МЧС
Меню
Страницы
Министрлік туралы
Комитеттер
Аймақтар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
Кадр саясаты
08 апреля 2025
Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионатындағы жеңіс: ҚР ТЖМ қызметкерлерінің күші мен абыройы

  2025 жылғы 3-6 сәуір аралығында Ақтауда жастар арасында қоян – қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, оған ҚР ТЖМ қызметкерлері – «Batyr team» ведомстволық командасының спортшылары қатысты.

  ТЖМ командасы 7 алтын, 4 күміс және 2 қола медальмен үздік нәтиже көрсетті.

  Ерлер:

  - 57 кг: қола - Абдрасул Таиров (Алматы ТЖД), Хафиз Асанов (ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ);

  - 62 кг: алтын - Диас Нұртаев (Ақмола облысы ТЖД);

  - 67 кг: алтын - Алидар Бергенов (Ұлытау облысы ТЖД);

  - 80 кг: алтын - Искандеров Аслан («Резерв» ШЖҚ РМК);

  - 97 кг: алтын - Қайрат Қожахмет (Батыс Қазақстан облысы ТЖД).

  Әйелдер:

  - 48 кг: күміс - Сағыныш Асылбекова (Астана қаласы ТЖД);

  - 53 кг: алтын - Сания Болатбек (Қызылорда облысы ТЖД);

  - 58 кг: алтын - Динара Аяпова (ТЖМ 20982 әскери бөлімі), күміс - Эмилия Ларионова (Қарағанды облысы ТЖД);

  - 64 кг: алтын - Юлтуз Юлдашева («Қазселденқорғау»);

  - 70 кг: күміс - Аяжан Сандібекова (Қызылорда облысы ТЖД);

  - 70 кг артық: алтын - Дайана Амантаева (Ақмола облысы ТЖД), серебро - Әйгерім Жарасова (Қарағанды облысы ТЖД).

  Бұл нәтижелер ТЖМ қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін және олардың елді тек қызметте ғана емес, спорттық жарыстарда да қорғауға дайын екендігін растайды.

 

Өрт қауiпсiздiгi
08 апреля 2025
Абай облысында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы құрылды

  Абай облысы Бесқарағай ауданының Глуховка ауылында ерікті өртке қарсы құралымның салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

  Құралым ТЖМ басшысының бастамасымен «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында құрылды. Бағдарлама ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған.

  «Министрлік ауыл әкімдіктеріне жарақтандыру жағынан көмек көрсетеді, техника мен жабдықтарды береді, жергілікті шаруашылықтармен белсенді жұмыс жүргізеді. Мұндай құрылымдарды құру-бұл ауылда тұратын және жұмыс істейтін адамдарға қолдау көрсету», - деп министр атап өтті.

  Ерікті құралым «Стелла» шаруа қожалығы базасында ауыл әкімдігімен меморандум аясында ұйымдастырылды. Ол Стеклянка, Глуховка, Бірлік, Белокаменка және Старая Крепость атты бес ауылға қызмет көрсетеді, онда 2 мыңнан астам адам тұрады.  Жұмыс орындарын құратын және округтің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін 15-тен астам шаруа қожалығын да қорғайды.

  Шыңғыс Әрінов бекеттің жабдықталуын қарап, жеке құраммен кездесу өткізіп, ауылдық округтердегі өрт инфрақұрылымын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ведомстволық бағдарлама шеңберінде мамандандырылған техника, экипировка мен жабдық берілді.

  2025 жылдың соңына дейін Көкпекті және Мақаншы аудандарында жаңа ерікті құралымдар құру жоспарлануда.

 

ТЖ профилактикасы
Авариялық-құтқару жұмыстары
07 апреля 2025
Су тасқыны жағдайы және Қазақстан өңірлеріндегі су тасқынының алдын алу шаралары

  Елімізде су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда. Бұл іс-шараларға азаматтық қорғау қызметтері жұмылдырылуда.

  Биылғы жылғы наурыз айының басынан бері 2,9 миллионнан астам текше метр су сорылып, 585 мыңнан астам қапшық және 44 мың тонна инертті материалдар төселді. Сонымен қатар 838 мыңнан астам метр су бұру арықтарын тазарту жұмыстары жүргізілді.

  Су тасқынына қарсы және авариялық-құтқару іс-шараларына 1405 адам, сондай-ақ 330 бірлік техника, 108 мотопомпа және 28 жүзу құралы қатысуда. Су тасқыны қаупі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылды.

  Бүгінгі таңда бірнеше су басқан аумақтар бақылауда. Астрахан ауданының Жаңатұрмыс, Старый Колутон, Ягодное ауылдарында 23 жеке тұрғын үйді, ал Ақмола облысы Бұланды ауданының Новобратское ауылында 28 аула аумағын су басты.

  Автомобиль жолдарындағы су тасыған 50 учаске мен су шайған 6 учаске бақылауда, ал 24 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Су тасқыны кезеңінде 286 адам эвакуацияланды, оның 51-і уақытша орналастыру пункттерінде, ал 213 эвакуацияланған адам туыстарының үйінде, 22-сі үйлеріне оралды.

  Абай облысы Бородулиха ауданының Красный Яр ауылында Үбі өзеніндегі мұз кептелісі салдарынан су тасқыны орын алып, бір жеке үй мен 45 ауланы су басты. Одан әрі су басудың алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізілді, бақылау бекеттері орнатылды, сондай-ақ қапшықтарды төсеу және суды бұру үшін топырақты тереңдету жұмыстары жүргізілді. Су басқан үйлерден су кетіп, жағдайды бақылау жұмыстары жалғасуда.

  Ақмола облысында Қалқұтан және Боқсық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Астрахан ауданының Ескі Қалқұтан ауылындағы 10 аула аумағын, Жаңатұрмыс ауылындағы 7 тұрғын үйді су басты, онда 12 адам туыстарының үйлеріне эвакуацияланды, сондай-ақ аудандық маңызы бар Қаракөл ауылына кірме автожолда су тасыды. Қаракөл және Жаңа Қалқұтан ауылдары көлік қатынасынсыз қалды. Бұл елді мекендерде еріген қар суын сору және бұру, қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

  Бұланды ауданында қардың тез еруіне байланысты Ивановка ауылында 6 жеке үйді су басты, тұрғындар туыстарының үйлеріне эвакуацияланды, үйлерден су бұрылды. Сонымен қатар айналма арнаны тереңдету жұмыстары жүргізіліп, су деңгейі төмендеді. Капитоновка және Новобратское ауылдарындағы Боқсық және Аршалы өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 111 адам, оның ішінде 22 бала туыстарының үйлеріне алдын ала эвакуацияланды, сондай-ақ мал қауіпсіз жерге айдалды.

  Атбасар қаласында қардың қарқынды еруіне және Жабай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты саяжай алабын су басты. Бұл аудандарда кезекшілік ұйымдастырылып, су басудың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

  Ақмола облысының Сандықтау және Бұланды аудандарында мұз кептелісінің алдын алу шаралары жүргізілді, онда Жабай және Боқсық өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

  Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу үшін  Ырғыз ауданында қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан қорғау үшін полипропилен шатырлары мен қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілді.

  Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал тәуекелдерді барынша азайта отырып, су тасқыны жағдайындағы өзгерістерге жедел ден қоюды жалғастыруда.

 

Авариялық-құтқару жұмыстары
Төтенше жағдайлар
Кадр саясаты
Іздеу-құтқару жұмыстары
06 апреля 2025
ТЖМ әскери қызметшілері төтенше жағдайларға ден қоюға арналған заманауи арнайы автомобильдер алды

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымына кіретін Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі ТЖ-ға жедел ден қоюға арналған жаңа арнайы автомобильдер мен жабдықтар алды.

  Техниканы беру салтанатты рәсімі Семей қаласының орталық алаңында өтті. Заманауи машиналардың кілттерін әскери қызметшілерге ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов тапсырды. Автопарктің құрамына жолсыз және күрделі рельеф жағдайында жұмыс істеуге арналған өтімділігі жоғары автомобильдер кірді.

  Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, бөлім қолбасшылығы, жеке құрам және ардагерлер қатысты.

  ТЖМ автопаркіне алғаш рет берілген барлық техника жаңа XV сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алды. Бұл көліктің ведомстволық байланысын көрсетіп, оның визуалды сәйкестендірілуін күшейтеді.

  Сонымен қатар рәсім аясында төтенше жағдайларды болжау және жою кезінде қолданылатын заманауи жабдықтардың арсеналы көрсетілді. Бұл мониторинг, байланыс және басқару технологиялары қолжетімді емес өңірлерде де тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  Келіп түскен техника пайдалануға беріліп, күнделікті қызметте — патрульдеу, мониторинг және шұғыл шығу үшін пайдаланылады. Бұл әскери-құтқару бөлімдеріне ресурстарды нақты жағдайда дереу пайдалануға мүмкіндік береді.

  ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл өңірлер өнеркәсіптік жүктемелермен де, табиғи тәуекелдердің жоғары деңгейімен де ерекшеленеді: су тасқыны, орман өрттері, сел және сырғыма.

  Шара соңында ТЖМ басшысы мен облыс әкімі қалалық құтқарушылар алаңына шыршаның жас көшеттерін отырғызды. Көгалдандыру жалғасып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп, құтқарушылардың абаттандыруға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға қосқан үлесін атап өтті.

 

 

ТЖ профилактикасы
06 апреля 2025
Шыңғыс Әрінов ШҚО-ның су тасқыны қаупі бар аудандарын тексерді

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов әкім Нұрымбет Сақтағановпен бірге Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне тексеру жүргізді. Мониторинг шеңберінде су басу қаупі бар аумақтарға, оның ішінде Марқакөл, Глубокое және Шемонаиха аудандарына аэровизуалды барлау жүргізілді.

  Жедел деректер бойынша облыстың шамамен  70% аумағында әлі де қар жатыр. Өзендердегі  мұз ыдырағанымен, гидрометеорологиялық жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.

 Министр осы кезеңдегі басты міндет тәуекелдерге жедел ден қою және алдын алу болып табылатынын айтып: "Тәулік бойы мониторинг қамтамасыз етілді. Барлық күштер мен құралдар дайын. Біз тез, үйлесімді және алдын ала әрекет етуіміз керек", - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Су тасқыны тәуекелдерін азайту мақсатында жалпы ауданы 160 мыңнан астам шаршы метр 16 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді, 387 мың текше метр қар шығарылды, 4940 су өткізу құрылысы, 550 шақырым арықтар мен каналдар тазартылды, 437 көпірде жұмыстар жүргізілді.

  Бөгендерді нығайту және жедел ден қою үшін 10,3 мың тонна инертті материал, 299 тонна отын және 91 мыңнан астам қап қажетті резерві құрылды.

  Су тасқыны жағдайын бақылау және ықтимал салдарларды жою бойынша жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Жағдай ТЖМ-ның толық бақылауында.

Кадр саясаты
06 апреля 2025
ТЖМ басшысы қоныс иелерін құттықтады

   Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қызметтік пәтер алған Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлеріне барды.



   Толық жөндеуден өткен, жиһазбен және техникамен жабдықталған пәтерлер қызметкерлердің қызмет ету мен тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі ведомстволық бағдарламаның бөлігі болып табылады.

   ТЖМ басшысы өскемендік құтқарушылардың отбасыларын жаңартылған қызметтік пәтерлердегі қоныс тойымен құттықтап, Отанға қызмет етудің қиын, бірақ игі жолын таңдаған құтқарушыларға қамқорлық жасау басшылықтың басымдығы болып қала беретінін атап өтті.

  Бұған қоса қызметтік жатақхана аумағында көк шырша көшеттері отырғызылды.

  ТЖМ өз қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын нығайту және оларды қолдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Кадр саясаты
06 апреля 2025
ТЖМ басшысы ШҚО құтқарушыларына жаңа техника мен қызметтік тұрғын үй табыс етті

  Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов құтқарушыларға жаңа мамандандырылған автомобильдер мен қызметтік пәтерлердің кілттерін табыс етті. Салтанатты рәсім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен азаматтық қорғау органдарының ардагерлерінің қатысуымен Өскемен қаласының орталық алаңында өтті.

  Тарихта алғаш рет ТЖ аумақтық бөлімшесі техниканың рекордтық санын алды. Автопаркке өтімділігі жоғары өрт сөндіру автомобильдері, жедел-құтқару және көмекші машиналар келіп түсті. Жаңа техника бөлімшелердің ұтқырлығын едәуір арттырып, өңірдің күрделі рельефі мен климаты жағдайында төтенше жағдайларға тиімдірек ден қоюға мүмкіндік береді.

  «Қуатты, техникалық жағынан жарақтандырылған құтқарушы-бұл мемлекетке сенімді тірек, әрбір қазақстандық үшін қорғаныш. Біз автопаркті жаңартып қана қоймай, азаматтық қорғау жүйесінің әлеуетін нығайтып, тұрақты болашақтың негізін қалаймыз», — деп министр атап өтті.

  Сапар аясында гарнизон қызметкерлеріне жаңа қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды. Бұл құтқарушылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды элементі. Ведомство кадрлық әлеуетті, жауынгерлік әзірлікті нығайтуға тікелей әсер ететін жеке құрамның өмір сүру және тұрмыс жағдайларын жақсарту міндеттерін жүйелі түрде іске асырады.

  Сонымен қатар ТЖМ басшысы қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық наградалар, алғыс хаттар және арнаулы атақтар табыс етті.

  ТЖМ азаматтық қорғау күштерінің дайындығы мен орнықтылығын қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, техникалық базаны жаңғырту және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ауқымды ведомстволық бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда.

  Құтқарушыларға қамқорлық жасау-бұл елдің қауіпсіздігіне стратегиялық инвестиция.

Төтенше жағдайлар
06 апреля 2025
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Абай облысындағы дала өртін сөндірді

  2025 жылдың 4 сәуірінде Абай облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Қоянбай ауылында құрғақ шөптің жануы орын алды.

  Өрт сөндіру қолайсыз ауа райы жағдайларымен күрделенді: бағыты күрт өзгерген екпінді желдің жылдамдығы 26 м/с, сондай-ақ қылқан жапырақты орман алқабы, соның салдарынан жекелеген учаскелерде жалын жоғарғы өртке айналды. Өрт ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ГЛПР «Семей орманы» Морозов филиалының аумағына тарады.

  Өртті жою үшін күштер мен құралдарды топтастыру күшейтілді, ал жұмыстарды үйлестіруді Қазақстан ТЖМ Командалық орталығы мен жедел штаб сол жерде жүргізді.

  Өрт сөндіруге ТЖМ, ІІМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан шамамен 450 адамы мен 135 бірлік техника тартылды. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеді.

  Жағдай әуеден ТЖМ әуе бортын пайдалану арқылы бақылауға алынды. Сондай-ақ, өрт болған жерде далалық жедел штаб құрылды. Жұмыс барысында өрт ошақтарының периметрі мен ішінде жырту жүргізілді, ағаштар мен орман төсемдерін төгу жүзеге асырылды, өрт бағаналары мен сөредік өрт сөндіргіштер пайдаланылды.

5 сәуір сағат 08.00-де өрт оқшауланды, 17.10 өрт толығымен сөндірілді.

Төтенше жағдайлар
05 апреля 2025
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Жасыбай орманшылығындағы дала өртін сөндірді

  2025 жылдың 4 сәуірінде Павлодар облысының Жақсыбай орманшылығында дала өрті орын алды. Күрделі табиғи жағдай мен өрттің таралу қаупі жағдайында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіруге кірісті. Операциялар күштер мен құралдарды толық жұмылдыра отырып, тәулік бойы жүргізілді.

  Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының, Қазавиаорманкүзеті мен орманшылықтың күштері мен құралдары тартылды.
Жұмысты үйлестіру ҚР ТЖМ Командалық орталығы арқылы жүзеге асырылды, сондай-ақ іс-қимылдардың жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін далалық жедел штаб ұйымдастырылды.

  Қатты екпінді жел, құрғақ өсімдіктер және таулы жерлердің ерекшеліктері өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты. Құтқарушылар жергілікті өрт ошақтарын патрульдеу мен сөндіруді қоса алғанда, күндіз де, түнгі уақытта да өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырды. Сумен жабдықтау үшін табиғи су көзі — Жасыбай көлі пайдаланылды.

  Өрттің периметрі бойымен жер жырту және қарауылдау жұмыстары жүргізілді. Таулы жерлердегі өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары 4 сәуірден 5 сәуірге қараған түні де жүргізілді. Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен аэровизуалды барлау жүргізілді.

  5 сәуір күні таңертең 20 гектар аумақта өрт сағат 09:05-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 220 адам мен 63 бірлік техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар
04 апреля 2025
ТЖМ Экология министрлігіне Абай облысындағы табиғи өртті жоюға көмекті күшейтуде

  Бүгін күндіз Абай облысының Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Қоянбай ауылында құрғақ шөптің жануы орын алды. 26 м/с дейін екпінді жел өрттің тез таралуына ықпал етті. Дала өрті ішінара ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Семей орманы" МОТР Морозов филиалының орман алқабына өтті.

  Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша өрт орнындағы құтқарушылар тобы "Семей орманы" бөлімшелерін қолдау және өртті жедел жою үшін күшейтілді.

  Жұмысты үйлестіруді ТЖМ Командалық орталығы, жедел штабты вице-министр Батырбек Әбдішев басқаруда. Өрт орнына өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев дереу шықты.

  Сөндіруге Абай облысы, Павлодар облысы ТЖД, "Семей орманы" және "Ертіс орманы" орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 240 адам және 96 бірлік техника тартылды. Облыстың ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовтың қатысуымен әуеден барлау жүргізілуде.

  ТЖМ өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін Экология министрлігіне отпен күресте жан-жақты көмек көрсетуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай үнемі бақылауда.

Социальные сети
Youtube
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы