Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Документы
Ақпарат
19 августа 2026
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
РЕЕСТР СМИ РК. 2026
Статистика
26 мая 2026
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат бойынша статдеректер
Хаттама
03 марта 2026
2026 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы баспа басылымдары арасында заң актілерін ресми жариялау құқығын алу конкурсының хаттамасы
Новости
Полезные материалы
СМИ
Ақпарат 2022 жылғы кезеңде телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат
Медиагалерея
События
01 июля
«Үркер» Ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау
31 июля
Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар
24 августа
«Қазақстанды тану» халықаралық блогерлер форумы
Реализуемые проекты
Орталық Азия медиа форумы
Перейти
«Nauryz» бірінші Ұлттық телехикаялар бәйгесі
Перейти
«Үркер» ұлттық сыйлығы
Перейти
Услуги
Организации
«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС
«Талдау және ақпарат орталығы» РМК
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Часто задаваемые вопросы
ОТАУ ТВ жерсеріктік желісі бойынша телеарнаны қалай таратуға болады?

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-VI Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабыныңn 4) тармақшасына сәйкес еркін қолжетімді теле-, радиоарна дегеніміз – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарататын  теле-, радиоарна.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), теле-, радиокомпаниялардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

Бұдан басқа, үміткерлердің тақырыптық бағыты мен жанрлық арақатынасы, меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияның көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орташа тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті жеңімпаздарды анықтау кезіндегі іріктеу критерийлері болып табылады.

Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылатындықтан, телеарна заңнаманың тиісті нормаларын сақтаған жағдайда Конкурсқа қатыса алады.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында жарияланатынын қосымша хабарлаймыз.

Отандық БАҚ-тарға карантин салдарынан туындаған қиын жағдай кезінде салықтық босаңсулар беруге жәрдем көрсетіледі ме?

2020 жылдың 2 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » (Салық кодексі) және «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді,  ол 2020  жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі кезеңге еңбекақы төлеу қорынан салық және міндетті аударымдарды төлеуден босатуды көздейді.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 3 шілдесінде босатуды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасымен ипотекалық несие беру, төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды,  оның шеңберінде 67 коммерциялық теле -, радиоарналарды аналогтық және эфирлік цифрлық телерадио хабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеуден 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін босату көзделген.

Сонымен қатар, Үкіметтің ағымдағы жылғы 7 сәуірдегі №183 қаулысымен бекітілген «Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған Ұлттық жоспары»  шеңберінде отандық БАҚ-тың дамуына қолайлы жағдайлар жасауға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осы саланың жұмыс істеуі мен одан әрі жетілдіруге қолдау шаралары көзделген.

Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы?

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығымен бекітілген "мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тек "E-лицензиялау"порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін "Е-лицензиялау" порталында белгіленген үлгідегі өтінішті толтыру және бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін алымның төленгенін растайтын құжатты бекіту қажет.

Жинауға арналған деректемелер:

БСН – 081240013779;

БИК-KKMFKZ2A;

ЖСК-KZ24070105KSN0000000;

ТТК-911;

КБК-105428.

Алым ставкалары алым төлеушінің (көрсетілетін қызметті алушының) орналасқан мекен-жайы бойынша төленеді. Балалар және ғылыми тақырыптары бар бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін 2 айлық есептік көрсеткіш, өзге тақырып үшін - 5 айлық есептік көрсеткіш төленеді.

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты