шартының болуы болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығына сәйкес рәсімделген КБТМКК және МӘМС шеңберіндегі дәрілік заттарды жеткізу шарты ғана дәрілік заттарды өткізу КБТМКК және МӘМС шеңберінде жүзеге асырылатынын растайды.
Осылайша, дәрілік заттарды импорттау кезінде КБТМКК және МӘМС шеңберіндегі жеткізу шарты болмаған жағдайда, егер мұндай дәрілік заттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдардың жинақтаушылары, сондай-ақ техникалық көмекші (өтемдік) құралдар тізбесіне енгізілген болса, импортқа ҚҚС 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленуге жатады.
Ал егер дәрілік заттар 5 пайыздық мөлшерлеме қолданылатын тізбеге енгізілмеген болса, импортқа ҚҚС 16 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленуге жатады.
4. Сұрақ: Медициналық қызметтер көрсететін, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер ЭШФ жазуға міндетті ме?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеуші болып табылмайтын кейбір санаттағы салық төлеушілер үшін электрондық шот-фактура (ЭШФ) жазу міндеті туындайды.
Атап айтқанда, Салық кодексінің 208-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, бұл санатқа Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жинақтаушыларын, сондай-ақ техникалық көмекші (өтемдік) құралдарды өткізу бойынша медициналық қызметтер көрсететін салық төлеушілер жатады.
5. Сұрақ: 2026 жылға дейін дәрі-дәрмек өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды өткізу мен импорты ҚҚС-тан босатылған болатын. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрі-дәрмек өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды өткізу мен импорты ҚҚС-тан босатыла ма?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қолданыста болған Салық кодексінің 394-бабы 33) тармақшасының, сондай-ақ 399-бабының 1-тармағы 10) және 10-1) тармақшаларының ережелерінде дәрі-дәрмек өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды өткізу және импорты кезінде ҚҚС-тан босату көзделген болатын.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы Салық кодексінде дәрі-дәрмек өндірісіне арналған шикізат пен материалдарды өткізу және импорты кезінде ҚҚС-тан босату бойынша ұқсас ережелер қарастырылмаған.
Осылайша, Салық кодексінде дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын шикізат, материалдар мен жабдықтарды ҚҚС-тан босатуды көздейтін ережелер белгіленбеген.
Тиісінше, дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын шикізат пен материалдарды импорттауға және өткізу ҚҚС-пен салық салынады.
6. Сұрақ: Кейбір ҚҚС төлеушілерде өткізу тізбегінде әртүрлі ҚҚС мөлшерлемесін енгізу 16% мөлшерлеме бойынша ҚҚС шегерімінен, ал 5% мөлшерлеме бойынша өткізуден дебеттік сальдоның ұлғаюына, ал басқа ҚҚС төлеушілерінде керісінше, егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді 16% ҚҚС мөлшерлемесі бойынша одан әрі өткізе отырып, 5% мөлшерлеме бойынша сатып алған жағдайда ҚҚС жүктемесінің артуына әкеледі.
Сатып алу және сату бойынша әр түрлі ҚҚС мөлшерлемесін қолдану кезінде тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС шегерімі қалай жүргізіледі? Бөлек есепке алуды жүргізу қажет пе?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 503-бабының 1 және 2-тармақшаларында әртүрлі ҚҚС мөлшерлемесі көзделген. Осылайша, дәрі-дәрмектерді (КБТМКК және МӘМС шеңберінен тыс, орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін) және медициналық бұйымдарды өткізу мен импорт бойынша салық салынатын айналымға, егер бұл тауарлар Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесіне енгізілсе 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5%, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10% төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1204 Қаулысы).
Салық кодексінің 480-бабының 1-тармақшасында ҚҚС төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушылардың ҚҚС сомасын шегерімге жатқызу шарттары белгіленген. Бұдан басқа, Салық кодексінің 210-бабының 1 тармақшасында әртүрлі мөлшерлемені қолдана отырып ҚҚС мақсатында өткізу бойынша айналым жасау кезінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу міндеті көзделген.
Осылайша:
Бұл ретте, салық төлеуші әртүрлі ҚҚС мөлшерлемесін қолдана отырып өткізу бойынша айналымға бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
7. Сұрақ: Емханалар КБТМКК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету бойынша қоса орындаушылар болып табылады. Қоса орындаушылар көрсететін медициналық қызметтер бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылуға жата ма?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасын ескере отырып, егер осындай медициналық қызметтер Тізімге енгізілген болса, дәрілік заттар және медициналық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде медициналық қызметке арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес КБТМКК және МӘМС шеңберінде орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін қызметтері өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 474-бабы 28) тармақшасының ережелері КБТМКК және МӘМС шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге арналған шартта қоса орындаушының тиісті медициналық қызмет көрсету талабы тікелей көрсетілген жағдайда, қоса орындаушы болып табылатын медициналық қызмет көрсетуді жеткізушіге қатысты қолданылады. Шартта мұндай талап болмаған жағдайда КБТМКК және МӘМС шеңберінде қоса орындаушы көрсететін қызметтер бойынша ҚҚС-тан босатуды қолдануға негіз жоқ.
Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды, «Контрагенттер туралы мәліметтер» сервисінде орналастырылған ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері негізінде қалыптастырылады және тәулігіне бір рет жаңартылып отырады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 414 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкер тіркелді.
Осы кезеңде 394 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкер есептен шығарылды (таратылды).
Осылайша, таза өсім шамамен 20 мың субъектіні құрады.
2025 жылы да кәсіпкерлік белсенділіктің оң динамикасы байқалады.
Тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер саны 478 мыңға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен асты.
Сонымен қатар, 335 мың субъект есептен шығарылды.
Нәтижесінде 2025 жылғы таза өсім 142 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкерді құрады.
Келтірілген деректер іскерлік белсенділіктің артқанын және қолданыстағы кәсіпкерлік субъектілері санының ұлғайғанын көрсетеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
1.Сұрақ: Арнаулы салық режимін пайдалану кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қандай шарттар қолданылады?
Жауап: мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді;
2) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) күнтізбелік айдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын ( 4 325 АЕК*300= 1 297 500 теңге) жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) – ҚР азаматтары, қандастар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып танылады.
Салық салу объектісі қызметтен түскен табыс болып табылады. Есепке алу қарапайым нысанда жүргізілетін, байланыс жоқ жерлерде жұмыс істеу жағдайларын қоспағанда, кірістерді есепке алу тізілімде арнайы мобильдік қосымша арқылы жүргізіледі. Салық кезеңі – күнтізбелік ай. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын тұлғалар табыс салығын төлеуден толық босатылды (ЖТС мөлшерлемесі 0%). Мұндай тұлғалар үшін жалғыз міндеттеме табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу болып табылады (МЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА және МӘМС 1%), бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.
Интернет-платформаларды пайдаланатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар Салық кодексінің 721-бабының ережелерін ескеруі керек.
Үкіметтің 21.11.2025 жылғы №994 қаулысына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері
01620 мал шаруашылығына ықпал ететін қызмет
32200 музыкалық аспаптар өндірісі
43310 сылақ жұмыстары
43320 ағаш ұстасы және ағаш ұстасы
43330 едендерді жабу және қабырғаларды қаптау
43340 бояу және шыны жұмыстары
47992 желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда
49320 такси қызметі
53200 өзге пошта және курьерлік қызмет * (53200 * басқа пошта қызметін қоспағанда);
56210 тапсырыс бойынша дайын тағамды жеткізу;
68201 жалға алу (қосалқы жалдау) және меншікті немесе жалға алынған тұрғын үйді басқару;
74200 Фотосурет саласындағы қызмет;
74300 ауызша және жазбаша аударма жөніндегі қызмет
75000 ветеринариялық қызмет;
77290 жеке тұтынудың өзге де заттарын жалға алу және лизингке беру және тұрмыстық тауарлар;
81211 тұрғын үйлерді жалпы тазалау;
82990 басқа топтамаларға енгізілмеген қосалқы коммерциялық қызметтерді ұсыну жөніндегі өзге де қызмет * (82990 * тек қана интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша);
85510 Спорт және демалыс саласындағы білім беру;
85520 мәдениет саласындағы білім беру;
85599 басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет;
90030 көркем және әдеби шығармашылық;
95110 компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
95120 коммуникациялық жабдықты жөндеу;
95210 электрондық тұрмыстық техниканы жөндеу;
95220 тұрмыстық аспаптарды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу,
95231 аяқ киімді жөндеу;
95232 табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу;
95240 Жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;
95251 қол және басқа сағаттарды жөндеу;
95252 зергерлік бұйымдарды жөндеу;
95291 тоқыма және тоқыма бұйымдарын жөндеу;
95292 тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу;
95293 Үлбір және былғары бұйымдар мен бас киімдерді жөндеу;
95294 музыкалық аспаптарды жөндеу;
95295 кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу;
95296 велосипед жөндеу;
95299 басқа топтамаларға енгізілмеген жеке тұтынудың өзге де заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;
96020 шаштараздар мен сұлулық салондарымен қызмет көрсету;
97000 үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылығы қызметі;
98100 үй шаруашылығында өзі тұтынуға арналған тауарларды өндіру жөніндегі қызметі.
2. Сұрақ: Қандай жағдайда ЭШФ жазып беру тоқтатылады?
Жауап: Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұруды салық органы:
1) салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша нақты айналымның жасалғанын растау туралы хабарламаны орындамаған немесе орындалмаған деп тану туралы шешім шығарған;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін растау туралы хабарлама орындалмаған;
3) осындай салық есептілігін алдыңғы алты ай ішінде дербес ұсынбаған қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен;
4) қосылған құн салығын төлеуші осындай салық есептілігін табыс ету қайта басталған күнге дейін осындай салық бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған;
5) дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
6) заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
7) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
8) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
9) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп танылғаны туралы нөмірлер тізілімінен мәліметтер келіп түскен;
10) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 немесе 245-баптары бойынша осы заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қызметі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған сот актісі заңды күшіне енген;
11) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны іздестіру туралы қаулы шығарылған;
12) болу мақсаты ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР аумағында болуының рұқсат етілген мерзімі аяқталғаны туралы мәліметтер келіп түскен;
13) дара кәсіпкерді әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізу күнінен;
14) бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын салық төлеушінің әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген күннен кейінгі;
15) салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша болжамды алшақтықтар туралы хабарламаны орындамаған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
(ҚР СК 88-бабы)
3. Сұрақ: 2026 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттары.
Жауап: Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары қолдануға құқылы:
1) күнтізбелік жылдағы шекті табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын (4325*600 000= 2 595 000 000 теңге);
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:
- басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;
- құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;
- құрылтайшысы немесе қатысушысы арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар;
- арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер);
- коммерциялық емес ұйымдар;
- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары, "Астана Хаб" ;
- бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер;
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді. ( Бұл ретте жергілікті мәслихаттар әрбір өңір бойынша орташа есеппен 3-тен 2 пайызға дейінгі мөлшерлемелерді төмендету жөніндегі шешімдерді бекіткенін ескеру қажет).
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.
ҚР жаңа Салық кодексінің 722-бабының 3-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде 910.00 нысаны бұрынғысынша пайдаланылады, ол жарты жыл ішінде, яғни жылына екі рет және тоқсан сайын жалдамалы қызметкерлер бойынша 200.00 нысаны беріледі.
4. Сұрақ: 2026 жылы пәтер сатқым келеді, оны 2025 жылы кеңейтуге байланысты сатып алдым, сату тура бір жылдан кейін болады, егер салық бойынша қандай да бір міндеттеме туындайды ма.
Жауап: 2025 жылы сатып алынған және тіркелген және мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл немесе одан да көп уақыт өткен соң сатылатын жылжымайтын мүлік сатылған жағдайда құн өсімінен түсетін табыс пайда болмайды, өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелетін жылжымайтын мүлік объектілеріне әсер етеді, демек, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу кезінде иелену кезеңі екі жылды құрайды.
5. Сұрақ: ДК патент бойынша жұмыс істеді шаштараз қызметтерін көрсетті біз 2026 жылы қандай режимде жұмыс істей аламыз.
Жауап: 01.01.2026 жылдан бастап Сіз қызметті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыруға құқығыңыз бар, өйткені "шаштараздар мен сұлулық салондарының қызмет көрсету" бойынша қызмет түрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді. Бұл ретте осы режимді қолдана отырып, күнтізбелік айда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс кіріс бойынша шарттарға сәйкес келу қажет (4 325 АЕК*300= 1 297 500 теңге).
6. Сұрақ: Яндекс таксиде мобильді қосымша бойынша жұмыс істеймін, 2026 жылы бізді қандай өзгерістер күтіп тұр.
Жауап: 01.01.2026 жылдан бастап сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде қызметті жүзеге асыруға құқығыңыз бар, өйткені такси қызметінің түрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді. Бұл ретте осы режимді қолдана отырып, күнтізбелік айда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс кіріс бойынша шарттарға сәйкес келу қажет (4 325 АЕК*300= 1 297 500 теңге).
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметі арнайы мобильді қосымшаны міндетті түрде пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.
7. Сұрақ: Үкіметтің қаулысында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері бойынша біздің ЭҚЖЖ жоқ, бұл біз оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істей аламыз дегенді білдіре ме?
Жауап: Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға Қазақстан Республикасының резидент-дара кәсіпкерлері мен заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 қаулысында айқындалған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Осылайша, Үкіметтің жоғарыда аталған қаулысында сіздің қызмет түріңіз болмаған кезде, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттары сақталған жағдайда, сіз осы салық салу режимін қолдануға құқылысыз.
8. Сұрақ: Оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істеймін ҚҚС төлеуші емеспін, 2026 жылы ҚҚС төлеуші болмаймын ЭШФ жазу керек пе ?
Жауап: Салық кодексінің 99-бабының нормаларына сәйкес (01.01.2025 жылдан бастап) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюға жатпайды.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші бола отырып, шот-фактураны жазып беруге міндетті, алайда шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда талап етілмейді:
1) есептері жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу:
-сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін және (немесе) қызметтерді төлеу терминалдары арқылы ұсына отырып;
- тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алушыға арнайы мобильді қосымшаны ұсынумен. Бұл ретте сатып алушының талабы бойынша чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірі болуға тиіс;
2) есептеулері электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыру;
4) теміржол немесе әуе көлігінде жолаушыны тасымалдауды қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімдеу;
5) жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылмайтын жеке тұлғаға тауарды өтеусіз беру, жұмыстарды өтеусіз орындау, қызметтер көрсету;
6) Салық кодексінің 477-бабында көзделген қаржылық операцияларды іске асыру.
9. Сұрақ: 2026 жылы ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қоюдың шегі қандай?
Жауап: Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін айналым шегі айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерін құрайды (4325*10 000= 43 250 000 теңге).
10. Сұрақ: Оңайлатылған декларация негізінде АСР-ға көшу үшін хабарламаны қандай мерзімде ұсыну қажет?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер қолдану шарттарын ескере отырып оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламалар ұсынады.
Салық органы дара кәсіпкерлер ретінде есептен 2026 жылғы 1 наурызда патент негізінде және арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер автоматты түрде алып тастауға жатады.
11. Сұрақ: АСР бойынша қандай мөлшерлемелер белгіленеді және кім анықтайды (мәслихаттар немесе ҚР бойынша бірыңғай)?
Жауап: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын тұлғалар табыс салығын төлеуден толық босатылды (ЖТС мөлшерлемесі 0%). Мұндай тұлғалар үшін жалғыз міндеттеме табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу болып табылады (МЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА және МӘМС 1%), бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.
Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын салық төлеушілер үшін мәслихаттарға осы мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету немесе көтеру құқығын бере отырып, 4% мөлшерінде салық мөлшерлемесін (КТС/ЖТС) белгіленді.
12. Сұрақ: 2026 жылға дейін сатып алынған тауарлардың қалдықтарымен не істеу керек?
Жауап: 2026 жылға дейін 12% мөлшерлеме бойынша сатып алынған тауарлар (қалдықтар) оларды қандай да бір түрде бөлек ескерудің қажеті жоқ, бұл ретте оларды 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін одан әрі өткізу 2026 жылдан бастап қолданыстағы Салық кодексінде көзделген мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады(16%, 10%, 5%).
13. Сұрақ: Қандай жағдайларда ҚҚС төлеуші тіркеу есебінен шығарылуы мүмкін?
Жауап: Төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен алынады:
- салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен арнаулы салық режиміне көшу;
- қызметті тоқтату немесе тарату.
2026 жылдан бастап салық төлеушінің ағымдағы жылы өткен айналымның ең төменгі деңгейінен аспаған жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебінен ерікті түрде алу құқығы алынып тасталады.
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қабылдау "Құжаттарды беру" бөлімінде СӘИЖ СТК-да жүзеге асырылады. Сондай-ақ хабарламаны қағаз жеткізгіште орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына беруге болады. Бұл қызмет Банктік мобильді қосымшаларда, сондай-ақ "Е-салық-бизнес" мобильді қосымшасы арқылы (тек ДК үшін) қолжетімді болады.
Қызметті тоқтатуға арналған салықтық өтініш "Құжаттарды беру" бөлімінде де қолжетімді.
Бұдан басқа, қызметі тоқтатылған кезде салықтық есептілігі ұсынылады, сондай-ақ ол "Құжаттарды беру" бөлімінде немесе мемлекеттік кірістер органына қағаз жеткізгіште СӘИЖ СТК арқылы ұсынылуы мүмкін.
14. Сұрақ: 2026 жылы бейрезидент-жеке тұлғаға төленетін дивидендтерге салық салу тәртібін түсіндіруді сұраймын үлесі 60% және бейрезидент-заңды тұлғаға капитал үлесі 40%?
Жауап: Заңды тұлғаның жарғылық капиталында 25% және одан көп мөлшерде үлесі бар бейрезидент-жеке тұлғаға дивидендтер төлеу:
1) 230 000 АЕК-тен аспайтын табыс сомасы кезінде 5 % мөлшерінде жеке табыс салығының мөлшерлемесі қолданылады;
2) 230 000 АЕК асатын табыс сомасы кезінде мынадай құрамдастырылған мөлшерлеме қолданылады: 5% – 230 000 АЕК шегіндегі табысқа және 15% - асып кету сомасына.
Заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаға дивидендтер төлеу:
корпоративтік табыс салығының 15% мөлшерлемесі қолданылады.
15. Сұрақ: 2026 жылы СЕН қайтарып алу бойынша жағдай қалай болады, есептерде көрсетілген сомаларды түзету мүмкіндігі бола ма?
Жауап: Бұрын берілген есептердегі түзетулер қосымша салық есептілігі немесе хабарлама бойынша есептілік арқылы ғана мүмкін болатын.
Егер салық төлеуші есепті уақытында ұсынбаған болса, салық органдарының жүйесі автоматты түрде осы кезеңдегі нөлдік есептілікті қалыптастырады (салық төлеуші салық төлеушінің кабинетінде құжаттамада көрсетілген нысандар көрсетілген жағдайда).
Осыдан кейін:
- қосымша есеп беру;
- есепті белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште ұсыну жағдайларды қоспағанда, сол кезеңге есеп беру мүмкін емес.
Егер салық төлеуші есепті әлі де қағаз түрінде берсе және ол "Құжат қабылданды" мәртебесін алса, автоматты түрде қалыптасқан нөлдік есептілік жойылады.
Бұл өзгерістер қателерді азайтуға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған. Салық төлеушілер есеп беру мәселелерін болдырмау үшін жаңа ережелерге алдын ала дайындалуы керек.
Функционал 2026 жылғы бірінші салық кезеңі үшін есептілікті ұсыну мерзіміне жақын СТК салық төлеушінің бейінінде толтыру үшін қолжетімді болады.
Сондай-ақ, салық төлеуші (салық агенті) корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің дербес төлеушісі деп тануға құқылы.
Құрылымдық бөлімшені салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану үшін салық төлеуші (салық агенті) салық органын электрондық түрде хабардар етуге және салық төлеушінің бейінінде осындай құрылымдық бөлімше табыс етуге жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге міндетті. Функционалдылық 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында қол жетімді болады.
16. Сұрақ: Жаңа Салық кодексі заңды тұлғаларды мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға қалай ынталандырады?
Жауап: Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруды ынталандыратын нормалар қолданыстағы Салық кодексінде де көзделген.
Жаңа Салық кодексінде салық жеңілдіктерін қолдану шарттары мен тәсілдері өзгертілді.
КТС бойынша:
1) мүгедектігі бар адамдардың ұйымдары КТС азайтады:
- егер мүгедектігі бар адамдардың саны 3-тен 10 қызметкерге дейін болса, 50% - ға,
- егер саны 10 қызметкерден асса, 100%.
Осы жеңілдіктерді қолдану үшін қосымша шарттар белгіленген:
- штаттағы мүгедектігі бар қызметкерлердің орташа жылдық саны 51% -ден кем емес,
- мүгедектігі бар қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар ЕТҚ-ның кемінде 51% құрайды,
- ұйым табысының 90% - ы мүгедек қызметкерлердің қатысуымен алынды;
- жұмыскер-мүгедектігі бар адамдар мүгедектігі бар адамдардың басқа ұйымдарымен еңбек қатынастарында болмайды.
2) салық төлеушілер мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстардың 2 еселенген мөлшерінің сомасына және олардың жалақысынан әлеуметтік салық сомасының 50%-на салық салынатын табысты азайтуға құқылы;
3) салық төлеушілер - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, егер қызметкер мүгедектігі бар адам болып табылса, кәсіп бойынша оқуға ақы төлеуге арналған шығыстар мөлшерінде салық салынатын табысты азайтуға құқылы.
ҚҚС бойынша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар ҚҚС-тан босатылады, егер:
- іске асыру жүзеге асырылған салық кезеңінде және алдыңғы төрт салық кезеңінде бір мезгілде жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 51% мүгедектігі бар адамдардың орташа саны және ЕТҚ-ның кемінде 51% мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар,
- жұмыскерлер саны-мүгедектігі бар адамдар кемінде 10 адам;
- тауарлар өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау мүгедек қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асырылды.
Әлеуметтік салық бойынша
Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды.
Көлік құралдарына салынатын салық бойынша
Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері - қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша көлік құралдарына
салық төлеушілер болып табылмайды.
Жер салығы бойынша
Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары жер салығын есептеу кезінде мөлшерлемелерге 0 коэффициентін қолданады.
Мүлік салығы бойынша
Мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары Әлеуметтік кодекске сәйкес салық базасына 0,1% мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.
17. Сұрақ: 2026 жылдан бастап медициналық салаға ҚҚС қалай салынады?
Жауап: 2026 жылы Салық кодексінде медицина саласына ҚҚС салу бөлігінде мыналар көзделген.
1) ҚҚС-тан босатылады:
- Медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді өткізуі:
* тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ГОБМП) және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде;
* орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін.
Тізбені ҚР ДСМ әзірлейді.
- ГОБМП және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттардың импорты.
Импорт кезінде ҚҚС-тан босату тізбесі мен тәртібін ҚР ДСМ әзірлейді.
2) ҚҚС мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 10% қолданылады:
- ҚҚС-тан босатылатын медициналық бұйымдардан, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарынан, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардан басқа дәрілік заттарды өткізу кезінде.
Тізбені ҚР ДСМ әзірлейді;
18. Сұрақ: 2026 жылдан бастап ҚҚС салу тұрғын үйді сату және жалға беру қалай өзгереді?
Жауап: 2026 жылдан бастап тұрғын үйді сату және жалға алу кезінде ҚҚС-тан босату бойынша өзгеріс енгізілді.
Құрылыс компаниясы құрылысы басталған және (немесе) пайдалануға қабылдау 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған тұрғын үй ғимаратты (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) сату ҚҚС-тан босатылатын болады.
Сондай-ақ, ҚҚС-тан босату 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарты бойынша тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратының бір бөлігін) жалға беру кезінде қолданылатын болады.
19. Сұрақ: Неліктен бейрезиденттің қызметтері бойынша өзіне өзі ЭШФ жазып беру керек?
Жауап: Бейрезиденттен жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша айналымдар бойынша ЭШФ жазып беруді енгізу осындай айналымдарды күрделі әкімшілендірумен байланысты. Ақпараттық жүйелерде ҚҚС бойынша декларацияны тапсырғанға дейін ақпараттың болмауы (300.00-нысан) ҚҚС есепке жатқызу сомасы бойынша ақпараттың бұрмалануына және ҚҚС бойынша сапасыз камералдық бақылауға алып келеді.
Бейрезидент үшін ҚҚС бойынша ЭШФ жазып беру бейрезидент үшін ҚҚС бюджетке төленген күннен кейін, бірақ осындай төленген күннен кейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірілмей өз атына жүргізіледі. Өз кезегінде ҚҚС төлеуші бейрезидент үшін ЭШФ жазып берген күн бойынша жазып берілген ЭШФ негізінде ҚҚС сомасын жатқызуға құқылы.
Осылайша, ұсынылған механизм ҚҚС сомасын есепке жатқызу күнін біржақты анықтауға мүмкіндік береді, бұл әкімшілендіруді жеңілдетеді және камералдық бақылау хабарламаларының санын азайтады.
Бейрезидент үшін ЭШФ-ны ЭШФ АЖ порталында да, СТ пайдаланатын есепке алу жүйелері арқылы да жазып беруге болады (мысалы, 1С). "ЭШФ" журналында "ЭШФ құру" түймесін басып, "бейрезидент (жұмыс, қызмет көрсетуші)"өнім берушінің санатын таңдау керек.
Осы санатты таңдағаннан кейін сіздің деректеріңіз автоматты түрде "алушы" бөліміне жіберіледі және тіркеу кезінде көрсетілген деректер бойынша алдын ала толтырылады. "Жеткізуші" бөлімін толтыру үшін қол жетімді болады – бұл бөлімде бейрезиденттің мәліметтерін енгізу қажет.
Егер бейрезидент ЕАЭО елінен болса (RU, BY, KG, AM), оның сәйкестендіруін (ЖСН/БСН) қосымша көрсету қажет.
20. Сұрақ: Егер 2025 жылы 4-тоқсанда тауарлар мен қызметтерді сатып алу болса, ал олар бойынша ЭШФ 2026 жылы ресімделген болса, онда ҚҚС-ты қалай есепке алуға болады? 12% немесе 16%?
Жауап: Егер айналымды жасау күні 2025 жылдың 4-тоқсанына келетін болса, онда ЭШФ жазып беру кезінде 2025 жылы қолданылып жүрген ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады, яғни 12%.
21. Сұрақ: Егер 5% ҚҚС-пен дәрі-дәрмектерді немесе медициналық қызметтерді сатып алу болса, тіпті егер компанияда сату бойынша ҚҚС-тың негізгі мөлшерлемесі 16% болса да, ҚҚС-ты есепке алу 5% - ға тең болады ма?
Жауап: Жаңа Салық кодексі ҚҚС сомасын 16% стандартты ҚҚС мөлшерлемесімен салық салынатын айналымдар үшін пайдаланылатын сатып алынған тауарлар, қызметтер бойынша есепке жатқызу бойынша шектеулер белгілемейді.
Осылайша, 16% мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым үшін пайдаланылатын 5% ҚҚС мөлшерлеме бойынша медициналық қызметтерді сатып алу кезінде есепке электрондық шот-фактурада, яғни 5% мөлшерлеме бойынша көрсетілген ҚҚС сомасы жатқызылады.
22. Сұрақ: ЖТС бойынша мөлшерлеме. Жаңа Салық кодексінде не қарастырылған?
Жауап: Жаңа Салық кодексінде ЖТС прогрессивті мөлшерлеме енгізілді.
8 500 АЕК-тен (36,8 млн теңге) асатын қызметкердің жылдық табысы үшін мөлшерлеме 15% құрайды.
230 000 АЕК-ке дейінгі дивидендтер түріндегі кірістер үшін – 5% және осы шектен жоғары-салық салынатын табыстан салық сомасы одан асатын сомадан 230 00 еселенген АЕК + 15% мөлшерінде.
Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлердің табыстары үшін:
АЕК 230 000 еселенген мөлшерге дейінгі дивиденттер түріндегі кірістер үшін – 5% және осы шектен жоғары – салық салынатын табыстан салық сомасы 230 00 еселенген мөлшердегі АЕК + одан асатын сомадан 15%.
Жеке практикамен айналысатын адамдардың табысы бойынша – 9 %;
Шаруа немесе фермер қожалықтарының өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сату немесе қайта өңдеу табыстары бойынша ЖТС 70% - ға төмендетіледі.
23. Сұрақ: Әлеуметтік салық бойынша қандай жаңалықтар қарастырылған?
Жауап: Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысын жою қарастырылған.
Осыған байланысты әлеуметтік салықтың жеке мөлшерлемесі белгіленді – 6%.
Әлеуметтік салықтың басқа мөлшерлемесі белгіленді (бұрын ЖТС мөлшерлемесін 70 % төмендету қарастырылған):
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – 1,8 %;
- жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары өзі үшін – 0,6 АЕК және қызметкерлер үшін 0,3 АЕК.
Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін, оның ішінде:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
- оңайлатылған декларация негізінде;
- шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтік салықтан босату көзделген.
24. Сұрақ: Мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС бойынша қандай салықтық жеңілдіктер қарастырылған?
Жауап: Бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 5 000 еселенген АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық шегерімі көзделгеніне назар аударамыз.
Мүгедектігі бар адамдардың қалған санаттары үшін (үшінші топтағы мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар бала, мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі – он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар әрбір осындай бала үшін, "мүгедектігі бар адам" себебі бойынша мүгедектігі бар адам деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі бала кезінен") күнтізбелік жылға айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері (2026 жылы 3 814 650 теңге) шегінде салық шегерімі сақталды.
25. Сұрақ: Ескі авто көліктерге көлік салығының төмендетілген мөлшерлемелері бар ма?
Жауап: Иә, пайдалану мерзімі:
- 10 жылдан асатын жеңіл автомобильдер үшін 0,3 түзету коэффициенті қолданылады;
26. Сұрақ: Қазақстан Республикасының салық органдарында шартты тіркеуден өтпеген шетелдік интернет-платформаларға қатысты қандай шаралар қолданылатын болады?
Жауап: Жаңа Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік интернет-платформалар салық органдарында шартты тіркеуге тұруға міндетті. Осы талап орындалмаған жағдайда интернет-ресурстарға және/немесе платформаның өзіне қол жеткізуді бұғаттау түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары көзделген.
Сонымен қатар, Егер камералдық бақылау жүргізу барысында төленген салық сомалары (мысалы, ҚҚС бойынша) бойынша сәйкессіздіктер анықталса және қойылған хабарламаның нәтижелері бойынша сәйкессіздік жойылмаса, платформаны бұғаттау туралы шешім де қабылдануы мүмкін.
27. Сұрақ: Салық кодексінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін салық төлеушілердің оңайлатылған декларацияда жұмыс істейтін ДК мен ЖШС-дан тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды шегерімге алуға құқығы жоқ екендігі қайда көрсетілген ?
Жауап: Салық салынатын табысты айқындау кезінде шегеруге жатпайтын шығындар бойынша нормалар Салық кодексінің 286-бабында регламенттелген.
Салық кодексінің 286-бабының 16-тармақшасына сәйкес шығындар, осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күніне оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша салық төлеушінің шығыстары шегерілуге жатпайды.
Растайтын құжаттардың негізінде тауарларды сатып алушыға іс жүзінде берген күн тауарларды алған күн болып танылады.
Орындалған жұмыстар актісіне, көрсетілген қызметтерге немесе жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алған күн болып танылады.
28. Сұрақ: Дара кәсіпкер оңайлатылған декларация бойынша қызметті жүзеге асыра отырып, бухгалтерлік есеп жүргізуі керек пе?
Жауап: "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"Заңның нормалары негізінде дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есептілікті жасауды бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес жүзеге асырмауға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады және күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерінен ( 583 875 000 теңге) аспайды;
2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайды;
3) табиғи монополия субъектілері болып табылмайды.
Осы тармақта көрсетілген шарттардың бірі сәйкес келмеген жағдайда, дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыруға міндетті.
29. Сұрақ: Егер ұйым тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе, тауарды өткізсе шот-фактураларды жазуы керек пе ?
Жауап: Ұйым келесі жағдайларда шот-фактураларды жазбауға құқылы:
1) есептері сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін және (немесе) қызметтерді төлеу терминалдары арқылы ұсынумен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу:
2) есептеулері электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу;
3) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану мақсатында пайдаланатын жеке тұлғаларға өткізу (түпкілікті тұтыну).
Бұл ретте, қажет болған жағдайда тауардың әрбір түрі бойынша бір күнгі барлық айналымға жеке тұлғаларға тауарларды сатуға ЭШФ жазып беру мүмкіндігі бар (№ 629 бұйрықтың 70-тармағы) .
30. Сұрақ: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен кім алынады.
Жауап: Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарлама ұсынбаған, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін патент негізінде және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызда салық органында дара кәсіпкерлер ретінде есептен шығаруға жатады.
Мұндай салық төлеушілерді дара кәсіпкерлер ретінде есептен шығару күні 01.01.2026 ж. болып табылады.
Өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режиміне көшуге хабарлама берілген жағдайда өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін:
- Салық кодексінің 720-бабының 3-тармағына сәйкес бірінші төлем құжатында көрсетілген ай-жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асырған жағдайда;
31. Сұрақ: Мен 2 топтағы мүгедекпін, ДК ретінде тіркедім, ДК бойынша салық төлемесем болады ма, маған жеңілдік бар ма?
Жауап: Мүгедектерді кәсіпкерлік қызмет бойынша салық төлеуден босату таңдалған салық салу режиміне байланысты, мысалы, егер дара кәсіпкер салық салудың оңайлатылған режимі бойынша жұмыс істесе, онда салықтан босату көзделмейді, егер ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істесе- дербес салық салуға жататын жеке табыс салығы бойынша 1,2 топ үшін 5000 еселенген АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар (СК 411-бабының 2-тармағы).
32. Сұрақ: 701.01 есебін кім ұсынады?
Жауап: Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер (оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда) және заңды тұлғалар, егер оларда салықтың есептік сомасы 300 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (1 297 500) асатын болса, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеушілер болып табылады теңге.
Салық сомасы салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған тиісті салық ставкасының және салық салу объектілерінің баланстық құнының туындысы ретінде айқындалады.
33. Сұрақ: ДК жалдамалы қызметкерлермен оңайлатылған декларация бойынша есептіліктің қандай нысанын тапсырады?
Жауап: Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына 910.00 нысаны бойынша есепті салық кезеңінен (жартыжылдықтан) кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлер болған кезде жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны төлеушілер тоқсан сайын есепті кезеңнен (тоқсан сайын) кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс ету міндеттемелері туындайды.
Ай сайын МЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА, МӘМС төленеді.
34. Сұрақ: ҚҚС бойынша төлеушілер туралы деректерді сайттардан қалай көруге болады?
Жауап:
ҚҚС төлеушілер туралы деректерді Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады – "Электрондық сервистер" - "бизнеске көмек" - "ҚҚС төлеуші туралы деректерді іздеу".
ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік кірістер органдарының қызметтері мен сервистерінің portal.kgd.gov.kz/ порталы - "сервистер" - "ҚҚС төлеуші туралы деректерді іздеу".
35. Сұрақ: Аванстық төлемдерді кім төлемейді, 2026 жылы өзгерістер бар ма.
Жауап: Мынадай тұлғаларды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушілер аванстық төлемдерді төлеушілер болып табылады:
1) алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер (4325*600000=2 595 000 000 теңге).
2) жаңадан құрылған (туындаған) салық төлеушілер - тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде.
3) салық органдарында салық төлеушілер ретінде жаңадан тіркелген заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар - салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;
4) Салық кодексінің 329-бабы 1-тармағының және 330-бабының ережелерін қолданатын коммерциялық емес ұйымдар;
5) Салық кодексінің 331-бабының талаптарына сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдардың ұйымдары;
7) жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым;
8) "Астана "халықаралық қаржы орталығы туралы" ҚР Конституциялық Заңына және АХҚО органының ұйымдарына сәйкес орталық органдары;
9) ҚР Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықта газ жобаларын әзірлеуді жүзеге асыратын, Салық кодексінің 83-тарауында көзделген салық салу ерекшеліктерін қолданатын жер қойнауын пайдаланушылар.
36. Сұрақ: ЖК бухгалтерді тартпай-ақ есептілікті өз бетінше тапсырып, есеп жүргізе ала ма? Жеке кәсіпкердің бухгалтері болуы керек пе, әлде бухгалтерлік есепті өзіңіз жүргізе аласыз ба?
Жауап: "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Заңның нормалары негізінде дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есептілікті жасауды бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес жүзеге асырмауға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады және күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерінен ( 583 875 000 теңге) аспайды.
2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайды;
3) Табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайды.
Осы тармақта көрсетілген шарттардың бірі сәйкес келмеген жағдайда, дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыруға міндетті.
Осылайша, дара кәсіпкер жоғарыда аталған заңның нормаларына сәйкес болған кезде бастапқы құжаттаманы қоспағанда, бухгалтерлік есепті жүргізбеуге құқылы. Бухгалтерді тарту кәсіпкердің дербес шешімі болып табылады.
37. Сұрақ: 2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация бойынша қандай қызмет түрлеріне жұмыс істеуге тыйым салынады.
Жауап: Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі
1 Есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет
2 Акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме сату
11010 Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру
11021 Өзі өндірген жүзімнен шарап өндіру
11022 Өзі өндірмеген жүзімнен шарап өндіру
11030 Сидрді және өзге де жемісті шараптарды өндіру
11040 Ашыған материалдан өзге де тазартылмаған сусындар өндіру
11050 Сыра өндіру
11060 Уыт өндіру
12001 Темекіні ферменттеу
12002 Темекіден өнімдерді өндіру
46350 Темекі бұйымдарын көтерме саудада сату
20142 Биоэтанол өндіру
46212 Өңделмеген темекіні көтерме саудада сату
3 Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты сату
46120 Отындарды, кендерді, металдар және химиялық заттарды көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі
46711 Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату
46712 Табиғи (жанатын) газды көтерме саудада сату
46713 Тас көмірді көтерме саудада сату
46714 Лигнитті (қоңыр көмірді) көтерме саудада сату
46715 Авиация бензинін және жермайды көтерме саудада сату
46716 Автомобиль бензинін көтерме саудада сату
46717 Дизель отынын көтерме саудада сату
46718 Отын мазутын көтерме саудада сату
46719 Өзге де отынды көтерме саудада сату
47301 Жол бойындағы белдеулерде орналасқандардан басқа, мамандандырылған дүкендерде мотор отынын бөлшек саудада сату*
47303 Жол бойындағы белдеулерде орналасқан мамандандырылған дүкендерде жанармайды бөлшек саудада сату*
4 Астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызмет
52101 Астықты қоймаға қою және сақтау
5 Лотерея өткізу
92000 Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет
6 Ойын бизнесі саласындағы қызмет
92000 Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет
7 Радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет
24460 Ядролық отынды қайта өңдеу
8 Сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызмет
64199 Өзге несие мекемелерінің ақша делдалдығы
64200 Холдингтік компаниялар қызметі
64300 Трастық компаниялардың, инвестициялық қорлар мен ұқсас қаржылық ұйымдардың қызметі
64922 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық қолдаудың арнайы қорларының қызметі
64929 Басқа топтамаларға енгізілмеген, кредит берудің өзге де түрлері
64991 Индустриалды-инновациялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көрсетілетін қаржы-экономикалық қызметтер
64992 Басқа да қаржылық көрсетілетін қызметтер, экономиканың әртүрлі салаларындағы қаржыландыру, инвестициялық қызмет
64999 Басқа топтамаларға енгізілмеген сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлері
65111 Өмірді мемлекеттік сақтандыру
65112 Өмірді мемлекеттік емес сақтандыру
65121 Зиянды мемлекеттік сақтандыру
65122 Зиянды мемлекеттік емес сақтандыру
65200 Қайта сақтандыру
65301 Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру
65302 Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру
66111 Тауар биржаларының қызметі
66112 Қаржы нарықтарын басқарумен байланысты қызмет
66113 Бағалы қағаздар ұстаушылар және шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызмет
66190 Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызмет саласындағы өзге де қосалқы қызмет
66210 Сақтандыру тәуекелдері мен залалдарды бағалау
66220 Сақтандыру агенттерінің және брокерлердің қызметі
66290 Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзге де қосалқы қызмет
66301 Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет
66302 Қордың активтер портфелін сенімгерлік басқару бойынша қызмет
9 Күзет қызметі
80101 Жеке күзет қызметінің қызметі
80102 Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының қызметі
80200 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы қызмет
80300 Тергеу жүргізу бойынша қызмет
10 Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызмет
25400 Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру
11 Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет
63113 Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет
12 Жер қойнауын пайдалану (кен іздеуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда)
05101 Тас көмірді ашық тәсілмен өндіру
05102 Тас көмірді жер асты тәсілмен өндіру
05103 Тас көмірді байыту
05201 Лигнитті (қоңыр көмірді) ашық тәсілмен өндіру
05202 Лигнитті (қоңыр көмірді) жер асты тәсілмен өндіру
05203 Лигнитті (қоңыр көмірді) байыту
06100 Шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру
06201 Метаннан басқа, табиғи газды өндіру
06202 Көмір кенорындарынан метанды өндіру
07101 Темір кендерін жер асты тәсілмен өндіру
07102 Темір кендерін ашық тәсілмен өндіру
07103 Темір кендерін байыту және агломерациялау
07210 Уран және торий кендерін өндіру
07291 Құрамында алюминийі бар шикізат өндіру және байыту
07292 Мыс кенін өндіру және байыту
07293 Қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту
07294 Никель-кобальт кенін өндіру және байыту
07295 Титан-магний шикізатын (кенін) өндіру және байыту
07296 Қалайы кенін өндіру және байыту
07297 Сүрме-сынап кенін өндіру және байыту
07298 Бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру
07299 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де металл кендерін өндіру және байыту
08111 Сәндік әрлеуге арналған және құрылыс тасын өндіру
08112 Әктасты, гипсті және борды өндіру
08113 Тақтатасты өндіру
08121 Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу
08122 Саз балшық және каолин өндіру
08910 Химия өнеркәсібіне және тыңайтқыштарды өндіруге арналған минералды шикізатты өндіру
08920 Шымтезек өндіру
08930 Тұз өндіру
08991 Асбест кенін өндіру
08992 Металл емес кенді өндіру және байыту
08993 Табиғи және жасанды кеуекті толтырғыштар үшін шикізат өндіру
08994 Шыны өнеркәсібі үшін бастапқы шикізат өндіру
08995 Асыл тастар (алмастан басқа) және жартылай асыл тастар, жарқырауық тастар және кәріптас өндіру
08996 Алмас өндіру
09100 Мұнай мен табиғи газды өндіруге ықпал ететін қызметтерді көрсету
09900 Басқа пайдалы қазбаларды өндіруге ықпал ететін қызметтер көрсету
13 Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу
24410 Асыл (бағалы) металдар өндіру
24420 Алюминий өндіру
24430 Қорғасын, мырыш және қалайы өндіру
24440 Мыс өндіру
24451 Никель және кобальт өндіру
24452 Титан, титан ұнтағын және магний, вольфрам мен молибден өндіру
24453 Сүрме және сынап өндіру
24455 Сирек металдар, сирек кездесетін жер металдарын және жартылай өткізгіш материалдар өндіру
24511 Құбырлар өндіруден басқа, шойын құю
24512 Шойыннан құбырлар өндіру
24520 Болат құю
46722 Шойын, болат және олардың құймасын көтерме саудада сату
24530 Жеңіл металдар құю
24540 Өзге де түсті металдар құю
24454 Түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу
38321 Қара металдың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу
38322 Түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу
14 Қаржы лизингі шеңберіндегі қызмет
64911 Медициналық жабдықтар мен техниканың қаржылық лизингінен басқа қаржылық лизинг
64912 Медициналық жабдықтар мен техникалардың қаржылық лизингі
15 Сауда нарығын жалға алу және пайдалану
68203 Жеке меншік немесе жалға алынған сауда нысанын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару
16 Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына жататын сауда объектілерін, 1 және 2 санаттағы стационарлық сауда объектілері
68204 Жеке меншік сауда жылжымайтын мүлігін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді жалдау және басқару**
68205 Жалға алынатын сауда жылжымайтын мүлігін және жалға алынған сауда қызметінде көпфункционалды кешендерді жалдау (қосалқы жалдау) және басқару**
17 Автомобиль лизингі
77112 Жеңіл автомобильдер және жеңіл автокөлік лизингі
77122 Жүк автомобильдерінің лизингі
18 Құрылыс машиналары мен жабдықтарының лизингі
77322 Құрылыс машиналары мен жабдықтарының лизингі
19 Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының лизингі
77312 Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының лизингі
20 Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу
Тұрғын және тұрғын емес ғимарат салу
41100 Құрылыс жобаларын әзірлеу
41201 Тұрғын ғимараттарының құрылысы
41202 1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысы
41204 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерінің құрылысы
21 Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу
68101 Көппәтерлі және тұрғын үйлерді (жеке үйлер) сатып алу және сату
68102 Өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату
22 Консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер
Консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер
Консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер
69203 Салық салу саласында консультация беру
69204 Төлемге қабілетсіздікке және берешекті өндіріп алуға байланысты қызмет
70221 Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру
70222 Мемлекеттік-жеке әріптестіктің концессиялық жобалары мен жобаларын консультациялық сүйемелдеу
73200 Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу
23 Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет
69201 Қаржылық ревизия (аудит) жүргізу бойынша қызмет
69202 Шоттарды және бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызмет
69205 Ұлттық басқарушы холдинг үшін бухгалтерлік, салық есебі және қазынашылық операциялар саласындағы қызмет
24 Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет
Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет
69101 Адвокаттық қызмет
69102 Нотариалдық қызмет
69109 Құқық саласындағы өзге де қызмет
84230 Әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет
25 Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет
42111 Жолдар мен автомагистральдар құрылысы
42112 Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында (учаскелерінде) құрылысты, қайта жаңғыртуды жөндеуді, ақылы қозғалысты және күтіп ұстауды ұйымдастыру қызметі
26 Жүк теміржол көлігінің қызметі
49200 Жүк теміржол көлігінің қызметі
27 Темір жолдар мен метро құрылысы
42120 Темір жолдар және метро құрылысы
28 Мұнай және газ магистральдық құбырларын салу
42211 Мұнай және газ магистраль құбырларының құрылысы
29 Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет
71111 Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет
30 Көпірлер мен туннельдер салу
42130 Көпірлер мен туннельдер құрылысы
31 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу
41203 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерінің құрылысы
32 Төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметі
Қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы
82911 Мемлекеттік кредиттік бюроның қызметі
82912 Мемлекеттік агенттіктерді қоспағанда, төлемдерді жинау бойынша агенттіктер мен кредиттік бюролардың қызметі
33 Бағалы металдардың көтерме саудасы
Төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметі
46721 Қара және түсті металл кендерін көтерме саудада сату
46723 Сирек кездесетін, сирек жерлі және түсті металдарды және олардың құймасын көтерме саудада сату
34 Қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы
46724 Асыл металдарды көтерме саудада сату
35 Шикі мұнайдың және ілеспе газдың көтерме саудасы
46711 Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату
36 Кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі
51211 Кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі
37 Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
19100 Кокс пештерінің өнімдерін өндіру
19201 Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
38 Шикі мұнайдың және ілеспе газдың көтерме саудасы
46771 Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сату
46763 Асыл тастарды көтерме саудада сату
46772 Бағалы металдар мен бағалы тастардың сынықтарын көтерме саудада сату
39 Автомобильдерге арналған қозғалтқыштардан басқа автомобильдер өндірісі
29101 Автомобильдерге арналған қозғалтқыштардан басқа автомобильдерді өндіру
30400 Әскери жауынгерлік көлік құралдарын өндіру
40 Автомобильдерге арналған қозғалтқыштардан басқа автомобильдер өндірісі
35111 Жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі
35112 Су электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі
35113 Ядролық (атомдық) электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі
35114 Жел электр станциялармен электр энергиясын өндіруі
35115 Күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі
35119 Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі
35121 Электр энергиясын жеткізу
35122 Электр энергиясын желіге жіберу және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясы өндірудің-тұтынуын баланстауды ұйымдастыру
35123 Ұлттық электр желісінің жабдықтарына пайдалану қызметін көрсету
35124 Жүктеменің түсуіне электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету, электр қуатын реттеу және резервтеу
35130 Электр энергиясын тарату
35140 Электр энергиясын сату
35230 Газ тәрізді отынды құбыржолдар бойынша сату
41 Бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет
Ломбардтардың қызметі
66121 Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты брокерлік және дилерлік қызмет
66122 Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметін қоспағанда, бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет
42 Банк қызметі
64921 Ломбардтар қызметі
43 Бағалы қағаздар нарығындағы қызмет
Бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет
Ломбардтардың қызметі
Банк қызметі
64110 Ұлттық Банк қызметі
64191 Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банктен басқа банктердің қызметі
64192 Жинақ банкілерінің қызметі
64193 Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банк қызметі
44 Бағалы қағаздар нарығындағы қызмет
66121 Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты брокерлік және дилерлік қызмет
66122 Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметін қоспағанда, бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет.
38. Сұрақ: Жеке тұлғалар 2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде қандай қызмет түрлері бойынша жұмыс істей алады.
Жауап: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
01620 мал шаруашылығы саласындағы қызмет
32200 музыкалық аспаптар өндірісі
43310 сылақ жұмыстары
43320 Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары
43330 Еден жабыны және қабырғаларды қаптау
43340 Сырлау және шыны салу жұмыстары
47992 Желілі маркетинг арқылы бөлшек сауда
49320 такси қызметі
53200 Өзге де пошталық және курьерлік қызметі *
56210 Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу
68201 Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару
74200 Фотосурет саласындағы қызмет
74300 ауызша және жазбаша аударма қызметі
75000 ветеринариялық қызмет
77290 Жеке тұтынатын өзге де заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және олардың лизингі
81211 тұрғын үйлерді жалпы жинау
82990 Басқа топтарға қосылмаған, қосымша коммерциялық қызмет көрсету бойынша өзге де қызметтер
85510 Спорт және демалыс саласында білім беру
85520 мәдениет саласындағы білім беру
85599 Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет
90030 көркем және әдеби шығармашылық
95110 Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу
95120 коммуникациялық жабдықты жөндеу
95210 Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу
95220 Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу
95231 аяқ киімді жөндеу
95232 Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу
95240 Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу
95251 Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу
95252 Зергерлік бұйымдарды жөндеу
95291 Трикотаж және тоқыма бұйымдарды жөндеу
95292 Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу
95293 Тері және былғары бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу
95294 Музыкалық аспаптарды жөндеу
95295 Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу
95296 велосипед жөндеу
95299 Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу
96020 Шаштараздардың, сұлулық салондарының қызмет көрсетуі
97000 Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі
98100 Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі.
39. Сұрақ: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам жұмыс істеуге рұқсат етілген бірнеше қызметті қолдана ала ма?
Жауап: Салық кодексінің 718-бабына сәйкес өзін – өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) - Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар мынадай шарттарға сәйкес келетін қолдануға құқылы:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратындар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) күнтізбелік айдағы табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бірнеше қызмет түрлерін, қызмет түрлері бойынша негізгі өлшемшарттарды және күнтізбелік айдағы табыс сомасы бойынша қолдануға құқылы.
40. Сұрақ: Салық салу режимі бойынша контрагенттерді қалай тексеруге болады? Көптеген кабинеттерде бұл ақпарат көрсетілмеген.
Жауап: Бұл ақпарат/portal.kgd.gov.kz сайтында "сервистер" - "контрагенттер бойынша мәліметтер" бөлімінде қолжетімді, ЖСН/БСН енгізу кезінде салық салу режимі бойынша тіркеу деректері көрсетіледі.
41. Сұрақ: Әлеуметтік салық ставкасы 2026 жылы өзгерді ме.
Жауап: Әлеуметтік салық 6 пайыздық мөлшерлемемен есептеледі. Салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты 1,8 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейтін өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу және өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызмет ерекшелік болып табылады.
Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салықты есептейді:
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты:
өзі үшін-төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде;
әрбір қызметкер үшін-төлем күніне қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінде есептейді.
Қызметті жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары әлеуметтік салықты:
өзі үшін-төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 0,6 еселенген мөлшерінде;
әрбір қызметкер үшін-төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 0,3 еселенген мөлшерінде есептейді.
42. Сұрақ: 2026 жылы есептілікті кері қайтарып алуға болады ма?
Жауап: 2026 жылғы қаңтардан бастап Салық кодексінің нормаларына сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі кері қайтарып алуға жатпайды.
43. Сұрақ: 2026 жылы салық берешегінің сомасы қанша болғанда шотты бұғаттайды ?
Жауап: Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен салық берешегін өндіріп алуды салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін кемінде 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) сомасында өтемеген кезде мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырады.
44. Сұрақ: Жеке кәсіпкер қайтыс болған кезде оның қарыздары қалай жабылады .
Жауап: Қайтыс болған жеке тұлғаның қайтыс болған күні немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күні қалыптасқан салық берешегін, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және ол қабылданған күнгі мұрадағы үлеске барабар өтейді.
Егер қайтыс болған дара кәсіпкердің мұрагері жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, онда мұра қалдырушының салық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме салық берешегін өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі негізінде ғана осындай мұрагерге жүктеледі.
Салық органы жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесін растайтын құжат және салық органында тіркеу есебі және қайтыс болған күнге арналған салық берешегі туралы деректер негізінде сотқа салық берешегін өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінеді.
Салық берешегін өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан кезде мұра қалдырушының салық берешегі салық берешегін есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салық берешегін есептен шығару туралы шешімді салық органы салық берешегін өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
45. Сұрақ: Есеп нысандары автоматты түрде 0-мен тапсырылуы үшін не істеу керек.
Жауап: Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркеуден кейін веб-қосымшада ұсынылатын салық есептілігінің нысандарын көрсетеді.
Салық есептілігінің басқа нысандарын ұсыну қажеттілігін көздейтін қызмет түрлері өзгерген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету мерзімі өткенге дейін веб-қосымшада табыс етілуге тиіс салық есептілігінің нысандарын көрсетеді.
Функционал 2026 жылғы бірінші салық кезеңі үшін есептілікті ұсыну мерзіміне жақын СТК салық төлеушінің бейінінде толтыру үшін қолжетімді болады.
Сондай-ақ, салық төлеуші (салық агенті) корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің дербес төлеушісі деп тануға құқылы.
Құрылымдық бөлімшені салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану үшін салық төлеуші (салық агенті) СӘИЖ СТК салық төлеушінің бейінінде салық органын электрондық түрде хабардар етуге және салық төлеушінің бейінінде осындай құрылымдық бөлімше табыс етуге жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге міндетті. Функционалға 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында қол жетімді болады.
46. Сұрақ: Адвокат ҚҚС төлеуші бола ала ма ?
Жауап: Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған, жеке практикамен айналысатын адам Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарламасыз салық органы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен алуға жатады (2026 ж.жаңа редакцияда ҚР СК 829-бабы).
47. Сұрақ: 2026 жылы мүлік салығы мен жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуші кім болып табылады және 701.01 СЕН-ді ұсынуы тиіс?
Жауап: Салық міндеттемелері белгіленген шектен асатын заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер (оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда) (300 еселенген айлық есептік көрсеткіш (1 027 500 теңге) ) 701.01 нысаны бойынша ағымдағы төлемдердің есебін ұсынады.
48. Сұрақ: 2013 жылдан кейін тіркелген қозғалтқышы 3 литрден асатын автомобильдер үшін көлік салығының жоғары ставкаларын жою қарастырылған ба?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын жеңіл автомобильдер үшін 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін тіркелген жоғары салық ставкалары жойылады. Бұрын мұндай автомобильдерге прогрессивті шкала бойынша салық салынды: қозғалтқыш көлеміне байланысты 35-тен 200 АЕК-ке дейін, 2026 жылдан бастап бірыңғай ставкалар енгізіледі: 3 000-нан 4 000 см3-ке дейін-15 АЕК; 4 000 см3-тен жоғары-117 АЕК.
49. Сұрақ: Тәуекел дәрежесі қалай анықталады?
Жауап: Жаңа Салық кодексінде мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру кезінде ТБЖ қолдану принциптерін өзгертті, салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі бойынша санаттарын алып тастады.
Оның орнына МКО салық түрлері, салалар, өңірлер, салық төлеушілер тобы және т. б. бойынша салық тәуекелдерін талдайды және анықтайды.
50. Сұрақ: Қандай шегерімдер сақталады (ипотека, оқу, асырауындағылар бойынша)?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін нормалар бойынша
Салық кодексінің 401-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның жеке салық шегерімдерінің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар:
1) әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі;
2) базалық салық шегерімі;
3) Әлеуметтік салық шегерімдері.
Салық Кодексінің 402, 403 және 404-баптарының ережелерін ескере отырып, салық шегерімдеріне мыналар жатады:
-міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар түріндегі әлеуметтік төлемдерді салықтық шегеру,
- 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім,
- әлеуметтік салық шегерімдері қолданылады:
* бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам 5 000 АЕК мөлшерінде;
* үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
* мүгедектігі бар бала;
* Ұлы Отан соғысына қатысушылар және теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адам;
* 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адам 882 АЕК мөлшерінде;
* мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі, "бала кезінен мүгедектігі бар адамдар", асырап алушылардың бірі, асырап қабылдап алған ата-анасының бірі 882 АЕК мөлшерінде.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сыйақылар бойынша, оқуға және көп балалы отбасы үшін салық шегерімдері көзделмеген.
Сонымен қатар, 30 АЕК мөлшерінде базалық шегерім енгізілді және жеке тұлғалардың салық шегерімдерін растайтын құжаттарды жинау, сақтау, сондай-ақ жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсынуы бойынша міндеті жоқ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (ӘҚБтК) бойынша
2024 жыл және 2025 жылдың I тоқсанына арналған құқық қолдану практикасының нәтижелерін қорытындылады. Талдау әкімшілік істер санының тұрақты түрде азайғанын және құқық қолдануда профилактикалық тәсілдің күшейгенін көрсетті.
Негізгі көрсеткіштер:
2024 жылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдары
299 780 әкімшілік іс қарады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз (342 389 іс).
2025 жылдың I тоқсанында 55 786 іс тіркелді.
Қолданылған шаралардың құрылымы:
Ескертулер:
- 2024 жылы әкімшілік материалдардың 71,6%,
- 2025 жылдың I тоқсанында 67,6%.
Айыппұлдар — екі кезеңде де 2,9%.
Хабарламалар (50%):
- 2024 жылы 22,8%,
- 2025 жылдың I тоқсанында 26,8%.
Қысқартылған істер:
- 2024 жылы 0,25%,
-2025 жылдың I тоқсанында 0,13%.
Қаржылық көрсеткіштер:
2024 жылы 36 709,7 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, оның 19 066,8 млн теңгесі өндірілді (51,9%).
2025 жылдың I тоқсанында 5 625,8 млн теңге айыппұл салынды, 3 224,5 млн теңгесі өндірілді (57,3%).
Заңнама бойынша:
Әкімшілік заңнаманы гуманизациялау және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту шеңберінде ӘҚБтК-де:
күнтізбелік жылы алғаш рет жасалған құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдың орнына «ескерту» шарасын енгізу;
бірқатар баптар бойынша лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылық субъектілерінен шығару;
әкімшілік жауаптылыққа тартудың жеңілдетілген тәртібін енгізу көзделген.
Бұл нормалар әкімшілік кедергілерді азайтуға, салық мәдениетін арттыруға және бизнес ортаны жақсартуға ықпал етеді. ӘҚБтК нормалары әрбір іске жеке қарау, әділдік және заңдылық қағидаттарын сақтай отырып қолданылады. Мемлекеттік кірістер органдарының мақсаты — тек жазалау ғана емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (ӘҚБтК) бойынша
2024 жыл және 2025 жылдың I тоқсанына арналған құқық қолдану практикасының нәтижелерін қорытындылады. Талдау әкімшілік істер санының тұрақты түрде азайғанын және құқық қолдануда профилактикалық тәсілдің күшейгенін көрсетті.
Негізгі көрсеткіштер:
2024 жылы аумақтық мемлекеттік кірістер органдары
299 780 әкімшілік іс қарады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз (342 389 іс).
2025 жылдың I тоқсанында 55 786 іс тіркелді.
Қолданылған шаралардың құрылымы:
Ескертулер:
- 2024 жылы әкімшілік материалдардың 71,6%,
- 2025 жылдың I тоқсанында 67,6%.
Айыппұлдар — екі кезеңде де 2,9%.
Хабарламалар (50%):
- 2024 жылы 22,8%,
- 2025 жылдың I тоқсанында 26,8%.
Қысқартылған істер:
- 2024 жылы 0,25%,
-2025 жылдың I тоқсанында 0,13%.
Қаржылық көрсеткіштер:
2024 жылы 36 709,7 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, оның 19 066,8 млн теңгесі өндірілді (51,9%).
2025 жылдың I тоқсанында 5 625,8 млн теңге айыппұл салынды, 3 224,5 млн теңгесі өндірілді (57,3%).
Заңнама бойынша:
Әкімшілік заңнаманы гуманизациялау және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту шеңберінде ӘҚБтК-де:
күнтізбелік жылы алғаш рет жасалған құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдың орнына «ескерту» шарасын енгізу;
бірқатар баптар бойынша лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылық субъектілерінен шығару;
әкімшілік жауаптылыққа тартудың жеңілдетілген тәртібін енгізу көзделген.
Бұл нормалар әкімшілік кедергілерді азайтуға, салық мәдениетін арттыруға және бизнес ортаны жақсартуға ықпал етеді. ӘҚБтК нормалары әрбір іске жеке қарау, әділдік және заңдылық қағидаттарын сақтай отырып қолданылады. Мемлекеттік кірістер органдарының мақсаты — тек жазалау ғана емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.