Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жауапты орган ретінде қатысады.

Министрлік азаматтардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға, олардың кәсіби қалыптасуы мен дамуына ықпал етуге бағытталған келесі міндеттерді іске асырады:

  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған сапалы білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыруда заманауи технологияларды енгізу;

  • экономиканың салалары мен қоғам қажеттіліктеріне сәйкес сұранысқа ие техникалық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша білікті кадрларды даярлауға құқықтық негіз қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, олардың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру және тиімділігін бағалау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізу;

  • Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру және оны үйлестіру жұмыстарын жүргізу;

  • студенттер арасында рухани-адамгершілік, патриоттық, экологиялық тәрбиені насихаттау, белсенді азаматтық ұстаным, парасаттылық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру.

Документы
Ақпарат
30 октября 2025
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2025 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты
Ақпарат
29 сентября 2025
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты
Ақпарат
29 августа 2025
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Информация МП РК о реализации принятых законодательных актов
Новости
Полезные материалы
Техникалық және кәсіптік білім беру
Азаматтарды қабылдау орталығы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылуы туралы
Медиагалерея
2
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі колледждерге құжаттар қабылдау басталғанын айтты
0
БИЫЛ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ТАҒЫ 50%-ҒА ӨСЕДІ
События
15 апреля
БҒМ-Live: Колледждерде тегін білім алу
01 декабря
«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізу туралы хабарлама
27 июня
«Ашық диалог» порталында сауалнаманы өткізу туралы хабарлама
Реализуемые проекты
Шағын кәсіпорындар және ТжКБ
Перейти
Услуги
Организации
Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Часто задаваемые вопросы
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) дегеніміз не? ББЖМ қорытындысының құқықтық салдары бар ма?

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасын жүйелі үздіксіз бақылау түрі болып табылады.

ББЖМ бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында (4,9 сыныптар) және алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен (ТжКБ) кейінгі ұйымдарда өтетін болады.

ББЖМ мақсаты:

  • Бастауыш және негізгі орта білім деңгейінде – білім алушылардың білім сапасын білім берудің тиісті деңгейлерінің жаңартылған мемлекеттік жалпыға  міндетті стандарты шеңберінде бағалау;
  • ТжКБ деңгейінде – жалпы білім беру пәндері және (немесе) кәсіптік модульдерді меңгеру деңгейін ТжКБ мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтау.

ББЖМ-ны өткізу:

мектептерде 4 және 9 сыныптар деңгейінде функционалдық сауаттылық және құзыреттілік деңгейін анықтауға, яғни өмірлік жағдайларда білім мен дағдыларды қолдануға, сондай-ақ талдамалық, логикалық  ойлауды дамытуға бағытталатын болады.

  • колледждерде білім алушыларда жалпы және кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталатын болады.
Педагогтерді кәсіби міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту (білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстары, шағын учаскелерді аралау және т. б.), Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген артық есептілікті не ақпаратты талап ету, оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі міндеттерді жүктеу (мерзімді басылымдарға мәжбүрлеп жазылу және т. б.) жағдайларында қандай шаралар қолданылады?

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес педагогтердің жұмыс уақытына атқаратын лауазымына қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысы, білім алушылармен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ лауазымдық міндеттермен және (немесе) жеке жоспарда көзделген басқа да педагогикалық жұмыс: әдістемелік, дайындық, ұйымдастырушылық, диагностикалық, мониторингтік жұмыс, білім алушылармен тәрбиелік, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және өзге де іс-шаралар жоспарларымен көзделген жұмыс кіреді.

Педагогке тән емес функцияларға тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салуды белгілеу арқылы жүктемені қысқарту бойынша нормалар жеке көзделген.

Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;

2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;

4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге, тартуға жол берілмейді.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) (409-баптың 7-3-тармағы) сәйкес педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын мынадай нысанда жасалған бұзушылық:

Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;

2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті ақпаратты талап етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге;

4) тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі міндетті жүктеуге жол берілмейді.

5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық ескерту жасауға алып келеді.

Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайталап жасаған кезде (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде) (409-баптың 7-4-тармағы) лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту жеке тұлғаларға  30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді(409-баптың 7-6-тармағы).

Егер бұл әрекеттерді он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған болса ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді (409-баптың 7-7-тармағы).

 

Қандай жағдайларда білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу көзделген?

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 2-тармағына  (бұдан әрі – Заң) сәйкес, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілеріне жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі және білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі жатады.

Сондай-ақ, Заңның 59-бабы, 8-тармағына сәйкес, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарында бақылау жүргізу үшін өтініште «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтары тармақтарының бұзылғанын куәландыратын фактілер көрсетілуге тиіс.

Сонымен бірге Кодекстің 151-бабына сәйкес, бақылау органының лауазымды адамдары тексеруді немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде осы бақылау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге құқылы еместігін ескеру қажет.

 

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты