Қарағанды облысында 2025 жылы 26 қазанда өтетін мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға Қарағанды қаласының № 8, № 14, Саран қаласының № 8, Бұқар жырау ауданының № 11 округтері бойынша кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 15 кандидат ұсынылды. Оның 6 саяси партиялар, 9 өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 13 – ер адам; 2 – әйел адам.
9 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 6 – партия қатарында жоқ.
Орташа жасы – 38 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 2 ұлттың өкілдері бар.
Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар.
Кандидаттардың 8 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 6 – коммерциялық құрылымдарда, 1 – үкіметтік емес ұйымда жұмыс жасайды.
Тіркеудің аяқталу мерзімі – а.ж. 30 қыркүйегі сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол а.ж. 25 қазанының сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Сілтемелер: