Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басшылығымен қызметтік жұмыс үшін заманауи жағдайлар жасау және персоналдың уәждемесін арттыру бойынша мақсатты жұмысты жалғастыруда. Азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жүйесіндегі маңызды буын болып табылатын «Резерв» РМК әкімшілік ғимаратында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы бұл жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нысан толығымен өзгерді: қазір мұнда азаматтық қызметкерлер үшін заманауи және жайлы еңбек және демалыс жағдайлары жасалды. Ғимаратта тамақтану үшін кафетерий жабдықталған, онда қызметкерлер бейресми жағдайда демала алады, «Batyr team» ведомстволық клубының фитнес-залы мен спорт залы ашылады, йога орталығы жұмыс істейді, бөлек душ, жуынатын бөлмелер мен сауна орнатылған. Қалыпқа келуге, стрессті азайтуға және физикалық денсаулықты нығайтуға ықпал ететін кеңістік құруға ерекше назар аударылды.
Жоба жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде іске асырылды, ведомствоның басты басымдығы — құтқарушы, дәрігер немесе азаматтық маман болсын, әрбір қызметкердің еңбегінің маңыздылығын мойындауды көрсетеді.
Барлық жұмыстар мемлекеттік бюджет қаражатынсыз, қазақстандық құтқарушылар қорының есебінен жүргізілді. Бұл мемлекет пен азаматтық қолдау институттарының нәтижелі өзара іс-қимылының үлгісі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бұл нысанды жөндеу қызметкерлердің жағдайын жақсарту бойынша көптеген басқа бастамалар сияқты, бюджет қаражатын пайдаланбай жүзеге асырылды. Бұл біздің қағидаттық көзқарасымыз: мемлекеттік бюджетке қосымша жүктемесіз лайықты жағдай жасау», - деп ТЖМ басшысы атап өтті.
Жаңартылған инфрақұрылымның ашылуы ТЖМ қызметкерлері арасында дене шынықтыруды дамытуды қолдайтын белгілі қазақстандық спортшылар Айтым Жақыпов пен Василий Тахтайдың қатысуымен өтті. Олардың қатысуы спорттың кәсіби тұрақтылық пен корпоративтік мәдениеттің элементі ретіндегі маңыздылығына назар аударды.
Қазақстандық құтқарушылар қорының директоры Рашид Жанұзақов сапалы жағдай жасау — бұл бүкіл жүйенің тиімділігіне инвестиция екенін атап өтті: «Біз адами капиталға — қызметкерлер жұмыс істейтін ортаға, олардың денсаулығы мен жайлылығына инвестиция жасау мықты ведомствоның негізі деп санаймыз. Біз осындай бастамаларды одан әрі қолдауға дайынбыз».
Іс-шараның соңғы кезеңі мекеме аумағында жасыл желектерді отырғызу болды – бұл ведомстволық дәстүр, экологиялық жауапкершілік пен үйлесімді ортаға деген ұмтылыстың символы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бізге қамқорлық көрсетіліп жатқанын сеземіз. Бұрын бұл ғимарат жай ғана жұмыс орны болған, енді жұмыс істеуге және дамуға жетелейтін кеңістікке айналды», - деп «Резерв»РМК қызметкерлері өз әсерімен бөлісті.
«Резерв» РМК сияқты объектілерді жаңғырту жай ғана жөндеу жұмысы емес. Бұл кадрлық әлеуетті дамытуға, заманауи ведомстволық ортаны қалыптастыруға және ұжымның ішкі бірлігін нығайтуға арналған жүйелі курстың бөлігі.
Шыңғыс Әрінов бұл жұмыс жалғасатынын атап өтті:
«Біз алдымызға тек техникалық жарақтандыру ғана емес, сондай-ақ барлық инфрақұрылымды сапалы жаңарту міндетін қойып отырмыз. Мұндай нысандар орталық аппараттан бастап ең шалғай өңірлердегі бөлімшелерге дейін ТЖ министрлігінің барлық вертикалы үшін стандартқа айналуы тиіс».
Жақын арада осындай жобалар ТЖМ басқа бөлімшелерінде іске асырылатын болады. Министрлік адамға қамқорлық жасау арқылы ғана кез келген қиындыққа дайын, шынайы тұрақты ден қою жүйесін құруға болатына сенімді.
Құрғақ шөпті жағу-бұл көбінесе адамның салғырттығынан болатын табиғи апат. Мұндай әрекеттер қайғылы салдарға, соның ішінде жануарлардың қырылуы мен экожүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Көктем мезгілінде наурыздың соңынан мамырдың басына дейінгі аралықта көжектер көздерін ашады. Олар шөппен, бұталардың астына, терең жыртылған жер мен орман жиектеріне тығылады. Осы уақытта құрғақ өсімдіктерді жағу кезінде мұқият болу маңызды. Абайсызда өрт өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ жаңа көзін ашқан жануарлардың қырылуына әкелуі мүмкін.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:
- ықтимал өрттің алдын алу үшін үйдің айналасын құрғақ шөптер мен қоқыстардан тазалаңыз;
- табиғатқа шыққан кезде өзімен бірге өрт сөндіру құралдары: су, өрт сөндіргіш, күрек болуы тиіс;
- арнайы бөлінген жерлерде от жағу кезінде нұсқауларды қатаң сақтаңыз;
- балаларға табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін және отпен ойнауға жол бермеуді түсіндіріңіз.
Қазақстан ТЖМ осы қарапайым ережелерді сақтау — әркімнің табиғатты сақтауға, айналасындағылардың қауіпсіздігіне және төтенше жағдайлардың алдын алуға қосқан үлесі екенін еске салады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы генерал-майор Арман Қалиевтың және Аризона штатының Ұлттық ұлан бас қолбасшысы-Төтенше жағдайлар департаментінің директоры генерал-майор Керри Мюленбектің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары қаралды. Азаматтық қорғау жүйесіне заманауи цифрлық және талдамалық технологияларды енгізу, кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттарға ден қоюда бірлескен оқу-жаттығулар өткізу мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Тәуекелдерді басқару және жедел ден қоюдағы үздік тәжірибелермен алмасуға ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап мониторинг және құлақтандыру жүйелерін қоса алғанда, өзінің командалық орталығының мүмкіндіктерін көрсетті.
Америкалық делегация Қазақстандағы азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады және жаһандық сын-қатерлерге төзімділікті арттыру үшін екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолданыстағы келісімдер шеңберінде әріптестікті дамытуды жалғастыру және Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де халықтың қауіпсіздігі мен қорғалуын нығайтуға бағытталған жаңа бірлескен жобаларға бастамашылық жасау ниетін растады.
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонында болды.
Министр жеке құраммен кездесу өткізіп, қызмет жағдайларын қарап шықты және жауынгерлік әзірліктен бастап техникалық жарақтандыру мен тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейінгі негізгі мәселелерді талқылады. Инфрақұрылымды жаңғырту жоспарларына ерекше назар аударылды.
Жақын арада бөлімше өрт сөндіру бөлімінің аумағына көшіріледі. Онда ведомствоның әскери қызметшілерінің қажеттіліктеріне арналған үй-жайларды күрделі жөндеу және қайта жабдықтау көзделген.
«Су тасқыны, көшкін және табиғи өрт жағдайындағы қызмет тек кәсібилікті ғана емес, сонымен қатар батылдықты да талап етеді. Біз әскери құтқару құралымдары үшін барынша қолайлы және қауіпсіз қызмет жағдайларын жасауға міндеттіміз», - деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.
Екінші құтқару батальоны ТЖ ден қою жүйесінде стратегиялық рөл атқарады. Оның жауапкершілік аймағы су тасқыны қаупі бар 72 учаске мен табиғи апаттар қаупі жоғары аудандарды қамтиды. Өңірде техникалық базаны нығайту және инфрақұрылымды дамыту ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін арттыруға маңызды қадам болады.
Министрлік материалдық-техникалық базаны дәйекті түрде дамытуға, инфрақұрылымды нығайтуға және жеке құрамды қазіргі заманғы даярлауды қамтамасыз етуге ниетті.
«Біз жүйелі тәсілге сүйенеміз. Әрбір құтқарушы ертеңгі күнге сенімді және кез келген күрделі тапсырмаларды орындауға дайын болуы тиіс» , - деп атап өтті ведомство басшысы.
Қазақстанда өткен қыс ерекше суық болды. Қысылтаяң ауа райы жағдайлары авариялық-құтқару қызметтерін уақтылы дайындау мен жарақтандырудың қаншалықты маңызды екенін тағы да көрсетті. Өткен жылы мамандандырылған техниканың болмауы құтқару операцияларын жүргізуді едәуір қиындатты. Алайда биылғы жылғы қыста жағдай алдын ала қабылданған шаралардың арқасында түбегейлі өзгерді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дайындықтың негізгі элементі «ҚЫС» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы болды, оның қорытындысы бойынша неғұрлым осал учаскелер күшейтілді, ал аумақтық бөлімшелер өтімділігі жоғары заманауи техникамен жарақтандырылды. Бұл қиындықтарға уақтылы ден қоюға және 5 мыңнан астам адамды, оның ішінде балаларды құтқаруға мүмкіндік берді.
Құтқарушылардың иелігіне түскен көліктің арқасында қыс мезгілінде адам шығыны болған жоқ. Қатты, қарлы боран және мұз қатып, жолда жүру мүмкіндігі шектелген кезде ТЖМ жол талғамайтын көліктері мен автомобильдері қар құрсауында қалған көлік құралдарын, соның ішінде полиция мен медициналық қызметтердің көліктерін де эвакуациялауға және адамдарды жылыту пункттеріне жедел жеткізуге мүмкіндік берді.
Жаңа құтқару техникасы бұрын мүмкін емес деп саналған мәселелерді шешуге көмектесті. Атап айтқанда дрондардың көмегімен далада адасқан шопандар табылды, ал өтімділігі жоғары техника қар басқан жолдарда бірнеше шақырымды еңсеріп, босанған әйелдерді ауруханаларға жеткізді.
ТЖМ жанындағы жедел штаб құтқару операцияларын жүргізуде ерекше рөл атқарды. Ол әртүрлі қызметтер мен ведомстволар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін үйлестіру орталығына айналды. Бұл күштерді зардап шеккен өңірлерге барынша тез жіберуге және зілзала салдарын азайтуға мүмкіндік берді.
Ақмола облысындағы «Астана-Петропавл» тас жолындағы ірі жол-көлік оқиғасы құтқарушылардың табысты жұмысының жарқын мысалы болды. Оқиғаның салдарын жоюға 152 адам мен 68 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел жұмыстың арқасында құтқарушылар 86 адамды, оның ішінде балаларды эвакуациялап, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген жылыту пункттеріне орналастырды.
Тағы бір оқиға Қостанай облысында болды. «Алматы-Екатеринбург» тас жолында қар құрсауында қалған автобус шығарылды, оның жолаушылары Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болған. Қарағанды облысының маңында сол тас жолда тағы бір осындай оқиға болды. Онда құтқарушы Сымбат Ещанов ештеңе көрінбейтін қатты боран кезінде техниканың алдында жүріп, жолды көрсетіп ерлік жасады. Көрсеткен ерлігі үшін ол Президенттің Жарлығымен «Ерлігі үшіні медалімен наградталды.
Маңғыстау облысында құтқарушылар балшықта тұрып қалған фуралардың жүргізушілеріне де көмек көрсетті. Барлық ауыр жүк көліктерін сүйреп шығарып, жүргізушілердің жылынуына жағдай жасады. Ал Қостанай облысында трэкол жарысқа бара жатып, жолда қалған автобустардан мектеп оқушыларын эвакуациялауға көмектесті.
Республикалық маңызы бар трассалар жабылып, көріну нашарлаған кезде ТЖМ авиациясы белсенді қызмет көрсетті. «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары ауыр науқастарды, жаңа туған балалары бар әйелдерді эвакуациялап, оларды медициналық мекемелерге жеткізіп, осылайша адамдардың өмірін арашалап қалды.
Осы мысалдардың барлығы ТЖМ басшылығының материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша ұстанған бағытының дұрыс екенін көрсетеді. Қыста зардап шеккендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға азайды. Бұл құтқару бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының, жеделдігінің және техникалық жарақтануының арқасында мүмкін болды.
2025 жылғы 3-6 сәуір аралығында Ақтауда жастар арасында қоян – қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, оған ҚР ТЖМ қызметкерлері – «Batyr team» ведомстволық командасының спортшылары қатысты.
ТЖМ командасы 7 алтын, 4 күміс және 2 қола медальмен үздік нәтиже көрсетті.
Ерлер:
- 57 кг: қола - Абдрасул Таиров (Алматы ТЖД), Хафиз Асанов (ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ);
- 62 кг: алтын - Диас Нұртаев (Ақмола облысы ТЖД);
- 67 кг: алтын - Алидар Бергенов (Ұлытау облысы ТЖД);
- 80 кг: алтын - Искандеров Аслан («Резерв» ШЖҚ РМК);
- 97 кг: алтын - Қайрат Қожахмет (Батыс Қазақстан облысы ТЖД).
Әйелдер:
- 48 кг: күміс - Сағыныш Асылбекова (Астана қаласы ТЖД);
- 53 кг: алтын - Сания Болатбек (Қызылорда облысы ТЖД);
- 58 кг: алтын - Динара Аяпова (ТЖМ 20982 әскери бөлімі), күміс - Эмилия Ларионова (Қарағанды облысы ТЖД);
- 64 кг: алтын - Юлтуз Юлдашева («Қазселденқорғау»);
- 70 кг: күміс - Аяжан Сандібекова (Қызылорда облысы ТЖД);
- 70 кг артық: алтын - Дайана Амантаева (Ақмола облысы ТЖД), серебро - Әйгерім Жарасова (Қарағанды облысы ТЖД).
Бұл нәтижелер ТЖМ қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін және олардың елді тек қызметте ғана емес, спорттық жарыстарда да қорғауға дайын екендігін растайды.
Абай облысы Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында ерікті өртке қарсы құралымның салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Құралым ТЖМ басшысының бастамасымен «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында құрылды. Бағдарлама ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған.
«Министрлік ауыл әкімдіктеріне жарақтандыру жағынан көмек көрсетеді, техника мен жабдықтарды береді, жергілікті шаруашылықтармен белсенді жұмыс жүргізеді. Мұндай құрылымдарды құру-бұл ауылда тұратын және жұмыс істейтін адамдарға қолдау көрсету», - деп министр атап өтті.
Ерікті құралым «Стелла» шаруа қожалығы базасында ауыл әкімдігімен меморандум аясында ұйымдастырылды. Ол Стеклянка, Глуховка, Бірлік, Белокаменка және Старая Крепость атты бес ауылға қызмет көрсетеді, онда 2 мыңнан астам адам тұрады. Жұмыс орындарын құратын және округтің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін 15-тен астам шаруа қожалығын да қорғайды.
Шыңғыс Әрінов бекеттің жабдықталуын қарап, жеке құраммен кездесу өткізіп, ауылдық округтердегі өрт инфрақұрылымын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ведомстволық бағдарлама шеңберінде мамандандырылған техника, экипировка мен жабдық берілді.
2025 жылдың соңына дейін Көкпекті және Мақаншы аудандарында жаңа ерікті құралымдар құру жоспарлануда.
Елімізде су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Бұл іс-шараларға азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылуда.
Биылғы жылғы наурыз айының басынан бері 2,9 миллионнан астам текше метр су сорылып, 585 мыңнан астам қапшық және 44 мың тонна инертті материалдар төселді. Сонымен қатар 838 мыңнан астам метр су бұру арықтарын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Су тасқынына қарсы және авариялық-құтқару іс-шараларына 1405 адам, сондай-ақ 330 бірлік техника, 108 мотопомпа және 28 жүзу құралы қатысуда. Су тасқыны қаупі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда бірнеше су басқан аумақтар бақылауда. Астрахан ауданының Жаңатұрмыс, Старый Колутон, Ягодное ауылдарында 23 жеке тұрғын үйді, ал Ақмола облысы Бұланды ауданының Новобратское ауылында 28 аула аумағын су басты.
Автомобиль жолдарындағы су тасыған 50 учаске мен су шайған 6 учаске бақылауда, ал 24 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Су тасқыны кезеңінде 286 адам эвакуацияланды, оның 51-і уақытша орналастыру пункттерінде, ал 213 эвакуацияланған адам туыстарының үйінде, 22-сі үйлеріне оралды.
Абай облысы Бородулиха ауданының Красный Яр ауылында Үбі өзеніндегі мұз кептелісі салдарынан су тасқыны орын алып, бір жеке үй мен 45 ауланы су басты. Одан әрі су басудың алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді, бақылау бекеттері орнатылды, сондай-ақ қапшықтарды төсеу және суды бұру үшін топырақты тереңдету жұмыстары жүргізілді. Су басқан үйлерден су кетіп, жағдайды бақылау жұмыстары жалғасуда.
Ақмола облысында Қалқұтан және Боқсық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Астрахан ауданының Ескі Қалқұтан ауылындағы 10 аула аумағын, Жаңатұрмыс ауылындағы 7 тұрғын үйді су басты, онда 12 адам туыстарының үйлеріне эвакуацияланды, сондай-ақ аудандық маңызы бар Қаракөл ауылына кірме автожолда су тасыды. Қаракөл және Жаңа Қалқұтан ауылдары көлік қатынасынсыз қалды. Бұл елді мекендерде еріген қар суын сору және бұру, қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұланды ауданында қардың тез еруіне байланысты Ивановка ауылында 6 жеке үйді су басты, тұрғындар туыстарының үйлеріне эвакуацияланды, үйлерден су бұрылды. Сонымен қатар айналма арнаны тереңдету жұмыстары жүргізіліп, су деңгейі төмендеді. Капитоновка және Новобратское ауылдарындағы Боқсық және Аршалы өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 111 адам, оның ішінде 22 бала туыстарының үйлеріне алдын ала эвакуацияланды, сондай-ақ мал қауіпсіз жерге айдалды.
Атбасар қаласында қардың қарқынды еруіне және Жабай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты саяжай алабын су басты. Бұл аудандарда кезекшілік ұйымдастырылып, су басудың алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Ақмола облысының Сандықтау және Бұланды аудандарында мұз кептелісінің алдын алу шаралары жүргізілді, онда Жабай және Боқсық өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу үшін Ырғыз ауданында қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан қорғау үшін полипропилен шатырлары мен қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал тәуекелдерді барынша азайта отырып, су тасқыны жағдайындағы өзгерістерге жедел ден қоюды жалғастыруда.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымына кіретін Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі ТЖ-ға жедел ден қоюға арналған жаңа арнайы автомобильдер мен жабдықтар алды.
Техниканы беру салтанатты рәсімі Семей қаласының орталық алаңында өтті. Заманауи машиналардың кілттерін әскери қызметшілерге ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов тапсырды. Автопарктің құрамына жолсыз және күрделі рельеф жағдайында жұмыс істеуге арналған өтімділігі жоғары автомобильдер кірді.
Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, бөлім қолбасшылығы, жеке құрам және ардагерлер қатысты.
ТЖМ автопаркіне алғаш рет берілген барлық техника жаңа XV сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алды. Бұл көліктің ведомстволық байланысын көрсетіп, оның визуалды сәйкестендірілуін күшейтеді.
Сонымен қатар рәсім аясында төтенше жағдайларды болжау және жою кезінде қолданылатын заманауи жабдықтардың арсеналы көрсетілді. Бұл мониторинг, байланыс және басқару технологиялары қолжетімді емес өңірлерде де тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Келіп түскен техника пайдалануға беріліп, күнделікті қызметте — патрульдеу, мониторинг және шұғыл шығу үшін пайдаланылады. Бұл әскери-құтқару бөлімдеріне ресурстарды нақты жағдайда дереу пайдалануға мүмкіндік береді.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл өңірлер өнеркәсіптік жүктемелермен де, табиғи тәуекелдердің жоғары деңгейімен де ерекшеленеді: су тасқыны, орман өрттері, сел және сырғыма.
Шара соңында ТЖМ басшысы мен облыс әкімі қалалық құтқарушылар алаңына шыршаның жас көшеттерін отырғызды. Көгалдандыру жалғасып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп, құтқарушылардың абаттандыруға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға қосқан үлесін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов әкім Нұрымбет Сақтағановпен бірге Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне тексеру жүргізді. Мониторинг шеңберінде су басу қаупі бар аумақтарға, оның ішінде Марқакөл, Глубокое және Шемонаиха аудандарына аэровизуалды барлау жүргізілді.
Жедел деректер бойынша облыстың шамамен 70% аумағында әлі де қар жатыр. Өзендердегі мұз ыдырағанымен, гидрометеорологиялық жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.
Министр осы кезеңдегі басты міндет тәуекелдерге жедел ден қою және алдын алу болып табылатынын айтып: "Тәулік бойы мониторинг қамтамасыз етілді. Барлық күштер мен құралдар дайын. Біз тез, үйлесімді және алдын ала әрекет етуіміз керек", - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.
Су тасқыны тәуекелдерін азайту мақсатында жалпы ауданы 160 мыңнан астам шаршы метр 16 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді, 387 мың текше метр қар шығарылды, 4940 су өткізу құрылысы, 550 шақырым арықтар мен каналдар тазартылды, 437 көпірде жұмыстар жүргізілді.
Бөгендерді нығайту және жедел ден қою үшін 10,3 мың тонна инертті материал, 299 тонна отын және 91 мыңнан астам қап қажетті резерві құрылды.
Су тасқыны жағдайын бақылау және ықтимал салдарларды жою бойынша жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Жағдай ТЖМ-ның толық бақылауында.