Коронавирус инфекциясымен қарсы күресті ақпараттық қолдауға бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы

Коронавирус инфекциясымен күреске бағытталған іс-шараларды ақпараттық қолдауға, оның ішінде қауесеттер мен жалған ақпаратты теріске шығаруға жалпы 119 851 787,41 теңге бөлінді.

Бұл қаражат келесі іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталды:

- www.coronavirus2020.kz сайтын және  CORONAVIRUS2020.KZ. Telegram-арнасын құру және контентті толықтыру;

-  Сайтты техникалық сүйемелдеу;

- www.coronavirus2020.kz сайт контентін және короновирус инфекциясымен қарсы күрес бойынша материалдарды ілгерілету.

Халыққа коронавирус инфекциясының ахуалы туралы ресми және сенімді ақпаратты жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 20 наурызда  www.coronavirus2020.kz.  сайты іске қосылды.

www.coronavirus2020.kz ресурсында карантин кезіндегі (және төтенше жағдай режиміндегі) мінез-құлық қағидалары, коронавирусқа және оның салдарына қарсы күрес бойынша мемлекет қабылдайтын шаралар, халықты, шағын және орта бизнесті қолдау, желіде таратылатын жалған ақпаратты теріске шығару және т. б. бойынша барлық өзекті ақпарат жинақталады. Барлық ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түседі.

Сайтта аурудың алдын-алу, аурудың белгілері, белгілерді анықтау кезіндегі мінез-құлық қағидалары және т. б. туралы пайдалы ақпараттар бар.

Сайт мәтіндік, визуалды-графикалық материалдармен: бейне, инфографика, суреттер және басқа визуалды контентпен толтырылады. Пандемия басталғаннан бері сайтта және Telegram-арнада 1000-нан астам графикалық өнім жарияланды, 51 бейнеролик орналастырылды.

Сайтта коронавирус тақырыбы бойынша барлық негізгі брифингтертің  онлайн трансляциясы жүреді.

Бірегей кірушілердің күнделікті саны тәулігіне шамамен 80 мыңды құрайды.

2020 жылғы 21 наурызда www.coronavirus2020.kz сайтында  Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясымен байланысты жағдай бойынша азаматтардың сұрақтары мен өтініштерін жинау бойынша сервис іске қосылды.

Сервис аясында Интернет желісін пайдаланушылар КВИ туралы сұрақ қоя алды. Қазіргі уақытта 41 мыңнан астам сұрақ келіп түсті, оларға жауапты мемлекеттік органдар жедел түрде жауап береді.

2020 жылғы 28 наурызда coronavirus2020.kz Telegram-арнасы іске қосылды. Арнаға жазылушылар саны-шамамен 350 мың адам.

Арнада  елдегі коронавирус инфекциясының жағдайы туралы барлық өзекті жаңалықтар, статистикалық деректер, сондай-ақ коронавирустың алдын алу және шектеу шаралары режиміндегі мінез-құлық қағидалары (орташа алғанда тәулігіне 40-қа жуық хабарлама) бойынша жадынамалары мен өзге де пайдалы ақпараты бар көрнекіліктер (инфографика, бейнографика, суреттер және т. б.) жедел түрде жарияланады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде ақпараттық жұмыс құралына қарсы шараларға бөлінген қаражаттан басқа, мемлекеттік ақпарат саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырма мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың қолданыстағы шарттары шеңберінде де жүргізілуде.

Мемлекеттік және коммерциялық телеарналардың эфирінде КВИ алдын алу тақырыбы бойынша 250-ден астам бейнеролик шығару қамтамасыз етілді.

Анықтама: «Жизнь с коронавирусом» – "Саулық сақтықта", "Продолжаем жить", "Алгоритм", "Симптом", "Скажи тоям нет!", "Тексеріс. Жизнь." және т.б цикл роликтері.

Мемлекеттік телеарналар эфирінде 4 арнайы бағдарлама құрылды: «Qazaqstan» арнасында «Телемедицина» жобасы, «Online Doctor», «COVID-19. Международные эксперты с Алмасом Шарманом», «Вдох» бағдарламалары.

Коронавирус инфекциясымен қарсы күресті ақпараттық қолдауға бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы
Дата публикации
04 декабря 2020