Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

2025 жылғы 26 қазанда Қарағанды ​​қаласының № 8 және № 14 сайлау округтерінде өтетін Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутататтарының орнына сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқаны барысында 8 кандидат ұсынылды, оның 4 – саяси партиялар, 4 – өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 7 – ер адам; 1 – әйел адам.

4 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 4 – партия қатарында жоқ.

Кандидаттардың орташа жасы – 45,5 жас. Ұсынылған кандидаттар 1 ұлттың өкілдері.

Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар.

Кандидаттардың 2 -мемлекеттік мекемелерде; 1 – жеке ұйымда, 3 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 2 –коммерциялық емес ұйымда.

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанша дейін 2 кандидат жеке арыздары бойынша өз кандидатураларын алып тастады.

Қазіргі уақытта Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кіріседі, ол ағымдағы жылғы 25 қазанда сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Дата публикации
25 сентября 2025