Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту
22 апреля 2021

ЖЭК-ті дамытуды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында 2009 жылдан бастап бекітілген. Қолдау жүйесі үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген.

2013 жылы ЖЭК секторын дамытудың нақты мақсаттары тұжырымдалып, соның нәтижесінде ЖЭК нарығының көлемі және ЖЭК-тен парниктік газдарды төмендету әлеуеті айқындалды. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі және «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тұжырымдамасында осы мақсаттар елдің энергия теңгеріміндегі баламалы және жаңартылатын энергия түрлерінің үлесін 2020 жылы 3% - ға дейін, 2030 жылы 15% - ға дейін және 2050 жылы 50% - ға дейін жеткізу көзделген.

2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада белгіленген қуаты 2400 МВт болатын 130 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. (46 ЖЭС-958 МВт; 44 СЭС - 1148 МВт; 37 ГЭС - 280 МВт; 3 БиоЭС-1,77 МВт)

2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК өндіру көлемі 5,11 млрд.кВтсағ (ЖЭС – 2411 млн. кВтсағ; СЭС – 1763 млн. кВтсағ; ГЭС - 934 млн. кВтсағ;) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 4,53% құрады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 5% - ға жететін болады.

Өткен жылы жалпы инвестиция сомасы 180 млрд.теңгені құрайтын жалпы қуаты 385 МВт болатын 12 ЖЭК нысаны іске қосылды.

2023 жылы жалпы қуаты 276 МВт болатын 15 нысан іске қосылады.

Қараша айында Франциямен қуаты 1 ГВт (Total) жинақтағыштары бар ЖЭС салуға үкіметаралық келісімге қол қойылды. Қуаты 1 ГВт ЖЭС (Masdar) салу қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

2022 жылы ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықта жалпы қуаты 440 МВт болатын 15 ЖЭК жобасы іріктелді, оның ішінде ЖЭС – 400 МВт, СЭС - 40 МВт. ЖЭС үшін тарихи ең төменгі баға алынды-12,49 тг, 1 кВт / сағ үшін 3 центтен аз, бұл әлемдік рекордқа жақын.

Президенттің ЖЭК-тің 15% - на қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2030 жылға қарай ЖЭК-тің СНЭ аукциондарының 5 жылдық кестесін бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, Масдар, Тоталь, Acwa Power ірі компанияларымен бірге СНЭ бар ЖЭС салу.

 

Өткен жылдар бойынша ақпарат

Қазіргі уақытта Республикада жиынтық қуаты 2010 МВт (ЖЭС – 684 МВт; КЭС – 1038 МВт; СЭС – 280 МВт; БиоЭС – 8 МВт) ЖЭК-тің жұмыс істеп тұрған 134 объектісі бар.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруі шамамен 4.2 млрд.кВтс құрады.

Анықтама үшін:

  • 2014 жылы - жиынтық белгіленген қуаты 177,52 МВт 26 объекті;
  • 2015 жылы - жиынтық белгіленген қуаты 251 МВт 48 объекті;
  • 2016 жылы- жиынтық белгіленген қуаты 295,7 МВт 51 объекті;
  • 2017 жылы - жиынтық белгіленген қуаты 342, 8 МВт 57 объекті;
  • 2018 жылы - жиынтық белгіленген қуаты 531 МВт 67 объекті;
  • 2019 жылы - жиынтық белгіленген қуаты 1050,1 МВт 90 объекті;
  • 2020 жылы - жалпы белгіленген қуаты 1634,7 МВт 115 объекті;
  • 2021 жылы - жалпы белгіленген қуаты 2010 МВт 134 объекті;

2022 жылдың соңына дейін жалпы қуаты 290,6 МВт болатын 10 объектіні пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Министрлік жыл сайынғы негізде аукциондық сауда-саттық өткізу кестесін әзірлейді, шығарылатын қуат көлемі шамамен 250 МВт. Жыл сайын 250 МВт шығару ЖЭК нарығын жоспарлы түрде дамытуға және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

ЖЭК электр энергиясын өндіруді қолдау шаралары

«ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес таза энергия өндірушілер үшін ЖЭК-тен өндірілген электр энергиясын ЖЭК-тен электр энергиясын сатып алуға кепілдік беретін ЖЭК-ті қолдаудың есеп айырысу-қаржы орталығы арқылы арнайы тарифтер бойынша жалпы пайдалану желісінде сату мүмкіндігі көзделген. ЖЭК өндірушілер электр энергиясын беруге энергия беруші ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуден босатылады, электр энергиясын желілер арқылы беру кезінде ЖЭК үшін басымдық айқындалды.

Электр энергиясын кепілдендірілген сатып алу түріндегі мемлекеттік қолдаудың бұл шаралары ЖЭК-тің дамуын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте жоғарыда аталған қолдау шараларын алу үшін ЖЭК жобаларын іске асыру аукциондық сауда-саттық тетігі арқылы жүзеге асырылады.

Аукциондар бойынша ақпарат

Теңдікке, адал бәсекелестікке және ашықтыққа негізделген халықаралық электрондық аукциондық сауда-саттық тетігі (2018 жылдан бастап) инвестициялық ахуалды жақсарту мен сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мақсатында енгізілді.

Жыл сайын Министрлік ҚР типтері, қуаттылығы және өңірлері бойынша бөле отырып, аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін бекітеді. Аталған кесте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланады, онда инвесторларға арналған анықтамалықпен танысуға болады.

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген) 2021 жылға арналған аукциондарды өткізу кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланады.

2021 жылғы аукциондардың нәтижелері

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен аукциондар кестесіне сәйкес 2021 жылы ЖЭК аукциондарына белгіленген қуаты жалпы 200 МВт электр станциялары мынадай типтер бойынша бөлінген: ЖЭС – 50 МВт; КЭС – 20 МВт,  СЭС – 120 МВт; БиоЭС – 10 МВт.

2021 жылғы аукциондар үшін мынадай шекті бастапқы аукциондық бағалар белгіленді:

* ЖЭС – 21,53 тг/кВтс;

* КЭС – 16,96 тг/кВтс;

* СЭС – 15,2тг/кВтс;

* Био ЭС – 32,15 тг/кВтс.

Барлығы 5 аукцион жоспарланып, өткізілген: 2 – шағын жобалар бойынша, 3 – ірі жобалар бойынша. Аукциондар штаттық режимде өткізілді, бұл ретте қатысушылардың жеткіліксіз санының (ірі СЭС) себебінен 1 аукцион өтпеді деп танылды.

Аукциондарға 24 қазақстандық компания қатысты. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жиынтық көлемі 626,95 МВт құрады, яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 3 есе асып түсті. Атап айтқанда, КЭС және шағын СЭС жобалары бойынша сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен шамамен 3 есе асып түсті, бірақ инвесторлар тарапынан ең үлкен қызығушылық ЖЭС болды, олар бойынша сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 10 есе асып түсті

2021 жылғы аукциондар қорытындылары бойынша ЖЭС жобалары бойынша аукциондық бағаның барынша төмендеуі – 34,6%, КЭС – 24,11%, шағын СЭС – 1,31%, БиоЭС – 0,03%. Бұл аукциондар бағаның төмендеуін қамтамасыз ететіндігін және ЖЭК объектілерінен электр энергиясының нарықтық бағаларын анықтауға мүмкіндік беретінін растайтын жақсы нәтиже болып табылады.

Газ өндірісі
Газ өнеркәсібі
22 апреля 2021

Қазақстанның газ саласы бүгінде – отандық экономикадағы ең серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі. Газ өндіру өсуде, жаңа газ өңдеу қуаттары құрылуда, газ құбырлары желісі дамуда. Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында 2014 жылғы 11 қарашада энергетикалық инфрақұрылымның дамуына баға берді: «Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы аясында үлкен жұмыс жүргізілді».

Газ саласы Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында басты рөл атқарады. Еліміз газ ресурстарына бай.

2022 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 53,2 млрд. текше метрді құрады.

Газ мұнайға ілеспе өнім болып табылады және дайындықты қажет етеді. Тауарлық газ өндірісі 27,8 млрд. текше метрді құрады (5,4%-ға немесе 1,6 млрд.текше метрге төмендеді), оның ішінде 19,3 млрд. текше метр ішкі нарыққа жеткізілді және 4,6 млрд. текше метр экспортталды (қалғаны өз қажеттіліктеріне).

Айта кету керек, ішкі нарықта тұтыну айтарлықтай өсті, атап айтқанда, 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд. текше метрден асты.

Ағымдағы жылы 55 млрд. текше метр ілеспе мұнай газын өндіру жоспарлануда, оның ішінде 28 млрд. текше метр тауарлық газ өндірілетін болады.

2022 жылы газды өндіруге ынталандыру мақсатында бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды, атап айтқанда:

- тұтынушылардың 2 жаңа санаты (ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнерлер) енгізілді;

- 5 жылдық кезеңге тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді реттейтін норма қабылданды. Бұл газ нарығы субъектілерінің қызметін ұзақ мерзімді перспективада жоспарлауға мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, бұрын баға 1 жылға бекітіліп, ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік бермеді.

Газ саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі Кешенді жоспары қабылданды, осы кешенді жоспарда газдың ресурстық базасын ұлғайту, газ нарығын реформалау және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін бағаларды тежеу жөніндегі шаралар көзделеді.

Ағымдағы жылы сұйытылған газ айналымының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған мұнай газын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша Заң қабылдау жоспарлануда.

Газ саласының перспективалы бағыттарының бірі сығылған табиғи газ нарығын дамыту болып табылады.

Сығылған табиғи газ пайдалануды ынталандыру шаралары дизель отыны мен сұйытылған мұнай газына, әсіресе елдің автопаркі мен транзиттік маршруттар үшін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Газды тұтыну белсенді өсіп келе жатқандығы аясында, ел экономикасындағы газдың рөлінің артуын, оның әлеуметтік маңыздылығын және өңірлерді ауқымды газдандыруды ескере отырып, газды ұқыпты тұтыну мәдениетін ілгерілету қажет.

Ол үшін тиісті заңнамалық бастамалар мен тетіктер пысықталатын болады.

 

ХАЛЫҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейі 59% - құрады.

Өңірлерде 96,1 млрд. теңгеге 142 газ жобасы іске асырылды, бұл 107 ауылдық елді мекендегі 285 мың азаматтың табиғи газға қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Газ тасымалдау жүйесінің одан әрі дамуын айқындайтын Қазақстан Республикасын газдандырудың 2022 – 2030 жылдарға арналған Бас схемасы өзектілендірілді.

2023 жылы бюджеттік инвестициялардың жалпы сомасы 74 млрд.теңгеге 86 жобаны іске асыра отырып, халықты газдандыру үлесін 60% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Бұл 56 ауылдық елді мекендегі 167 мың азаматты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, республиканың 11,4 млн. азаматы газға қол жеткізе алады.

Елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты бірнеше нұсқалар пысықталуда, атап айтқанда:

- «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-ші және 3-ші кезеңдерін салу (188,5 млрд. тг.);

- Ресей Федерациясымен Павлодар қаласына тармақталған «Барнаул-Рубцовск-Семей-Өскемен» магистральдық газ құбырын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде (құны анықталмаған), сондай-ақ Өскеменге тармақталатын «Омбы-Павлодар-Семей» газ құбырын салу мүмкіндігі қарастырылуда.

Бұл ретте газдың ресурстық базасы және импорттық газдың құны мәселесі тежеуші фактор болып табылады.

 

Өткен жылдар бойынша ақпарат

Қазақстан әлемде 22-ші және ТМД елдері арасында газ қоры бойынша Ресей мен Түркіменстаннан кейін 3-ші орында. Бекітілген өндірілетін қорлар 3,8 трлн.м3, оның ішінде ілеспе газ – 2,2 трлн.м3, бос газ – 1,6 трлн.м3.

2014 жылғы 4 қарашада Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған Бас схемасы бекітілді. Бұл ел тұтынушыларын газбен сенімді жабдықтауды қамтамасыз етудің экономикалық негізделген стратегиялық бағыттарын айқындайтын бағдарламалық құжат. Осы құжатты әзірлеу үшін заңнамалық негіз газ және газбен жабдықтау туралы Заң және ҚР Үкіметі бекіткен тиісті қағидалар болып табылады.

Саланы 2030 жылға дейін дамытудың басты стратегиялық бағыты елдің экономикалық дамуы мүддесінде тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерді бірінші кезекте қамтамасыз ету болуға тиіс.

Бас схемаға сәйкес елдің ішкі тұтынушыларын газдандыру мемлекеттік қаражат, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы «ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі-ұлттық оператор) компаниялар тобының инвестициялық бағдарламалары есебінен жүзеге асырылады.

2010 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекеттік бюджеттен 1300 – ден аса газдандыру жобалары іске асырылды, аймақтарда 18 мыңнан аса шақырым газ тарату желілері салынды.

Бюджеттік қаражаттан бөлек елімізді газдандыру Ұлттық оператордың табысы есебінен инвестициялық бағдарламалардың іс шараларын іске асыру шеңберінде жүргізіледі. 2010-2020 жылдардың қорытындысы бойынша Ұлттық оператормен еліміздің кейбір аймақтарында 9,5 мыңнан аса шақырым газдандырудың газ тарату жүйелерін салу бойынша іс шаралар орындалды.

Магистральдық газ құбырларын кеңейту үшін Ұлттық оператормен 2014 – тен 2020 жылдары аралығында 1,1 трлн.теңге қаржы бөлінді, нәтижесінде олардың ұзындығы 23% (15 609 – дан 19 146 шақырымға) ұзартылды. Республикамызда мықты Орталық-Азия газ хабы құрылған. Еліміз Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі - Қытай), Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан және Қырғызстан Республикасы үшін маңызды газ серіктесі болып келеді.

2019 жылдың желтоқсанында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы, және Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын аясында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салуды уақытылы аяқтау бойынша берген тапсырмасы шеңберінде «Қызылорда - Нұр - Сұлтан» бағыты бойынша ұзындығы 1061,3 шақырым болатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының I кезегінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

Қызылорда облысынан бастау алған «Сарыарқа» газ құбырының I кезегі еліміздің астанасын, орталық және солтүстік амақтарын отынның экологиялық таза түрімен қамтамасыз ету мүмкіндігін берді, бұл еліміздің тәуелсіздігін алғаннан бері тарихи маңызы бар іс шаралардың бірі болып келеді. 

Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің халқын газдандыру деңгейі 53,07% жетті, немесе 9,8 млн.адам табиғи газға қол жеткізді.

2010-2020 жылдарда ішкі нарықтағы Ұлттық оператордың газ тасымалдау жүйесі бойынша жеткізілетін газды тұтыну көлемі 91% -ға яғни 9,0 млрд.т.м – ден 17,0 млрд.т.м-ге өсті.

Мұнай-газ-химия өнеркәсібі
Мұнай-газ химия өнеркәсібі
22 апреля 2021

Қазақстанда мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттылықтан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Мұнай-газ химиясы капиталды қажет ететін, экономиканың аралас салаларына әсер ететін айтарлықтай мультипликативтік әсерге ие жоғары технологиялық сала болып табылады.

2022 жыл еліміздің мұнай-газ-химия саласы үшін маңызды жыл болды.

Атырау облысында әлемдік ауқымдағы ірі мұнай-химия зауытының бірі – қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт іске қосылды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімі өндірісінің өсуі 271,4 мың тонна көлемімен 43%-ды құрады.

2023 жылы мұнай-газ-химия өнімін өндіру көлемі 515 мың тонна деңгейінде жоспарлануда.

Саланы одан әрі дамыту шеңберінде құны шамамен 900 млн. АҚШ долларын құрайтын бутадиен өндіру кешенінің құрылысы басталады, сондай-ақ құны 10 млрд. АҚШ долларына жуық полиэтилен өндіру жобасын іске асыру жалғасады.

2023 жылы полиэтилен жобасы аясында қуаты 9 млрд текше метр газды қайта өңдейтін газ сепараторлық қондырғыны қаржыландыру мәселесі шешіліп, қуаты жылына 1 млн. 250 мың тонна полиэтилен кешенін жобалау басталады.

 

Өткен жылдар бойынша ақпарат

Әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін кешенді дамыту үшін көмірсутек шикізатын терең өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімдерінің кең ассортиментін шығару бойынша кластер құру мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі»арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды табысты іске асыру мақсатында бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды, атап айтқанда «газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңы шеңберінде мемлекет мұнай-газ химиясы өндірістері (тауарлық және сұйытылған мұнай газы) үшін көмірсутек шикізатының бағасы мен көлемін реттейді.

Бұдан басқа, мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары шеңберінде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау тетігі айқындалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда экспортқа бағдарланған мұнай-газ химиясы өнімдерін шығаратын бірқатар өндірістер жұмыс істейді. Жаңа кәсіпорындардың іске қосылуына және жұмыс істеп тұрған қазақстандық зауыттардың өнім шығару көлемінің артуына байланысты жыл сайын мұнай-газ-химия өнімдері өндірісінің өсуі байқалады.

Сонымен қатар, Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін Қазақстандағы алғашқы газ-химия кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаны іске асыру гомополимерлердің 70-тен астам түрін және полипропилен сополимерінің 2 түрін шығаруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында (Түркістан облысы) полипропилен және бензинге арналған октан көтеретін қоспалар өндірісі бойынша жоба құрылыс сатысында.

Өңдеудің әртүрлі сатыларында полиэтилен, бутадиен, карбамид, метанол, олефиндер және т. б. сияқты мұнай-газ химиясы өнімдеріне газды қайта өңдеу жөніндегі жобалар жатыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі жөніндегі 2020 жылғы есебі
26 марта 2021

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі жөніндегі 2020 жылғы есебі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылға орындалуы туралы ақпарат
19 января 2021

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылға орындалуы туралы ақпарат

Электр энергетикасы
26 ноября 2020

2022 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру 112,8 млрд. кВтсағ құрады, ағымдағы жылға арналған жоспар 114,9 млрд. кВтсағ құрайды.

Жаңартылатын энергия көздерін өндіру көлемі 5,1 млрд. кВтсағ құрады, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4,5% - ға жетті.

2022 жылы жалпы қуаты 385 МВт болатын 12 жаңартылатын энергия көздері жобасы іске асырылды. 2023 жылы қуаты 276 МВт болатын 15 жаңартылатын энергия жобасын іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар инвестициялық келісімдер бойынша 225 МВт жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда.

Энергетикалық кешенді жоспарлы орнықты дамыту мақсатында 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім бекітілді, оған сәйкес жаңа қуаттардың 2 есеге жуық өсуі күтілуде.

Энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктердің туындау тәуекелдерін және жаңадан енгізілетін жаңа энергия көздерінен жоғары тарифтердің әсерін болдырмау үшін электр энергиясы нарығының жаңа нысаналы моделіне көшу бойынша нормалар пысықталды, онда электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және теңгерімдеуші нарықты енгізу қарастырылды.

Сонымен қатар сала үшін негізгі сын-қатер жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттар мен объектілердің жоғары тозуы болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1-ші тоқсанында еліміздің барлық жылу электр орталықтарының және электр желілерінің аудиті аяқталады.

Нарық субъектілерін өз инвестицияларын қуаттарды реконструкциялау мен жаңғыртуға бағыттауға ынталандыру үшін «Инвестиция орнына тариф» жаңа бағдарламасы әзірленуде. Бағдарлама бойынша салаға инвестициялар көлемі жыл сайын шамамен 400 млрд. теңгеге бағаланады.

Ағымдағы жылы «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданады. Заң өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге бағытталған, ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Сапалы жөндеу науқанын қамтамасыз ету және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау саласында Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің рөлін күшейту жоспарлануда.

Тәуекелдерді басқаруға және станциялардың техникалық жай-күйін бақылауға мүмкіндік беретін энергетиканың цифрлық платформасы пайдалануға беріледі.

Барлық айтылған шаралар электр және жылу энергетикасы саласын дамытуға серпін береді.

 

Өткен жылдар бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі (ҚР БЭЖ) Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен кіші станциялардың жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мынадай секторларды қамтиды:

  • электр энергиясын өндіру;
  • электр энергиясын беру;
  • электр энергиясымен жабдықтау;
  • электр энергиясын тұтыну;
  • электр энергетикасы саласындағы басқа да қызмет.

Электр энергиясы өндірісінің секторы

Электр энергиясының өндірісін Қазақстанда түрлі меншік нысанындағы 158 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жүктемелердің жылдық ең жоғары деңгейі өткен КҚК-ға 2019 жылғы 26 қарашада тіркелді және 15 182 МВт құрады. 2020 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 22 936,6 МВт, қолда бар қуаты-19 329,7 МВт құрады.

Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станцияларына, өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларына және өңірлік мақсаттағы  электр станцияларына бөлінеді.

2019 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 106,0 млрд. кВтсағ құрады немесе 2018 жылға қарағанда 99,3% (106,8 млрд. кВтсағ). Электр энергиясын тұтыну 105,1 млрд. кВтсағ құрады немесе 2018 жылға қарай 102% (103,2 млрд. кВтсағ), бұл ел экономикасының электр энергиясына қажеттілігін толық жабылуын білдіреді.

2020 жылдың 6 айында электр энергиясын өндіру көлемі 53,5 млрд.кВтс құрады немесе 2019 жылдың 6 айына 103% (51,9 млрд. кВтс). Электр энергиясын тұтыну 53,1 млрд.кВтсағ. немесе 2019 жылдың 6 айына 102,1% - ды (52 млрд. кВтсағ) құрады.

ҚР Энергетика министрінің 15.01.2020 ж. № 15 бұйрығымен 2020-2026 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімі бекітілді.

Оған сәйкес, электр энергиясын өндіру және тұтыну көлемі мынаны құрауы тиіс:

                                                                                                                      млрд. кВтсағ

 

Өндіру

Тұтыну

2020 жыл

113,8

108,8

2021 жыл

113,5

110,7

2022 жыл

116,1

112,7

2023 жыл

120,9

114,5

2024 жыл

123,5

118,0

2025 жыл

128,1

120,8

2026 жыл

128,5

124,1

Электр энергиясын беру секторы

Қазақстан Республикасының электр желілері кернеу0,4–1150 кВ  электр энергиясын беру және (немесе) тарату үшін арналған кіші станцияларының, тарату  құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының БЭЖ-індегі жүйеқұрушы желісінің рөлін ұлттық электр желісі (ҰЭЖ) орындайды, ол республиканың өңірлері және шектес мемлекеттер (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергожүйелерінің арасындағы электр байланыстарын, сондай-ақ электр станцияларымен электр энергиясының берілуін және оның көтерме тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді. Кіші станциялары, тарату құрылғылары, электр берудің өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық желілері, кернеуі 220 кВ және одан жоғары, ҰЭЖ құрамына кіретін электр станцияларының электр энергиясын беруін жүзеге асыратын электр беру желілері «КЕGОС» АҚ Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының балансында болады.

Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңір ішіндегі электр байланыстарын, сондай-ақ электр энергиясының бөлшек тұтынушыларға берілуін қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері 19 өңірлік электржелілік компанияларының (ӨЭК) балансында және пайдалануында болады, оның ішінде электр энергиясын беруді саны 130 дана кіші энергия беруші ұйымдар жүзеге асырады.

Энергия беруші ұйымдар (ЭБҰ) шарттар негізінде электр энергиясының меншікті немесе пайдаланылатын (жалға алу, лизинг, сенімді басқару және пайдаланудың басқа да түрлері) электр желілері арқылы көтерме және бөлшек нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарына берілуін жүзеге асырады.

Электрмен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының электрмен жабдықтау секторы электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдарынан немесе орталықтандырылған сауда-саттықтан сатып алуды және оны кейіннен түпкі бөлшек тұтынушыларына сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарынан (ЭЖҰ) тұрады.

Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр және жылу энергиясы нарықтарының жұмыс істеуі жағдайында жүзеге асырылады. Электр және жылу энергиясы нарықтағы тауар болып табылады.

Электр энергиясының нарығы көтерме және бөлшек деп бөлінеді, жылыту энергиясының нарығы тек бөлшек нарығымен ұсынылған.

Қазақстандағы электр энергиясының көтерме сауда нарығы мынадай сегменттерден тұрады:

Электр энергияның орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығы екі жақты шарттар арқылы жүзеге асырылады. Бұл сектор еркін болып табылады және көтерме сауда нарығының құрылымында негізгі үлесті алады, шарт тараптары шарт талаптары бойынша шарттың талаптарын, электр энергиясының көлемі мен бағасын дербес айқындайды.

Электр энергиясының орталықтандырылған нарығы «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңында белгіленген кейбір жағдайларды қоспағанда, ерікті негізде «бір күн бұрын» спот-сауда бойынша және орталықтандырылған алаңдағы ұзақ және орта мерзімді келісімшарттар бойынша биржалық үлгідегі сауда алаңы негізінде сауда арқылы жүзеге асырылады.

Электр энергиясының орталықтандырылған нарығында баға белгілеу биржалық әдістермен (екі жақты аукцион әдісі және үздіксіз қарсы сауда-саттық әдісі) жүзеге асырылатын сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады.

Нақты уақыт режиміндегі сағаттық теңгерімсіздіктерді физикалық және кейіннен қаржылық реттеу мақсатында жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы имитациялық режимде жұмыс істейді.

Жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен сатып алу, сондай-ақ жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігі мен электр энергиясының сапасын стандарттарда белгіленген стандарттармен қамтамасыз ету үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне тиісті қызметтер көрсету негізінде жұмыс істейді.

Электр қуатының нарығы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу негізінде жұмыс істейді.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері:

  • энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын өндіру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
  • энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
  • энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
  • электр энергиясын тұтынушылар;
  • жүйелік оператор;
  • орталықтандырылған сауда нарығының операторы;
  • бірыңғай сатып алушы.

Мемлекеттік қатысу

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады.

Министрліктің құзыретіне энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге шекті тарифтерді бекіту мәселелері кіреді.

Бұл ретте, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына босату бағаларын дербес, бірақ шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді. Сонымен бірге электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, энергия өндірушілер электр энергиясын тұтынушылармен, оның ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен өз бетінше шарт жасасады, олар өз кезегінде электр энергиясын халыққа сатады.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабына сәйкес, электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдар бойынша бөле отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітіледі.

«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен энергия өндіруші ұйымдардың жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясына шекті тарифтер бекітілді.

Энергия өндіруші ұйымдардың топтары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 476 бұйрығымен қалыптастырылған, онда әрбір энергия өндіруші ұйым жеке топқа айқындалған.

Бұл ретте, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, бірде-бір мемлекеттік орган энергия өндіруші ұйымдардың шаруашылық-өндірістік қызметіне араласуға құқылы емес.

Электр энергиясына шекті тарифтер

                                                                                                                                                                       теңге/кВтсағ

Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы

Жылдар бойынша электр энергиясына шекті тарифтер

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

1-топ

5,76

5,80

5,80

5,80

5,80

5,80

5,80

2-топ

4,5

5,55

5,55

5,55

5,55

5,55

5,55

3-топ

7,73

9,13

9,13

9,13

9,13

9,13

9,13

4-топ

5,83

7,50

7,50

7,50

7,50

7,50

7,50

5-топ

8,10

9,10

9,10

9,10

9,10

9,10

9,10

6-топ

6,7

7,91

7,91

7,91

7,91

7,91

7,91

7-топ

6,44

7,72

7,72

7,72

7,72

7,72

7,72

8-топ

6,7

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

8,38

9-топ

5,06

6,17

6,17

6,17

6,17

6,17

6,17

10-топ

6,6

8,29

8,29

8,29

8,29

8,29

8,29

11-топ

7,0

7,00

7,00

7,00

7,00

7,00

7,00

12-топ

4,03

4,80

4,80

4,80

4,80

4,80

4,80

13-топ

8,42

10,39

10,39

10,39

10,39

10,39

10,39

14-топ

7,80

10,10

10,10

10,10

10,10

10,10

10,10

15-топ

8,20

9,50

9,50

9,50

9,50

9,50

9,50

16-топ

7,57

8,86

8,86

8,86

8,86

8,86

8,86

17-топ

10,20

11,78

11,78

11,78

11,78

11,78

11,78

18-топ

8,0

9,95

9,95

9,95

9,95

9,95

9,95

19-топ

6,3

6,30

6,30

6,30

6,30

6,30

6,30

20-топ

6,82

8,48

8,48

8,48

8,48

8,48

8,48

21-топ

6,54

8,10

8,10

8,10

8,10

8,10

8,10

22-топ

7,30

7,30

7,30

7,30

7,30

7,30

7,30

23-топ

6,40

8,67

8,67

8,67

8,67

8,67

8,67

24-топ

6,33

7,61

7,61

7,61

7,61

7,61

7,61

25-топ

6,57

9,47

9,47

9,47

9,47

9,47

9,47

26-топ

8,70

10,30

10,30

10,30

10,30

10,30

10,30

27-топ

12,12

13,10

13,10

13,10

13,10

13,10

13,10

28-топ

8,95

10,02

10,02

10,02

10,02

10,02

10,02

29-топ

10,55

11,81

11,81

11,81

11,81

11,81

11,81

30-топ

7,60

7,60

7,60

7,60

7,60

7,60

7,60

31-топ

8,94

10,40

10,40

10,40

10,40

10,40

10,40

32-топ

1,10

1,10

1,10

1,10

1,10

1,10

1,10

33-топ

2,43

3,44

3,44

3,44

3,44

3,44

3,44

34-топ

1,86

2,59

2,59

2,59

2,59

2,59

2,59

35-топ

8,72

8,10

8,10

8,10

8,10

8,10

8,10

36-топ

12,02

12,02

12,02

12,02

12,02

12,02

12,02

37-топ

8,78

10,80

10,80

10,80

10,80

10,80

10,80

38-топ

13,68

15,46

15,46

15,46

15,46

15,46

15,46

39-топ

10,02

11,30

11,30

11,30

11,30

11,30

11,30

40-топ

9,24

11,30

11,30

11,30

11,30

11,30

11,30

41-топ

8,76

8,76

8,76

8,76

8,76

8,76

8,76

42-топ

11,38

12,78

12,78

12,78

12,78

12,78

12,78

43-топ

7,0

7,00

7,00

7,00

7,00

7,00

7,00

44-топ

7,39

7,39

7,39

7,39

7,39

7,39

7,39

Министрлік 12-баптың 3-тармағына сәйкес жыл сайын электр энергиясын өндіру мен өткізуге арналған шығындар бойынша, алдыңғы күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есептер қабылдайды.

Энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған шығындар іс жүзінде ұлғайған жағдайда, Министрлік энергия өндіруші ұйымдардың өтінімі бойынша электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерді түзетуді жүзеге асырады.

Өз кезегінде, электр энергиясын беру және жабдықтау жөніндегі қызметке жататын табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ ТМРК) болып табылады. ҚР ҰЭМ ТМРК функцияларына табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісін айқындау, тауарларға, жұмыстарға және реттеліп көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу жатады.

Осылайша, «KEGOC» АҚ және энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру тарифтері, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға жабдықтау үстемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР ҰЭМ ТМРК-мен реттеледі.

Тұтынушылар үшін электр энергиясының соңғы бағасын ҚР ҰЭМ ТМРК белгілейді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қатысуы ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында технологиялық негізділік және тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерге сұранысын қанағаттандыру тұрғысынан табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын қарау жолымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, табиғи монополия саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп осы инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша есептер қабылданады.

Электр-жылуэнергетика жүйесін дамыту шеңберінде бюджетке қатысты

Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті 041 «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бағдарламасы 101 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» кіші бағдарламасы және 042 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі болып табылады.

041/101 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары жылу электр орталықтарын және қазандықтарды, сондай-ақ кернеуі 35/10/0,4 кВ жоғары кіші станциялар мен электр беру желілерін салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңғыртуға арналған шығыстар қаржыландырылады.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты - ел экономикасының жылу және электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету.

Осы бюджеттік бағдарлама бойынша 2020 жылға арналған бюджет – 36 336 707 мың теңгені құрайды, 22 жобаны іске асыру үшін, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қ. – 17 011 327 мың теңге (7 жоба);

Алматы қ. – 4 000 000 мың теңге (2 жоба);

Шымкент қ. – 3 772 375 мың теңге (3 жоба);

Батыс Қазақстан облысы – 871 493 мың теңге (1 жоба);

Қарағанды облысы – 769 029 мың теңге (1 жоба);

Қостанай облысы – 3 655 144 мың теңге (2 жоба);

Қызылорда облысы – 892 218 мың теңге (1 жоба);

Маңғыстау облысы – 3 030 664 мың теңге (2 жоба);

Павлодар облысы – 376 475 мың теңге (1 жоба);

Түркістан облысы – 1 957 982 мың теңге (2 жоба).

042 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау, жаңғырту және салу бойынша жобалар іске асырылады.

Бағдарлама тұтынушыларды сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.

2020 жылға Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің 2 жобасын іске асыруға 1 178 965 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде:

- «Қостанай облысы Лисаковск қаласы Октябрьский кентінде жылу желілерін реконструкциялаумен газ қазандықтарын салу» - 662 547 мың теңге.

- «Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы Зашаған кентіндегі «Водстрой» АКК қазандығын реконструкциялау»  -   516 418 мың теңге.

100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру

50-қадам бойынша электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушы құрылды. Бірыңғай сатып алушы ретінде «Жаңартылатын көздерді қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС компаниясы анықталды (2014 жылы жаңартылатын электр энергиясы көздерін дамыту үшін құрылды) («KEGOC» АҚ еншілес ұйымы) (Энергетика министрінің 07.09.2018 ж. № 367 бұйрығы).

52-қадамды орындау үшін 2015 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Заңға сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясы нарығымен қатар салаға жаңа электр станцияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағы қуаттарды қолдауға қажетті инвестициялар көлемін тартуды қамтамасыз етуге бағытталған электр қуатының нарығы жұмыс істей бастады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған электр станциялары арасында бәсекелестікті дамытуға және энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық шығындарының өтелуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сенімді және үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін бірыңғай сатып алушы атынан «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС көтерме тұтынушыларға, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қуатты қолдау бойынша сатып алынған қызметті бірыңғай орташа баға бойынша сатуды жүзеге асырады.

Электр қуаты нарығы шеңберінде электр энергиясына қолданыстағы тариф екі бөлікке бөлінген:

1) электр энергиясына арналған тариф – электр энергиясын өндіруге арналған шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін ауыспалы бөлік;

2) қуатқа арналған тариф – жаңа электр қуаттарын салуға және жаңғыртуға, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге инвестициялардың қайтарылуын қамтамасыз ететін тұрақты бөлік.

Электр энергиясы нарығында еркін екі жақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алу-сатудың тікелей екі жақты шарттары жасалады, сондай-ақ орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу және сату мүмкіндігі қалады.

Бірыңғай сатып алушымен электр қуаты нарығының моделі ақырғы тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасына салаға жаңа инвестициялар ағынының әсерін барынша жұмсарту әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни мемлекеттің инвестициялық энергетикалық жобаларын іске асырудан электр энергиясы бағасының өңірлік өзгеруін барынша жеңілдетеді.

2019 жылы Бірыңғай сатып алушы 34 энергия өндіруші ұйыммен жиынтық қуаты 8 125 МВт электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алуға 51 шарт жасасты, оның ішінде:

- энергия өндіруші ұйымдармен жиынтық қуаты 311 МВт инвестициялық келісімдер бойынша 2 шарт («СевКазЭнерго» АҚ – 221 МВт шекті тариф бойынша айына 1,376 млн. теңге/МВт; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС – 90,1 МВт шекті тариф бойынша айына 5,223 млн. теңге/МВт);

- құрамына 2 455 МВт ЖЭО кіретін энергия өндіруші ұйымдармен 19 шарт (шекті тариф бойынша айына 590 мың теңге/МВт);

- орталықтандырылған сауда қорытындылары бойынша энергия өндіруші ұйымдармен 5 359 МВт 30 шарт (ең жоғары тариф – айына 590 мың теңге / МВт; ең төменгі тариф – айына 383 мың теңге / МВт).

Осылайша, 2019 жылы электр энергиясын өндіру секторына инвестициялар тарту 58 млрд.теңгеден асты.

2020 жылға Бірыңғай сатып алушы 82,5 млрд. теңге сомасына 9 191,96 МВт жиынтық қуатына 32 энергия өндіруші ұйыммен 50 шарт жасады.

51-қадамды іске асыру үшін 2017 жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда энергия беруші ұйымдарды (бұдан әрі – ЭӨҰ) ірілендіруге бағытталған оларды қолданысқа кезең-кезеңмен енгізе отырып талаптар белгіленген.

1) диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы – 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей (күшіне енді);

2) электр желілерін, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметтердің болуы – 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей (күшіне енді);

3) жүйелік қызметтер көрсетуге жүйелік оператормен шарттардың болуы – 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей (күшіне енді);

4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, телекоммуникация жүйелерінің болуы – 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей.

ЭБҰ ірілендіруге арналған тетік анықталды:

- Энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган ЭБҰ-ның белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Заңның талаптарына сәйкес келмейтін ЭБҰ бойынша ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетіне (бұдан әрі-ТМРК) жібереді;

- ТМРК ЭБҰ тарифтерін инвестициялық шығындарды (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне әкелетін күрделі шығындар) қоспағанда қайта қарайды.

Осы шаралар талаптарға сәйкес келмейтін ЭӨҰ-ны өзара немесе өңірлік электр желілік компаниялармен біріктіру, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметті тоқтату жолымен ірілендіруге ынталандыруы тиіс.

Негізгі міндет өңірлік деңгейде екі негізгі проблеманы шешу болып табылады:

1) энергия беруші ұйымдардың көп саны (барлығы 162) және соның салдарынан олардың қызметтеріне тарифтердің әртүрлі деңгейлерінің болуы;

2) тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігіне теріс әсер ететін иесіз электр желілерінің болуы.

Ірілендірудің мақсаты бір электр желісінде «бір тізбекте» тұрған энергия беруші ұйымдардың санын қысқарту болып табылады. Бірнеше энергия беруші ұйымдарды бір компанияға біріктіру соңғы тұтынушының Тарифтердің әртүрлі деңгейлері бойынша бірнеше компанияның электр энергиясын беру жөніндегі қызметіне ақы төлеу міндеттемелерін жоққа шығаратын болады.

Сондай-ақ, иесіз электр желілерін білікті мамандары бар және тиісті материалдық-техникалық жарақтандырылған энергия беруші ұйымның қарамағына беру тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.

Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіру процесінен күтілетін негізгі нәтиже – 2023 жылға қарай энергия беруші ұйымдардың санын 110 ұйымға дейін қысқарту және электр энергиясын беруге тарифтерді төмендету.

Заңның қабылдануымен ЭБҰ санының 2017 жылғы 162-ден 2019 жылы 150-ге дейін төмендеу үрдісі байқалады.

2017 жылы электр энергиясын беруді жүзеге асыратын коммуналдық кәсіпорындар саны 22 кәсіпорынды құрады.

Бүгінгі таңда 22 ұйымның 5 коммуналдық кәсіпорны өз қызметін тоқтатты.

Диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы бойынша талапқа сәйкестігін тексеруге 116 энергия беруші ұйым жатады.

- энергетикалық қадағалау 116 ЭБҰ-ның диспетчерлік технологиялық басқарудың болуы бойынша талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізді, оның ішінде: 32 ЭБҰ сәйкес келеді, 75 ЭБҰ сәйкес келмейді, 9 ЭБҰ Тіркелімнен шығарылды.

- 1 ЭБҰ меншік иесінің шешімі бойынша Тіркелімнен шығарылды.

- 75 ЭБҰ-дан 66 ЭБҰ-дан алынған КРЕМ электр энергиясын беру тарифін төмендетті, 9 ЭБҰ бойынша инвестициялық шығындардың болмауына байланысты тариф төмендетілмеді.

2017 жылы өңірлер әкімдіктері ЭБҰ ірілендіру бойынша, оның ішінде орындау мерзімі бар коммуналдық меншіктегі (МКК, КМК) электр желілерін беру бойынша Жол карталарын бекітті.

Жол карталары шеңберінде жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша иесіз электр желілерінің ұзындығы 2020 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 225 км және 98 ТҚС құрады (2017 жылы мұндай желілердің ұзындығы 2 350 км және 630 ТҚС құрады). ЭБЖ 2125 км және 532 ТҚС қысқарды. Жалпы, анықталған иесіз электр желілері 2020 жылы ЭӨҰ теңгеріміне берілуі тиіс.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыс шеңберінде жаңа иесіз объектілерді анықтайды.

Осылайша, 2019 жылы жүргізілген жұмыс аясында 540,7 км иесіз желілер мен 257 КТП (ЖТП) анықталды, атап айтқанда әкімдіктер:

- Нұр-Сұлтан қ. – 286,26 км желі және 98 ЖТҚС;

- Алматы қ. – 254,415 км желі и 159 ЖТҚС;

- Алматы обласы – 16 ЖТҚС.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Халықаралық ынтымақтастық

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция

2014 жылғы мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде мүше мемлекеттер одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын (бұдан әрі – ООЭЭН) кезең-кезеңімен қалыптастыруды жүзеге асырады. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың бекітілген тұжырымдамасы мен бағдарламасының ережелеріне негізделген ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру болжанады.

Тұжырымдама ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығының мақсаттары мен міндеттерін, оның нысаналы моделін, басқару құрылымын, нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл тетіктерін, реттеу нысандары мен әдістерін айқындайды, сондай-ақ нарықтың қалыптасу кезеңдерін қамтиды.

Бағдарлама ұйымдастырушылық, заңнамалық және технологиялық іс-шаралар кешенін, оның ішінде жедел келісімшарттар бойынша және бір тәулік бұрын ООЭЭН-де электрондық сауда жүйесін, ақпарат алмасу жүйесін әзірлеу жөніндегі іс-шараларды қамтиды, сондай - ақ ООЭЭН реттейтін актілер жүйесін дайындауды көздейді.

Тұтастай алғанда, қатар жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелер негізінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің электр энергиясының ұлттық нарықтарын ықпалдастыру жолымен ортақ электр энергетикалық нарықты кезең-кезеңімен қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл ретте ішкі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету басым болып қала береді.

Осылайша, тең құқылық, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтірмеу негізінде ынтымақтастық үшін жағдайлар жасалатын болады.

2019 жылғы 29 мамырда Шартқа қол қоюдың бес жылдығын мерекелеу шеңберінде Жоғары Кеңес 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттама нысанында Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойды.

Хаттама ООЭЭН-ын қалыптастырудың, оның жұмыс істеуі мен дамуының құқықтық негіздері мен қағидаттарын айқындайды, ООЭЭН-ның жұмыс істеу қағидаларымен реттелетін салаларды белгілейді, сондай-ақ Үкіметаралық кеңестің және комиссияның ООЭЭН-ны реттейтін актілерді бекіту жөніндегі кеңесіне өкілеттіктер береді.

ООЭЭН құрудың әсері генерациялайтын және беретін қуаттарды пайдалану тиімділігін арттырудан, электр энергиясымен өзара және сыртқы сауда көлемдерінің өсуінен, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдар арасында бәсекелестіктің артуынан, ал тұтынушыларда электр энергиясын төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі пайда болудан көрінеді.

ООЭЭН сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді, өйткені энергетикалық қуаттарды пайдаланудың жалпы коэффициенті бар болғаны 52%-ды құрайды, ал мемлекетаралық желілердің мүмкіндіктері бүгінде тек 20%-ға ғана пайдаланылады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бір-бірімен еркін екіжақты шарттар бойынша және бір тәулік бұрын қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттықта сауда жасау мүмкіндігі ЕАЭО ООЭЭН-ның негізгі артықшылығы болып табылады. Сондай-ақ электр энергиясының нақты жеткізілімдерінің жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу үшін тетік құру болжанады, бұл келісілген графиктерді сақтау үшін жауапкершілікті арттырады.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС, «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Жер қойнауын пайдалану
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс нәтижелері бойынша комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі:
20 октября 2020

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс нәтижелері бойынша комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар тізімі:

«Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (санаты С-О-6,  индекс №35-0-9 ) 1 бірлік

  • Байтурганова Нургул Болатбековна
Жер қойнауын пайдалану
Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ
15 октября 2020

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
6-қосымшасы

 

Нысан

 

Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы

ШЕШІМ

16қазан 2020 жыл

 

Лауазым

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Шешім (жіберілді/ жіберілген жоқ)

Жіберілмеу себебі

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы»
(«С-О-6» санаты,
1 бірлік, индекс №35-0-9)

Байтурганова Нургул Болатбековна

Жіберілді

-

Қосым  Нұрсұлтан

Жаңабайұлы

Жіберілді

-

Жұманова Айымжан Алмасқызы

 

Жіберілді

-

 

Омаров Нұржан Маратұлы

Жіберілді

-

 

Асанов Мейіржан Абдірайымұлы

Жіберілді

-

 

Әбдіраманов Ерсұлтан

Рүстем-Дастанұлы

 

Жіберілді

-

 

     

Сарсенбаев Берекет Жубанышбаевич______________________________________

(Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (барболған жағдайда) (қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер қойнауын пайдалану
Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ 2020 жылдың 16 қазан
15 октября 2020

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
7-қосымшасы

 

Нысан

 

Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ

2020 жылдың  16 қазан

 

Лауазым

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты

Эссе өтетін орны,
күні және уақыты

1.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы»
(«С-О-6» санаты,
1 бірлік, индекс №35-0-9)

Байтурганова Нургул Болатбековна

 

Қызылорда қаласы,
Абай даңғылы №60 А.
ғимаратының 3- қабаты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында,  2020 жылдың
19 қазан күні  жергілікті уақыт  11-00 де

 



Қосым  Нұрсұлтан

Жаңабайұлы

 

Жұманова Айымжан Алмасқызы

 

 

Омаров Нұржан Маратұлы

 

 

Асанов Мейіржан Абдірайымұлы

 

 

Әбдіраманов Ерсұлтан

Рүстем-Дастанұлы

 

    

 

 Сарсенбаев Берекет Жубанышбаевич ______________________________________

(Персоналды басқару қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

 

 

 

Мұнай өндірісі
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
02 октября 2020

5033948_report.xlsx

Социальные сети
Telegram
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы