2025 жылғы 26 қазанда Саран қаласының № 8 сайлау округінде өтетін Саран қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқаны барысында барлығы 3 кандидат, оның 1-і саяси партия, 2-і өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 2 ер адам және 1 әйел бар.
3 кандидат та Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады.
Орташа жасы – 29 жас. Ұсынылған кандидаттар ішінде 2 ұлт өкілдері.
Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар.
2 кандидат мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 1 – коммерциялық құрылымда жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Саран қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кіріседі, ол ағымдағы жылғы 25 қазанда сағат 00.00-ге дейін жалғасады.