2025 жылғы 26 қазанда Бұқар жырау ауданының №11 сайлау округінде өтетін Бұқар жырау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқаны барысында барлығы 3 кандидат ұсынылды: оның 1-еуі – саяси партия, 2-еуі – өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Ұсынылған кандидаттардың барлығы – ер адамдар.
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың мүшесі – 1 кандидат, 2 кандидат – партияларға мүшелігі жоқ. Кандидаттардың орташа жасы – 34 жас.
Ұсынылған кандидаттардың барлығы – бір ұлттың өкілдері. Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар. 3 кандидат та мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кіріседі, ол ағымдағы жылғы 25 қазанда сағат 00.00-ге дейін жалғасады.